Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.74 Mб
Скачать

2 Рнр және MySql тілдерінде бағдарламалық өңдеу

2.1 Рнр тілінің даму тарихы

1994 жылы Расмус Лердорф бірнеше макростарды интерпретациялаған кезде синтаксистік анализаторды қоланатын құрал-саймандар жиынтығын шығарды. Тілді шығарушының сөзі бойынша, РНР тілі жұмыс барысындағы кездесулер арасында бір күн ішінде жазылған. Алғашқыда бұл тек ерекше мақсаттарға ғана қызмет ететін жай ғана Perl тілінде жазылған CGI-қабығы болды. Мұндай қосымша (оны шлюз не CGI-программасы деп атайды) сервермен нақты уақыт режимінде іске қосылады. Сервер қолданушы сұраныстарын оларды өңдейтін CGI-программаға жібереді және программа жұмысының нәтижесін қолданушы экранына әкеледі. Осылай келуші әртүрлі факторлар әсерінен өзгеріп кете алатын динамикалық ақпаратты алады. Шлюздің өзі әртүрлі программалау тілдерінде жазыла алады – C/C++, Fortran, Perl, TCL, Unix Shell, Visual Basic, Apple Script және т.б. РНР-ді құрушы шлюзді өңдеу үшін алдымен қарапайым және қол жетімді Perl тілін таңдады.

Ары қарай пайдалану нәтижесінде CGI-қабығы аз шығарушылыққа (ақырын жұмыс істейді) ие екені анықталды. Сондықтан Расмус Лердорфқа барлығын қайта жазып шығуға тура келді, бірақ ол С тілінде жазды, өйткені бұл РНР-дің жұмыс жылдамдығын жоғарлатты. Бірінші РНР нұсқасы бар сайт орналасқан серверді қолданушылар бұл тілге қызығушылықтарын білдірді. Лердорф бұл тілді басқа біреу қолданады деп болжамдамады. 1995 жылдың басында өнімнің бірінші танымал нұсқасы шықты, ол Personal Home Page Tools (дербес үй парағына арналған құрал) деп аталды. Сол кезде РНР қарапайым мүмкіншіліктерге ие болды. Оның бірнеше арнайы командаларды түсінетін қарапайым код анализаторы болды, сонымен қатар сайтқа қонақ кітабын, келушілер санауышын, чатты, статистика жүйесін және т.б. өңдеуге керек утилиттерден тұрды. 1995 жылдың ортасында негізінен тіл қайта жасалды, сонымен бірге формаларды өңдеу мүмкіндігі пайда болды және деректер базасымен жұмыс істейтін функциялар қосылды. Осындай түрде өнімнің екінші нұсқасы шықты. Содан кейін одан толығырақ үшінші, төртінші нұсқалары жарық көрді, ақырында РНР-дің қазіргі бесінші нұсқасы пайда болды.

Бүгін РНР – бұл серверде орналасатын және HTML-бетіндегі арнайы кодты өңдеуге арналған күшті кроссплатформалы құралдар жиынтығы. Соның арқасында динамикалық сайттарды оңай құру мүмкіндігі пайда болды. Осылай құрылған файлдар серверде сақталады және өңделеді. Қолданушы РНР-коды бар құжатты сұраған кезде скрипт қолданушы браузерімен емес, мысалы JavaScript қолданған кездегідей, сервермен өңделеді (нақтырақ сервер басқаруды РНР-кодты өңдейтін арнайы программаға береді). Қолданушыға енді тек жұмыс нәтижелері жіберіледі. Дәл осылай С немесе Perl тілдерінде жазылған CGI-программасы жұмыс істейді.

Бірақ CGI-ден қарағанда РНР-кодты HTML-бетінің кез-келген орнына салуға болады. CGI қарағанда бұл РНР-дің негізгі артықшылығы болып саналады. Онымен қоса, РНР оқуда өте оңай және ол қандай да бір өзгеше білімді қажет етпейді.

Жақсы сипаттамасына қарамай, РНР тілінің өзінің кейбір жетіспеушіліктері бар. CGI-программасымен салыстырғанда үлкен РНР-скриптердің (дәл үлкендердің, өйткені кішілері маңызды жүктемені тудырмайды) жеткілікті ақырын жұмыс істеуін айтып кету керек. РНР – интерпретуалды тіл, ол үлкен және қиын программалар кезінде өнімділікті нашарлатады, бірақ сайтта қиын емес амалдар үшін РНР – жақсы таңдау. Сонымен қатар РНР-дің соңғы нұсқаларында осы жетіспеушіліктер жоқ. Толығымен қайта жазылған және жақсартылған код өзінің жұмысын жасады. Осыны РНР компилириалды тіл болған факт жеткізеді. 2000 жылдың ортасында РНР-ді 2,5 млн сайт қолданғаны тегін емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]