Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.74 Mб
Скачать

2.3 Joomla-да жұмыс жасау

Кез келген сайтты толтыруды оның ақпараттық құрылымын жобалаудан және инфологиялық моделді құрудан бастау керек.

«Joomla!»– контентіні басқару жүйесінде ақпаратты ұйымдастырудың үш деңгейі бар:

- Бөлімдер – бұл котегориялардан тұратын үлкен бірлестіктері;

- Категориялар - объектілерді сыйғызатын кішігірім бірлестіктер;

- Контент объектілері  – бұл администротор веб-бетте орналастырғысы келетін кез келген мәтін немесе сурет.

Бұл құрылымның жалғыз ерекшелігі бұл алдын ала оған категория мен  бөлім құрмай ақпараттық материал құру мүмкіндігі жоқтығында.

«Joomla!» - да ақпаратты сақтау жүйесінің құрылғысымен танысуды өзімізге келесі толтыру жүйесін ұсыну арқылы мүмкін: бөлімдер – бұл жәшіктер, категориялар – бұл жәшіктердегі бумалар, ал контент объектілері – бұл бумалардағы  қағаздар. Бөлімдер мен категорияларды қолданудың тағы бір аспектісі олардың әрбірін өзінің шаблонына байлап қою мүмкіндігі болып табылады.

Бөлімдерді басқару үшін “бөлімдер менеджерін” қолдану керек, ал басқару панеліндегі “Бөлімдер” - түймесін басқан кезде немесе мәзірдің Материалдар – Бөлімдер – қолданған кезде ашылады.

Бөлімді құру үшін “Жаңа” – түймесі қолданылады. Төменде келтірілген өрістерді толтыруға ерекше назар аудару қажет:

Тақырып – мәзірде қолданылатын қысқа тақырып;

Бөлім атауы – беттерде көсетілетін бөлімнің толық аты (егер) бұл шарт қосулы болса.

Мысал үшін бірнеше бөлім құрайық: “Жаңалықтар”, “ЦЗН-әрекеттестігі”, “Еңбек нарығы”. Барлық бұл бөлімдер, келешекте, өз кезегінде жазбаларды қамтитын болатын категорияларды қамтиды.

Сайт мәзірінің әрбір аталық пунктіне бөлім құру қажеттілігі жоқ, өйткені   «Joomla!» - да бөлімдер мәзір құрылымын құруға емес, ал ақпаратты  каталогтау үшін құрылған, сайт мәзірін құру туралы тереңірек кейіндеу айтамыз.

Әрі қарай бөлімдерді және категорияларды қосуға, өзгертуге, жоюға болады. Есте сақтау керек дайын, дұрыс жобаланған ақпараттық құрылым болашақта құрастырушылар үшін үлкен уақыт көлемін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сайт мәзірнің ұсынылған құрылымын мұқият зерттеуден және үйреніуден кейін келесі категорияларды құру туралы шешімі қабылдаған болатын:

- «Жаңалықтар» бөлімінде «Жаңалыктар» және «Басты бет» категориалары;

- «ЦЗН - әрекеті» - бөлімінде «жұмыс берушілерге қызметтер», «Жұмыс берушілер назарына» және «Еңбек нарығын басқару» категориалары;

- «Еңбек нарығы» - бөлімінде «Еңбек нарығындағы жағдай» және «Жұмысқа жәрдем» категориялары.

Категорияларды құру, өзгерту және жою үшін «Категориялар менеджерін» қолдану керек, ол басқару панеліндегі «Категориялар»  түймесін басқан кезде немесе мәзірдегі «Материалдар» - «Категориялар» -  түймесін колданған кезде ашылады.

«Joomla!» - да категориялар бөлімдердегіндей  құрылады – инетерфейстің жоғары жағында «Жаңа» - батырмасымен. Жалпы ерекшелік болып категорияларды құру бетінде түсіп қалатын «Бөлім» - тізімінің болуы. Бұл тізім сайттың әрбір категорияның аталық бөлімге жатуын анықтауға мумкіндік береді.

Бұл жағдайда сервер бірдей бетті үнемі  генерациялау қажеттілігінен  құтылады. Бұл  факт  контентті  басқару жүйесінің жұмысын едәуір жеңілдетеді, әсіресе егер статикалық ақпараттың көлемі жеткілікті үлкен болса.

Одан тыс, сайт администраторлары бір немесе екі материал қамтитын категориялардан аралас құрылым құру қажеттілігінен айырылады.

Ақпаратты сақтау мен өңдеу тапсырмасы бірінші компьютерлердің пайда болуымен бірдей туындады. Бұл тапсырманы шешу үшін 60-шы жылдардың соңында арнайы программалар шығарылды, ол деректер базасын басқару жүйесі деген атқа ие болды (ДББЖ). ДББЖ эволюцияның файлдарды басқару жүйесінен иерархиялық және желілік деректер базасы арқылы ұзын жолды өтті. 80-шы жылдардың соңында негізгі болып реляционды деректер базасын басқару жүйесі (РДББЖ) табылды. Олармен жұмысты унифициалдау үшін негізінен реляционды деректер базасын басқаратын тіл ретінде көрінетін сұраныстардың құрылымдалған тілі (SQL) шығарылды. Бүгін негізінен Internet-те табуға болатын барлық маңызды Web-қосымшалар сайт қолданушыларымен туындайтын ойға да келмейтін деректер көлемдерін орындау үшін сол не басқа деректер базасына сүйенеді.

