Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломная работа Галия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
295.97 Кб
Скачать

1.2. Қызылшаға қарсы ревакциялаудың тиімділігі

Қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы вакцинация. Қызылша жұқпасының таралуын болдырмау мақсатында сырқатқа көп шалдығатын тұрғындар арасында қосымша иммундау жүргізу қажет. Эпидемиологиялық қолайсыздықты және сырқаттанғандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сондай – ақ сырқаттың ары қарай таралуын болдырмау мақсатында 15-19 жас аралығындағы тұрғындарға қосымша иммундау жүргізу үшін қызылшаға қарсы вакцина сатып алынды. Қосымша иммундау аталған жастағы топқа ағымды жылдың ақпан айында басталған. 20.02.2015 ж. мәлімет бойынша егілуге жататын 83 497 адамның (15-19 жас аралығындағы ересектер) 34486 (41,3%) иммундаумен қамтылды. Екпеден кейінгі әсерлер мен асқынулар тіркелген жоқ. 19.02.2015 ж. мәліметке сәйкес республика бойынша 525 396 адам иммундаумен қамтылды, қауіпті екпеден кейінгі қолайсыз әсерлер тіркелген жоқ. Қызылшаға қарсы иммундаудан кейін кейбір облыстарда «Екпеден кейінгі әсер?» нақтамасымен басының ауыруы, бас айналуы, жүрек айну, ішінің өтуі шағымдармен жасөспірімдер ауруханаға жатқызылды. Ертеңіне ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылған. Ауруханаға жатқызылған екпеге күмәнділердің клиникалық белгілері қызылша вакцинасы салынғаннан кейінгі асқыну әсерлеріне тән емес, Екпе салғанға қалыпты 1-2 күнде әсерлер болуы тиіс, олар дене қызуының көтерілуі, екпе салынған жердің ауырсынуы, бас ауруы, жүрек айнуы. Қызылшаға қарсы вакцина енгізілгеннен кейін ерекше әсерлер өте сирек кездеседі: 1000 000 екпеге/1 энцефалит, 40 000екпеге/1 тромбоцитопения. Ғылыми түрде дәлелденген әдеби мәліметтерге сәйкес тірі екпеден кейінгі әсерлер қызылшаға қарсы вакцинадан кейін 4 тен 12 күн ішінде пайда болады, асқынусыз өтеді. Қызылшаға қарсы жоспарлы екпе 1-6 жаста жүргізіледі. Жыл сайын жоспарлы екпемен иммундауға жататын балалар 95% төмен қамтылмайды. Бірақ жыл сайын әр – түрлі себептерге байланысты (екпеден бас тарту, медициналық қарсы көрсетілімдер, тұрғындардың көшіп – қонуы және басқа себептер) 5%-ға жуық тұрғын иммундаумен қамтылмай қалады. Жылдан жылға қызылшаға қабылдағыштығы жоғары, сырқаттанушылықтың таралуына әсерін тигізетін, иммундаумен қамтылмаған тұрғын саны да көбейе береді, себебі бірінші кезекте иммундаумен қамтылмаған адамдар сырқатты қабылдағыш келеді. Соңғы рет қосымша иммундау науқаны республика бойынша 2005 – 2006 жылдар аралығында өткізілді, нәтижесінде қызылша сырқаттанушылығының көрсеткіші жүз есеге төмендеді (16 мыңнан 13 жағдайға дейін). Соңғы иммундау науқанынан 10 жыл өткен, сол аралықта иммундаумен қамтылмаған тұрғындар саны көбейді. Қызылшаға қарсы вакцина Үндістанда шығарылған, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған және әлемнің 45 елінде қолданылады. Сонымен қатар осы вакцина шығарылған жерден жыл сайын қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы, құтырмаға қарсы вакциналар сатылып алынады және сәтті асқынусыз қолданылады. Қызылшаға қарсы иммундаудан кейін басқа облыстарда қолайсыз белгілердің тіркелуіне байланысты Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 02.03.2015ж. №5 «Қазақстан Республикасында 15 жастан бастап 19 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундауды тоқтата тұруды ұзерту туралы» қаулысы шығарылды, тоқтата тұру қаулысына сәйкес 15 жастан бастап 19 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау 2015 жылдың 4-ші мамырына дейін тоқтатылды («Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники» орталығынан вакцина сапасы бойынша сараптау қорытындысын, иммундаудан кейінгі қолайсыз белгілердің пайда болу себебін анықтау және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эксперттерінің қорытындысын алғанға дейін). Алдын алу шараларының кешені ретінде профилактика көптеген аурулардың пайда болуына жол бермейді. Бірқатар кеселдерден вакциналау арқылы қорғануға болады. Бұл жағдайдағы ең бастысы – қай кезде қандай екпелерді салу керектігін білу. Екпелердің дүркінділігі, ықтимал жанама әсерлер және екпелерден бас тарту кезіндегі қауіп туралы осы материалдан біле аласыздар. Ең әуелі белгілі бір тұрғындар тобына (төменде көрсетілген) арналған міндетті екпелердің барлығының жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен тегін салынатынын білгеніңіз жөн. [17,23,30] Қызылша 35- жылдан асқан вакцинация тарихына қарамастан, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде тек дамушы мемлекеттерде ғана емыс, сонымен қатар кейбір дамыған елдерде өзекті мәселе болып қалуда. Қызылша тұрғындардың жалпы инфекционнодық аурулары ішінде бірінші орынды алады. ДДҰ –дың мәліметтері бойынша жылына қызылшамен 38 млны аурады және 800 мыңға жақын балалар өледі, олардан көбі сәбилер. Нигерия, Индия, Пакистан, Индонезияда қызылшадан өлім-жетімді азайту денсаулық сақтау ұйымының алдында негізгі қызметі. 2005 және 2006 жылы кең көлемді қызылшадан аурудың жайылуы тіркелді: Армения - 4061 жағдай, Азербайджан - > 1200 жағдай 2005 жылда, Грузия - 8384 жағдай 2004-2005жж., Казахстан - > 15000 жағдай 2005ж., Румыния - 3392 жағдай 2005г. және > 1800 2006ж., 8 өлім, Узбекистан - > 1500 жағдай 2005г., Украина - > 2400 жағдай 2005г. және 2006 ж қаңтар және тамыз айларында 43055 қызылша жағдайлары тіркелген.,4 өліммен аяқталды.ДДҰ хабарлауынша Европа аймақтарында қызылшадан тіркелген жағдайлар саны:

