Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.74 Mб
Скачать

2.4 Сайтты тіркеу

Сайтты тіркеу - бұл сіздің сайтыңызға басқа сайттардан сілтемелер жасау. Сайт каталогтары – тақырыптар бойынша сайттар тізімі, рейтинг – бұл каталог, бұл жерде сайтқа келушілер саны көп болған сайын сіздің сайтыңыздың күйі жоғарылайды. Рейтингтерде және каталогтарда тіркелу әздеу жүйелерінен кейінгі келушілердің көп санын әкеледі деп есептеледі. Іздеу жүйелерінде тіркелу сайтқа тұрақты күнделікті ағынын қамтамасыз етеді, ал рейтингіде тіркелу трафиктің тез өсуіне әкеледі (егер сіздің сайтыңыз біріншілер қатарында болса).Сіз, мүмкін, көрген шығарсыз көптеген сайттарда орналасқан шағын счетчиктерді. Бұл счетчиктер сол немесе басқа рейтингке оның тіркелгені кезінде орнатылады. Рейтингтер немесе ТОП қағаздары серверлерді білдіреді, бұл жерлерде атағына сәйкес белгілі бір тақырып бойынша беттердің мекендері орналасқан. Бұл өзінше бір хит парад: әрдайым келуші сіздің сайтқа кірген кезде, сайт бағыты рейтингте өзгереді, ол аз кіруі бар сайттарды басып өтіп жоғары көтеріледі. Рейтингте сайт қаншалықты жоғары орналасса, осы рейтингінің кезекті келушісінің оған кіру ықтималдығы соншалықты көп болады. Сіздің жобаңыздың алғашқы күнінен бастап келушілер, тіркелгенде саны бойынша сайтта статистиканы жариялау керек, бұл қосымша плюс береді және сіздің жобаға пайдаланушылар сенімділігі артады. Төменде біршама танымал орыс тілді рейтингілер тізімі: Rambler's Top100, Top.Mail.ru, Hotlog.ru, Spylog.ru, One.ru, Liveinternet.ru и т.б.

Біз сіздің сайтыңызды кем дегенде 3000 Интернет-каталогтарда (сайттарда) орналастыра аламыз!

Яндекс каталогі. Яндекс каталогқа түскен кезде оның категориясы өседі және ол іздеу нәтижесінде жоғарылайды. Яндекс каталогіна қалай түсуге болады? Бірінші нұсқа – Яндекске ақша төлеу. Екінші нұсқа – Яндекс каталогында тіркелген сайттардың сілтемелерімен алмасу. Одан да тақырыптары бойынша жақын сайттармен алмасқан дұрыс. Және сіздің сайтыңызға сілтемелер қалайша өседі, содан сіздің сайтыңыз яндекс каталогының модераторлары үшін әлдеқайда белгілі болады. Және де егер сіз өз сайтыңызды қосуға ұмытып кетсеңіз, сізді тегін енгізуі мүмкін. Бірден яндекс каталогында тіркелмеңіз, алдымен өз үзінділігіңізді шамамен 100-ге дейін жеткізіңіз, содан кейін мәлімдемені жіберуге болады.

2.5 Web-сайт экслуатациясы

Хостинг — әрдайым интернетте орналасқан сервердегі сайт файлдарын физикалық түрде орналастыруға арналған дискілік кеңістік беру бойынша қызмет көрсету.

Хостер (хостингілік компания, хостинг-провайдер) — хостинг қызметтерін беретін компания.

Сайт жасау — бұл тек қана интернеттің өкілдік болып қалыптасу жолындағы алғашқы кезең. Екінші кезеңде Желі пайдаланушыларына қол жетімді болатын сайт жасау керек, яғни оны web-серверде орналастыру керек. Бұл үшін теориялық тұрғыда жеке web-сервер жасауға болады, шындығына келсек, бұл өте қиын және де көптеген шығындар әкеледі. Ең жақсысы сәйкес сервисте мамандандырылған хостингілік компаниялардың қызметін пайдалану, мұндай фирмалар (батыстағы сияқты ресейлік те) қазірде көптеп кезедеседі. Бірақ та мәселе осында жатыр, себебі көптеген хостерлерді әр түрлі критериялары бойынша салыстыру керек қой, ал бұл да өте көп уақытты алады. Дегенмен кезекті анлиз қажет, себебі хостингті қате таңдау кейін сайтты бір хостерден екінші хостерге ауыстыруға әкеледі, бұл өте машақатты жұмыс, әсіресе үлкен ресурстарға. Сондықтан да хостингілік компанияны таңдауға өте мұқиялылықпен қарау керек.

