Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломная работа Галия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
295.97 Кб
Скачать

Тарау 1. Қызылша сырқаттылығы туралы түсінік

1.1. Жалпылай екпе салуда қызылшаның эпидемиологиялық ерекшеліктері

Қызылша (лат. Morbilli) — бұл өте жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмек керек. Қызылша- ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Ол аурумен балалар жиі ауырады, кейде ересектер арасында кездесіп, ауыр түрде өтеді. Көп адамдар қызылшаның бастапқы кезеңін тұмау, жедел респираторлық вирус инфекция ауруларымен, ал бөртпе шыққан кезеңде аллергиялық аурулармен шатастырады. Қызылша ауруын қоздырушы морбилливирустар. Ол науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауа арқылы жұғады. Қызылша тыныс жолдарының шырышты қабатының қабынуымен, улану белгілерімен, дене қызуының көтерілуі, коньюнктивит, катаральді белгілерімен сипатталады. Қызылшаның міндетті түрдегі белгісінің бірі - дақты-папулезді бөртпелер. Ол аурудың 3-ші және 4-ші күндері шығады. Аурудың клиникалық белгілері науқас адаммен қарым-қатынаста болған күннен бастап 7-13 күн аралығында көрініс бере бастайды. Бұл кезеңді инкубациялық, яғни жасырын кезең деп атайды. Одан кейін аурудың белгілері айқын білінеді. Ол үш кезеңнен тұрады: бастапқы кезеңі 3-5 күн, бөртпе шығу-3 күн, дақтану- 2 аптаға дейін созылады. Аурудың бастапқы кезеңінде науқастың дене қызуы көтеріліп, мұрыннан су ағады. Сонымен қатар коньюнктивит, қатты жөтел, круп синдромы дамуы мүмкін. Ұрттың шырышты қабатында қызыл жиекпен қоршалған ұсақ ақ дақтар шығады, ал таңдайында энантемалар пайда болады. Кішкентай балаларда іштің өтуі мүмкін. Ересек балаларда құсу ,мұрыннан қан кету және іші ауруы мүмкін. Ал бөртпе шығу кезеңінде дене қызуы қайтадан жоғары сандарға көтеріледі. Бөртпе тері жабындысының өзгермеген бетіне шығып, өте көп болады немесе кейде, керісінше, аз мөлшерде әр жерде орналасуы мүмкін. Бөртпелер кезек-кезек: 1-ші күні бетіне, мойнына, 2-ші күні – денесіне, 3-ші күні аяқ – қолдарына шығады. Бөртпелердің кезек бойынша шығуы – қызылшаның маңызды диагностикалық көрінісі болып табылады. 3-4 күннен бастап бөртпелер қоңырланады, сонан соң дақтар қалады, дене қызуы басталады. Дақтар 1-1,5 апта бойы сақталады. Кейбір егу жүргізілген балаларда бөртпелер аз шығып , ауру жеңіл түрінде өтеді және жылдам жазылады. [55,57,61] Егу жүргізілмеген адамдарда қызылша ауыр өтеді, егер олар уақытында емделмесе асқынулар дамуы мүмкін. Егер науқастарда асқыну болмаса, онда арнайы ем жүргізудің қажеті жоқ. Дене қызуы қайта көтерілген науқаста отит, пневмония, ларинготрахеит, энцефалит, менингит сияқты асқынулар дамуы мүмкін. Қызылшамен ауырған баланың бөртпесін бриллиант көгін, калий перманганаты ерітіндісін жағудың, егер қышыну белгілері болмаса, аллергияға қарсы антигистаминді дәрілерді берудің қажеті жоқ. Жұқпалы ауруды таратпау үшін дене қызуы котеріліп, катаральды белгілер басталған баланы емханаға алып бармай, дәрігерді үйге шақырған жөн. Қызылшаның ауыр түрі мен асқынулары дамыған науқастарды, әсіресе ол кішкентай балаларда болса, міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу керек. [12]

Қызылша жаппай таралған ауру. Бұрын қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар ауруға өте қабілетті, әрі олар кез-келген жас шамасында ауыруы мүмкін. Қызылшаға қарсы вакцинация жүргізілгенге дейін, 95% балалар қызылшамен 16 жасқа дейін ауырған. Ал қызылшаға қарсы егу жұмыстары кең жүргізілгеннен кейін, қызылшамен ауыру едәуір төмендеген. Бірақ қызылша ауруы сақталған және соңғы жылдары оның өсу тенденциясы байқалып отыр. Қызылшадан толық сақтану үшін 15 айлық жасқа дейінгі сәбилердің 94-97%-на иммунизация жасау керек. Бұны тіпті дамыған елдерде де іске асыру қиын. Сырқаттанудың басым мөлшері ересек жастағы адамдардың арасында байқалуда (мектеп жасындағы балалар, жасөспірімдер, әскери қызметкерлер, студенттер және т.б.). Бұл иммунизациядан кейін 10-15 жылдан соң иммунитеттің төмендеуімен біршама байланысты. Тарихи мәліметтер. Аурудың қоздырғышы — вирус екенін 1911 ж. Андерсон және Гольдбергер анықтаған. Қызылшаның клиникалық көріністерін зерттеген ғалымдар: Н.Ф.Филатов, Д.И.Доброхотова, С.Д.Носов, