- •1. Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •3. Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
- •2.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы
- •3. Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз
- •18 Bilet
- •Сократқа дейінгі антикалық философияның ерекшелігін атап өтіп, негізгі ойды түсіндіріңіз(Милет, Элей, Софистер мектебі, Пифагоршылдар).
- •19 Bilet
- •1 ) Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының "антропоцентризм" және "пантеизм" ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз ( л. Д. Винчи, н. Кузанский, г. Галилей т.Б.).
- •1.Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз
- •Жайнизм[өңдеу]
- •1.Платонның объективті идеализмі, идеялар жайлы ілімдеріне сипаттама беріңіз
- •1. Философиялық танымның өзіндік ерекшелігін атаңыз
1-bilet
1.Ибн – Рушдтың ақиқаттың екі жақтылығы туралы ілімінің мәні.Ибн Рушдтың “қос ақиқат” ілімі. Ибн Рушд Мұхаммед (1126-1198 жж) Кордово халифатытұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. "Қос ақиқат" принципінің баяндалуы небәрі ақыл-парасатқа (философияға) діндар қоғамда тірі қалуы үшін мүмкіндік беретін "казуистикалық айла" ретінде шектен тыс оңайлату болса керек. "Қос ақиқат" теориясы ортағасырлық мәдениеті әлемін екі дербес алаңға – рационалды пайымдау (философия мен ғылым) алаңы мен діни сырлар алаңына – дифференциялаудың көрінісі болып табылды."Қос ақиқат" теориясы гносеологиялық принцип ретінде кез келген ақиқаттыңкеңмәтінділігін көрсетті. Оның үстіне ақиқатты пайымдаудың кеңмәтіні ретінде бұлжағдайда конвенциалистердің жаңа буржуазиялық философияда жариялағанындай, қандай да бір ғылыми теория емес, тұтас алғандағы мәдениет әлемі сипатталады.(Негізінде, орта ғасырда өмір сүрген адам үшін бұл әлем дуалистік болды, бірақ бұған қарамастан, "ақиқат кеңмәтінді" ол үшін бөлек ғылым емес, тіпті бөлек теория да емес).Осылайша, "қос ақиқат" принципі символикалық ақыл-ойдың ұстыны болып табылады,өйткені дәл осы символ пайымдау кеңмәтінін, символ мен заттың арақатынасы кеңмәтінінбілдіреді. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.
2.Батысшылдық пен славянофильдік: дүниетанымдық ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы.Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Орыс философиясы екі үрдістің қарама- қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының тілтумалығына басты назар аударып, бұл тілтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырылады. Екіншісі Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үрдісін тануға тырысты. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылар білдірді. Славянофильдер ағымының өкілдері И. В. Киреевский, ағайынды Аксаковтар, А. С. Хомяков, т. б. болды. Олар мәдениетің үш негізгі бастамасын мақұлдады: Православие, Монархия, Шаруа қауымы.Православие бірыңғай тұтастық білім және жанның үйлесімдік жағдайының негізі – дейді А.С. Хомяков. Православие – бостандық пен қажеттілікті, жеке бастың діншілділігін шіркеу ұйымдарымен табиғи түрде байланыстырады. Монархия – мемлекеттік құрылыстың идеалдық түрі. К.С. Аксаков. Орыс халқы Батыстық Мемлекеттік болуды қаламайды. Ештемеден қымсынбайтын монархия орыс халқын саяси және құқықтық қатынастан, сонымен бірге революциялық зорлықтан қорғайды. Әлемдік рухани өмір, бір-біріне араласпау, принципінің қайта өркендеуі, Аксаковтың ойынша, орыс қоғамының келешегі мен тұрақтылығының кепілдемесі.Шаруалар қауымы – «бірыңғай өнегелік әлем» ретінде. Славянофильдер консерваторлар немесе утопистер болған жоқ. Христиан діні позициясынан басыбайлылықты айыптады, адам адамның құлы бола алмайды дейді. Қауымның қирауы – орыс мәдениет бастауының ең бір негізінің құлауы деп есептеді. Славянофильдер орыс халқы құдайшыл, патшашыл, діншіл, төзімді, олай болатын болса, Ресей патриархалдық жағдайда болуы керек деп, отандық ерекше орыс философиясын жасауды ұсынды.
Батыстықтар. Славянофильдермен айтыста батыстық тұжырымдама қалыптасты. Бұл бағыттың өкілдері: В. П. Боткин, Н.В. Станкевич, А. И. Герцен, Н. П. Огарев, В. Г. Белинский, жазушылар арасында И. С. Тургенев және бұларға П.Я.Чаадаевты да қосуға болады. Дінді сынай отырып, материализмге құмарланды, бірақ философияға қарағанда олар гуманитарлық ойлаудың құшағында болды. Ресейдің батыстық жолмен дамуын қолдаған оларды жеке патшалық, шаруа құрылысын айыптау, ағарту идеяларын дамыту, Ресейді еуропаландыруға ұмытылу біріктірді.А. Герцен – барлық орыс мәселелері басыбайлылық құқығында жатыр дейді. Герцен идеялардың логикалық дамуы, Гегель айтқандай, шындықтың, табиғаттың дамуынан бұрын жүрмейді, деді. Ал керісінше, табиғаттан бұрын логикалық ойдың болуы мүмкін емес, табиғаттың өмірі үздіксіз, ал ой – соның бейнесі деп түйді. Белинский – адамазаттың дамуында шек жоқ, адамзат өзіне тоқта, жетті, енді одан ары баратын жол, мақсат жоқ деп ешқашан айтпайды деді. Ол: 1. Диалектикалық тәсілді қолдануға шақырды, метафизика мен механицизмді сынады; 2. Агностицизм мен скептицизмді сынап, материалистік таным теориясын қолдады: дүниетанудың негізі – сезім мүшелерінің сыртқы дүниені, заттар мен құбылыстарды бейнелеуі; сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың нақты бейнесі адамның ақыл-ойында өңделіп, ұғымдар, идеялар, тұжымдарда көрінеді; танымның ақиқаттығының критерий практика, өмірдің өзі.
3. Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формалары.Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрi күрделi байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс- механикалық және физикалық қозғалысты қамтиды. Ең жоғары әлеуметтiк қозғалыстың құрамында алдынғы формалардың бәрi өз бейнесiн табады. Бiрақ мұнда, материяның жоғары формаларың материяның төменгi нысандарының заңдылықтарымен түсiндiруге болмайды, бәрiнде бiрiктiруге болмайды- “қосылмас ұстанымы” әдiсiң қолдану қажет. Мысалы, биологиялықты химиялық арқылы; әлеуметтiктi- биологиялық арқылы, немесе электронды есептеу машинаны адам миымен. Мұндай жоғарыны төменгiге теңестiру редукционизм деп аталады. (редукция-қарапайымдану).Сондай-ақ ғылымның дамуы, адам практикасының жемiсi материяның ұйымдасып, жүйеленуiнiң жаңа сапалық түрлерiн аша беретiнi сөзсiз. Қазырғы заманда – геологиялық, информациялық және ғарыштық формалары жайында болжам жасалды. Бiрақ бұл гипотезалар әлi, теориялық және эмпирикалық деңгейде дәлелденген жоқ. Қозғалыс материяның ажырамас , мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Қозғалыс дегеніміз кез – келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп , біздің санамызға , түйсік сезімдерімізге әсер ете алады. Қозғалыстың ішкі өзіне қарама – қарсы бір сәті - тыныштық. Тыныштық бір жағдайда, бір қатынаста ғана тыныштық, басқа қатыныстың бәрінде ол да қозғалыс. Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрі қүрделі байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс механикалық ж\е физикалық қозғалысты қамтиды.Ең жоғарғы әлеуметтік қозғалыстың құрамында алдыңғы формалардың бәрі өз бейнесін табады. Басқаша айтқанда , материяның тарихи дамуы төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге өткен сайын қозғалыстың түрлері де бір сападан екінші жоғары да күрделі сапаға ауысып отырады. Сондықтан да қозғалыстың неғұрлым жоғарғы түрлерін оның төменгі түрлерінен әсте де бөліп алып қарастыруға болмайды. Жалпы алғанда қозғалыстың түрлерін ғылым салалары зерттейді.Энгельс материя қозғалысының бес түрін жіктеді: Механикалық (кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру) Физикалық(электромагнетизм,гравитация,жылу) Химиялық(атомдар мен молекулалардың затқа айналуы) Биологиялық(тірі организмдердегі зат алмасуы) Әлеуметтік , қоғамдық өмірдегі өзгерістер ж\е ақыл ой.
2-bilet
1.Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның алатын орны.Ортағасыр араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері, бағыттары. Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:1) ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін- бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.2) көп ұлттылық - араб, парсы, түркі жəне т.б. ұлт философтары.3) негізгі философиялық тіл - араб тілі. Араб тілінде философия “фалсафа” деп аталды.4) Басты мəселелер - адам жəне оның тағдыры, адам жəне Құдай, адам жəне қоғам, онтология мəселелері.Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары. Калам (сөз, тіл) - спекулятивтік теология. Спекуляция - тəжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Каламның беделді мектептерінің бірі - мутазилизмде - (оқшауланушылар, бөлектенушілер) - рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мəселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия мəселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.Суфизм - “алладан басқа құдай жоқ” қағидасын “алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ” қағидасымен алмастырды. Суфизм - ислам дінінің рухы, мəні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.Шиизм (ар. «шиа» - топ, партия) де, исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүйе болып табылмайды. Сунниттер. Исламдағы ең ірі бағыт - сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік исламды ұстағандар. Сунниттердің толық атауы – (Сунна мен қауым бірлігінің адамдары» - дәстүрлі исламның маңызды принциптерін танытады. Кең тараған исламдық жіктемелердің біреуіне сай, шииттік бес үлкен секталар бар. Олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады. Шииттер саны жағынан ең көп әрі байыпты қатарын имамиттер қалыптастырады. Олар Али әулиетінен шыққан 12 имамды мойындайды. ІХ ғ. соңында байыпты бағыт ұстанған шииттер ұйымдасқан түрде 12 имам туралы ілім төңірегінде бас біріктірді. Осыдан имамиттердің басқа атауы – иснаашариттер деген атауы шыққан.
