Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KIRISPE.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.74 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Біздің еліміздің заманға сай даму барысындағы стратегиялық маңызды мақсаттардың бірі, адамның білім деңгейінің дамуы болып табылады, ол заманауи технологиялар мен интернет ресурстарды жетік меңгеру және сауатты пайдалана білу.

Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі болып білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады.

Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.

Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.

Интернеттің ауқымды компьютерлік желісі өте тез дамып келеді. Желіге арналған баспалар саны өсіп келеді.

Зерттеу жұмысымыз осындай өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жарнамалау сайттарының қазақ тілінде аз болуы.

Зерттеу жұмысының мақсаты: өнімдерді жарнамалау сайтын құру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Зерттеу жұмысы бойынша әдебиеттерге, осы бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстарына талдау жасау және оның заңдылықтарымен танысу;

Жарнамалау сайттарына көз жүгірту;

сондай-ақ, жасалған жарнамалау сайттарының кемшіліктеріне мән беру .

Зерттеу объектісі: жарнамалау сайттарының қажеттілігін зерделеу үрдісі.

Зерттеу пәні: жарнамалау сайттарының берер пайдасы мен зиян жақтарын саралау.

Зерттеудің жаңалығы:

қазақ тілінде сапалы әрі мәнді аударылған жарнамалау сайтын құрастыруды алға қою;

кейбір тақырыптар бойынша презентациялық түрде оқу-әдістемелік құралдар дайындалды;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: жарнамалау сайтының дизайны мен сайтқа қойылар талаптарға сай орындалып сұранысқа ие болуын қадағалау.

Зерттеудің ғылыми теориялық және әдістемелік негіздері: сайттар туралы сын-пікірлер мен форумдарды қарау; сайт құрастыру бойынша сайттарға кіріп қажетті мәліметті алу, сайттын бар талаптарға сәйкес болуын ұйымдастыру .

Мамандардың болжамы бойынша шамамен он жылдан кейін жанұялардың 50 пайызы күн сайын Интернет қызметін пайдаланып отырады. Бұл әр компьютері бар адам өзіне керекті ақпаратты, мақаланы, иллюстрация, видео, адио ақпараттарды оны қызықтыратын кез келген тақырып бойынша көшіре алатын кез болады. Ол бұл ақпараттарды қалаған уақытында ала алады.

Біздің әрбіреуіміз қазірде Internet дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Ол үшін өзіңнің веб сайтынды жасап, оны желіде орналастыру жеткілікті. Бірақ бұны қалай жүзеге асыруға болады? Бұл сұрақтың жауабын осы жұмыс барысында беруге тырыстым.

1.Ақпаратты автоматтандыру

1.1 Сайт дегеніміз не?

Интернет-сайт. Бұл не? Бұл сұраққа жауап өте көп және жан жақты. Мысалы, жарнама саясатының бөлшегі және пайда табу көзі,интернет-технологияларын пайдалану кәсіпкерлерге пайда әкелу, тағы да сол сияқтылар. Сайт құру мотивациясы әрқалай болуы мүмкін.

Веб-сайт тек қана қажетті ақпаратты беріп қана қоймай, маркетингтік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Әр түрлі сұрақтар, сауалнамалар, сайтқа кірушілер санақтары мен басқа да интерактивті қарым-қатынас жасау формалары фирма жұмысы мен максималды түрде мақсатты аудиторияның сұраныстарына жауап беретіндей жасауға көмектеседі.Көптеген мүмкіндіктерді бере отыра, желі веб-қорларының иелерінен жоғары профессионалдылық пен кәсіпкерлікті жүргізуді талап етеді.Веб-сайтта үлкен тұтынушылық немесе серіктестік аудиторияны аз шығын жұмсай отыра жинауға болады. Мақсаттық аудиторияны тарту тек қаржыны ғана емес, сонымен қатар уақытты да талап ететін шара. Веб-сайт ақпараттық буклеттің функциясынан басқа да міндеттерді атқарады.

