- •1.Ақпаратты автоматтандыру
- •1.1 Сайт дегеніміз не?
- •2 Рнр және MySql тілдерінде бағдарламалық өңдеу
- •2.1 Рнр тілінің даму тарихы
- •2.2 Рнр мүміндіктері
- •2.3 Joomla-да жұмыс жасау
- •2.4 Сайтты тіркеу
- •2.6 Сайт жоғарлауы
- •3. Тәжірбиелік бөлім
- •3.1 Сайтқа қойылатын талаптар
- •3.2 Сайттың құрылымы
- •3.3 Сайттың интерфейсі
- •3.4 Экономикалық бөлім
- •Қр Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті туралы заң
- •4.2 Компьютерлермен жұмыс істеу кезіндегі зиянды факторлар және олардың қолайсыз әсерінің алдын алу
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
2.2 Рнр мүміндіктері
Мүмкін РНР-де ең күшті және маңызды мүмкіндік ол – деректер базасымен интеграция деңгейі. Деректер базасымен жұмыс істейтін Web-парақты жазу өте оңай. Қазіргі уақытта келесі деректер базасы қолданылады:
Oracle;
Adabas D;
Sybase;
FilePro;
mSQL;
Velocis;
NySQL;
Informix;
Solid;
dBase;
Unix dbm;
PostgreSQL.
Аудентификация парольмен жабылған жерге кіруді қамтамасыз етеді. РНР-де HTTP аудентификация Apache модулі қолданылған кезде ғана қол жетімді. Apache модулінде РНР-скрипт Header () функциясын клиент браузеріне “Authentication Required” хабарламаны жіберуге қолдана алады, сонымен ол Username/Password диалог терезесін шақырады. Қолданушы username және password өрістерін толтырғаннан кейін РНР-скрипті бар URL енгізілген ақпараттардан құралған $PHP_AUTH_USER, $PHP_AUTH_PW және $PHP_AUTH_TYPE айнымалыларымен қайта шақырылады. Бұл жағдайда тек “Негізгі” аудентификация қамтамасыз етіледі.
Парақтағы клиент адентификациясын шығаратын сценарий бөлігінің мысалы былай болу керек:
<?php
if(!isset($PHP_AUTH_USER)) {
Header(“WWW- Authenticate: Basic realm=\”My Realm\””);
Header(“HTTP/1.0 401 Unauthorized);
echo “Text to send if user hits Cancel button\n”;
exit;
}else {
echo “Hello PHP_AUTH_USER.<P>”;
echo “You entered $PHP_AUTH_PW as your password.<P>”;
}
?>
Біреуден дәстүрлі ішкі механизм арқылы анықталған парақтың паролін анықтайтын сценарийді өзгертуден алдын алу үшін PHP_AUTH айнымалысы орнатылмайды. Бұл жағдайда ішкі анықталған қолданушыны идентификациялау үшін $REMOTE_USER айнымалысы қолданылады.
Бірақ жоғарыда айтылғандардың барлығы қолданушыны сол серверде аудентифицаланған URL-ден қолға түсірген парольді қолданып, аудентифицаланбаған URL-мен басқаратындардан қорғай алмайды.
РНР мәтін мен HTML-кодты ғана өңдемейді, сонымен қатар GIF, JPEG PNG кескіндерімен де жұмыс істей алады. Интернетте ең көп қолданылатын графикалық формат GIF болғандықтан, РНР-дің нақ сол форматпен жұмыс істеуіне тоқталайық. Сонымен қоса РНР файлдарды құру үшін GIF қолдана алады. Онымен жұмыс істеу үшін сізге GD кескіндерінің функциясы бар кітапханамен РНР-ді компиляцияла керек. Мысалға РНР көмегімен GIF-файлды былай құруға болады:
<?php
Header(“Content-typ:image/gif”);
$string=implode($argv,””);
$im=imagecreatfromgif(“images/button1.gif”);
$orange=ImageColorAllcate($im,220,210,60);
$px=(imagsx($im,3,$px,9,$string,$orange);
ImageGif($im);
ImageDestroy($im);
?>
Бұл мысал парақтан <imgsrc=”button.php3?text”>тегімен шақырылады. Жоғарыда айтылған button.php3 скрипті ” text” жолын алып, қазіргі жағдайда “images/button1.gif” болатын негізгі кескіннің үстіне қояды және нәтижесінде пайда болатын кескінді шығарады. Бұл әр кезде өзгерткіңіз келген жағдайда батырманың жаңа кескіндерін салмаудың ең қолайлы амалы.