2. Қазақ зиялыларының (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы роліҚазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым.Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) – белгілі қазақ ағартушысы, ақын, түркітанушы, ғалым, аудармашы, педагог, публицист және қоғам қайраткері. Оның әкесі – Байтұрсын Шошақов халық батыры Үмбетейдің ұрпағы болатын және батыр, дана, ӛзіндік кӛзқарасы бар дана адам болды. Ол қазақ ауылдарындағы тәртіпсіздікпен, бассыздықпен келісе алмайды, жергілікті билеушілермен жиі жаға жыртысып жүретін. 1885 жылы Байтұрсын мен оның ағасы уезд басшысының басын жарғаны үшін 15 жылға бас бостандықтарынан айырылып, Сібірге жер аударылады. Биліктің әкесін, туысқандарын, ауылдастарын жазалауы болашақ ақынның жүрегіне жара салған еді. Семей абақтысынан Анасына жазған хатында (1909) А.Байтұрсынов бұл оқиғалар жӛнінде: «13 жасымда қайғыға батқан жүрегімде жазылмайтын жара мен ӛшпес із қалды» деп жазады. Ахмет ауыл молдасынан сауат ашады. 1886 жылы Торғайдағы екікластық училищеге оқуға түседі, сосын Орынбордағы қырғыз мектебінде оқып, оны 1895 жылы бітіріп шығады. Байтұрсынов ауылдар мен болыстардың мектептерінде, сондай-ақ Ақтӛбе, Қарқаралы уездеріндегі, Қостанай қаласындағы екікластық орыс-қазақ училищесінде ұзақ жылдар бойы мұғалім болды. «Жиған-терген» деп аталатын кітабындағы ӛлеңдері осы кезеңде жазылды. Байтұрсынов ағарту мен білім әлеуметтік ӛзгерістерден кейін ғана пайда әкелетінін түсінді. Жергілікті билеушілердің зорлық-зомбылығы мен патшаның отаршыл саясатына қарсы боды. 1905-1907 жылдардағы революция қоғамдық ӛмірді ӛзгертуге сенім ұялатты. Ол халықтық толқуларға белсенді қатысып, жиындарда жиі сӛйлейді, қазақ зиялыларының басын біріктіріп, Петербурге үкіметтің атына петиция жазады. Реакцияшыл бағыттағы толқулар жиілеген кезде ол астыртын ұйымдарда жұмыс істейді. 1909 жылы жандармдар оны жолдастарымен бірге тұтқындап, Семей абақтысына жабады. Онда ол 8 ай бойы тергеуде болады. Содан кейін оны қазақ даласынан аластатылып, ұзақ уақыт бойы полицияның бақылауында болады, бірақ ол халықтың еркіндігі жолындағы күресін тоқтатпады. Осы жылдары ол ӛлеңдер жазып, орыс классикасын аударумен айналысады. 1909 жылы Петербургте оның «Қырық мысал» жинағы жарық кӛреді. Жинақ А.Байтұрсыновты ақын, аудармашы және халқының жанашыры ретінде танытты. «Маса» ӛлеңдер жинағы 1911 және 1914 жылдары Орынборда басылып шықты. Байтұрсынов халыққа білім беріп, жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттау арқылы мәдениетті кӛтеруге болатынын жақсы түсінді. 1913-1917жж. – А.Байтұрсыновтың ӛміріндегі есте қаларлық жылдар болды. Ол «Қазақ» газетінің редакторы болып қызмет етті. «Қазақ» газеті сол кезеңде қазақ тіліндегі жалғыз газет еді, ол Орынбордан шығарылып тұрды. Газетте ол білім беру, әдебиет, тіл білімі мәселелері бойынша кӛптеген мақалаларын жариялап, оқырмандарды халқының бай мәдени мұраларымен таныстырады, білімге, рухани жетілуге шақырады. Ақпан және Қазан революциясы жылдарында басқа да қазақтың және орыстың зиялылары сияқты А.Байтұрсынов жағдайдың мәнісін бірден аңдамады. 1919 жылы кеңес үкіметінің жағына ӛтіп, оған Лениннің қолы қойылған мандат беріледі. Қазақ ӛлкесін басқару бойынша Революциялық комитеттің жұмысына қатысады. Қазақ кеңес республикасы құрылғаннан кейін А.Байтұрсынов халық ағарту ісінің наркомы болып, үкіметтің құрамына енеді. Халық ағарту ісінің комиссариаты жанындағы Қазақстанның академиялық орталығынан шығатын «Ақ жол» газетінде оның тіл білімі мен әдебиетке қатысты бірқатар еңбектері жарияланды. Репрессия жылдары А.Байтұрсынов басқа да мемлекет және мәдениет қайраткерлермен бірге негізсіз тұтқындалып, түрмеге отырғызылады, сосын Архангельскіге жер аударылады. 1934 жылы М.Горький мен оның әйелі Е.П.Пешкованың араласуымен және Халықаралық Қызыл Крест ұйымының кӛмегімен түрмеден босатылады. Бірақ ол еркіндікте ұзақ жүрмеді, 1937 жылы Ахмет Байтұрсынұлы екінші рет тұтқындалып, ату жазасына тартылды. Әділдік тек жарты ғасыр ӛткен соң ғана орнады, 1988 жылы кеңес сотының шешімімен ол дүниеден озғаннан кейін ақталды.М. Дулатов (1885-1935 жж.) – саяси әрі қоғам қайраткері, ақын және жазушы, Алаш ұлттық-демократиялық партиясының мүшесі, 1928 ж. басқа да алшордалықтармен бірге ату жазасына кесіліп, қылмысы дәлелденбеген соң, 10 жыл абақтыға тоғытылды, сол жерде қаза болды. Қазан революциясына дейін М.Дулатов ӛзінің «Оян, қазақ!» атты атақты поэмасын жазды. Ол зиялылар қауымына, халқына осылай танымал болды. М.Дулатов ӛзінің шығармашылығында қоғамдық қатынастарға, адамның мінез-құлқына үлкен мән берді. Ол «Бақытсыз Жамал» деп аталатын әлеуметтік-психологиялық романында анық байқалады. Романда адамдардың түрлі әлеуметтік-психологиялық типтеріне, олардың ішкі жан дүниесіне талдау жасалады.Белгілі ақын-демократ С. Торайғыров (1893-1920 жж.) ғылыми- техникалық прогресс дәуірінде адам мәселесіне ерекше мән беру керек деді. «Қамар сұлу» романында ол қоғамдық қатынастарды ізгілендірудің қажеттілігін кӛрсетеді, рационалдық ойлаудың мүмкіндіктерін абсолюттендіруді қолдамайды. Техника мен ӛркениеттің жетістіктеріне бас ұрудың қажетсіздігін айтып, адамдарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырады.
3. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы,оның рухани- адамгершілік даму ерекшеліктері.Адам-өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт – биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.Адамның табиғи дамуы сан алуан әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып отырады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. Өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс істеу арқылы ептіліктер мен дағдылары қалыптасады және олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Міне, осыдан ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек, “адам” түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.
3-bilet
1.Философияның басқа ғылымдардан басты ерекшелігін атаңыз Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б.
Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:
• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.
• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.
• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады. Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.Философияның басты ерекшелігі – әлемді, бүкіл дүниені қарастырады,оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді.Яғни,ол- дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі,неміс ойшылы Карл Ясперстің сөзімен айтсақ, ‘философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу’.Антика дүниесінің данышпандары философия туралы былайша пайымдаған екен:Сократ: “Философия- ойлау арқылы ақиқатқа,білімге жету”; Геродот: «Философия — білімді, ақылдылықты сүю»; Аристотел: «Философия — ғылымдар негізі». Орта ғасырдың діни ойшылдары: Августин: «Философия — ақылдылыққа құштарлық» — дейді. Аквинат: «Философия — барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім»- дейді. Т. Гоббс: «Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі» дейді. Декарт: «Философия – даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім»-дейді. Фихте: «Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты»-деген. Осы анықтауларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo — сүйемін, sophia — даналық дегенді, басқаш айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді.Философияның басы — таңдану. Сократ «Менің білетінім — мен ештеңе білмеймін» дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны көркейтпейді.Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.Философияның анықтамасы: Философия — бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бірі-бірімен тыгыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент — Адам, сондықтан ол философияның ең басты зерттеу объектісі. М.Әуезов: «Философия…- кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыкқа сүйрейді. Философия:адамның қайдан жаралғанын шешпек;адамның жанын, ішкі халін тексермек;адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ» дейді.
2. Қазақ зиялыларының (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров) ұлттық сананың қалыптасуындағы ролі.Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым.Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) – белгілі қазақ ағартушысы, ақын, түркітанушы, ғалым, аудармашы, педагог, публицист және қоғам қайраткері. Оның әкесі – Байтұрсын Шошақов халық батыры Үмбетейдің ұрпағы болатын және батыр, дана, ӛзіндік кӛзқарасы бар дана адам болды. Ол қазақ ауылдарындағы тәртіпсіздікпен, бассыздықпен келісе алмайды, жергілікті билеушілермен жиі жаға жыртысып жүретін. 1885 жылы Байтұрсын мен оның ағасы уезд басшысының басын жарғаны үшін 15 жылға бас бостандықтарынан айырылып, Сібірге жер аударылады. Биліктің әкесін, туысқандарын, ауылдастарын жазалауы болашақ ақынның жүрегіне жара салған еді. Семей абақтысынан Анасына жазған хатында (1909) А.Байтұрсынов бұл оқиғалар жӛнінде: «13 жасымда қайғыға батқан жүрегімде жазылмайтын жара мен ӛшпес із қалды» деп жазады. Ахмет ауыл молдасынан сауат ашады. 1886 жылы Торғайдағы екікластық училищеге оқуға түседі, сосын Орынбордағы қырғыз мектебінде оқып, оны 1895 жылы бітіріп шығады. Байтұрсынов ауылдар мен болыстардың мектептерінде, сондай-ақ Ақтӛбе, Қарқаралы уездеріндегі, Қостанай қаласындағы екікластық орыс-қазақ училищесінде ұзақ жылдар бойы мұғалім болды. «Жиған-терген» деп аталатын кітабындағы ӛлеңдері осы кезеңде жазылды. Байтұрсынов ағарту мен білім әлеуметтік ӛзгерістерден кейін ғана пайда әкелетінін түсінді. Жергілікті билеушілердің зорлық-зомбылығы мен патшаның отаршыл саясатына қарсы боды. 1905-1907 жылдардағы революция қоғамдық ӛмірді ӛзгертуге сенім ұялатты. Ол халықтық толқуларға белсенді қатысып, жиындарда жиі сӛйлейді, қазақ зиялыларының басын біріктіріп, Петербурге үкіметтің атына петиция жазады. Реакцияшыл бағыттағы толқулар жиілеген кезде ол астыртын ұйымдарда жұмыс істейді. 1909 жылы жандармдар оны жолдастарымен бірге тұтқындап, Семей абақтысына жабады. Онда ол 8 ай бойы тергеуде болады. Содан кейін оны қазақ даласынан аластатылып, ұзақ уақыт бойы полицияның бақылауында болады, бірақ ол халықтың еркіндігі жолындағы күресін тоқтатпады. Осы жылдары ол ӛлеңдер жазып, орыс классикасын аударумен айналысады. 1909 жылы Петербургте оның «Қырық мысал» жинағы жарық кӛреді. Жинақ А.Байтұрсыновты ақын, аудармашы және халқының жанашыры ретінде танытты. «Маса» ӛлеңдер жинағы 1911 және 1914 жылдары Орынборда басылып шықты. Байтұрсынов халыққа білім беріп, жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттау арқылы мәдениетті кӛтеруге болатынын жақсы түсінді. 1913-1917жж. – А.Байтұрсыновтың ӛміріндегі есте қаларлық жылдар болды. Ол «Қазақ» газетінің редакторы болып қызмет етті. «Қазақ» газеті сол кезеңде қазақ тіліндегі жалғыз газет еді, ол Орынбордан шығарылып тұрды. Газетте ол білім беру, әдебиет, тіл білімі мәселелері бойынша кӛптеген мақалаларын жариялап, оқырмандарды халқының бай мәдени мұраларымен таныстырады, білімге, рухани жетілуге шақырады. Ақпан және Қазан революциясы жылдарында басқа да қазақтың және орыстың зиялылары сияқты А.Байтұрсынов жағдайдың мәнісін бірден аңдамады. 1919 жылы кеңес үкіметінің жағына ӛтіп, оған Лениннің қолы қойылған мандат беріледі. Қазақ ӛлкесін басқару бойынша Революциялық комитеттің жұмысына қатысады. Қазақ кеңес республикасы құрылғаннан кейін А.Байтұрсынов халық ағарту ісінің наркомы болып, үкіметтің құрамына енеді. Халық ағарту ісінің комиссариаты жанындағы Қазақстанның академиялық орталығынан шығатын «Ақ жол» газетінде оның тіл білімі мен әдебиетке қатысты бірқатар еңбектері жарияланды. Репрессия жылдары А.Байтұрсынов басқа да мемлекет және мәдениет қайраткерлермен бірге негізсіз тұтқындалып, түрмеге отырғызылады, сосын Архангельскіге жер аударылады. 1934 жылы М.Горький мен оның әйелі Е.П.Пешкованың араласуымен және Халықаралық Қызыл Крест ұйымының кӛмегімен түрмеден босатылады. Бірақ ол еркіндікте ұзақ жүрмеді, 1937 жылы Ахмет Байтұрсынұлы екінші рет тұтқындалып, ату жазасына тартылды. Әділдік тек жарты ғасыр ӛткен соң ғана орнады, 1988 жылы кеңес сотының шешімімен ол дүниеден озғаннан кейін ақталды.М. Дулатов (1885-1935 жж.) – саяси әрі қоғам қайраткері, ақын және жазушы, Алаш ұлттық-демократиялық партиясының мүшесі, 1928 ж. басқа да алшордалықтармен бірге ату жазасына кесіліп, қылмысы дәлелденбеген соң, 10 жыл абақтыға тоғытылды, сол жерде қаза болды. Қазан революциясына дейін М.Дулатов ӛзінің «Оян, қазақ!» атты атақты поэмасын жазды. Ол зиялылар қауымына, халқына осылай танымал болды. М.Дулатов ӛзінің шығармашылығында қоғамдық қатынастарға, адамның мінез-құлқына үлкен мән берді. Ол «Бақытсыз Жамал» деп аталатын әлеуметтік-психологиялық романында анық байқалады. Романда адамдардың түрлі әлеуметтік-психологиялық типтеріне, олардың ішкі жан дүниесіне талдау жасалады.Белгілі ақын-демократ С. Торайғыров (1893-1920 жж.) ғылыми- техникалық прогресс дәуірінде адам мәселесіне ерекше мән беру керек деді. «Қамар сұлу» романында ол қоғамдық қатынастарды ізгілендірудің қажеттілігін кӛрсетеді, рационалдық ойлаудың мүмкіндіктерін абсолюттендіруді қолдамайды. Техника мен ӛркениеттің жетістіктеріне бас ұрудың қажетсіздігін айтып, адамдарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырады.
3. Философия тарихындағы адам мәселесі. Адамның философиялық түсінігінің ерекшелігі.Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы.Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады.ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі — әлеуметтік факторлары қарастырмауы.Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады.Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғмдық қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады.