Бір мағынада ең жақсы хостерлерді атау мүмкін емес, себебі нақты компанияға көп параметрлердің ішінен сол немесе басқа жиыны ұнап қалуы мүмкін. Бір хостерлер көрсетілетін қызметтердің кеңділігімен, екіншілері мұндай қызмет көрсетулерді қамтамасыз ете алмайды, бірақ оларды тартымды бағаларға жасайды, ал үшіншілері тарифтңк бағаларды жеке өзіне жасауға мүмкіндік береді және т.б. Басқа сөзбен айтқанда, әр пайдаланушыға сайтқа қойылған талаптармен және бар қаржылық мүмкіндіктерімен анықталатын таңдауына байланысты өзінің таңдаған хостері жақсы болады. Қаржымен бәрі де түсінікті , әр түрлі хостер провайдерлердің тарифтік жоспарларының бағаларын салыстыру жеткілікті, ал міндеттерге келетін болсақ күрделірек, себебі сайттың дискілік кеңейтілімде алатын орнын, оның функциялануы үшін қажетті сервистер тізімін, кеңейтілім қажеттілігін және т.б. есепке алу керек. Сондықтан да әр түрлі хостингілі компаниялардың тарифті жоспарларын анализдеуден бұрын хостинг таңдауда есепке алатын кездерге тоқтап кетейік.

Хостингті таңдау барысында ең алдымен хостерлерді және олармен көрсетілген тарифтік жоспарларды келесі факторларды анализдеу керек:

қол жетімділі -хостинг таңдауда шешуші фактор блып табылады, себебі сол немес басқа уақытта сайтқа қол жетімді болмай қалса, автоматты түрде келушілерден айырылады (ал коммерциялы ресурстар үшін потенциальды келушілер және сәйкес пайда). Сонымен қатар әрдайым сайттың қол жетімділігі туралы айтуға болмайды (себебі техникалық жұмыстарды жасауға белгілі бір уақыт шегі қажет), сол себепті сөз уақыттың көп бөлігіне немесе аптаймға (ағылш. up time) қол жетімділік туралы жүріп жатыр. Лайықты хостерлерде берілген параметр 99,9% тең, бірақ та бәрі осыған сай аптаймға кепілдік бермейді, көбі (сонымен қоса ресей провайдерлері) тіпті мүлдем олармен қамтамасыз етілетін аптайм мәнін өз тарифтік жоспарларында еске салмайды да;

жылдамдық - маңыздылығы бойынша екінші фактор, себебі беттің ашылуына ұзақ уақыт кетсе, сайтқа келушілер саны автоматты түрде азаяды, олардың көбі соңына дейін ашылғанды күтпейді және бұл сайтқа екінші рет қайтып кірмейді. Өкінішке орай, берілген параметр тек экспериментальді жолмен ғана анықтауға болады, бұл әбден мүмкін, себебі хостерлердің бөлігі нақты бір белгілі тестілік кезеңін береді немесе егер клиентті хостинг параметрі қанааттандырмаған жағдайда ақшаны қайтару кепілдігін береді;

ұсынылатын дискілік кеңістік – көптеген ақылы хостерлер қазіргі кезде көптеге пайдаланушыларды қанағаттандыратын ресурстарды орналастыруға арналған айтарлықтай көлемдер ұсынады. Бірақ та жобалар қатары үшін (мысалы белсенді пайдаланылатын форумдары бар сайттар) біраз уақыттан кейін дискілік кеңістіктің жетіспеушілігінің мәселесі тууы мүмкін. Осымен байланысты алдын ала оның кеңейтілімінің мұмкінділігін анықтап алу керек, бұл көп хостерлермен қосымша төлеммен жүргізіледі;

трафиктің мүмкін болатын айлық көлемі – ресурсқа қажетті трафик көлемі келішілер саны (келушілер саны көп болған сайын трафик көбейеді) мен сайт бетінің өлшеміне (графикасы көп беттеркөп трафикті қажет етеді) байланысты.

Сондықтан да берілген фактор көп көлемді трафиктері (мұндайлар аз кездеседі) бар ресурстар үшін маңызды болып келеді.Хостинг провайдерлердің бөлігі тарифті жоспарларда анық түрде мүмкін болатын трафик шегін көрсетеді, ал кейбіреулері шексіз көлем. Шектеусіз трафигі бар ұсыныстарға байқап қарау керек, себебі нақтысында трафик бәрібір шектеулі болады (тарифті жоспарда ол туралы көрсетілмеген немесе кішкентай шрифтімен көрсетілген). Трафиктің шегінен шыққан жағдайда (ол көрсетілмеген болса да) хостингілік компания клиенттен басқа қымбаттырақ тарифті жоспарға өтуді ұсынады, ал бұл өте қолайсыз. Сондықтан да ұқсас жағдайлардың алдын алған жөн.

Электронды поштамен жұмысқа арналған мүмкіндіктер – бұл жерде пошталы жәшіктің санын, SMTP- сервердің бар болуын және спам- сүзгіштің қолдауын есепке алу керек.