-2004 жылы-29503;

-2005 жылы -27368;

-2006 жылы - 86% жағдай - Украинада.

Сонымен қоса балалық шақтағы қызылша, эпидемиялық паротит сияқты панкреатиттың дамуына әкеледі, асқынуынан инсулинге тәуелді қант диабетке әкеледі. Қызылшаның негізгі өлім себебі пневмония, қызылша крупа, диареи, тамақтануының бұзылысы асқыну зардаптарынан дамиды. Қызылша және эпидемиялық паротите миыдың зақымдалуы (серозды менингит, менингоэнцефалит),соны мен қоса соқырлық және естімеушілік мөгедектікке алып келеді. Эпидемиялық паротите орхиттар және оофориттар асқынуымен бедеулік, миокардит ж,т,б асқынулар мен бейнеленген.1990жыл Дүние жүзілік конференцияда екі үлкен глобальды мәселе анықталды, 1995 жыл ғы мақсат қатаң түрде қызылшамен аурушаңдылықты төмендету вакцинопрофилактика негізінде, 95% қызылшадан өлімді (1990 ж өлім денгейінен ) және 90 % қызылшадан аурушаңдылықты төмендету. Екі мәселеде қызылшамен аурушаңдылық және өлім ДДҰ-ның кең көлемді иммунизация программасының алдында болды. Бұл мәселелер қызылшаның глобальді ликвидациясына жету үшін тездетілген жоспар есебінде қаралды. РПИ ДДҰ сол уақыттың өзіндеде , қосымша мәселелер қағидасы:

-қызылшаға қарсы бір жасқа дейінгі балаларға 90% аз емес иммунизация жүргізу мемлекет, аймақ және аудан денгейінде.

- бұкіл мемлекеттерде 1% аз емес қызылшадан өлімді төмендету.

Сондада осы мақсаттардың біреуінде глобальді масштабта жетістікке жетпеді тек 1995ж емес, 2000ж сондада, вакцинация арқылы қызылшаның аурушаңдылық және өлімін тез төмендеуіне қол жеткізілді. 1994ж өзінде өлім-жетім барлық әлемде 85% төмендеді және аурушаңдылық 80% жетті. 1995ж желтоқсанында ДДҰ өкілі-2/3 мемлекеттерінде аурушаңдылық 90% төмендеді және барлық мемлеттерден жартысында өлім-жетім 95% дей түсті. Бірақ глобальді цифр жеке аймаққа және мемлекетке келгенде максималді денгейге жетеді. ДДҰ –дың Оңтістік-Шығыс аймағында 2 мемлекет және Африка аймағында 5 мемлекетте 90% қызылшамен ауырғандарды төмендетті.1990 жылда қойылған мақсатқа жеткен ДДҰ аймағындағы Америка континенті болды.Осы аймақтың барлық мемлекеттерінде қызылшамен аурушаңдылық және өлім-жетім көрсетілген денгейден жоғары болды. Осыдан ДДҰ америка аймағының бүкіл мемлекеттеріне қызылшаның элиминациясы алдында атқаратын мәселе болып қойылды.Негізінде 90% балаларды екпемен қамтамасыз еткенде қызылшамен ауыршаңдық пен өлім саны түбірімен тез төмендейді, бірақ кейін 4-5 жылдық интервациялық ошақтар пайда болып отырады; бірақ ол өз жағдайына қарай шектеулі болады. Сонымен қоса ауырғандардың белгілі бір мөлшерін осыдан ертеректеу егілгендер қамтиды. Бұлардың бір себептері болып:

А)арнайы антидененің болуына қарамастан екпелік иммунитетті жеңетін қызылшаның жоғары контагиозды табиғаты.

Б) Екпенің толық жеткіліксіздігіне әкелетін иммунизация программасының дефектісі немесе екпе кезіндегі қателіктер.

В) Көріністегі сірлі конверсияның болмауы немесе толықтай жеткілісіз екпе дәрілерді қолдану немесе науқастардың толеранттылығы.

Г) Вирустың имунды тұлғалармен берілуі немесе егілген популяциядағы асимптомдық жағдайлардың кездесуі.

1991 жылы Панамерикандық санитарлы конференция 2000 жылғы Американдық континентте қызылшаның элиминациясына шарт қойды. Осыған ұқсас жерорта теңізінің шығыс аймағында р 2007 жылға элиминация шартын анықтады. Европалық регион қызылшаны 2010 жылға элиминирлеуге жоспар құрды. Қызылшаның глобальды эрадикациясын 2010-2020 ж.ж. іске асыруға ұсынылды, 21 ғасырдың «Здоровье для всех» программа шарты ретінде.Ресей Федерациясындағы эпидемиялық паротит пен қызылшаға эпидемиолгиялық ахуал соңғы жылдары ауру көрсеткіштерінің төмендеуімен және тұрақтылығымен сипатталады. Дәл сол уақытта региондардағы аурашаңдық көрсеткішінің қамтуы аса үлкен.Көрсеткішке дейін қызылшаның болмауы (2005 жылғы қорытынды бойынша 47 регионда қызылшаның тіркелмеген.), 3,29 дың 100 мың адам санына тең көрсеткішіне дейін (Новосибирск 2005 жыл). Эпидемиялық паротитпен ауыру дәрежесі вариациясының үлкен көріністі (Шешен Республикасының Хабаровск аймағындағы 0,14 тен 100 мың адам санына шаққанда). Толықтыра келе 2005 жылғы Ресей Федерациясындағы эпидемиялық паротитпен ауыру көрсеткіші 2,12- нің 100 мың адамға сәйкес келіп тұр.Қызылша мен эпид.паротитті екпе профилактиканың ұзақ жүруі қос инфекцияның тұрақты төмендеуі декреттік жастағы баларды екпеме қамту аймағының үлкеюімен және эпид. көріністерге сай «тазалағыш» иммунизацияның жүргізілуіне шартталады. Ресейдің көп аймағындағы аурушаңдық спорадикалық дәрежеде, вакцинамен толық қамту (1996 жылдан 2005 жылға дейін орташа есеппен 68 пайыздан 98,6 пайызға дейін), және балаларды декреттік жастағы ревакцинациясымен (орташа есеппен 96,6 пайыз), жоғары эффективті тірі вакцинаның болуы мемлекеттегі қызылшаның ұлттық программасын жасауға мүмкіндік берді.Программаның мақсаты болып Ресей Федерациясындағы қызылшаның 2007 жылға ликвидациясы мен территория сертификациясы, 2010 жылдары осы инфекциядан бостары.Қызылша ликвидациясының ұлттық программасына жасалатын іс шарала үш этаптан тұрады:

Бірінші этап (2002-2004 ж.ж.) Ресей территориясының барлық аумағындағы спорадикалық дәрежедегі қызылшамен аурушаңдық көрсеткішінің әраумақтық тұрақтылығына жету.

Екінші этап (2005-2007 ж.ж.) – Ресейдегі қызылшалық инфекцияның толықтай тамырлануын болдырмауына жағдай жасау.

Үшінші этап (2008-2010 ж.ж.) - қызылшадан бос территориялардың сертификациясы.

1.Қызылша мен эпидемиялық паротит аурулары кезіндегі ретроспективті және оперативті анализ осы инфекциялардың эпидемиологиялық ұқсастығын ( механизм, қоздырғыштың берілу жолдары мен факторлары, мерзімділігі, жасқа байланысты өзгеру тенденциясы) анықтап, олардың осы инфекциялардың эпидемиялық процессінің бірыңғай тәсілдемелерін, соның ішінде вакцинопрофилактикаға негізделген бақылау жүйесін көрсетті.