4-bilet
1.Орта ғасыр мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды атаңыз және ерекшеліктері.Ортағасыр араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері, бағыттары. Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:1) ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін- бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.2) көп ұлттылық - араб, парсы, түркі жəне т.б. ұлт философтары.3) негізгі философиялық тіл - араб тілі. Араб тілінде философия “фалсафа” деп аталды.4) Басты мəселелер - адам жəне оның тағдыры, адам жəне Құдай, адам жəне қоғам, онтология мəселелері.Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары. Калам (сөз, тіл) - спекулятивтік теология. Спекуляция - тəжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау жолымен қол жеткізу дегенді білдіреді. Каламның беделді мектептерінің бірі - мутазилизмде - (оқшауланушылар, бөлектенушілер) - рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мəселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия мəселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.Суфизм - “алладан басқа құдай жоқ” қағидасын “алладан басқа өмір сүретін ештеңе жоқ” қағидасымен алмастырды. Суфизм - ислам дінінің рухы, мəні, сананың өсуінің, жан тазарып, ар-ұят оянуының, рухани жетілудің белгісі, арлы, адал болу, алланы сүю, адамды сүю.Шиизм (ар. «шиа» - топ, партия) де, исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүйе болып табылмайды. Сунниттер. Исламдағы ең ірі бағыт - сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік исламды ұстағандар. Сунниттердің толық атауы – (Сунна мен қауым бірлігінің адамдары» - дәстүрлі исламның маңызды принциптерін танытады. Кең тараған исламдық жіктемелердің біреуіне сай, шииттік бес үлкен секталар бар. Олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады. Шииттер саны жағынан ең көп әрі байыпты қатарын имамиттер қалыптастырады. Олар Али әулиетінен шыққан 12 имамды мойындайды. ІХ ғ. соңында байыпты бағыт ұстанған шииттер ұйымдасқан түрде 12 имам туралы ілім төңірегінде бас біріктірді. Осыдан имамиттердің басқа атауы – иснаашариттер деген атауы шыққан.
2. Неміс философиясының батыстық-еуропалық философиясымен мәдениетіндегі орны мен өзіндік ерекшеліктерін айқында.Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері. Неміс классикалық философиясының ерекшеліктері:I) философия көпшіліктік сипатқа ие. Лейбництің ілімін жалғастырушы Христиан Вольф бұл іске көп еңбек сіңірді. Лейбниц әлемді тұтас нәрсе, ондағы дін мен ғылымның арасында қарама-қайшылық жоқ деп қарастырса, Вольф пен оның шәкірттері қоғамның күрделі мәселелерін білімді көбірек тарату арқылы реттеуге болады деп сенді, христиандық сенімді рационализммен ұштастыруға ұмтылды.2) пиетизм – лютерандық шіркеудің рухани тоқырауына қарсылық негізінде қалыптасқан қозғалыс. Пиетистер өзінің назарын дін сыртқы салт-дәстүрден ішкі сенімге, қасиетті дін кітабын меңгеруге және адам-гершіліктік мінез-құлыққа аудару керек деп ұйғарды. 3) Философияның басты объектісі – адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы.Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Философияға кештеу, 45 жасында келді. Әуелі (1755 ж.) дүниенің физикалық-астрономиялық теориясын ұсынды, оны кейін Лаплас қайталады. Сонымен бірге от, жердің өз өсін айналуы, жердің тозуы, жер сілкінісі туралы шығармаларын жазды. Ол 47 жасында философиядан диссертация қорғап, логика және метафизика профессоры атағын алды. Негізгі философиялық еңбектері осьщан кейін бірінен соң бірі дүниеге келе бастады. Ол философия пәнін оқытушы ретінде де танымал болды. Канттың 80 жаска екі ай жетпей дүниеден өткен адамдық тұлғасы мен өмірі басқаларға, әсіресе қазіргі жастарға үлгі боларлықтай. Оның бойында ақыл аффектіден жогары, парыз нәпсі мен төменгі тілектерден жогары тұрды. Өзінің ғылыми-философиялық қызметін ең жоғарғы міндеті деп түсінген Кант басқа нәрсенің бәрін осы міндетке бағындырды. Ол тіпті табиғатты да жеңді деуге болады, себебі табиғатынан аурушаң әлсіз денесін тынымсыз ой энергиясының тірегіне айналдырып, философияны зерттеу ісін бар өмірінің мақсаты деп түсінді және осы мақсатынан өмірінің соңына дейін айнымады.
3. ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (О.Конт, Э. Мах, К. Поппер).XIX-XX ғасырдағы батыс философиясының басқалардан ерекшелігі-иррационалды сипаттағы санадан тыс категорияларды зерттеген. Батыс философиясы негізгі 5 бағытқа бөлінген болатын, олар: 1. Өмір философиясы, 2. Психоанализ, 3. Экзистенция, 4. Позитивизм, 5. Постмодернизм. Енді осылардың ішінде, сұрақ бойынша, позитивизм бағытына тоқталып өтсем. Позитивизм бағытын бір сөзбен жеткізу қиын, себебі бұл бағыттың өзі 5 бағытқа бөлінген. Позитивизм (позитивті – дұрыс, жағымды деген мағыналарды береді) –нақты ғылымдарды шынайы білімнің көзі деп есептейтін бағыт. Позитивизм (лат.т. «оң», «жағымды» деген сөзінен шыққан) - 30 - 40 жылдары пайда болған философиялық бағыт. Позитивизм ғылымды философияға қарсы қоятын, философиялық мәселелерді терістейтін, тек арнайы, «оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым.
Өзінің дамуында позитивизм төрт негізгі кезеңнен өтті.
1.Классикалық позитивизм; (О.Конт, Г.Спенсер);
2.Махизм;
3.Неопозитивизм;
4.Постпозитивизм.
Оның негізін салушылар – Конт пен Спенсер. Олар рационализмді теріске шығара отырып, бұрынғы: болмыс, мән, себеп, рух сияқты ұғымдар мен түсініктер мәңгі шешімін тапппайтын жалған мәселелер немесе өзінің мағынасын жойған деп есептейді. Сондықтан оларды метафизикалық мәселелер деп жариялап, өзінің бағытын метафизикалық емес, дұрыс бағыт деп түсінеді. Осы мәселе негізінде неопозитивизм пайда болып, бұлардың негізгі идеялары постпозитивизм ағымымен жоққа шығарылды. Сондықтан позитивизм эволюциясын: 1) бірінші позитивизм: Конт, Милль, Спенсердің позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері бойынша, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес,сондықтан ол философияның пайдасыз, өздеріне-өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы керек ; 2) екінші позитивизм немесе эмпириокритицизм: Мах, Авенариус ілімімен байланысты. Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды философиядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырды, философияның мақсаты-ғылыми деректерді тұжырымдап қорытындылау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы обьективті нақтылықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік бермейді; 3) неопозитивизм: Поппер, Айдукевич, Уисдом, Остин және логикалық позитивизм: Шлик, Карнап, Нейрат т.б. Сол сияқы неопозитивизмдік ағымдар дүниеге келген. Неопозитивизм – шындық туралы білімді күнделікті және нақты ойлау арқылы алуға болады. Логикалық позитивизмнің өкілдері өздерінен бұрынғы позитивистік бағыттың ойшылдарының философия-шешілмейтін қарама-қайшылыққа толы ілім деген көзқарасты ары қарай дамыта отырып, осы мәселенің рас екенін жариялады. Себебі философия-теориялық көзқарастардың жиынтығы емес, ғылымның логикалық, метафизикалық пікірлер мен ұғымдардың жиынтығы ; 4) постпозитивизм – әдіснамалық радикализмді жұмсартуға бағытталған түрі: Кун, Лакатос, т.б деп ажыратуға болады. Демек, позитивизм тамырлары ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда-ақ қалыптаса бастаса, ол ХХ ғасырда неопозитивизмге өтті. Қорытындылай келе, барлық позитивистік бағыттарға ортақ тұжырым: жалпы табиғатқа тән құбылыстарды түсіндіруге , ақиқатты білуге ұмтылған метафизика өзі қойған мәселелердің біреуін де дұрыс , түбегейлі шеше алмайды, сондықтан позитивизмге жол беруі керек.
5-bilet
1. Көне Үнді философиясының негізгі бағыттарына анықтама бере отырып, "джайнизм"және"буддизм"бағыттарындағы болмыс ұғымының айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.
1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі байланысы.
2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым – қатынас.
Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына жеке проблема.Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді.
Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру. Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады. Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану. Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.
ә) Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер.
Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда (б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:
1.Өмір азапқа толы;
2.Ол азаптардың себебі бар ;
3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;
4.Азаптан құтылудың кезі бар.
Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.
1.Азаптану.
2.Азаптанудың себебі.
3.Азаптанудан босану.
4.Азаптанудан босануға апаратын жол.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:
1.Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;
2.Тура, әділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта айқындау;
3.Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;
4.Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;
5.Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;
6.Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан, күдікті, күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;
7.Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
8.Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау.
Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.
Джайнизм – этикалық ілім. Оның негізгі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң.
2.Канттың ғылыми-философиялық шығармашылығының негізгі кезеңдерін ата.Кант(Kant) Иммануил (1724-1804 жж.) — неміс философы және жаратылыстанушы. Оның шығармашылығын дәстүрлі түсінікте екіге бөліп қарастыру қолға алынған: сыншылдыққа дейінгі және сыншылдық кезең. Алғашқы кезеңде ойшыл күн жүйесінің жаратылуы мен дамуы, жер тарихы мәселелерімен айналысты. Оның нәтижесі: «Жалпы жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» атты еңбегінің тууы. Ал екінші кезеңінде ол: гносеология, этика, эстетика мәселелерімен шұғылданып, «Таза ақылға сын», «Практикалық ақылға сын», «Ойтолғам қабілетіне сын» еңбектерін тудырды. Сондықтан ол «философия сынаудан басталуы керек» деп пайымдады. Кейбір мәліметтерде оның философиясын төрт кезеңге бөліп қарастырады: 1) жаратылыстанулық кезең; 2) метафизикалық кезең; 3) сыншылдық кезең: 4) сыншылдықтан кейінгі кезең.. Мәселен, бірінші антиномияның тезисінде: «Әлем уақыт бойынша басталған және кеңістікте шектелген» және оның антитезисінде: «Әлем уақыт бойынша басталмаған және кеңістікте шектелмеген» деп атап өте отырып: «Егер әлем уақыттың бастауын иеленсе, оған дейін бос уақыт (уақытсыздық) болған болар еді. Бос уақытта қандай-ма болмасын заттардың пайда болуы мүмкін емес, ал егер әлем аяқталатын және кеңістікте шектелген болса, онда әлемнің бос кеңістікке қатынасы болуы тиіс. Бұл кеңістік Ештеңе болып табылады. Немесе ол тек форманың көрінісі ғана және өздігінен әлдебір шынайылық емес»,-деп тұжырымдайды.Сондай-ақ Канттың астрономиялық теориясындағы космогонездік туынды жаратылыстанулық бастау болып табылатын хаос мәселесін де қамтыпөтеді.Кант әлемнің жаратылысы туралы теологиялық тұжырымдамаларды да қолдай отырып, құдайдың алғашқы материяны жаратқандығын және оған жалпы қасиеттерді таңғандығын, ондағы тарту мен кері итерушілік басты екі сипат екендігін көрсетіп, жаратылатын қордан уақыт бойынша жүйелі туындайтындығын және жаратушының «құдыреттілігін» де атап өтіп, әлем бастапқы хаос қалпынан ұзақ немесе қысқа уақытта дамып шығуға ұмтылатындығын көрсете келе, жаратудың бір кезде басталғанмен, оның ешқашан тоқтамайтындығын түйіндейді.Кант өзінің онтологиясында көне Үнді дәстүрлері бойынша категорияларды жіктеп, оларды талдап көрсетеді. Категориялар пайымның таза ұғымдары деп оларды 4 классқа бөліп, 12 категорияны түзеді: сан, сапа, қатынастар, модальдылық. Тәжірибеге басымдылық берген Кант оған дейінгі білімдерді «априорлы» деп атап көрсетіп, оны ақыл тануға белгілі бір деңгейде қабілетсіз деп көрсетеді. Осыған орай, адам санасының таным қабілетінің арғы жағындағы, мүмкін болатын тәжірибенің шегінен шыққан, бұл тәжірибеден тыс нәрселерді «трансцендентті» деп атаған. Ол ұғымдар трансценденталийлер: құдай, ерік т.б. Бұған қарама-қарсы түсінік – имманентті, бұны Кант мүмкін болатын тәжірибенің шегінде, сол нәрсенің өзін зерттеуді айқындайтын тәсіл деп түсіндіреді. Ол метафизиканы үш бөліктен тұратын жүйеде қарастырды: 1) пропедевтика (трансцендентальді сын); 2) табиғат метафизиксы; 3) құлықтылық метафизикасы.
3. ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (Ч. Пирс, У. Джемс, Леви-Стросс). Прагматизм - гректің «прагма» - «іс-әрекет» деген сөзді білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болды.Прагматизм - абстракті акиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.Прагматизм – бұл қазіргі философияның ағымы, өкілдері білімнің практикалық пайдалылығында қауіптің негізі жатқандығын айтып, адамзаттың бұл мәселесін шешуге тек фиософияның ғана шамасы келетіндігін айтады. Бұл бағыттың негізгі өкілдері американ философтары: Ч.Пирс (1839-1914), Ч.Джемс(1862-1910), Дж. Дьюи (1859-1952).Прагматизмнің негізгі идеяларын бірінші айтушы Пирс, интуитивтік таным мен туа бітті идеяны теріске шығарды. Оның айтуынша таным көруге мүмкіншілік болған жағдайда ғана орын алады. Объект туралы ұғымға осы объектінің әрекетінен туындап отырған барлық тәжірибенің салдарын қарастыру арқылы жетуге болады. Объект туралы біздің білімдеріміз әрқашан аяқталмаған, жалған және болжаулы ғана болып келеді. Бұл тек қарапайым білімге ғана қатысты дүние емес, соңымен қатар математиканы да, логикалық қорытындылар тәрізді жаратылыстану ғылымдарын да мысалдар арқылы жалпылама теріске шығаруы мүмкін. Ақиқат, Пирстің түсінігінше – бұл білімнің даму барысына қарсы келмейтін айқындылық пен анықтылық. Білімнің ақиқаттылығы практика жемістерінің сенімді шарттары болып табылады. Пайдалылық ақиқаттың мәні мен сенімділігін анықтайды. Практикалық қызығушылық ақиқатты іздеудегі біздің қызығушылығымыздың себебінен келіп туындайды.Джемс бойынша, философия өз қабілетін болмыстың алғашқы бастамасын іздеуден емес, адамдардың өміріндегі әрдайым кездесіп отыратын оқиғаларды шешуге жарамды жалпы методты қалыптастырудан бастау керек. Тәсіл бізге анықталған зат ретінде әуел бастан берілмеген. Танымның барлық объектілері танымдық құдіретіміз арқылы тіршілік мәселелерін шешу барысында қалыптасады. Ойдың мақсаты табысқа жету жолындағы таңдап алынатын қажетті құрал болып табылады.Структурализм – (К.Леви-Стросс, Ж.Лакан, М.П. Фуко, Д.Альтюссор). Бұл философиялық ағымға әлеуметтік нақтылықтың, адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық құрылымдарын айқындау арқылы жалпы философиялық тұжырымдар жасау және осы негізінде, олардың мәнін түсінуге талпыну. Структурализмнің ілімінше, құрылымдық тәсілдің негізінде кез-келген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде олардың құрылымының бір қалыпты болатындығын мойындау жатыр. К.Леви-Стросс әртүрлі халықтардың тайпалардың аңыз, ертегілерін, мифтерін зерттей келе, кез-келген бір миф жер жүзінің бір аймағында ешқандай айна қатесіз қайталанып жатады. Олай болса мифологиялық әр халықта белгілі бір логикаға бағынады деп ой қорытады. ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап, структурализм ғылыми тәсіл ретінде лингвистикада, антропологияда, психологияда, социологияда, кейінгі кезде философиялық әмбебап тәсіл ретінде қолданылып жүр. Структурализм сыни рационализммен қатар позитивизмнің көрінісінің формаларының бірі болып табылады.
6-bilet
1.Тарих философиясындағы Сократтың алатын орнына баса назар аударып, ерекшеліктері.Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын, ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Сократ мәселені батыл қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін білуге ұмтылуы керек.Сократ философиясының басты обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық – зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілк «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!» қағидаларының негізгі мазмұны да осы. Сократтың ойынша, белгілі бір асыл қасиет туралы білім жинаған адам сол қасиетке жете алады, бәрі адамның өзіне байланысты, адам тәнін емес, рухын, жанын шыңдауға үнемі ұмтылуы тиіс, себебі, жаны бақытқа бөленген адам ғана бақытты. Жеке адамның еркіндігін дәріптей отырып, Сократ мемлекеттің рөлін де жоғары қояды, адам мемлекет заңдарына бағынуы тиіс деп санайды. Философия тарихында Сократ әдіс мәселесінің негізін салушы ретінде де белгілі. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен. олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады. Адамдармен сұхбат-пікірталас жүргізуде ол үш тәсіл ұсынды: ирония, майевтика және диалектика.Сократ мағыналы шығармалар қалдырғанмен тарихқа әйгілі полемист, ойшыл оқытушы философ ретінде қалды. Сократ жасап , қолданған негізгі әдісін майевтика деп атаған. Оның мәні – логикалық әдістер арқылы қойылған сқраққа әңгімелесушінің өздігінше дұрыс жауапқа келуіне көмектесу. Сократ өз философиясын, ағартушылық жұмысын ең өзекті мәселелер бойынша, қалың халықтың, базарларда ашық әңгіме базар құрып жүрген. Жақсылық пен жамандық, махаббат, бақыт, адамдық т.б. тақырыптарға ой бөліскен. Сократты ресми билік органдары мойындамаған, оны қарапайым софист , яғни жастар арасына бүлік салып жолдарын басқа жаңа бұрып , қоғамның тыныштығын бұзушы деп қараған.Білімнің тарауына, азаматтардың ағартушылықпен айналысуына ықпал етті.Адамзаттың жақсылық пен жамандық, махаббат , ар сияқты мәселелеріне жауап іздеді. Қазіргі таңғы білім беру жүйесін де қолданылатын майевтика әдісінің негізін қалады.Шындықты табудың диалогтың әдісін енгізіп еркін дауда оның дұрыс екенін дәлелдеу жолымен.Көптеген оқушыларын тәрбиелеп өз қызметінің жалғастырушыларын қалдырды. Сократтық мектептің қайраткерлері болған.
2. Р.Декарт пен Б.Спинозаның рационалистік идеяларын салыстырып, талдау жасаңыз.Жаңа замандағы көрнекті ойшылдары- Р.Декарт пен Б.Спиноза.Декарт Рене – француз физигі, математигі және философы, рационализм бағытының көрнекті өкілі. Негізгі шығармалары: «Әдістер жөніндегі пікір», «Философия бастамасы», «Метафизикалық толғаныстар» т.б. Философияны екі саладан тұрады деп түсіндірді: материалистік физика (табиғат туралы), идеалистік метафизика (философиялық жеке өз жүйесі).Спиноза Бенедикт (Барух)– Нидерланд философы, материалист, пантеист. Негізгі шығармалары: «Саяси-діни трактат», «Этика» т.б. Ол әлем мәңгі, біртұтас, бөлінбейтін табиғат және ол екі түрлі формада сақталады: материалды, рухани деген пікірлерін негізге ала отырып, механикалық-математикалық әдіснаманы ұстанып, әлемнің тұтас бейнесін жасауға ұмтылды, пантеизм дәстүрін қолдады: табиғат пен құдай бір нәрсе, олар мәңгі, біртұтас, шексіз субстанция, басқа бастама болмайды.Субстанияның атрибуттары бар екендігіне назар аударып, оларды шексіз деп түсіндірді, адамдық ақылға оның тек басты екі атрибуты ғана танылады — жайылу (кеңістік) және ойлау. Ойлау –табиғаттың атрибуты, материя атрибуты сияқты ешқашан пайда болмайды, жойылмайды, ол тастан адамға дейінгінің бәріне тән . Спиноза нақты субстанция қалпын модустар деп көрсетті ж/е субстанцияның өзі уақыттан, қозғалыстан, өзгерістен тыс мәңгі. «Мәңгілікте ешқандай да: қашан жоқ, алдымен де, соңымен де жоқ» екендігі туралы көзқарастарын ұсынды да, субстанцияның өзі уақыттан тыс, қозғалмайтын нәрсе болғандықтан, өзгермейтін субстанция мен өзгермейтін заттар байланысын көрсетті.Сонымен қатар Декарт таным теориясы мәселелеріне баса назар аударып, білімнің көзі мен оның ақиқаттылығының өлшемі ол сыртқы дүниеде емес, адамның ақылмен іздеуінде деп байыптап, танымның көзі – интеллектуальды интуиция екендігін айтты. Бұл сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен логикалық дәлелдерге сүйенбейді, әрі ақиқатқа тез жете алады деп интуицияның артықшылықтарына сүйенді. Интеллектуалды интуиция – материалды шындықтан таза ақылмен бөлінген нәрсе, ол жалпыға бірдей: ойлайды, өмір сүреді, таниды. Бэконның таным теориясындағы индукцияға қарсы бірден-бір таным дедукция деп білді. Ол жалпыдан жекеге қарай жүретін логикалық тұжырым бола отырып, жеке ақиқатқа сәйкес келетін жалпы ұғымдардың интеллектуальді интуициясынан туындайды деген.Декарт білімдердің ақиқаттығына күдіктеніп, танымның басты екі мақсатын көрсетті: 1) қағидалардың, метафизиканың шығу көзін табу; 2) фантастикалық елестерден қашу, жалған ұғымдардан құтылу, схоластикадан арылу. Ғылым жолын осылай тазалау керек деп ой түйді. Өзінің кейіннен философия тарихына әйгілі болған: «Ойлаймын, демек өмір сүремін» тезисін ұсынды. Бұл интеллектуальдік интуицияның құнды өнімі, сондықтан әлем туралы барлық білімдерді дедуктивтік әдіспен бұдан шығаруға болатындығын дәйектейді. Ойшылдың идеялары бұл салада әрі қарай күрделене түседі, мәселен, «Метафизикалық толғаныстарында» Декарт: «Әлдеқандай күш бар, қандай екенін білмеймін, бірақ зұлым ниетті, мені алдау үшін бәрін пайдаланатын. Егер ол мені алдайтын болса, менің өмір сүретіндігімде ешқандай күмән жоқ; қаншалықты қажет етеді, мені соншалықты алдай берсін, - мен ойлайтын болып тұрғанда ол мені ештеңеге айналдыра алмайды.
3. Таным философиялық талдау пәні. Танымның көптүрлілігін көрсетіп сиппатама берінізТаным тарихында, гносеология ілімінде екі қарама-қарсы бағыт қалыптасқан: эмпиризм мен теориялық таным. Эмпиризм айғақ пен тәжірибені абсолюттендіріп, ойлау, абстракциялау, жалпылау деңгейлерін елеусіз қалдырады да, сенсуализмге жақындайды. Схоластикалық теориялау бұған қарсы бағыт. Ол екі мағынада қолданылады: 1) Орта ғасырдағы діни философиялық бағыт; 2)Жеміссіз ойтолғау, шартты білім, шынайы өмір мен пратикадан ажырау. Г.Ф. Гегель оны «пайымдаудың жабайы философиясы» деп атған болатын. Схоластика шындығында да таза айтылған пікірлердің біржақты формальді-логикалық дұрыстығына және канондалған мәтіндерге сүйенетін догмалық ойлау тәсілі. Эмпирпиканың негізгі элементі айғақ (факт). Оның мағынасы: 1) Шындықтың кейбір фрагменттері, обьективті оқиға, нәтиже; 2) Оқиға, құбылыс, дәйектелген білім, яғни, ақиқат синонимі; 3) Эксперимент пен бақылау барысында алынған тәжірибелік білім.Қазіргі ғылыми танымда айғаққа байланысты екі шеткі бағыттар қалыптасқан: фактуализм және теориялық. Біріншісі теорияға қатысыз айғақтың дербестігін, тәуелсіздігін баса көрсетсе, екіншісі айғақ терияға тәуелді деп санайды. Ғывлымда айғақ дәйекті болса, ол келесі айғаққа жол ашады. Ғылыми танымда айғақ екі жақты роль атқарады: 1) Теорияны құру мен гипотезаны ұсынуда айғақтардың жиынтығы бұлардың эмпирикалық негізін құрайды; 2) Теорияларды бекіту мен жоққа шығаруда шешуші роль атқарады. Егер де теория мен айғақ сәйкес келмесе, теорияның жалғандығы мойындалады.Ал теориялық білім рационалдылықтың элементтерін қамтиды: ұғымдар, теориялар, заңдар, ойлау опрерациялары. Теориялық білімнің негізгі мақсаты барлық нақтылықта және толық мазмұнда обьективті ақиқатқа қол жеткізу, абстракциялау, идеалдадыру, синтез, дедукция жүреді. Ғылым туралы айтылғанда, біріншіден, ол – жаңа білімдерді алу қызметі, екіншіден, ғылыми-зерттеу қызметі ақылы алынған білімдер, шініен, білімдерді өңдеумен шұғылданатын әлеуметтік институт.
1) егер күнделікті тұрмыста білім тек практиакалық мақсаттарға жетудің құралы болса, ғылыми білімде сол білімдерді алу негігі мақсат болып табылады. Ғылыми қызметке арнайы жабдықтар (құралдар, лабараториялар), ғылыми зерттеудің әдістері, кең ақпараттарды өңдеу мен игеру (кітапхана, мәліметтер базасы) аса қажет.
2) Ғылыми білімдердің жиынтығы ұғымдық формада көрінеді, оның эмпирикалық және теориялық негізделуін қажет етеді, сынауға қол жетімді болуы да маңызды, шындық пен ақиқатқа бағдарланған болуы тиіс, қайшылықсыз және жүйелі байланыстарға ұмтылуы керек. 3) Әлеуметтік институт ретінде ғылыми қоғамдастықтарды, мекемелерді, кезекті ғылыми басылымдарды, ғылыми конференция, пікірталас сияқты ғылымға қатысты әлеуметтік қатынас мәселелерін қамтамасыз ету басты мәселе.Әдіс (грекше. μέθοδος = зерттеу жолы, теория, ілім деген мағыналарда қоданылған.) — белгілі бір мақсатқа жету, нақты міндеттерді шешу, практикалық және теориялық қызметтердің операцияларының немесе тәсілдерінің жиынтығы.
7-bilet
1.Конфуцийдің әлеуметтік - адамгершілік іліміндегі және даосизм философиясындағы негізгі ұғымдарға сипаттама бере отырып, салыстырыңыз Конфуцийшілдік – адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деп қарастыраты ежелгі философиялық мектеп. Конфуцийшілдік-бұл философиялық ілімнің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы – осы ағымның негізгі салушы Кун – фу – цзыға тікелей байланысты. Кун – фу – цзы (б.д.д. 551 – 479 ж.ж.) кедейленген ақсүйектер әскербасының отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айрылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құмарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Негізгі философиялық еңбегі «Лунь юй» (әнгімелер мен пікірлер) деп аталады.Конфуций (Кун- Фу-Цзы) – б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген. Оның негізгі шығармасы – «Лун Юй» - «Сұхбаттар мен пікірлер», ол 6 кітаптан тұрады. Ескіні елеп, жаңаға жақындау - қытайдың көне дәстүрі. Ескіні дәріптеу конфуций дәуірінде өзіндік мақсатқа айналады. Конфуций ілімінің түп тамыры адам және қоғам мәселесіне тіреледі.Конфуций дүниетанымы философиялық –этикалық мәселелерге негізделген. Орталық мәселесі Конфуций тұжырымдаған «Қайырымды еркек». Қайырымды адам болу үшін байлық емес, тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез-құлық.
«Қайырымды адамның» негізгі сипаттары деп мына қағидалады көрсетеді:
«Жэнь» (адамгершілік)-адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау: «Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама».
«Сяо» (баланың құметі)-үлкен және кішінің арасындағы қарым-қатынас: ата-анаға және үлкенге құрмет. Конфуцийдің ойынша, халықты қорқытып, зорлықпен бағындыруға болмайды. Мемлекетті басқару ісін жақсы меңгеріп, қарапайым адамдардың қиын мәселелерін түсіне білетін басқарушыны халық өздері-ақ құрметтеп, бағынатын болады дейді. Халықта басқарушыға қоғамды қалай басқару керектігі жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп отыру керек. Конфуций басқару ісіне байланысты Ли қағидасын қолданады. Ли (этикет)- сүйіспеншілік және рәсімдік әрекет. Сол уақытта «Ли» сөзі ата-бабалардың әруағына құмет дегенді білдіретін. ата-бабалар әруағы өте маңызды болды: әркім өздерінің ата-бабаларының әруағына құрбандық шалып, құрмет көрсету крек болатын. Ал, Конфуций осы рәсімді өзгертуге емес, қолдануға тырысты. Оның ойынша, әркім өзінің ата-бабаларын қалай құрметтесе, адамдарды да солай құрметтеу керек. Конфуций өмірден өткеннен кейін оның ілімін әркім өзінше түсінді. Көрнекті шәкірттері Мэнь-цзы мен Сюнь-цзы.Адам табиғаты Конфуций философиясында басты мәселелердің қатарына жатады. «Аспан адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын құрайды». Бәрінен жоғары тұрған қасиет – «адамды сүйе білушілік» (жэнь). Ұлы Ұстаз адамды сүйе білудің жолы мен жөнін (дао) талдайды. Дао Конфуций үшін адамды шынайы жолға салатын, адамға оң ықпал ете отырып, оны басқаруға кажетті бүкіл идеялардың, амал-әрекет пен қағидалардың жиьнтығы. Адамның табиғатын үш тұрғыдан саралайды: қайырымды ер (цзюнь-цзы), шағын адам (сяо-жэнь), адамсүйгіштік (жэнь). Адамсүйгіштік-тің мәнісі - өз олқылығын жеңіп, сөзі мен іс-әрекетінде дұрыс жолға түсуде. Даоның осы идеясы «вэнь» термині арқылы жеткізіледі. Түптеп келгенде «вэнь» - сөз бен білімділік арқылы жеткізуге болатын рухани мәдениет. «Вэньге» ниет қойған адам күнделікті өмірде көптеген қиыншылыққа ұшырайды. Даосизм - қоршаған дүниенің құрылымы мен тіршілігінің негізін түсіндіру және адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу мәселесін қарастырады. Даосизмнің негізін б.з.д. VI ғ. соңы - б.з.д. V ғ. басында өмір сүрген Лао Цзы (Қарт ұстаз) салды. Даосизмнің қайнар көзі - «Дао-Дэ- цзин» деп аталатын философиялық трактатта көрсетілген. «Дао» - «жол, алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз» деген мағынаны білдіреді. Дао-заттардың табиғи өсу, өнуімен бірге, әлемнің негізін құрайды. Бүкіл әлем Дао заңына бағынады. Даосизм философиясының негізгі мәселесі - ұлы Дао туралы, жалпылама Заң және Абсолют туралы ілім. Даоны ешкім жасаған жоқ, бірақ бәрі де содан тараған. Дао барлық жерде, әрқашан, әр уақытта, шексіз өз үстемдігін жүргізеді. Оны сезім арқылы көруге, естуге болмайды. Дао табиғаттың, қоғамның, адам мінезі мен ойының табиғи, бірақ көрінбейтін заңы. Оның бастамасы да, аяғы да жоқ. Сондықтан ол атаусыз. Ол уақыт пен кеңістіктен тәуелсіз, солай бола тұра, жарық дүниедегі барлық нәрсенің негізі мен бастамасы, аты мен түрі. Дао сансыз заттарды жасаса да, әрекетсіз күйін сақтайды; бос қуыс сияқты, бірақ мәңгі, таусылмайды, оларды әруақытта реттейді. Даосизм-әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (б.д.д. 6-5ғ.ғ.). Негізгі еңбегі «Дао дэ цзин». Даосизмнің негізгі ұғымдары «Дао» және «Дэ».
«Дао»-өзінің даму сатысында адамның табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өту керек деп саналатын жол. Екінші мағынасы бойынша «дао»- бүкіл әлемнің жаратылуына себепкер алғашқы бастама, энергетикалық бос кеңістік.
«Дэ»-бәрінен жоғары, алғашқы бастама- «Даоның» бүкіл әлемге айналуына себепкер болған энергия.
«Инь» мен «Ян»-бірін-бірі толықтырып отыратын даолық қағида. «Инь»-әйелдік бастама «Ян»-еркектік бастама.«Инь» мен «Ян» Дао ілімі бойынша өмір сүргіңіз келсе, «У-вей» қағидасын ұстаныңыз. «У-вей»-заттар мен болып жатқан құбылыстарды өз мәнінде қабылдау, салқынқандылық таныту. Білім-барлық адамға беріле беретін құбылыс емес, ол тек ерекше данышпан адамдарға ған тән. Білім-үндемеу. «Үндемеген адам-білімді, сөйлеген адам-білімсіз адам».Дао-аспанның, аспан-жердің, жер-адамның бастамасы. «Адам жер заңдылығымен, жер аспан заңдылығымен, аспан даоның, ал дао -өз заңдылығымен жүреді». Дао ілімі бойынша болмыстың бастамасы Ци деп есептелген. Ци космологиялық мәні бойынша әлемнің субстанциясы, ол Хаосты құраушы. Ци ұғымынан келіп, екі қарама-қарсы күш пайда болады. Олар Инь мен Ян. Осы екі күштің бірігуінен кейін, бес элемент құрастырылады; от, жер, металл, су, ағаш. Барлық тіршілік, әлем осы элементтерден пайда болған.Легизм – (латынша заң дегенді білдіреді) – фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім, адамды, қоғамды және мемлекетті басқару туралы көзқарастар. Легизм Чжоу династиясының билігі ыдырай бастағанда қалыптасады. Легизмнің көрнекті өкілдері – Гуань Чжун (б.д.д. 645), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хань Фэй цзы (280-233 шамасы). Легистер байырғы рулық қатынастарды, оның тірегі – ақсүйектік тұқым қуалаушылықты сынады. Олар елді басқарудың рулық дәстүрі мен рәсімдерін қабылдамады. Осыған орай бастапқы Конфуций ілімімен тай-таласта қалыптасты. Конфуцийдың этикалық талаптарын «ойын» сөзге жатқызды.Конфуций басқару идеясын жэнь және ли принципіне сүйеніп жалғастырса, легистер оның орнына заңға (фа) сүйенген мемлекеттік реформаны жасады, басқару теориясын ұсынды. ГуаньЧжун: «Заңдар – халықтың әкесі де, шешесі де... Билеуші мен шонжар да, мәртебелі мен төменгілер де, байлар мен кедейлер де – бәрі де заңға бағыну керек. Басқарудың түп өнері осында»,- дейді.
2. Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелеріне тоқталып тарихтың мәніне түсініктеме.Августин Аврелий Әулие (354-430 ж.ж) – христиан дінбасы және неоплатонизмге жақын философ – мистик, патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы фиденстік сипатта, яғни "нанымсыз білім, ақиқат жоқ” деген принципке бағынады. "Құдайдын қаласы” (426 ж) атты шығармасында Августин тарихты, адам тағдырын фаталистік (теологиялық фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам өмірі-құдайдың құдіретімен анықталатын негізге алу) тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепциясын ұсынды. "Жердегі қалаға”, "күнәһар” зиялы мемлекетке ол "Құдайдың қаласын”, яғни шіркеудің бүкіл дүниежүзілік үстемдігін қарама-қарсы қойды. Августиннің христиан теологиясының әрмен қарай дамуына жасаған ықпалы орасан зор.Теологияның негізгі қағидалары: 1) әлеуметтік статусының қандай еке-ніне қарамастан, кез-келген адам Жаратушының жердегі көрінісі; 2) адам-заттың түбі бір; 3) адам жердегі күйбең тіршіліктен бас тартып, Иисус Христостан үлгі ала отырып, Жаратушыға махаббат жолымен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Бұл қағидалар ең әуелі Орта ғасыр философи-ясының мазмұнынан, оның негізгі өкілдері Августин Аврелий мен Томас Аквинаттың ілімдерінен айқын көрінеді. Августин Аврелий (Блаженный) –354 ж. Тагаст қаласында дүниеге келген. Еңбектері ете көп, негізгілері: «Құдайы қала туралы», «Жан сыры» (Тәубе, Исповедь). Оның өмірін екі кезеңге болуге болады: дінге дейінгі және дінді қабылдап, Құдайға деген Сенім оның жүрегі мен жанында берік орын алған кезең. Құдайға деген Сенім оның өмірін түгел өзгертті, Сенім оның өмірі мен ойының, философиялық пайымдауының субстанциясына айналды. Августин өзінің философияға деген бұрынғы сүйіспеншілігін тым артық деп бағалады, нағыз рахат философияда емес, Құдайға деген махаббатта, бірақ бұл рахат – болашақта болатын рахат, оған жеткізетін жалғыз жол – Христос жолы. Осылайша философияның құндылығы төмендетіліп, оның орнын теологиялық ойлау басты. Сонымен қатар, Августин Ақылдың рөлін де жоққа шығармайды: «Адам Құдайды іздегісі келуі үшін ақылды болуы қажет. Құдай өзін түсініп іздегендерді ғана қалайды». Ең басты мәселе – космос емес, жеке адам мәселесі. Өзіңді сырттан іздеме, өзіңе орал, ақиқат адам жанының тұңғиығында. Адамның жанында Құдай бейнеленеді, жанымыздың қатпарларына үңіле отырып, біз Құдайды табамыз. Өзінді өзің танып-біл дегеніміз – өзіңді Құдайдың бейнесі ретінде тану, біздің ойымыз – Құдайды еске алу, біздің танымымыз – Құдайдың ақыл-ойы, парасаты, бір адамнан екінші адамға көшіп отыратын махаббат -Құдайдың махаббаты.,) Құдай концепциясын түсіндіру процесінде ол Платонның «Идеясына» жүгінеді. Идея заттардың өзгермейтін, тұрақты негіздері, фундаментальді формалары, пайда болатын және олетін нәрселердің бәрі Идеядан бастап қалыптасады, Бірақ Августин Платонның теориясын екі жерден өзгертеді:
1) Идея Құдайдың ойлары;
2) Құдай таза Болмыс ретінде басқа
заттардың болмысына қатысты, оларды жасайды. Ақиқат ретінде ол бәріне өзінің сәулесін түсіреді, махаббат ретінде өзіне тартады және адамның жанына тыныштық орнатады.
Августин Идеяны тану жанның ең жоғарғы бөліктеріне ғана, яғни, ақыл-парасатқа ғана тән деп пайымдайды. Себебі, Ақиқатқа жету үшін жан тап-таза, ашық, айқын болуы тиіс.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:
1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айт-қан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.
2) Екінші дәлел -сопsепsus gепtіиm (адамзаттың ауызбіршілігі). Та-
биғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай
дүниені Жаратушы де п мойындайды.
3) Ең жоғарғы бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді.
Құдай Дүниені Жаратушы. Неден жаратты? «Ештеңеден», онымен бірге Құдай уақытты да жаратты. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы «рациональді жануары» ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді, мәңгілік, ол өлетін болса, Ақиқат та өледі.