кеңейтілім мүмкіндігі – әрдайым интернет – жобаның өсуімен хостингке жаңа талаптар да пайда болады: жоба алатын дискілік кеңістіктің көлемі кеңейеді, трафик клемі өседі, қосымша сервистерде қажеттіліктер пайда болады және т.б. Сондықтан да таңдалған хостинг провайдер кез келген уақытта керекті ресурстарды бере алатындай болғаны маңызды;

техникалық қолдау сенімділігі - пайдаланушылар қолдайтын қызметінің техникалық персоналды дайындау деңгейінен, сонымен қатар пайдаланушы сұранысына реакциясының оперативтілігінен сайтты жұмыс режимінде табу уақыты байланысты, барлық мүмкін болатын әдістермен техникалық қолдау сапасын тексеру керек. Мысалы, сәйкес қызметтің электронды мекенжайына бірнеше қарапайым сұрақтар жіберу, берілген хостер туралы басқа пайдаланушылар ойын хостингілік форумдарда сұрастыру және т.б.

Бұдан басқа келесі аспектілер маңызды болуы мүмкін:

бірнеше домендерді пайдалану мүмкіндігі – берілген фактор актулаьды болады, егер бір емес бірнеше сайттарды ашу жобаланса, бұны жасау бір хостинг провайдерге ыңғайлы болы келеді, бірақ бұл үшін оған бірнеше домендердің қолдау мүмкіндігі қажет болады;

басқару панелінің ұсынылатын типі – кейбір хостерлер пайдаланушылар қызметіне әлемде кең түрде қолданылатын панельдерді (мысалы, cPanel немесе Plesk) ұсынады, басқалары өз құрастыруларын береді. Бұл жағдайда басқару панелімен алдын ала танысу керек, ол жұмыста қаншалықты ығайлы екенін түсіну үшін керек (өкінішке орай, осындай хостер барлық хостерлермен көрсетіле бермейді).

Тарифті таңдау кезінде хостингті компаниялардың қызметі де мәнге ие болып келетіні анық. Бұл жерд бір маңызды бір жайтты айтып кеткен жөн – хостинг провайдерлердің бір бөлігі өз тарифтік жоспарларын жариялай отырып, клиенттерді өздеріне төмен бағамен көңілдерін аударады және хостингтің толық бағасын әрдайым көрсете бермейді, мысалы қызметтер қатарына қосымша ақыны кіргізбейді.

Ал кәсіптік аудитория үшін сайт дайындығының бағдарламалық мүмкіндігін кеңейтетін және оның жұмыс күйде сақталуына қолдау көрсетіп көмектесетін,олардың арасында SSI және SSL қолдауы, жеке cgi-bin-директорияның бар болуы, PHP қолдауы, деректер базасымен жұмыс жасау мүмкіндігі маңызды болып келетін сервистерді көрсету маңызды.

Жоғарыда айтылып кеткендей хостинг тегін де, ақылы да болуы мүмкін. Тегін хостингтің мүмкіндіктері (ақылымен салыстырғанда)елеулі түрде шектеулі, дегенмен жеткілікті, мысалы үй беттерін көрсету үшін. Тегін хостингтің негізгі шектеулері қатарына келесілерді жатқызу керек:

беттердің ашылуының жоғары емес жылдамдығы;

файлдардың форматы мен өлшеміне шектеу (мысалы, көбінесе MP3, MPEG, ZIP және т.б. форматтарда файлдарды сақтау жіберілмеген);

Тегін хостингтің негізгі минусы болып сайттарға жарнамалық баннерлердің міндетті түрде кіргізілуі табылады, себебі сәйкес хостингтер олардың web-серверлерінің беттерінде орналасқан жарнамаларды көрсету жолымен ақша табады. Сонымен қатар екінші деңгейдің доменін алу мүмкіндігі жоқ екенін атап кеткен жөн (яғни www.yourname. сom түрдегі домендер бар), бұл дегеніміз сайт аты yourname.example.com немесе www.example.com/~yourname түрінде болады. Бұдан басқа сайттың тегін хостингте орналастыру сенімді емес, себебі сайтқа үзіліссіз қол жетімділікке кепілдік бермейді, және хостингте кез келген уақытта жабылып қалуы мүмкін.

Басқа сөзбен айтқанда, тегін хостинг өзінің мүмкіндіктерімен және қызмет көрсету сапасы бойынша көзге түсерліктей ақылы түрге жол береді және ешқашан жақсы кіріп шығатын жобалардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан да барлық табыстан табысқа жетуші коммерциялы жобалар Желіде ақылы хостерде орналасқан. Және бұл толығымен түсінікті, себебі тек ақылы хостер ғана сенімділік пен жеткілікті түрде байланысу жылдамдығын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар (екінші деңгей домендерінің қолдауына және жанаманың болмауына байланысты) компанияға қажетті интернет имидж құруға мүмкіндік береді. Тегін хостинг Желіде әуесқойлық сайттар және шағын қоғамдық қауымдастықтардың сайттарының орналасуы үшін мүмкін болатын шешім деп қарастыруға болады, көбінесе ол кезекті ақылы хостингке өту үшін бастапқы алан ретінде қызмет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]