- •1. Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •3. Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •2.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы
- •3. Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз
- •18 Bilet
- •Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз(Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар).
- •19 Bilet
- •1 ) Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының "антропоцентризм" және "пантеизм" ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз ( л. Д. Винчи, н. Кузанский, г. Галилей т.Б.).
- •1.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз
- •Жайнизм[өңдеу]
- •1.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз
- •1. Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз
19 Bilet
1 ) Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктерін айқындаңыз. Орта ғасырдағы араб жерінде пайда болған ислам діні (ҮІІ ғ) мұсылман мәдениетінің қалыптасуына ықпал етті. Осыған орай, ғылыми саланың өркендеуі жалпы философиялық білімдердің дамуына әкелді. Мұсылмандық ренессанс тек араб халықтарын ғана емес, сол кездегі ислам діні таралған аймақты, орта азия мен шығыс еуропа жерлеріне де тарады. Сондықтан бұл кезеңдегі философияны «араб тіліндегі философия» деп атайды және философия сөзін «фалсафа» сөзімен алмастырылады. Араб-мұсылмандық философияны тарихи-аймақтық ұстаным бойынша үш кезеңге бөліп,қарастырамыз: 1) Бағдат халифаты тұсындағы: әл-Кинди т.б.; 2) Орта Азия халықтарындағы: әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хайям т.б.; 3) Мұсылмандық Испания: Ибн Бадж, Ибн Араби т.б. Бұл дәуірдегі философияның дамуының ерекшеліктері мынадай: діни мұсылмандық ойлар аясындағы қағидалар үнемі ескеріліп отырылды және ең маңыздысы: рационалистік және энциклопедистік сипатқа ие болуы, дін мен философия ғылымының өзіндік үйлесімділік, бірін-бірі толықтыруы т.б.Ислам діні аясында кейіннен әр түрлі бағыттар мен көзқарастар жүйесін қамтитын бірнеше ағымдар пайда болады: суфизм, шиизм, суннизм, ханифизм т.б. Суфизм – (суф, суфи, сөздерінен шыққан, яғни, жүн, жүннен тоқылған шекпен деген мағыналарды білдіреді.) 8-9 ғасырларда қазіргі Ирак, Сирия жерлерінде пайда болып араб халифаты елдеріне кең таралған, кейіннен, әлем мұсылмандарына да ықпал еткен діни-мистикалық ілім. Басты қағидалары: Құдайдың хақтығына шек келтірмей, оған шын ниетімен, жан-тәнімен берілу, адам жанының құдаймен бірігуі, құпия ілімдерді игеру және оны көпшілікке, «білімсіздерге» жарияламау, құдайды сүю арқылы интуитивті түрде «нұрлануға» жету зікір салу, т.б. Бұл ілімді алғаш негіздеушілер: әл-Ғазали, Суфи Алаяр, А. Яссауи т.б.Калам (әңгімелесу,сөз деген мағыналарды білдіреді) – орта ғасырдағы араб-мұсылмандық философиядағы діни бағыттардың бірі. Бұл үш кезеңге бөлінеді: ерте (7 ғасырдың аяғы - 8 ғасырдың басы); мутазилиттер кезеңі (8 ғасырдың аяғы - 10 ғасырдың ортасы); классикалық кезең (10 - 12 ғғ.). Алғашқы кезеңіне христиандық пен иудаизм өкілдерінің арасында үлкен, кіші күнә, тағдырдың тағайындалуы сияқты мәселелерге пікірталас болды. Ал мутазилиттер кезеңінде дискурстық мәселелердің шеңбері ұлғайды: алғашқы жаратушы, құдайдың бірлігі және оның қасиеттері т.