- •Қалдықтардың статистикалық сипаттамасы
- •Полимер қоқысының жалпы сипаттамасы және химиялық, физикалық қасиеттері
- •1.3 Полимер қалдықтарының режимдік параметрлерін және физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу
- •1.4 Жобаның маңыздылығы мен пайдалылығы
- •Іі техникалық бөлім
- •2.1 Өндірістің автоматтандырылған фуңционалды сұлбасы
- •2.2 Өндірістің принципиялды сұлбасы
- •2.2.1 Үздіксіз көлік механизмдерінің тағайындалуы және құрылысы
- •2.2.2 Конвейер қозғалтқыштары қуатын есептеу.
- •2.2.3 Конвейер электр жетектерін автоматты басқару
- •2.3 Өндірістің құрылымдық сұлбасы
- •1. Резюме
- •3. Жобаның тұжырымдамасы
- •3.1 Кәсіпорын қызметі
- •3.2. Орналасқан жері, заңды мекен - жайы, құқықтық формасы
- •3.3. Инфрақұрылым
- •3.4. Негізгі құралдар
- •4. Кәсіпорын өнімі
- •4.1. Өнімнің сипаттамасы
- •5. Нарықтағы жағдайды талдау. Бәсеке
- •5.1. Ақырғы өнімді өткізуді дамытудағы кәсіпорын стратегиясы
- •5.2. Баға саясаты
- •6. Маркетинг
- •6.1 Кесте – Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық өнеркәсіптік қалдықтарды жинау саласында қызмет көрсететін компаниялар тізімі
- •6.2 Кесте – Өңделген шикізатты Ақтөбе бойынша
- •7. Техникалық жоспарлау
- •7.1 Сурет – Қалдықтармен жұмыс жасау процессі
- •8. Өндірістік жоспар
- •9. Қаржылық жоспар
- •Автоматтандыру құрылғылары
- •Күрделі салым есебі
- •Айналым құралы
- •Б) Өнімді сатудан түсетін түсім есебі
- •Басқа шығындар
- •Өзіндік құн есебі
- •Жеке тұлғалардан алынатын салықтар есебі
- •Тиімділік көрсеткіштері
- •Техникалық-экономикалық көрсеткіштері
- •IV еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •4.1 Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •Қоршаған ортаны қорғау шаралары және экология
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3.1 Кәсіпорын қызметі
Атқаратын қызметі:
- Қоқыстарды іріктеуді ұйымдастыру;
- Екінші реттік ресурстардың барлық түрлерін халықтан, кәсіпорындар мен ұйымдардан (мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік иелерінен) жинауды, дайындауды ұйымдастыру;
- коммерциялық қалдықтарды іріктеу мен екінші реттік ресурстарды өңдеу;
- екінші реттік шикізатты дайындау мен сату, қаланың санитарлық тазалығы бойынша қалалық жоспарларды жүзеге асыруға қатысу;
- құрылыс материалын, полимерлі гранулит, резиналық ұнтақ өндіру.
Кәсіпорын қызметін жоғарыда аталғандармен шектемейді. Қызмет сферасын кеңейте алады.
3.2. Орналасқан жері, заңды мекен - жайы, құқықтық формасы
Орналасқан жері, заңды мекен - жайы: Ақтөбе қ., өндірістік аймақ
Меншік формасы - жеке
Құқықтық формасы - жеке кәсіпкерлік
3.3. Инфрақұрылым
Өндірістік орын ретінде қалалық қоқыс полигоны өндірістік аймағы алынды.
Учаске территориясы - 250000 кв.м. Қоршалған территория аумағы 250000 кв.м. құрайды, онда мына ғимараттар орналасады:
- әкімшілік - тұрмыстық және өндірістік ғимараттар - 15650 кв.м - қойма ғимараты – 1845 кв.м.
Өндірістік территория мыналармен қамтамасыз етілуі керек:
- Электр энергиясы - 5000 кВт- қа дейін;
- Тәулігіне 200 м3 жұмсау мүмкіндігі бар су желісімен;
-бөлек көлік және адам кіретін орынмен;
- кәріз жүйесімен;
- жергілікті жылумен қамтумен;
- қалалық телефонмен - минимум 3 абонент;
- өрт дабылымен (инфрақызыл датчиктер)жабдықталған өрттен қорғау жүйесімен;
- күзет дабылы жүйесімен (ішкі, сыртқы бақылау бейнекамералары, территория периметріндегі күзет дабылы жүйесі);
- ірі тонналы автокөліктерді қабылдай алатын, асфальтталған кіру, шығу жолдары бар территориямен (21400 кв.м);
- таразымен (шикізатпен және дайын өніммен автокөлікті өлшеу) - 30 тоннаға дейін.
Кәсіпорын аумағындағы санитарлық аймақ 500 м. кем болмауы тиіс.
3.4. Негізгі құралдар
Учаске территориясында орналасқан негізгі құралдар тізімін кәсіпорын балансындағы алаңдар, инфрақұрылымдар, монтаждалған өндірістік қуаттар мен құрылыстар коммуникациясы, қалдықтарды өңдеу жабдықтары, айналым құралдары құрайды.
4. Кәсіпорын өнімі
Қазіргі кезде қоқыстан ең көп табылатын заттардың денін полимерлер құрайды. 1 кг. пластикалық құтыларды өңдеуден 0,8 келі сұрыпты зат алынады.
4.1. Өнімнің сипаттамасы
Полимер қалдықтарын қайта өңдеуден өткізген соң алынатын екінші реттік өнімдер тізімі:
Пластмасса құбырлар
ПЭТ бөтелкелер
Пластик терезелер
Тротуарлы плитка
ПВХ
Гүл отырғызуға арналған құмыралар
Пластмасса ойыншықтар
Ыдыс – аяқтар
Пакеттер
5. Нарықтағы жағдайды талдау. Бәсеке
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықты өңдеудің, жоюдың жоғары технологиялы индустриясы жоқ. Қолда бар қуат тұрмыстық қалдықты өңдеуге жарамсыз. Болашақта ақырғы өнімді өткізуді дамытуға арналған кәсіпорын стратегиясы айқындалды.
5.1. Ақырғы өнімді өткізуді дамытудағы кәсіпорын стратегиясы
Ақырғы өнімді өткізуді дамытуда кәсіпорын стратегиясы шағын кәсіпорындар желісін құру болып табылады. Ол арқылы іріктелген екінші реттік шикізаттардан экологиялық таза өнім жасалады. Олар құрылыс материалдарын шығаратын (жол жиек (бордюр) тастары, тротуар плиткасы, керамикалық плитка), тұрмыстық қалдыққа арналған полиэтилен қапшықтар, полиэтилен пленка, ыдыстар, жұмыртқа салатын ыдыстар т.б. болуы мүмкін.