2.Жүргізілген серрологиялық мониторинг кезіндегі қорытынды эпидемиологиялық паротит пен қызылшаның қауіп факторы жоғары аумақтар мен топтар арасында вакцинопрофилактика тактикасын өзгертіп, бақыламалы шешім қабылдауға мүмкіндік берді.

3.Мәскеу облысында миллиондаған тұрғындар арасында жүргізілген отандық қызылша-паротит вакцинасының эпидемиологиялық эффективтілігі мен қауіпсіздігі дәлелденді.

4.1999-2005 жылдары жүргізілген жұмыс барысындағы көрсеткіштер қызылша мен эпидемиялық паротиттің эпидемиологиялық процессінің аурушаңдылығы 0,26 және 2,57 ЮОмың тұрғынға төмендегенін көрсетті. Осы вирусты инфекцияның аурушаңдылық көрсеткіші Мәскеу облысы тұрғындарының поппуляциялық иммунитетімен корреляцияланып отырды.

5.Отандық АПКВ –ның қауіпсіздігі мен тиімділігі жайлы халық пен денсаулық сақтау ұйымдары арасында жүргізілген ақпараттық жұмыс арқасында, эпидемиологиялық паротит пен қызылшаға қарсы қарсы балалардың егілу көрсеткіші жоғарылады.

6.Ерте жастағы балалардың қан сарысуын зерттеу барысында өмірінің 1 жылындағы баланың қызылшадан 44% және эпидемиологиялық паротиттен 52% ғана қорғалғаны жайлы мәлімет репродуктивті жастағы әйелдердің вакцинациясының қажеттілігін көрсетті.

7.1998-2005 жылдары қызылшаға қарсы егілгендер мен егілмегендер арасында жүргізілген анализ облыстағы аурушаңдылықтың вакцинальды және ревакцинальды кезеңі 18 жастан асқан егілмеген адамдар көрсеткіші ұстап тұр.

8.Келешектегі қызылша мен паротиттің ликвидациясы мен аурушаңдылықтың төмендету бағдарламасының тиімді өтуі үшін келесілер қажет:

Декреттегі жастағы балалардың толық егілуі; 35 жасқа дейінгі адамдардың барлығының егілуі; қауіп топтарының-студенттер, әскери қызметкерлер, медициналық жұмыскерлер, мұғалімдер,мигранттар арасындағы вакцинациясы.2015 жылғы алғашқы шұғыл хабарлама бойынша қызылша ауруымен 208 жағдай тіркелді, сонын ішінде Қазыбек би ауданында 148 жағдай, 1000 адамға шаққандағы көрсеткіш-50,1( 14 жасқа дейінгі балалар арасында -64 жағдай, 1 жасқа дейінгі балалар-38),басқа аудандар бойынша -22 жағдай, КВША студенттері арасында-38 жағдай тіркелді. Жалпы сырқаттанушылық құрылымында балалардың үлесі - 43,2 % құрады, көрсеткіші - 114,5. Алғашқы шұғыл хабарлама бойынша , өткен жылмен салыстырғанда қызылша ауруымен сырқаттанушылық 3,6 есе ( 397 жағдайға) төмен көрсеткіш көрсетті. Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1,5 есеге (30 жағдай)төмендеді.Ұлттық референс- зертханалық диагностикасы қызылшаға күдік туғызған науқастардың қан сарысуы үлгілерін жалпы серологиялық тестілеу барысында 49 жағдай(1000 адамға көрсеткіш бойынша- 16,6) тіркелді. Cоның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар- 4 (көрсеткіш -7 1) . Жалпы сырқаттанушылық құрылымында балалардың үлесі болды - 8,2% . ­Зерттеу барысында, өткен жылымен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылық 5.4 есеге ( 40 жағдай) өскені анықталды, ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2 есеге (2 жағдай) өсті.

Алғашқы шұғыл хабарлама бойынша қызылшаны жасқа байланысты бөлінуі

барлығы

жылы

Өсуі немесе төмендеуі

2014

2015

1 жасқа дейін

35

38

3 жағдайға өсті

1-4 жасқа дейін

47

18

29 жағдайға төмендеді

5-9 жас

6

7

1 жағдайға өсті

10-14 жас

6

1

5 жағдайға төмендеді

14 жасқа дейін

94

64

30 жағдайға төмендеді

15-19 жас

169

23

146 жағдайға төмендеді

20-29 жас

169

32

137 жағдайға төмендеді

30 жастан жоғары

110

29

81 жағдайға төмендеді

Қорытынды:

545

148

397 жағдайға төмендеді