1.2 WЕB-сайт жасау технологиясы

Web-сайт (ағыл. Website, web−өрмекшінің торы жәнеsite − орын) − бір ортақтақырыппен,дизайнмен біріктірілген, өзара байланысты сілтемелер жүйесі бар Интернет желісінде орналасқан беттердің жиынтығы.

Web-сайт – бұл тек файлдар жиынтығы ғана емес, ол әдемілік пен функционалдылықтың, жұмыста ыңғайлылықтың күрделі жиыны. Сайт жасаудың ең қиындығы – барлық ұсақ компоненттердіесепке алып, олардың арасында байланыс орнату. Ал байланыссыз сайт тек файлдар жиынтығы болып қалады. Сайт бұл мәртебе және уақыттың талабы. Технология жағынан дамыған қоғамда сайттың болуыбұл жетістік. Сайт арқылы өзіңізді, өз жұмысыңызды, өз бизнесіңіздіөзіңіз қалағандай етіп көрсете аласыз. Сіз онда мәтін, фотосурет, сызбалар, суреттер қоя аласыз.

Шексіз аудитория. Тура мағынасындағы шексіз аудитория бұл сайт-құрушының ақпаратын дүние жүзінің кез келген нүктесінен, кез келген елден барлық интернет қолданушылары қол жеткізе алады. Көптілді сайт жобалары – әлемдік қоғамға нақты қадам.

Жарнамалық алаң. Бұл сайт-құрушының өнімдеріңізді немесе қызметтеріңізді бәрі көреді және біледі.

Ақпараттыбасқарудағы жедел қимылдаушылық. Бұл сайт-құрушыныңәр минут сайынвеб-беттеріңізге өзгертулер енгізсеңіз қолданушылар сол сәтте жаңартылған нұсқаларды көреді. Жаңалықтар енгізу немесе өзгертілген жұмыс кестесі бұлардың бәрі барыншақысқа мерзімде жаңартылып отырады. Қаражатты және уақыт үнемдеуге мүмкіндік.

Кері байланыс және байланыс нақты уақытта. Пайдаланушылар бұл сайт-құрушының электрондық пошта арқылы жедел байланыса алады немесе жазба қалдырады. Сіз олардың тілегіне әрқашан тез жауап қайтара аласыз.

Әрбір сайт белгілі бір мақсатпен жасалады. Ең бірінші олар желі қолданушыларына қандай да бір ақпаратты жеткізу үшін қажетті болып табылады. Web-сайтты жасау күрделі және көп уақытты талап ететін жұмыс. Сайттың логикалық құрылымын жасау, қажетті материалдарды жинақтау, оларды өңдеуден өткізу сайтты жасаудың басты кезеңі – жоспарлауға тікелей байланысты. Сайтты құрастыруды бастамас бұрын алдымен ол сайттың болашақтағы қызметі, атқаратын міндеті, қолданылу саласы,пайдаланушыларға тигізер пайдасы, мазмұны  қандай болмақ, соны анықтап алу қажет.

Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

1. Сайттың орны.

2. Сайттың аудиториясы кімдер.

3. Қандай ақпарат жарияланады.

4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

1. Навигациялық құрылымын жасау.

2. Беттің дизайнын жасау.

3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

Бағдарламау. Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.

Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

1. Сілтеменің жұмысы;

2. Мәтіндегі қателер;

3. Навигацияның тиімділіғі.

4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.

5. Графикалық файлдардың ашылуы.

6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

Жариялау. Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.

Жарнамалау. Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;

2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;

3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;

4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.

Бақылау. Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады.  Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру керек.

Сайттың сапалы болуы оның  әсемдігі мен бағдарламалық жабдығына ғана емес, сондай-ақ, ондағы мәліметтердің ақиқат болуына және олардың жылдам жаңарып отыруына байланысты.

