- •1.Ақпаратты автоматтандыру
- •1.1 Сайт дегеніміз не?
- •2 Рнр және MySql тілдерінде бағдарламалық өңдеу
- •2.1 Рнр тілінің даму тарихы
- •2.2 Рнр мүміндіктері
- •2.3 Joomla-да жұмыс жасау
- •2.4 Сайтты тіркеу
- •2.6 Сайт жоғарлауы
- •3. Тәжірбиелік бөлім
- •3.1 Сайтқа қойылатын талаптар
- •3.2 Сайттың құрылымы
- •3.3 Сайттың интерфейсі
- •3.4 Экономикалық бөлім
- •Қр Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті туралы заң
- •4.2 Компьютерлермен жұмыс істеу кезіндегі зиянды факторлар және олардың қолайсыз әсерінің алдын алу
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
3.2 Сайттың құрылымы
Сайт келесідей құрылымдардан тұрады:
Негізгі бет
Серіктестер
Жеткізу
Өнім
Біз туралы
Байланыс
Сайт жасаудың ең оңай әдісі ол дайын конструктормен жасау яғни сіз белгілі бір сайтқа тіркелесіз олар сізге домен адресіңізді жазуыңызды сұрайды және дайын дизайын ұсынады, хостингтен сізге шектеулі ғана орын береді. Міне бар жоғы осы сайтыңыздың басқару панелімен қоса бастапқы нұсқасы дайын, бұған ары кетсе 10 минут қана уақыт кетеді. Ең көп тараған конструкторлар: www.ucoz.ru және www.narod.ru юкозбен сайт жасау қысқаша жоғарыда айтылғандай, ал народ румен сайт жасау кішкене басқашалау онда сайттың дизайнына өз еркіңізбен өзгерістер мен толықтырулар енгізе аласыз.бір қызығы бұл әдіспен сайт жасағанда сіз хостинг, домен, FTP, PHP, HTML.… деген сияқты (хостинг, домен, НТМL бұл туралы кейінірек) веб сайт жасау саласындағылар білмесе болмайтын терминдерді түсініп жатпай ақ сайт жасайсыз, әрі жәй адамдарға өзіме бір сайт жасап алдым деп мақтанып қоюыңызға да болады, Бірақ веб программадан хабары барларға әсте мынау менің сайтым деп көрсетпей ақ қойыңыз, өйтсеңіз масқара боласыз. Өйткені бұл әдіспен сайт жасау бұл салада білімі төмен ноғандардың ісі болып табылады.
Кемшіліктеріне келейік бұл әдістің: сайттың оң жақ бұрышына үлкен болып жарнама шығып алады, жауып қойсаңыз қайта шығады бұл бір, екінші сайтыңыздың шаблонын тілге жеттік болмасаңыз қалағаныңызша өзгерте алмайсыз, үшінші сайттың домені үшінші деңгейлі болып тіркеледі, мысалы: www.biologia.my1.ru яғни сіз өзіңіз жазған домен атына нүктеден кейін конструктордың аты қоса жүреді.осы атынан қарап ақ, білетіндер сіздің юкоздан сайт жасағаныңызді біле алады. Ал екінші деңгейлі дегеніміз мысалға www.ustaz.kz ұстаз доменін егер сайттың иесі доменге төлем төлемей қалса кезкелген адам сатып ала алды. Бірінші деңгейлі домен атын ешкім сатып ала алмайды ол сол мекеменің меншігі болып табылады, мысалы www.google.com, www.mail.ru.
Сайт жасаудың екінші әдісі движоктармен жасау движок дегеніміз менің жалпақ түсінігім бойынша HTML, PHP…….т, б пайдаланып жасалынып папкаларға салынған түрлі файылдар, сайттың дайын базасы. Сіз тек меню қосасыз модулдарды қосып оны қазақшалайсыз немесе қазақшаламайсыз. т, б жұмыстарын тындырасыз. Движоктардың түрі көп соның ішіндегі аса танымалдары және кемелденгендері: joomla, drupal, wordpress, DLE, livestrееt қатарлылар мысалы осы сайт livestrееt движогымен жасалған. Движокпен сайт жасау үшін оны хостингке лақтырып орнату керек сосын ары қарай түзейсіз, күзейсіз дегендей. Хостинг дегеніміз сіздің интернет кеңістігіндегі жалға алатын орныңыз, оны сіз арнаулы хостинг компаниялардан сатып аласыз. Бағсы орынның көлеміне қарай әртүрлі болып келеді. Сонымен бірге движокты сайтыңызды асықпай сылап-сипап жасап алғанша компютеріңізге орнатып алуыңызға да болады, ол үшін бізге Denwer керек бұл арнаулы программа сайтыңызды хостингте (интернетте) тұрғандай сезіндіреді. Сосын жасап болғаннан кейін сайтты интернетке орналастыру деген бөлек әңгіме, ол үшін сізге FTP деген протакол керек оның да бірнеше түрлері бар ішіндегі танымалдары: FILE Zilla, Cuteftp, Total Commander енді сіз сайтыңызға домен атты және хостингті сатып аласыз, (ақшаны банкомат картошкаңыз болса интернет банк ашып сол арқылы аударсаңыз қолайлы болмақ) олар сізге логин және паролді жібереді, сіз осы мәліметтерді жаңағы протокалдардың сәйкес жерлеріне толтырсаңыз хостингіңіз ашылады енді архивтелген сайтты сол жерге көшіріледі.