Зұлымдық – өзіне деген махаббатта, ізгілік – Құдайға махаббат. Әуелі өзіне деген махаббат, Құдайды жек көру сезімдері Жер қаласын, Құдайды ақыл-есінен айрылғанша сүю – Кек, Аспан қаласын туындатады. Екі қаланың да аспанда періштелері бар. Бірінші патшалықтың адамы жер бетінде дүниені билеуші ретінде, ал көк қаласының тұрғыны кезбе ретінде көрінеді. Бірақ біріншісі қарғысқа ұшырайды, ал екіншісі – мәңгілік құтқаруға ие болады.
Нағыз адам, Августиннің ойынша, сүйе білген және сүюге лайық адам. Бұл махаббат Құдайға, өзін қоршаған алыс және жақын адамдарға, Құдай-дың бейнесі – заттарға бағытталған болуы керек. Адамның, тұлғаның өлшемі – сүйе білу деңгейі. Философиялық ойлау осы принципке, Құдайға Сенімге негізделген болуы тиіс. Августиннің кейбір ойлары:
«Табиғи деп аталып жүрген теология туралы әңгімені кез-келген адам-мен емес, аттары латын тілінен аударғанда даналыққа махаббатты білдіретін философтармен жүргізу керек; даналық дегеніміз бәрін Жаратушы болса, онда нағыз философ Құдайды сүйеді». «…философтар даналыққа талпынысқа немесе даналықтың өзіне үйретеді». «…Дүниені жаратқан Құдайға жүгініп емес, дүниенің желісіне жүгініп пайымдайтын философтардан сақ болу қажет».
3. ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы экзистенциализм және герменевтика бағыттарына түсінік беріңіз (М. Хайдеггер, Ж.П. Сартр, А.Камю, Г.Г. Гадамер).Герменевтика қазіргі философиядағы текстер мен мәтіндерді талқылаудың теориясы мен өнері. Герменевтиканы-методологиялық теория түсінігінде алғаш зерттеген неміс философы Шлейермахер (1768-1834). Шлейермахер герменевтиканы басқа индивидуалдылықты түсінудің өнері деп білді. Герменевтика өкілдері: М.Хайдеггер (1889-1976), Ганс Гадамер, Поль Рикер. Гадамерде герменевтика алғаш рет жеке ғылымға айналды. Ол оған философиялық мәртебе беріп, гуманитарлық ғылымдардың әдісі ғана емес, адам болмысы туралы ілім ретінде қарастырды. Болмыс Гадамер үшін адам субстанциясынан тәуелсіз-тіл. Тіл әлемді құрастырып, адам тіршілігінің тәсілін анықтайды. Болмыс тікелей адамға танылмайды. Себебі ол лингвистикалық безендірілген әлемде өмір сүреді. Басқа сөзбен айтсақ, заттар өз атауына ие болмайынша тіршілік етпейді. Осыдан келе философияның лингвистикалық табиғаты туындайды. Түсіндіру үшін, сұрақ қоя және жауап бере білу керек. Түсіндірілетін мәтіндер мен текстер ыңғайлы, тарихи-мәдени факторлармен байланыста болуы қажет.Философиялық трактаттарда, әдеби шығармаларда экзистенциалистер адам өмірінің таргедиялық жақтарын көрсеткен. Оның негізгі өкілдері:М. Хайдеггер, А. Камю, Н. Бердяев, Ж.П. Сартр, К. Ясперс, т.б. Негізі мәселесі-адам оның өмірі, бостандығы, жауапкершілігі.
Экзистенциализмнің. пайда болуының себептері:
- әлеуметтік-экономикалық себептер (1-ші және 2-ші дүние жүзілік соғыстар мен соғыс саладарнан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар);
- рухани адамгершілік себептер (адам психикасына әсер еткен себептер);
- идеялық себептер (Кьеркегор, Шестов, Шопенгауэр, т.б. философтардың идеялары)
Экзистенциализмнің негізгі принциптері:
- жалғыздық принципі;
- сизиф принципі;
- шекаралық жағдай принципі;
- тіршілік принципі;
- жаттану принципі;
- заттану принципі;
- айып, жауакершілік принципі.
Экзистенциализмнің ілімінің бастаушысы 19 ғ. Серен Кьеркегор (1813-1855) болды.
Жан-Поль Сартрдың (1905-1980) экзицтенцалды философиясының басты сұрағы – таңдау мәселесі. Философиясының басты ұғымы «өзің үшін болмыс». Адамның өін толық тануы осы «өзің үшін болмыста» іске асады.
- адам өзін – басқаның оған қатынасы арқылы таниды;
- адам өмірінің маңызды шарты, желісі, белсенділігінің негізі – бостандық;
- адам өз бостандығын таңдау арқылы көрсетеді; мұндай өмірлік маңызды таңдау Сартрда экзицтенцианалды таңдау деп аталады.
- Адамда бостандықпен қатар жауапкершілік мәселесі туындайды. «Менімен болып жатқанның бәрі - менікі». Адам жаупты болмайтын бір ғана нәрсе бар ол – оның дүниеге келуі, ал қалғанының бәріне өзі жауапты.
Альбер Камю (1913-1960) философиясының мәселесі – адам өмірінің мағынасыздығы. Адам өмірі – абсурд (негіссіз). Оның екі дәлелі бар:
- өліммен жүздесу - өмірде маңызды деп көрінетіндер (мансап, байлық, байланыстар) мәнін жоғалтып, мағынасыздыққа айналады;
- дүние мен табиғатпен астасу – адам миллиондаған жылдар өмір сүріп келе жатқан табиғат алдында шарасыз екендігін сезіну.
Камю бойынша өмір мағынасы – сыртқы дүниеде емес, адам тіршілік етуінде, бар болуында.
Мартин Хайдеггер (1889-1976) болған. Оның негізгі шығармасы «Болмыс және уақыт». Хайдеггер бойынша экзистенциализмнің адам өмірінің қайғылы жағдайын көрсетуден және оған рақымшылық жасаудан көрінеді.
Экзистенциалистің зерттеу тақырыбы мыналардан тұрады:
- адам өмірінің мәнін ашу;
- жаттану және оның сыртқа шығатын феномендерін көрсету;
- ажал феноменін ашу;
- үрей мәселесін ашу.
Осы мәселелердің барлығын жинап адам мәселесіне айналдырады. Хайдеггер ойынша, адам алдындағы өмір-ештеме. Адам алдында тек қана ажал бар. Ештеме дегеніміз - ажал. Сондай-ақ адам тіршілігінде екі қорқыныш түрі бар. Олар:
1) күнделікті қорқыныш;
2) онтологиялық қорқыныш.
Күнделікті қорқыныштың себебі күн сайын тіршілікте кездесетін материалдық қажеттіліктерден (үй жоқ, ақша жоқ, т.б.) туындайды. Ал онтологиялық қорқыныш адамның алға қойған мақсатына жете алмауынан, рухани күйзелістерден туындайды. Жалпы алғанда экзистенциализм индивидуализмді тәрбиелеудің философиялық негізі, тұлғаның шығармашылық тыныштығы, қоғам алдындағы жауапкершілігі, дұрыс әрекет жасауы.
8-bilet
1. Эллинизм философиясының негізгі мектептері және олардың ерекшеліктері. Стоицизм мектебі - субъективтіліктің мәні неде деп сұрайды? Субъективтіліктің мәні сөзде, сөздің мазмұндық маңызында, яғни Лектонда, Лектон бұл - мән. Лектон дұрыс және теріс пікірлердің үстінде тұрады. Бұл жерде сөз жалпы талдау туралы болып жатыр. Лектон адамның ішкі дүниесінде де жүзеге асырылады. Сол кезде атараксия болады. Атаракся дегеніміз - көңіл-күйдің қалыпқа түсуі, болар-болмасқа селк етпеуі, күйінбеуі. Стоиктер дүниені дұрыс танып, оның логосын, заңын толық танып, сол заңмен үйлесімді өмір сүрсе, көңіл-күйі бір қалыпта, тыныштықта болады деп қарастырды. Стоицизм мектебінің өкілдері құмарлықтан азат жан берік болады деп санаған. Стоиктердің қойған мәселесі: егер адам түрлі заңдарға тәуелді болса, ол қандай шамада бостандықта болады? Бұл мәселемен қаншалықты айналысқанмен, философтар әрі күнге шешімін тапқан жоқ. Эпикур мектебі антика философиясының эллинизм кезеңінде дамыды. Эпикур гедонизмді негіздеді. Гедонизм – қанағат алуды ең жоғарғы игілік деп есептеді. Өмір сүруді жолаушының сипатымен салыстырды. Неоплатонизм - олар әлемдік иерархияда адам өз орнын сезініп, терең ойланып ұғынуды мақсат етуі керек. Жақсылық жоғарыдан, тұтас дүниеден келеді. Зұлымдық төменнен, материядан келеді. Зұлымдық негізгі нәрсе емес. Ол жақсылықпен байланысты емес. Адам зұлымдықты қабылдамауына болады. Оған бұл жағдайда материалдық емес құрылымның, дүние сатысының қай деңгейіне көтерілгені әсерін тигізеді. Ол сатылар мынадай:
жан
ақыл
біртұтастық (яғни космос)
Бұл сатыларға сезім, ой және экстаз сәйкес келеді. Неоплатондықтар барлық жерде гармония мен әсемдікті көрген. Жақсылықтан туындағандардың бәрі сұлу, әсем. Адамдар - әлемдік ақылда (мировой разум) қалыптасқан сценарийді жүзеге асыратын актерлер. Неоплатондықтар антика философиясын аяқтады. Олар оны жоғарғы нотада аяқтады. Олар біртұтас игілікке шақырды. Одан кейінгі көкжиектің арғы жағында философтарды теоцентрлік мәселелер күтіп тұр еді.
2. Орыс философиялық ойының дамуына тән белгілері мен негізгі бағыттары. Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен ролін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.
Орыс философиялық қызықты ізденістер XVI-XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама- қайшылығы негізінде өтті.Мұның алғашқысы орыс ойының тілтумалығына басты назар аударып, бұл тілтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырылады.Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үрдісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуы бойынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен , Батыстан көп нәрсені үйреніп сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс.
Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық – саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылар білдірді.Осыған байланысты орыс философиялық ойына екі бағыт қалыптасты.Бұл екі бағыттың да қалыптасуына П.Я.Чаадаев(1794-1856) үлкен рол атқарды .Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында« баяндады. Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп , оны Ресейге үлгі тұтты ,ал екінші жағынан , Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «ғаламдық миссиясында « деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славианофильдіктің де , батысшылықтың да негізін қалаушы болып табылады.
Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт- бұл батысшылдық.Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен,Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин , Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский,И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты.Батысшылдар Ресейдің «Еуропаланды ру» идеясын насихаттады және қорғады.Олардың пікірінше , ел Батыс Еуропада бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде зкономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық- идеологиялық ағымы болып табылады.Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық идеясын негіздеді.Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты.
Славянофильдіктің негізін қалаушылар:А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды.
Славянофильдердің айтуынша «соборшылдықты» православиелік «шіркеулік қорғаудағылар» яғни православиелік «шіркеулік қорғаудағылар» ғана православиелік қауым мүшелері ғана игере алады, ал «бөтендер мен дінсіздер» оны қабылдай алмайды.
Жоғарыда аталғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші ролін бекіту болып табылады.Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» қалыптастырады
3. В.С.Соловьевтің діни-философиялық идеялары. В.С.Соловьевтің философиясыньщ негізгі идеясы - дүниедегі бәрінін бірлігі. Ол оны славянофилдер сияқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық, яғни онтологиялык мән-мағына береді. Оның ойынша, болмыс, өмір сүргеннің бәрі - бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге, жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде Құдай жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ В.С. Соловьев Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды деген пікір айтады. Оныңойынша, Ол - «ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары», «дүниеде іс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш» т.с.с.
Бізді айнала қоршаған жағалай ортаны кемеліне келіп, еш мінсіз жаратылған дүние деп айтуға болмайды. Оның негізгі себебі - Құдай - Абсолюттің өзінің іштей қайшылығы. Дүниедегі барлығын қамту үшін көптік қажет. Сондықтан алғашқы «ғарыштық зерде» сан алуан мән-мағынаға бөлініп, Аристотельдің терминімен айтсақ, әртүрлі заттардың энтелехиясын, яғни ішкі мақсатқа лайықтылық дамуын қамтамасыз етеді. Ал дүниедегінің бәрін біріктіріп, рухани күш-қуат беретін «дүниежүзілік жан-дүние», яғни София, ал оның өзі - Құдайдың эманациясының туындысы. Сонымен Құдай, Дүние және Адамзат Софияның дәнекерлігі арқылы бірлікке негізделген қарым-қатынаста.
В.С.Соловьевтің дүниетаным тұжырымдары
Өзінің дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев «біртұтастық білім» алу жолын құптады. Ол үшін сезімдік тәжірибе мен рационалдық ойлауды сеніммен ұштастыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, ақиқаттың үш түрі бар: материалдық, формальдық, абсолюттік. Олар ғылым, философия, діннің шеңберінде қалыптасады. Ақиқаттың ең жоғарғы түрі, абсолюттік білімді тек қана дін, теология бере алады. Оны ол мистицизм дейді.