Сайттың құрылуы – бұл циклды жолдың бастамасы болып саналады. Жақсы сайт - кез келген ортаға бейімделіп өзгеріп отыратын тірі ағза секілді. Кез келген мәліметтерге сұраныс жасаған кезде олардың web-парақтары тез ашылуы және сілтемелері дұрыс құрылуықажет.Сайтweb-парақтарыныңэкранғажылдам жүктелуі телекоммуникациялық желі жылдамдығына ғана емес, web-бағдарламашылардың сайтты дұрыс құрылымдай білуіне де тәуелді.

Web-сайт беттерінің арасындағы тығыз байланыс оның басты сапалы белгілерінің бірі болып табылады. Бұл жай байланыс емес, алдын-ала ойластырылған құрылым бойынша байланыс болуы қажет. Мұндай құрылым біз жоғарыда айтып өткен логикалық құрылым деп аталады. Логикалық құрылымы дұрыс жоспарланған сайт мынадай бөлімдерді біріктіреді: бастапқы бет; сайт жаңалықтары; бет1;  бет2; сайт құрушылар туралы ақпарат, сайт картасы.

Бастапқы бет – бұл кішкене Web-бет, ол қолданушы сайт адресін терген кезде экранда пайда болады. Әдетте, мұндай беттерде сайттың өзінің немесе оның иесінің графикалық логотипі орналасады. Бастапқы бет пайдаланушы сайт адресін ешбір файл атын немесе бетті көрсетпей терген кезде кескінделеді (мысалы,http://ayanfoto.kz ). Онда сайт жайлы қысқаша мәлімет, жаңалықтар және басқа беттерге сілтеме жасалынған гиперсілтемелер жиынтығы болады. Сайт жаңалықтары бөлек бетке орналастырылады. Оларда енгізілген толықтырулар мен өзгерістер хронологикалық тізім ретінде беріледі. Сайттағы жаңалықтар белгілі уақыт көлемінде жаңартылып тұруы тиіс.

Сайттың негізгі мазмұны бөлімдер мен беттерде беріледі. Ол кітап сияқты құрылымдалады: бір тақырыпқа арналған бөлек абзацтар бір бөлімге жинақталады, ал бөлімдердің өзі тарауға жинақталады. Осылайша пайдаланушы тараудан  бөлімдерге өте отырып керекті ақпаратты тауып алады.

Сайтты құрушылар туралы мәлімет жеке бөлек бетте орналасуы немесе басты беттің ерекше бөлімінде орналасуы мүмкін. Мұнда электрондық поштасы,телефон, факс, пейджер нөмерлері, яғни хабарласуға болатын барлық мәліметтер орналасуы керек.

Сайт картасы – бұл сайттың логикалық құрылымы көрсетілген бет. Сайт картасы өзіне не керек екенін жақсы білетін пайдаланушыларға қажетті ақпаратты тез табу үшін қажет. Карта үлкен сайттардың барлығында міндетті түрде болады.

Физикалық құрылым сайтта қолданылатын файлдар мен бумалардың орналасуын көрсетеді. Мәліметтер мен файлдарды бумаларға бөліп сақтау жүздеген файлдармен жұмыс істегенде пайдалы, мұнда файлдарды ретімен бумаларға орналастырған дұрыс. Бұл әсіресе, сайтты жаңартқан кезде өте ыңғайлы.

Қорыта айтқанда, сайт жасаудың жоғарыда атап көрсетілген кейбір ұстанымдары мен технологиясын ескеру, сапалы да, мазмұнды сайт құрастыруға біршама болса да, септігін тигізеді.

1.3 Web-сайт классификациясы

Атқаратын функцияларына байланысты web сайттарды келесі топтарға бөлуге болады: интернет –портал, жарнамалы аудан, интернет-дүкен, корпоративті ақпараттық сайт, интернет- баспасы, жеке қолданушы сайты.