б.Ашари өзінің ілімін «аралық бағыт» ретінде ұсынды да, фатализм мен волюнтаризм сияқты шеткі бағдарларды теріске шығарды. Бұл ілім алдымен әлемнің мәңгілі мен жанның өлетіндігі туралы ілімді жоққа шығарды. Ал 15 ғасырлардағы соңғы калам исфахан мектебі арқылы суфизм мистикасына бет бұрды. Мутазилиттер(бөлінгендер деген мағынада) – көне Грекиядағы философия мен логиканың тәсілдерін құдай мен адам қатынастарында қолдануды алғаш рет ұсынған мұсылмандық теология өкілдері. Олар құдайдың қасиеттерін айнытпай сол қалпында түсінуге қарсы шықты. Құдай сөз сөйлеу қабілетіне ие екендігін жоққа шығара отырып, Құранның мәңгілігін терістеді.Олар ерік еркіндігін қолдап, адам істеген әрекеттеріне құлықтылық тұрғыдан жауапкершілікте болатындығын ұсынды
2)Л. Фейербахтың антропологиялық философиясының мәнін ашып көрсетіңіз.Людвиг Фейербах (1804-1872) басқа неміс классикалық философтардан ерекшелігі, ол материалист философ болған. Оның негізгі шығармасы "Христианшылдықтың мәні”, мұнда ол идеалистік және материалистік философия арасындағы тарихи күресті көрсетуге ұмтылды. Фейербах пікірінше барлық мәртебе антропологияға берілуі керек. Ол философиялық зерттеудің негізгі мәселесі етіп табиғатты да, рухты да қоймады, керісінше адам мәселесін қарастырды. Адамды қарастырғанда оны сезім (материалдық) мен ақылдың (руханилық) жиынтығы ретінде зерттеді. Адам тек қана ойлау ғана емес, сондай-ақ сезімдік тіршілік. Осы мағынада сезім де, ерік те, жүрек те, ойлау да бөлінбейтін нәрселер. Осы принциппен ол христиан дініне назар аударады: "теологияның құпиясы антропологияда жасырынып жатыр, теологияның мәні антропологияда” Бұл ұран нені білдіреді? Оның пікірінше Христианшылдық-бұл Құдайдағы үш білім зерттеу обьектілерінің қосындысы:
Табиғаттар. Құдай-Әке-физика
Логикалар. Құдай-Ұл-адамның рационалды әрект аумағы
Рухани іс-әрекет. Қасиетті Құдай Рух
Антропологиялық материализмді қоғамдық сана мен дін арқылы зерттеп, дінді, құдайды адам өзі жаратты деген идея ұсынған
3 ) ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (М. Хайдеггер, Ж.П. Сартр, А.Камю, Г.Г. Гадамер).Герменевтика қазіргі философиядағы текстер мен мәтіндерді талқылаудың теориясы мен өнері. Герменевтиканы-методологиялық теория түсінігінде алғаш зерттеген неміс философы Шлейермахер (1768-1834). Шлейермахер герменевтиканы басқа индивидуалдылықты түсінудің өнері деп білді. Герменевтика өкілдері: М.Хайдеггер (1889-1976), Ганс Гадамер, Поль Рикер. Гадамерде герменевтика алғаш рет жеке ғылымға айналды. Ол оған философиялық мәртебе беріп, гуманитарлық ғылымдардың әдісі ғана емес, адам болмысы туралы ілім ретінде қарастырды. Болмыс Гадамер үшін адам субстанциясынан тәуелсіз-тіл. Тіл әлемді құрастырып, адам тіршілігінің тәсілін анықтайды. Болмыс тікелей адамға танылмайды. Себебі ол лингвистикалық безендірілген әлемде өмір сүреді. Басқа сөзбен айтсақ, заттар өз атауына ие болмайынша тіршілік етпейді. Осыдан келе философияның лингвистикалық табиғаты туындайды. Түсіндіру үшін, сұрақ қоя және жауап бере білу керек. Түсіндірілетін мәтіндер мен текстер ыңғайлы, тарихи-мәдени факторлармен байланыста болуы қажет.
