- •1. Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •3. Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •2.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы
- •3. Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз
- •18 Bilet
- •Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз(Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар).
- •19 Bilet
- •1 ) Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының "антропоцентризм" және "пантеизм" ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз ( л. Д. Винчи, н. Кузанский, г. Галилей т.Б.).
- •1.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз
- •Жайнизм[өңдеу]
- •1.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз
- •1. Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз
1.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз
Үнді пәлсапасы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна
Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткішіВедалар болды. анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:
Ригведа - Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.
Брахмандар - Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.
Араньяктар - Орман тақуаларының кітаптары.
Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.
Упанишадтар негізінде Үндістанда пайда болған барлық немесе барлық дерлік бұдан кейін пайда болған философиялық ағымдар үшін негіз болып табылады, өйткені онда ұзақ уақыт бойына Үндістанның философиялық ойын «қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді. Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз:
Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер
Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.
Азаптану.
Азаптанудың себебі.
Азаптанудан босану.
Азаптанудан босануға апаратын жол.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:
Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;
Тура, әділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта айқындау;
Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;
Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;
Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;
Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан, күдікті, күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;
Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау.