Деректер базасының келесі түрлері бар:

1.иерархиялық;

2.реляционды;

3.объект-бағытталған;

4.аралас.

Иерархиялық деректер базасы ақпаратты ағаш түрлі құрылыста сақтауға негізделген. Бұл мағынада иерархиялық деректер базасы компьютердің файлдық жүйесін өте еске түсіреді.

Реляциондыдеректер базасында деректер жолдар мен бағандардан тұратын, олардың қиылысында ұяшықтар орналасқан кестеде жиналған. Осындай деректер базасына сұраныстар қайтадан келесі сұраныста қатыса алатын кестені қайтарады.

Объект-бағытталғандеректер базасында деректер объекттер түрінде сақталады. Объект-бағытталған деректер базасымен объект-бағытталған программалауды қолдана отырып жұмыс істеу қолайлы. Бірақ бүгінгі күнде мұндай деректер базасы реляционды деректер базасының танымалдылығына жетпеді.

Аралас ДББЖ реляционды және объект-бағытталған деректер базасының мүмкіншіліктерінен тұрады.

Web-қосымшаларда, ережеге сәйкес, реляционды деректер базасы қолданылады.

Реляционды деректер базасының артықшылықтарын қысқаша келесі түрде сипаттауға болады:

  • Деректер жолдар мен бағандардан тұратын кестелерде сақталады;

  • Әр баған мен жолдың қиылысында дәл бір мағына тұр;

  • Әр бағанда оған атау қызметін көрсететін өзінің аты бар және бағандағы барлық мағыналар бір типке ие болады;

Бағандар кесте құрылған кезде анықталатыг белгілі бір тәртіппен орналасады. Кестеде бір де жол болмауы мүмкін, бірақ міндетті түрде ең болмағанда бір баған болу керек;

Деректер базасына сұраныстар нәтижені сұраныстар объектісі ретінде де шыға алатын кесте түрінде қайтарады.

Бүгінгі таңда ДББЖ көптеген түрлері бар болғанымен, олардың кең таралғаны және көп масштаб алатындары Oracle, PostgreSQL және MySQL ДББЖ болып табылады. Бірақ бұл жерде деректер базасының жұмысы Интернетте қарастырылғандықтан, Интернетте деректер базасымен жұмыс үшін ең танымал сервер болатын MySQL серверінің жұмысын қарастырайық. MySQL – бұл ең танымал және Интернетте жақсы таралған ДББЖ (деректер базасын басқару жүйесі). Ол ақпараттың үлкен көлемдерімен жұмыс жасау үшін арналмаған, бірақ оның қолданылуы өте үлкен де емес және ірі Интернет-сайттарға өте жақсы.

MySQL жұмыстың жақсы жылдамдығымен, орнықтылығымен, иілгіштігімен ерекшеленеді. Онымен жұмыс жасау ешқандай қиындық туғызбайды. MySQL серверін құптау автоматты түрде РНР-ді қосады.

MySQL ДББЖ келесі негізгі программалар және скрипттермен беріледі.

  • mysql

  • mysqlaccess

  • mysqladmin

  • mysqld

  • mysqldump

  • mysqlshow

  • isamchk

  • isamlog

  • safe mysqld

Тағы бірнеше утилиттер бар. Олар MySQL-ге өте маңызды емес, бірақ пайдалы қосымша функционалды мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

  • comp_err

  • msql2mysql

  • mysqlbug

  • perror

  • replace

  • which 1

  • zap

MySQL ДББЖ-нің клиенттік бөлігі mysql деп аталады. Ол командалық жол интерфейсін MySQL ДББЖ қамтамасыз етеді және интерактивті емес пакетті өңдеу мүмкіндігін береді. MySQL серверіне қосылған кезде mysql клиенттік программаның көмегімен қолданушының аты мен паролін енгізу керек. Егер сервер мен клиент әртүрлі машиналарда болса, MySQL сервер қосылған хост атын да міндетті түрде көрсету қажет:

shell>mysql-h host –u user –p

Осыдан кейін экранда Enter password сұранысы пайда болады және қолданушыға өзінің паролін енгізу керек болады. Егер байланыс жақсы өтсе, онда экранда келесі ақпарат пайда болады және mysql командалық жолдың белгісі:

mysql>:

Welcome to the MySQL monitor. Commands end with; or\g.

Your MySQL connection id is 459 server version:

Type 'help' for help.

MySQL>

Сервермен байланысты QUITкомандасын алып, кез-келген уақытта үзуге болады.

QUIT:

mysql>QUIT

Bye

Серверге жіберілетін команда негізінен соңынан нүктелі үтір келетін SQL-мағынадан тұрады.

MySQL сұраныс нәтижелерін кесте түрінде шығарады. Сұраныс нәтижелері бар кестені шығарғаннан кейін mysql қайтарылған жолдар саны мен сұраныс орындалуының уақытын хабарлайды.

Сұраныстар нәтижелері мен оның орындалу уақытын шығарғаннан кейін mysql> жаңа жолын шығарады, ол жаңа командаларды орындауға дайындығын білдіреді.

Қолданушы кестенің бір алғашқы кілтке ие болуы мүмкін. Егер өріс анықталса, алғышқы кілт өрісі сияқты, онда индекс құрылады. Дұрыс кілтті анықтаудың қажеттілігі жоқ.

Бірнеше өрістер бар кілттерді узкоспецификалық сұраныстарды оптимизациялау үшін қолдануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]