Интернет –портал – бұл кең түрде таралған Интернет – ресурстарының бірі, ол электронды каталог түрінде келеді және өзіне портал және функцияға байланысты әр түрлі қызметтерді кіргізеді: іздеу, анықтама қызметі, рубрикатор, қаржылық индекстер, ауа райы жайлы ақпарат және т.с.с.;

Жарнамалы аудан – бұл web сайт түрі, өз компаниясы, жаңа өнім не технология туралы жариялау үшін қажет болып келеді. Құрастыруда жеткілікті түрде қарапайым болғанмен дизайн жасауда жоғары талаптарды қажет етеді;

Интернет- дүкен – бұл саудалық web сайт, мұнда келушілер Интернет желісі арқылы тез арада затқа тапсырыс беріп ала алады. Негізгі белгілері – сатып алушыны затты сатып алуға қызықтыру; ерте қолжетімсіз базарда тауарды шығару арқылы сауда желісін кеңейтуге көмектеседі.

Корпоративті ақпараттық web-сайт – ішкі құжат алмастыруды автоматтандыру үшін, компания көрсеткіштерін есепке алу үшін, дербес басқару үшін қажет, қашықтықтағы филиалдар араларында ақпарат алмасу функциясына да ие, сонымен қатар компанияның кезекті қызметі және оның өнімі туралы ақпаратты Интернет желісінде дистрибьютерлер мен соңғы қолданушылар үшін автоматты түрде құрастырады және шығарады. Корпоративті сайт компанияның атағы мен имиджіне оң әсер етеді. Дизайны компанияның фирмалық стиліне сәйкес келу керек;

Интернет- басылым – бұл жаппай ақпарат әдісі, жаңалық web –сайты, газет немесе журналдың электронды түрі. Әр түрлі мазмұны бар репортаждар мен мақалаларды оқуға, талқылау және жариялауға арналған. Оның дизайны қарапайым және эффективті болу керек, дегенмен өнімділікке арнайы талаптар белгіленеді, себебі мұндай интернет ресурстарға кіру өте жоғары, және әрдайым жоғары есептеу жылдамдығы мен трафик көлемі қажет;

Жеке қолданушы web- сайты – творчествалы адамдарға арналған, визитная карточка түрінде келеді, жеке жұмыстардың, еңбектердің, суреттердің виртуалды көрмесін көрсетеді.

Берілген дипломдық жұмыста бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған сайт жүйесі қарастырылады.

1.4 Web-сайт жобалауы мен концепциясы

Сіздің бәсекелестеріңіздің мықты және әлсіз жақтарын анализдеу, сайттың ақпараттық жобалауы, оның концепцияларын құрастыру, аудиторияның түсінуі үшін берілген сайт құру есептелген. Бұл алғашкы және маңызды кезең, себебі ол сайт бойынша ары қарай жұмысты анықтайды –дизайн, бағдарламалау, код жазу.

Мазмұны немесе контент – сайт құру кезеңдерінің ең маңызды бір құрамасы болып саналады. Контент дегеніміз сайттың ақпараттық толтыруы. Мазмұнның жазылуына ең көп көңіл бөлу қажет.

Сонымен қатар осы кезеңде Интернет желісінде өз сайтын орналастырғаннан алатын мақсаттары мен міндеттері анықталады. Қойылған мақсаттарға байланысты сайт құру бойынша жұмыстың түрі мен көлемі анықталады, графикалық жұмыстардың күрделілігі, сайт құру үшін қосымша қызметтердің немесе арнайы ұйымдастырушыларды жалдау мәселесі шешіледі.

Жоғарыда айтылып кеткен бойынша ең алдымен мен иерархиялық құрылымның тізімін жасадым, яғни сайттың картасын құрастырдым:

Бастапқы бет

Тестілеуден өту

Студенттерге арналған сілтеме

Абитуренттерге арналған сілтеме

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]