Философиялық трактаттарда, әдеби шығармаларда экзистенциалистер адам өмірінің таргедиялық жақтарын көрсеткен. Оның негізгі өкілдері:М. Хайдеггер, А. Камю, Н. Бердяев, Ж.П. Сартр, К. Ясперс, т.б. Негізі мәселесі-адам оның өмірі, бостандығы, жауапкершілігі.
Экзистенциализмнің. пайда болуының себептері:
- әлеуметтік-экономикалық себептер (1-ші және 2-ші дүние жүзілік соғыстар мен соғыс саладарнан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар);
- рухани адамгершілік себептер (адам психикасына әсер еткен себептер);
- идеялық себептер (Кьеркегор, Шестов, Шопенгауэр, т.б. философтардың идеялары)
Экзистенциализмнің негізгі принциптері:
- жалғыздық принципі;
- сизиф принципі;
- шекаралық жағдай принципі;
- тіршілік принципі;
- жаттану принципі;
- заттану принципі;
- айып, жауакершілік принципі.
Экзистенциализмнің ілімінің бастаушысы 19 ғ. Серен Кьеркегор (1813-1855) болды.
Жан-Поль Сартрдың (1905-1980) экзицтенцалды философиясының басты сұрағы – таңдау мәселесі. Философиясының басты ұғымы «өзің үшін болмыс». Адамның өін толық тануы осы «өзің үшін болмыста» іске асады.
- адам өзін – басқаның оған қатынасы арқылы таниды;
- адам өмірінің маңызды шарты, желісі, белсенділігінің негізі – бостандық;
- адам өз бостандығын таңдау арқылы көрсетеді; мұндай өмірлік маңызды таңдау Сартрда экзицтенцианалды таңдау деп аталады.
- Адамда бостандықпен қатар жауапкершілік мәселесі туындайды. «Менімен болып жатқанның бәрі - менікі». Адам жаупты болмайтын бір ғана нәрсе бар ол – оның дүниеге келуі, ал қалғанының бәріне өзі жауапты.
Альбер Камю (1913-1960) философиясының мәселесі – адам өмірінің мағынасыздығы. Адам өмірі – абсурд (негіссіз). Оның екі дәлелі бар:
- өліммен жүздесу - өмірде маңызды деп көрінетіндер (мансап, байлық, байланыстар) мәнін жоғалтып, мағынасыздыққа айналады;
- дүние мен табиғатпен астасу – адам миллиондаған жылдар өмір сүріп келе жатқан табиғат алдында шарасыз екендігін сезіну.
Камю бойынша өмір мағынасы – сыртқы дүниеде емес, адам тіршілік етуінде, бар болуында.
Мартин Хайдеггер (1889-1976) болған. Оның негізгі шығармасы «Болмыс және уақыт». Хайдеггер бойынша экзистенциализмнің адам өмірінің қайғылы жағдайын көрсетуден және оған рақымшылық жасаудан көрінеді.
Экзистенциалистің зерттеу тақырыбы мыналардан тұрады:
- адам өмірінің мәнін ашу;
- жаттану және оның сыртқа шығатын феномендерін көрсету;
- ажал феноменін ашу;
- үрей мәселесін ашу.
Осы мәселелердің барлығын жинап адам мәселесіне айналдырады. Хайдеггер ойынша, адам алдындағы өмір-ештеме. Адам алдында тек қана ажал бар. Ештеме дегеніміз - ажал. Сондай-ақ адам тіршілігінде екі қорқыныш түрі бар. Олар:
1) күнделікті қорқыныш;
2) онтологиялық қорқыныш.
Күнделікті қорқыныштың себебі күн сайын тіршілікте кездесетін материалдық қажеттіліктерден (үй жоқ, ақша жоқ, т.б.) туындайды. Ал онтологиялық қорқыныш адамның алға қойған мақсатына жете алмауынан, рухани күйзелістерден туындайды. Жалпы алғанда экзистенциализм индивидуализмді тәрбиелеудің философиялық негізі, тұлғаның шығармашылық тыныштығы, қоғам алдындағы жауапкершілігі, дұрыс әрекет жасауы.
20-bilet