Эмпиризм, яғни тәжірибелік жолмен ашылатын білім, материалдық дуниені танып-білуге бағышталған. Рационализм өзінін формальдық табиғатының арқасында барлық білімді біріктіретін дәнекерлік күшке айналады.
В.С.Соловьев таным процесінде тәжірибеге көп көңіл бөледі. Ал оның өзі екіге - ішкі және сыртқы тәжірибеге бөлінеді.
Сыртқы тәжірибеге келер болсақ, ол айнала қоршаған ортадағы заттардың біздің түйсіктерімізге тигізетін ықпалынан пайда болады.
Ішкі тәжірибені В.С.Соловьев екіге бөледі: олар психикалық және мистикалық. Психикалық тәжірибеге біз өз табиғатымыздың бой көрсетуінен шығатын құбылыстарды жатқызамыз.
Мистикалық тәжірибе деп біздің жан-дүниеміздің ар жағында жатқан, өзінің бізге тигізетін ықпалымен бізді жоғарыға көтеретін, ішкі рухани еріктікті тудыратын құбылысты айтамыз.
Оларды бір-бірімен салыстыра келе, В.С.Соловьев бірінші орынға мистикалық, екіншіге - психикалық, соңына - физикалық тәжірибені қояды.
Әрине, логикалық дуниетанымның өз орны бар, бірақ, ол танылатын құбылыстың идеясына жете алмайды. Ол ушін интеллектуалдық интуиция (ой аңлауы) қажет. Дегенмен логикалық таным мен интуиция бізді болмыстың ең терең құпия сырларына жеткізе алмайды. Ол үшін - шектелгеннің ар жағына, трансцендентікке өту - ерекше таным қабілетін қажет қылады. Оны ол шабыт, эрос, экстаз деген ұғымдармен береді. Сонымен өзінің танымдық көзқарастарында В.С.Соловьев ғылым, философия, діннің бірлігінің қажеттігін көрсеткісі келді
9-bilet
Ибн – Рушдтың ақиқаттың екі жақтылығы туралы ілімінің мәні.Ибн Рушдтың “қос ақиқат” ілімі. Ибн Рушд Мұхаммед (1126-1198 жж) Кордово халифатытұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. «Қос ақиқат» идеясының нег.мәні ф.лық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат пен саналатын кейбір құбылыстар ф.да жалған болып есептелуі мүмкін. Сол сияқты ф.ғы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының нег.мақсаты ф.ны діннің шармауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру. Ибн рушд ақыл парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың ф.лық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. "Қос ақиқат" принципінің баяндалуы небәрі ақыл-парасатқа (философияға) діндар қоғамда тірі қалуы үшін мүмкіндік беретін "казуистикалық айла" ретінде шектен тыс оңайлату болса керек. "Қос ақиқат" теориясы ортағасырлық мәдениеті әлемін екі дербес алаңға – рационалды пайымдау (философия мен ғылым) алаңы мен діни сырлар алаңына – дифференциялаудың көрінісі болып табылды."Қос ақиқат" теориясы гносеологиялық принцип ретінде кез келген ақиқаттыңкеңмәтінділігін көрсетті. Оның үстіне ақиқатты пайымдаудың кеңмәтіні ретінде бұлжағдайда конвенциалистердің жаңа буржуазиялық философияда жариялағанындай, қандай да бір ғылыми теория емес, тұтас алғандағы мәдениет әлемі сипатталады.(Негізінде, орта ғасырда өмір сүрген адам үшін бұл әлем дуалистік болды, бірақ бұған қарамастан, "ақиқат кеңмәтінді" ол үшін бөлек ғылым емес, тіпті бөлек теория да емес).Осылайша, "қос ақиқат" принципі символикалық ақыл-ойдың ұстыны болып табылады,өйткені дәл осы символ пайымдау кеңмәтінін, символ мен заттың арақатынасы кеңмәтінінбілдіреді. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.
2. Халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері. Қазақтың халық шығармашылығындағы қазақ философиясының қалыптасу екі кезеңнен тұрады.Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған.Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады. Асан Қайғы қазақ этносын әрі мемлекетін қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып ұлттық мемлекет құру идеясы болатын. Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттайды.Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Асан Қайғыдан басталған жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет жойылғанша болды. Хандық жойылған соң жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары көшпелі болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты бола тұра, терең мағыналы философиялық ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушылардың бірі – Шалкиіз жырау шығармасында философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ дептұжырымдайды. 18 ғасыр жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі хакімдік діни философияны теріске шығармаған. Мыс, Қожа Ахмет Йасауидің сопылық ілімі ұлттық ойлау мәдениетіне нық еніп, оның қалыптасуының бір рухани негізі болды. Қазақ тіліндегі ақыл, парасат, тәуба, қанағат, шүкіршілік, хал, амал, сыр, шапағат, т.б. көптеген сөздер – сопылық дүниетанымның ұғымдары мен түсініктері. Ерлік философиясы Махамбет Өтемісұлы жырларында өз жалғасын тапты. Шығыс поэзиясының, сопылықтың ықпалы және төл түсініктер негізінде қалыптасқан ғашықтық философиясына қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебек», «Қалқаман – Мамыр», т.б. жырларға негізгі өзек болды. Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан кейін жүз жылға созылған Зар заман дәуірінің ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) халықтың басына түскен отаршылдық нәубетін сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Ш.Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтқан. Уәлиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейді. Ол қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние: күн, ай, жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді.
3.В.С.Соловьевтің діни-философиялық идеялары. В.С.Соловьевтің философиясыньщ негізгі идеясы - дүниедегі бәрінін бірлігі. Ол оны славянофилдер сияқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық, яғни онтологиялык мән-мағына береді. Оның ойынша, болмыс, өмір сүргеннің бәрі - бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге, жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде Құдай жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ В.С. Соловьев Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды деген пікір айтады. Оныңойынша, Ол - «ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары», «дүниеде іс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш» т.с.с.
Бізді айнала қоршаған жағалай ортаны кемеліне келіп, еш мінсіз жаратылған дүние деп айтуға болмайды. Оның негізгі себебі - Құдай - Абсолюттің өзінің іштей қайшылығы. Дүниедегі барлығын қамту үшін көптік қажет. Сондықтан алғашқы «ғарыштық зерде» сан алуан мән-мағынаға бөлініп, Аристотельдің терминімен айтсақ, әртүрлі заттардың энтелехиясын, яғни ішкі мақсатқа лайықтылық дамуын қамтамасыз етеді. Ал дүниедегінің бәрін біріктіріп, рухани күш-қуат беретін «дүниежүзілік жан-дүние», яғни София, ал оның өзі - Құдайдың эманациясының туындысы. Сонымен Құдай, Дүние және Адамзат Софияның дәнекерлігі арқылы бірлікке негізделген қарым-қатынаста.
В.С.Соловьевтің дүниетаным тұжырымдары
Өзінің дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев «біртұтастық білім» алу жолын құптады. Ол үшін сезімдік тәжірибе мен рационалдық ойлауды сеніммен ұштастыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, ақиқаттың үш түрі бар: материалдық, формальдық, абсолюттік. Олар ғылым, философия, діннің шеңберінде қалыптасады. Ақиқаттың ең жоғарғы түрі, абсолюттік білімді тек қана дін, теология бере алады. Оны ол мистицизм дейді.
Эмпиризм, яғни тәжірибелік жолмен ашылатын білім, материалдық дуниені танып-білуге бағышталған. Рационализм өзінін формальдық табиғатының арқасында барлық білімді біріктіретін дәнекерлік күшке айналады.
В.С.Соловьев таным процесінде тәжірибеге көп көңіл бөледі. Ал оның өзі екіге - ішкі және сыртқы тәжірибеге бөлінеді.
Сыртқы тәжірибеге келер болсақ, ол айнала қоршаған ортадағы заттардың біздің түйсіктерімізге тигізетін ықпалынан пайда болады.Ішкі тәжірибені В.С.Соловьев екіге бөледі: олар психикалық және мистикалық. Психикалық тәжірибеге біз өз табиғатымыздың бой көрсетуінен шығатын құбылыстарды жатқызамыз.Мистикалық тәжірибе деп біздің жан-дүниеміздің ар жағында жатқан, өзінің бізге тигізетін ықпалымен бізді жоғарыға көтеретін, ішкі рухани еріктікті тудыратын құбылысты айтамыз.Оларды бір-бірімен салыстыра келе, В.С.Соловьев бірінші орынға мистикалық, екіншіге - психикалық, соңына - физикалық тәжірибені қояды.
Әрине, логикалық дуниетанымның өз орны бар, бірақ, ол танылатын құбылыстың идеясына жете алмайды. Ол ушін интеллектуалдық интуиция (ой аңлауы) қажет. Дегенмен логикалық таным мен интуиция бізді болмыстың ең терең құпия сырларына жеткізе алмайды. Ол үшін - шектелгеннің ар жағына, трансцендентікке өту - ерекше таным қабілетін қажет қылады. Оны ол шабыт, эрос, экстаз деген ұғымдармен береді. Сонымен өзінің танымдық көзқарастарында В.С.Соловьев ғылым, философия, діннің бірлігінің қажеттігін көрсеткісі келді.
10-bilet
1. Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының "антропоцентризм" және "пантеизм" ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз ( Л. Д. Винчи, Н. Кузанский, Г. Галилей т.б.) Галиллей Галилео (1564-1642 жж.) – итальяндық ойшыл, классикалық механиканың негізін салушы, астроном, математик, физик, жаңа механикалық натурфилософияның бастаушысы. Ол жаратылыстану мен философияның ара жік шектеулерін алғаш рет ажыратты. Негізгі шығармалары: «Жұлдызды хабаршы», «Күн дақтары туралы», «Кастеллиге хат», «Әңгімелер және жаңа екі ғылым саласына қатысты математикалық дәлелдеулер» т.б. Галиллей: Айдағы таулар мен кратерлер, жұлдыздардың көлемі мен олардың алып қашықтығы Күн бетіндегі дақтар, Юпитердің 4 серігі, Сатурнның сақинасы, Құс жолының жеке жұлдыздардың шоғыры екендігі сияқты маңызды астрономиялық жаңалықтардың ашылуына себепші болды. «Әлемнің екі маңызды жүйесі жөніндегі сұхбат – птолемейлік және коперниктік» деп аталатын еңбегі жарыққа шықаннан кейін коперникшілдігі үшін инквизиция сотына түсті, сондықтан бұл теориядан бас тартуға мәжбүр болды. Содан соң инерция идеясы, дененің еркін құлауы, қозғалыстың салыстырмалылығы қағидасы т.б. жаңалықтар аша отырып, классикалық динамиканың негізін салды. Сайып келгенде, Галиллейдің дүниетанымында әлемнің объективті өмір сүретіндігі, шексіздігі мен мәңгілігі туралы ой қозғалып, ол құдайлық алғашқы қозғаушы түрткіні мойындайды. Табиғатта ешнәрсе пайда болмайды және жойылмайды, тек денелердің өзара орналасуы мен олардың бөліктерінің қозғалысы ғана жүзеге асып отырады.Пантеизм догматтық, діни дүниетанымнан табиғатты ғылыми тұрғыдан түсінудің жаңа формасы болды. Қайта Өрлеу дәуірінің ғалымдары бірінші орынға тәжірбиені, зерттеудік эксперименталды әдісін қойды. Натурфилософияны дамытқандар: Д. Бруно, Б. Телезио, Н. Кузанский, М. Монтень, Н. Коперник, Г. Галилей, Леонардо да Винчи.Ерте Қайта Өрлеу дәуіріне тән сипат христиандық діни ілімді антикалық «бұтқатабынушылық» философиялық ойлармен толықтырғысы келді.Сонымен, итальян гуманистері 14ғ.алғаш рет антропоцентризм философиялық принципін шығарды, адамды тек табиғатпен жақындастырып қойған жоқ, оны Құдай ұғымымен де сәйкестендірлі. Олар үшін адам жан-жақты дамыған, әрекетшіл, Құдаймен тең, дүниенің, адамгершілік идеалдың кіндігі, орталығы. Қайта өрлеу дәуірінің пантеистік философиясының негізін салған италян философы Николай Кузанский (1401-1464) математика және жаратылыстану ғылымдарымен шұғылданған. Құдай мен дүние арақатынастарын қарастырып, теологияны жоққа шығарды. Құдай шексіз тіршіллік иесі, абсолютті максимум, Құдай әлеммен өлшенбейді, сондықтан ол абсолютті принципиалды түрде танылмайды.Егер құдай шексіз болса, яғни абсалютті максимум болса, соңы жоқ болса, онда сонда мағынада одан ажырамас абсолютті минимум да болады. бұндай сәйкестіктен мына қоытындыны шығаруға болады, Құдай барлығында әлемді құдайдан тыс қарау шартсыз, екіншіден, Құдай себеп пен салдардың, жаратқанның және жаратылғанның бірлігі; үшіншіден көрініетін заттар мен Құдайдың мәні бір-біріне сәйкес, бұл әлемнің бірлікте екендігінің дәлелі.
