Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайн уже.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.19 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

Ел Президенті халыққа «2050» стартегиясын ұсынғанда да, Үкімет «Жасыл экономика» бағдарламасын даярлағанда да инновациялық бастамаларға, олардың өмір көшінен алар орнына ерекше мән берген болатын. Сондықтан заман көшінен қалыспауда жаңа технологияларды қолдану, оларды түрлі салада ғылыми тұрғыдан ұтымды пайдалану, озық елдер тәжірибесін қолданудың көптеген мүмкіндіктері алдан шығады.

Бүгінгі таңда өркениет жолына бет алған әлем елдері қоқысқа қарсы күрестің түрлі амалдарын қарастыруда. Бірқатар батыс Еуропа мемлекеттері полиэтиленді құтыларды шығарудан бас тартса, енді бір мемлекеттер қоқысты түрлі заманауи жолдармен өңдеуге бет алған. Алғашқылары жер бетін басып бара жатқан полиэтиленді бұйымдардан біржола бас тартып, біржарамды пакет, шөлмек, стақан және тағы да басқа қажетті бұйымдарды қағаздан жасауға көшті. Ал кейінгілері қоқысты қайта өңдеп, одан барынша пайдалы зат шығаруға арналған озық үлгідегі зауыт-фабрикаларды іске қосқан. Әлемде алдыңғы қатарға ие осындай зауыттары бар бірден-бір мемлекет Германия Федеративтік Республикасы саналады. 

Дүние жүзінде осындай тиімді үрдістер қолға алынып жатқанда, біздің елге де шет қарап жатпауы керек сияқты. Біздегі есепсіз шашылып-төгіліп жатқан қоқыстар мен арнаулы орнынан далаға ұшып, шет-шегінен аса ыбырсып жатқан қоқыс полигондарын есепке алғанда, мұндай шаралар бізге ауадай қажет-ақ. Қазынаға бай кең даламыз ретсіз қоқыстарға толып бара жатқанын мойындауымыз керек. 

Осы орайда таяуда ауданымызда тыңнан бір идея туындап отыр. Қала көркі, қоршаған орта тазалығы бізде де өткір тұрған мәселенің бірі. Қанша жерден сенбіліктер мен тазалық шаралары ұйымдастырылып жатса да, жүйесіз төгілген қоқыс үйінділері, көшемізде шашылып жатқан түрлі шөлмек, қораптар, көбіне ішкі «байлығы» сыртқа ақтарылып, төңкеріліп жататын контейнерлер айналамыздың сұрқын қашырып-ақ тұр. Бұл жағымсыз жайттармен қанша күрессек те, мәселенің ұшығына әлі де жетпей жатырмыз. Сондықтан оны реттеуге тұтастай бір бағдарлама, жаңа жоба қажет.

Қоқыстарды тиімді өңдеу бойынша германиялық озық жобалардың артықшылығын айтып кетейік.. Қоқысқа арналған түрлі контейнерлер мен қоқыстарды бөліп, сұрыптап жинау жүйесі қалыптасқан . Биоқалдықтарды өңдеу арқылы топырақты байыту жұмыстары,сонымен Зиген қаласындағы жабық қоқыс полигондары, қоқысты арту станциясы мен қоқыс полигонынан газ алу жүйесіде дамыған. Айта кетсек, германдық SSI Schafer фирмасы - әлемнің 50 елімен әріптестік орнатқан. Яғни, тасы өрге домалаған кәсіпорын.

Бұл қоқыстарды сұрыптаудың ұтымды түрі болса, енді оны өңдеудің одан да асқан технологиясы бар. Атап айтқанда, швейцариялық Hitachi Zosen Inova компаниясында болып, тұрмыстық және өндірістік қоқыс қалдықтарын өңдеу және сол қалдықтардан жасыл энергия қуаты, жылу және газ алу заманауи моделімен танысты. Міне, инновацияның қарқынды дамуының бір белгісі осында жатыр. Аталған компания қатты қалдықтардан электр қуаты, жылу мен газ алу бойынша көптеген нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Билефельд қалашығындағы Eggersmann фирмасы айналысатын түрлі ауа райы жағдайларына есептелген биогаз құрылғыларын даярлау жұмыстарымен таныстық. Жалпы бұл фирманың мақсаты тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп, инновациялық технологияларды қолдана отырып, содан қосымша энергия көзін өндіріп, жылу шығару қалдықтардан биогаз алу, сол арқылы табиғи ресурстарды үнемдеу болып табылады.

Ал, негізгі мәселе – қоқыстарды өңдеудің заманауи үлгісімен танысу болатын.. Қоқыс далада қалай болса-солай жатпайды. Алдымен бөліп-сұрыпталып, тиісті әдіс арқылы өңдеу жұмыстарынан өтеді. Содан барып жылу, электр қуаты, биогаз, топырақ байытатын көң өндірілетін болады. Демек, қоқыстан барынша қажетті ресурстар алынбақ. Бұл - қоқыс, қалдықты өңдеудің кешенді түрі. Мұндайды естімеген біздерге бұл бір ғажайып ертегідей көрінері анық. Дегенмен германдықтар бұл тарапта жемісті еңбек етіп жатыр. Қайткен күнде адам қызығарлық нәрсе екені жасырын емес. Сеніммен болжап айтқанда қаражат бөлініп, мұндай технология бізге келсе, оны ұқсатып ұтымды пайдаланып жатсақ, қоқыстан арылудың тұтастай бір революциясын бастан кешер едік.

 Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау­лының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасай­тын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, сана­лы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделік­ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара­ды. Қа­сиет­ті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ дала­сын­да бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаң­дарына төгілгені. Ұлы даламыз­дағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнау­лы күл-қоқыс алаңдарына төгу­мен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ». Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Ұлан – байтақ Қазақстанның бір бөлшегі – Ақтөбе қаласы.

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Қалдықтардың статистикалық сипаттамасы

Кіндік қаным тамған өлкемді зерделеу мен үшін үлкен құрмет. Сәйкесінше менің жұмысыма серпін беріп қарастырылып отырған аймақ.

Парламент Мәжілісінің мәліметі бойынша, елімізде экологиялық шараларға бюджет қаржысының бар болғаны 0,2 пайызы ғана жұмсалады екен. Бюджет қаржысының жетімсіздігін түрлі дәрежедегі экологиялық төлемдер есебінен толтыру шарасы көзделінген. Өкінішке орай, бұл мәселе де жауапсыз, бақылаусыз жіберілген. Мәселен, 2008 жылы еліміздегі әртүрлі экологиялық төлемдер көлемі 74,7 миллиард теңгені, оның ішінде, қоршаған ортаны ластауға салынған айыппұл мөлшері 8,5 миллиард теңгені құраған. Ал осы қаржының табиғатты қорғау шараларына бар болғаны 22,3 миллиард теңгесі немесе 29,9 пайызы ғана жұмсалған. Қоршаған ортаны ластайтын өндіріс ошақтары ең көп орналасқан Шығыс Қазақстан облысында табиғат қорғау шараларына облыс бюджетіне түсетін экологиялық төлемдердің бар болғаны 3,7 пайызы ғана жұмсалады. 2009 жылы барлық өңір әкімдіктерінің еліміздегі табиғатты қорғау шараларына жұмсаған қаржысы 13,5 миллиард теңге немесе бюджетке түскен барлық экологиялық төлемдердің 17,7 пайызынан аспаған.

Сарапшылар дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді. Осы зиянды қоқыс шығаруда Қарағандының тау-кен және кен байыту кешендері (29,4 пайыз) бірінші орынды иеленсе, Шығыс Қазақстан облысы (25,7 пайыз) екінші орынды, ал тиісінше 17,0 пайыз және 14,0 пайыз қоқыс «өндіретін» Қостанай мен Павлодар облыстары үшінші орынды бөліседі.

Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл-қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. ҚТҚ мен күл-қоқыс «өндіруден» Павлодар облысы мен Алматы қаласы алда келеді. Тиісінше, олар жылына 1,7 миллион тонна және 0,5 миллион тонна күл-қоқыс шығарады. Қазақстанның әрбір тұрғынына шаққанда жылына 1381 тонна ҚТҚ мен күл-қоқыс «өндіріледі». Салыстыру үшін айта кететін болсақ, Германияда әрбір тұрғынға шаққанда бұл көрсеткіш 0,4 тоннадан айналады, оның өзі тиісті зауыттарда қайтадан өңделеді.

2011 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша, Астана қаласының арнайы бөлінген ресми күл-қоқыс полигонында 20 миллион тонна ҚТҚ мен күл-қоқыс қалдықтары жинақталған. Қалада коммуналдық қалдықтарды жинаумен және оны күл-қоқыс полигондарына тасумен 30 мекеме айналысады. Оның 90 пайызынан астамы жекеменшік кәсіпорындар. Ресми деректер бойынша, тек 2010 жылдың өзінде қаланың ресми жұмыс істейтін күл-қоқыс полигондарына 1 238,7 мың тонна ҚТҚ мен күл-қоқыс.

Ақтөбе қаласында өз шығарындылары және төгінділерімен қоршаған ортаға қолайсыз әсерін тигізетін бірқатар кәсіпорындар бар.

Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік аймақ территориясындағы табиғи ортаны ластаудың негізгі көздері Ақтөбе хром қосылыстар зауыты (АХҚЗ АҚ), оның тоғандары және шлам жинағыштары, «Алматы Пауэр Консолидейтед» акционерлік қоғамының Ақтөбелік жылу орталығы (Ақтөбе ЖЭО) және оның су күйесін жою ыдысы, «Қазхром» трансұлттық компания» акционерлік қоғамының бөлімшесі Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (АФЗ), оның қоқыс үйіндісі және сүзгіштің ескі өрістері болып табылады.

Жоғарыда аталған өндіріс орындарының қаланың жасылдануына қисынсыз әсер ететіндігі мәлім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]