- •1. Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •3. Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •2.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы
- •3. Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз
- •18 Bilet
- •Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз(Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар).
- •19 Bilet
- •1 ) Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының "антропоцентризм" және "пантеизм" ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз ( л. Д. Винчи, н. Кузанский, г. Галилей т.Б.).
- •1.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз
- •Жайнизм[өңдеу]
- •1.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз
- •1. Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз
Жайнизм[өңдеу]
Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.
2. Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқында.Неміс классикалық философиясы XVII ғасырдың 70-80 жылдарды қамтыды.Неміс философиясына классикалық атауы берілген.Себебі, оның дүниежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды , көрнекті. Немістің сыни философиясы — батыс-еуропалық мәдениет пен философияның даму тарихындағы әйгілі кезең бола отырып, айқын нәтижелер мен интеллектуалдық ізденістерде маңызды болып саналған. Негізгі өкілдері : И. Кант , И.Г.Фихте , Ф.Шеллинг, Г.В.Ф.Гегель, Л.Фейербах.
Фихте философиясы онтологиялық алғашқы сипаттағы іс - әрекет ілімімен тығыз байланыста. Бұндағы жалғыз субстанция – субъект, мен, таза іс - әрекет. Іс - әрекеттің жоғары принципі – адамгершілік заңы. Маңызды мәселе – еркіндік мәселесі. Еркіндік дегеніміз - жалпы қажеттілікке өз еркіңмен бағыну. Жалпы еркіндіктің негізі – барлық адамдарды жеке меншікпен қамтамасыз ету. Фихте бейсаналық мәселесін де шешуге тырысады.
Ф.Шеллинг шығармашылығында еркіндік философиясы мен өнер философиясы маңызды орын алады. Шеллинг үшін ең маңызды гносеологиялық мәселе – теориялық сана мен практикалық сананың арасындағы қайшылық. Бұл қайшылық шығармашылықтың жоғары түрі өнерде өз шешімін табады.
Фридрих Гегель немістің идеалист философы . Иен университетінде жоғары лауазымға ие болып, «Фихте мен Шеллингтің философиялық жүйелерінің айырмашылығы» атты бірінші басылымын шығара отырып, «Рух феноменологиясы» туындысын жариялады кейін «Логика ғылымы» еңбегін жазып шықты. Гегель жүйесі 3 бөліктен тұрады: 1) Логика (онтология) әлемді жаратуға дейінгі Құдай болмысы; 2) Натурафилософия; 3) рух философиясы – Құдайдың өзінің жаратуынан адамдық рухта өзіне қайта оралуы. Сондықтан объективті рухтың құрылуында абсолютті рухтың үш формасы бар: байыптау, елестету, білім.Ол өзінің философиясын батыс философиясындағы ойлаудың шыңы, монархия мемлекетін соңғы дамыған мемлекет деп түсінген. Оның идеялары кейіннен К. Маркске қатты әсер еткен, ХХ ғасырда Ф. Гегель идеяларын әр түрлі түсіндіретін жаңа гегельшілдік (неогегельянство) бағыты туған. Сондықтан Гегельдің философиялық жүйесінің ауқымдылығы оны әлемдік философ ретінде дүниежүзіне мойындатты.
Тағы Неміс философиясындағы белгілі өкілдерінің бірі -Иммануил Кант.Оның шығармашылығын екіге бөліп қарастырамыз:сыншылдыққа дейінгі және сыншылдық кезең. Алғашқы кезеңде ойшыл күн жүйесінің жаратылуы мен дамуы, жер тарихы мәселелерімен айналысты. Оның нәтижесі: «Жалпы жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» атты еңбегі шықты. Ал екінші кезеңінде ол: гносеология, этика, эстетика мәселелерімен шұғылданып, «Таза ақылға сын», «Практикалық ақылға сын» еңбектерін тудырды. Сондықтан ол «философия сынаудан басталуы керек» деп пайымдады. Кант өзінің еңбектерінде:
1. Мен не білуім керек?(метафизика)
2. Мен не істеуім керек?(мораль)
3. Мен не нәрсеге сенімді болуым керек?(дін)
4. Адам дегеніміз не нәрсе?(антропология) сияқты сұрақтарды қойып, адамның танымдық қабілетінің мүмкіндіктеріне көңіл бөлген. Яғни, ол таным процесіне біртұтастық жүйелеу тұрғысынан қарап, оның әрбір қырының қасиеттері мен ерекшеліктерін талдады.
3. Экзистенциалистік философияның ерекшелігі неде? Мәнін ашып көрсет.Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше. Экзистенциализм еуразиялық әдебиеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қорқынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу, адамгершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды.
22-bilet