Н. Кузанский философиясында адам туралы ілімге көп көңіл бөлген. Ол креационизма сияқты христиандық идеялардан бас тартты, адамды өзінше микрокосм ретінде, табиғат перзенті ретінде қарастырған антикалық идеяларға қайта оралды. Сөйтіп, Кузанский микрокосмды құдайлық мәнмен байланыстыруға тырысты. Ол мынандай тұжырымдарға келді: кіші әлем, адам, тек өндірмейді, көпжақты табиғат әлемін өзіне бағындырады, максимальды әлем – Құдаймен тең.
Кузанскийдегі адамның әулиелігі ұғымын адамның шығармашылық мәнін түсіндіру үшін қолданды. Егер жаратушы абсолют Құдай болса, онда адам Құдайға ұқсас, абсолют болып табылады, ол шығармашылық бастау, яғни, толықтай ерік бостандығына ие.
Қайта Өрлеу дәуірінің және Жаңа заманның көптеген философтары сияқты Кузанскийдің танымының мақсаты схоластикалық сенімді жою болды.Кузанскийдің ойынша, адам микрокосм ретінде, табиғатты танып білуге табиғи мүмкіндіктерге ие. оның танымдық мүмкіндіктері әулие, шығармашыл ақылының арқасында жүзеге асады. Ақыл индивидуалды, адамдардың түрлі тәндік құрылымымен шарттанған.Николая Кузанскийдің философиялық көзқарастары қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиялық ойына көп ықпал жасады.
Николай Кузанский (1401-1464 ж.ж.) – схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасапа шығарады, онда құдайдың қарама-қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, ой-сана тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігі уағыздалды. Барлық қарама-қарсылықтар Құдайға келіп тіреледі: шектілік пен шексіздік, ергежейлімен алып, жалпы мен жалпы тағы басқада құбылыстар. Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән қарама-қарсылықтардың құдайға әкеп тірейтіндігі туралы мистикалық – идеялық мазмұнына қарамастан, алдыңғы қатарлы идеяларды да бойына сіңірді.
2. Шәкәрімнін философиялық – діни көзқарастарының мәні. Қазақтың рухани мәдениеті мен зор үлес қосқан ойшылдардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген құбылыс. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» аталатын еңбектерін, поэзиясын гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Шәкәрімнің философиялық ойларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл – ой ізденістері, талғамды тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды ғылым – білім, өнерге баулуды мұрат тұтты.Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан – сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, барлығын жоққа шығартып пессимист болған емес. Шәкәрім көбінесе рационализмге, деизмге бейім болды. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім – ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсінуге болды. Шәкәрімнің лирикалық шығармаларының басты бір ерекшелігі ойшыл, философ болуына байланысты. Оның лирикасында көңіл күйі, ішкі сезім әсерлері, махаббат тақырыбы да елеулі орын алған. Алайда, Шәкәрім лирикасында сыршылдықтан ойшылдық басым, философиялық сарын күшті. Шәкәрімнің ойшылдығының, ақындығына тән фәлсафашылдығының сыры не десек, бұл алдымен, әрине оның ойының керемет логикалық қуаттылығынан туған. Сонымен қатар ол көп ізденіп, өте көп оқыған. Қазақтың белгілі ақын, жыршы – жырауларымен қатар арғы – бергі түрік ақындарының, шайырларының, араб, парсы, орыс және Батыс ақындарының шығармаларын өте жақсы білген. Тарих, философия, дінтану, психология, шығыстану, түріктану, салаларындағы түрік тіліндегі, орыс тіліндегі, араб тіліндегі ғылыми еңбектерді ұзақ жылдар жалықпай оқып, қыруар мағлұмат жиған, жан – жақты энциклопедиялық білімі бар ғұлама оқымысты, дана адам болған.Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның ақыл парасатына айрықша зор мән береді. Ол адамның сезу, сезіну, дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, әсерленгіштік қабілет пен не нәрсенің болсын ішкі сырын көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін нәрселердің қасиет – сипаттарын, оймен, ақылмен, логиканың күшімен танып – білу қабілетінің арасын ажыратып, болмыстың, дүниетану мен моральдың негізгі ақылы деп санайды. Ақыл, парасатты ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ–қараны айыра білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, «ақылмен сыналмаған іс болдырмау» деп түйіндейді.Дүниетанымның, ғылымның да негізгі тірегі - ақыл–ой, ойлау қабілеттілігінің қуаттылығы, ой – тұжырымдарының логикалық қисындылығы деп санайды. Бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану.Шәкәрім ойлау, ойлану деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір – болмыстың, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын ақылмен сынап, ұғып – түсіну мағынасында алып қарайды.Шәкәрімнің дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің, тіршіліктің мәні мен сыры, жан мен тән секілді мәселелерді ғылыми ұғым түсініктермен ұштастыра толғайтын философиялық өлеңдері өз алдына бір тақырыптық арна болып қалыптасты. Ақынның діншілдігі, жаратушы Аллаға сенімі, оның ойшылдығымен жалғасып, дүниеге көзқарасындағы бірлік – біртұтастықты танытады. Шәкәрім дүниедегі «сансыз кереметті кім жаратса – тәуірі сол» дейді. Тәңіріні іздеу, жаратқан Аллаға сену – ақиқатты іздеу, сол арқылы «ең түпкі жаратушы – мінсіз ие» деп түйіндеуінен айқын аңғара аламыз. «Тау бойындағы ой» деген өлеңінде дөңгеленген жердің күнді айналып жүретінін көзбен көру арқылы емес, ойлау, топшылау арқылы анықталған дегенді айтады. «Ей, жастар, қалай десек, бұл дүние» деген және басқа да өлеңінде Шәкәрім дүниеде таңқаларлық және өте көп, алайда бәрінде де заңдылық, қисын бар деген пікір айта келіп, «себебі тойымдының ісі толық» дейді. Яғни, бұдан дүниенің кереметтігі шексіз болса, жаратушының құдіреті те шексіз деген мағына туады. Шәкәрімнің философиялық өлеңдері ой тереңдігі, пікір сынылығымен, танымдық және моральдық адамгершілік мәселелерін ұштастыра, білуімен оқымысты ақынның өнерпаздық тұлғасына сай интелектуалдық сипат алған. Шәкәрім философиясының негізгі өзегі - адам. «Адамның мәні – оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді. Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын «Үш анық» трактатынан көруге болады, ол зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. «Үш анық» қазақ халқының тарихи тағдырына үлкен өзгеріс әкелген жылдары жазылған. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік соғыс, ақпан, қазан революциялары және тағы да басқа оқиғалар қазақ жеріне көп әсерін тигізді. Осы жағдайлар Шәкәрімді немқұрайлы тыныштыққа қалдыра алмайды. Халқы туралы толғаным болашағы ойшылды қиналдырып, осы тоқыраудан шығу жолына итермеледі. Өмірдің мәні не? – деген сұрақпен ол көне ойшылдарға сонымен қоса жаңа дәуірдің діни және философиялық әдебиеттерінен ізденіп, өзінің философиялық ойының тереңдігін көрсетеді.Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан, совесть орысша айтқанда совесть бар» дейді. Шәкәрім ар – ұждағы адамгершілік этикалық жағынан ғана емес, оны философиялық категория, әлем құрылымының негізгі болатын субстанция ретінде жоғары қарастырған.Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші – мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді. Үшіншісі – жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады.
3. Жасанды интеллектің мәселелесіне көзқарасыңыз Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін (имитирующий) программалық жүйе.Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау процесін зерттеу қажет және осы процестің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп , оларды компьютерде іске асыратын программалық жабдықтарды жасау қажет.Адам іс-әрекетінің негізінде ойлау қабілеті жатады.Адам ойлау процесінің соңғы нәтижесі мақсат деп аталады.Әдетте барлық белгілі фактілерді қолдану ережесі негізінде мақсатқа жетеміз.
11-bilet
1.Философиялық дүниетанымның мифология мен діннен айырмашылығы.Дүниеге көзқарас – объективті дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар. Философия – (грекше филео-махаббат, құштарлық; софия - даналық) – қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.
Миф–бұл: 1) Қоғамдық сана, қоғамның қарапайым рухани формасы; 2) Бастапқы білім, сенімнің элементтері, саяси көзқарастар, өнердің әр-түрлі түрлері мен өзіндік философияға байланысқан адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы формасы. 3) Сол дәуірдегі дүниені қабылдау және дүниені түсіндірудің сананың ортақ синкретикалық формасы. Дін (Теоцентризм) – дүниетанымның тарихи, әлеуметтік және психологиялық негізделген типі. Оның негізінде дүниеге қөзқарастың қоғамдық-тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешу және «о дүниелік» күшке деген сенім жатар. Философия дүниетанымның рефлексивті типіне жатады. Адамның бұл өмірдегі орны мен дүниеге көзқарасы жайлы ойлаулардан тұрады. Өзінің ойлауына, өзінің санасына, ішкі жан дүниесіне сырттай қараған көзқарас – философиялық сананың бір қыры.
2. Абай мен Шәкәрімнің философиялық көзқарастарын салыстырыңыз.Абай Құнанбаев (1845-1904) өткен замандардың кемеңгер ойшылдарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, олар арқылы қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге сол кездегі қазақ қоғамын толғандырған әлеуметтік-философиялық мәселелерге жауап беруге ұмтылған. Абай философиясының
- дүниенің объективтілік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, өзгеріп отырады деп таниды „Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел. ... ".
- Философиялық антропологиясында адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, оның бойындағы асыл қасиеттерге былай сипат береді: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
- этика тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көңіл аударады. «Иман» термині қазақ санасына мұсылманшылық арқылы енген. Ол барлылық, білімділіктің синонимі болып табылады. «Ұят кімде болса иман сонда», «Адам баласына адам баласының бәрі дос» дейді. Мына дүниенің шолақтығын біле тұра бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсеқызарлық, жалауыздық адам жанына берері шамалы деп тұжірімдайды.
- Ағартушылық идеясы басым болған Абай нағыз адам болуды ұрпаққа өсиет еткен.
Ұлы Абайдың жолын қуған Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.). Шәкәрімнің дүниетанымына Абай ықпалы зор болды. Бес жасынан бастап өз бетінше сауат ашып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін үйреніп, Батыс және Шығыс философиясымен, әдебиетімен танысты.
Шәкәрім философиясының өзекті жақтары:
- онтологиялық көзқарастарында деизм бағытын ұстанды. «Тіршілік, жан туралы өлеңінде болмыс өзгерісте болатындығын, оны өгеріске келтіретін қозғалыс екендігі, ал сол қозғалыстың өзінің тіпкі мәні болатындығын айтады. Түпкі мән тек қозғалысты тудырып, әрі қарай еш нәрсеге араласпайтындығын, сондықтан ол ешбір өгеріссіз қалатындығын тұжырымдады.
- жан мен тән арақатынасы мәселесінде, жанды алғашқы, ал тәнді екінші ретте санап, жанның қасиеті ақыл-парасатта, сондықтан жан тәнді билейді деп идеалистік бағытты ұстанды.
- таным мәселесінде, қоршаған дүнені тануда таным процессінің сезімдік және рационалды деңгейлерден өтетіндігін, танымның негізі ақиқатта, сол ақиқатқа жету жолында қажырлылық танытуды ескертті.
- Шәкәрімнің этикалық, ағартушылық көзқарастары негізінде «Үш анық» концепциясы қалыптасып, рухани ізденістерінің аумағы айқындалды.
- Алғашқы ақиқат – діни анықтықтың дәлелі дүниенің бір заңдылыққа сүйеніп дамитындығы мен ондағы кездейсоқтықтың болмайтындығы. Яғни, ойшыл бұндай заңдылық пен үйлесімділіктің түпкі тамырында Құдай жатыр.
- Екінші ақиқат – ғылым ақиқаты, жанмен, оның ажалсыздығымен байланысты ақыл-ойды алды. Шәкәрімде жанның мәңгілігі рухпен айқындалмайды, оның түсінігіндегі рух ақыл-ой қасиеті.
- Ал жанның азығы ретінде үшінші ақиқат ретінде ұжданды көрсетті. Ұждан – адамның ішкі рухани әлемі, онсыз адам жаннын елестету де мүмкін емес. Ұждан жанның азығы ретінде, адамның адамдығы мен адамгершілік қасиеттерінің негізі, қоғамдық дамудың көзі. Шәкәрім ар ілімімен қоғамдық дамытудың негізі мен оның дамуының жолын көрсетіп берді. Қоғамдағы әрбір адамның ары мен ұятын оятып, оны жетілдіру арқылы мүмкін екендігін айқындады. Адамның ішкі дүниесін жетілдіруді ұсынған ойшыл, ағартушы ретінде өзіндік ерекше жолды нұсқады. Оның нұсқаған жолы ар ілімінде көрсетілгендей адамды ең басты құндылық ретінде тану болып табылады. Ойшылдың бұл ойы бүгінгі күннің де мәнді мәселесі екендігі анық. Осы тұрғыда ойшылдың ілімінің құндылығы адамның өзін-өзі тәрбиелеу, мүмкіндіктерін тек жағымды жағдайларға пайдалану, адам деген атқа сай өмір сүру, өзін-өзі жетілдіру, білім мен еңбек арқылы дүниенің кілтіне ие болатындығы туралы ойларынан көрінеді.