HTML-ден шығып, РНР код режиміне өтудің үш тәсілі бар:
1<?echo (“қарапайым тәсіл, SGML\n өңдеу нұсқауы”);?>
1<?php echo (“XML құжаттарымен жұмыс істегенде былай істеңіз \n ”);?>
<script language=”php”>
echo (“кейбір редакторлар (FrontPage ұқсас) өңдейтін нұсқауларды жақсы көрмейді”);
</ script >;
4. <% echo (“PHP 3.0.4-тен ASP-тэгты қолдануға болады”)>;
<%>
Нұсқаулар (пікірлер) C мен Perl тілдеріндегідей нүктелі үтірмен бөлінеді. Жабатын тэг (?>) те пікірдің аяқталуын білдіреді, сондықтан келесі жазулар эквивалентті:
<php
echo “Бұл тест”
?>
<php echo “Бұл тест”?>
РНР айнымалылардың келесі түрлерін сақтайды:
integer – бүтін
double – бөлшек бөлімі бар сан
string – жолдық айнымалы
array – массив
object – объектілі айнымалы
pdfdoc – PDF-құжат (тек PDF болған жағдайда)
pdfinfo – PDF-инфо (тек PDF болған жағдайда)
Айнымалы түр негізінен программистпен орнатылмайды; оның орнына ол берілген айнымалы қолданылатын программа орындалған кезде анықталады.
Егер сізге айнымалы түрін тікелей көрсету ұнаса, онда сіз ол үшін cast нұсқауын немесе settype функциясын қолдана аласыз.
Айнымалы қазіргі уақытта оған қандай түр анықталғанына байланысты белгілі бір жағдайларда өзін әр түрлі көрсете алады.
Әсіресе РНР-дегі жолдарды бөліп алған дұрыс. Бастапқыда жолдың екі түрі бар екенін ескерейік: бөлшектелетін (parsed) және бөлшектелмейтін (unparsed). Бөлшектелетін жолдар қос тырнақшаны қолданумен анықталады және РНР-де бөлшектеледі, ал сол уақытта бөлшектелмейтін жолдар бір тырнақшада көрінеді және дәл солай қолданылады. Яғни егер жол қос тырнақшада анықталса, онда осындай жолдың ішіндегі айнымалыға сілтеу автоматты түрде оның мағынасымен толтырылады. Осындай кезде бөлшектелмейтін жолдарға мұндай қойылымдар орындалмайды.
<? php
$my_int=50;
$string_one= “айнымалы мағынасы $my_int<br>тең”;
$string_two= “айнымалы мағынасы $my_int<br>тең”;
echo $ string_one;
Егер бұл сценарий орындалса, онды оның қорытындысы мынадай болады:
Айнымалы мағынасы 0-ге тең
Айнымалы мағынасы $my_int тең
Айнымалы сілтемелерін орын ауыстыру мүмкіндігімен қоса, бөлшектелетін жолдар қайтарылған немесе басқарылатын символдар деп аталатындармен жұмыс істеуге рұқсат береді. РНР-дегі басқаратын символдар тізімі 1 кестеде көрсетілген:
Кесте 1 РНР-ді басқаратын символдар
Басқаратын символдар жолы |
Нәтиже беретін символ |
\n \r \t \\ \$ \’ \” \### \x## |
Ауыстыру жолының символы Каретканы қайтаратын символ Көлденең табуляция символы Кері слэш символы $ символы Бір тырнақша символы Қос тырнақша символы ASCII-символ (сегіздік) ASCII-символ (он алтылық) |
РНР-дегі айнымалыны инилизациялау үшін оған тек мағынаны беру жеткілікті. Көптеген айнымалыларға бұл дәл осылай; массивтар мен объектілі айнымалыларға басқа механизм қолданылуы мүмкін.
РНР-дің кез-келген скрипті реттілік операторлардан тұрады. Оператор иелену, функция шақыруы, цикл, шартты сөз немесе бос сөз (түк істемейтін) болуы мүмкін. Операторлар негізінен нүктелі үтірмен аяқталады. Сонымен қатар операторлар топқа біріктірілуі мүмкін. Оператор топтар да операторлар болады.
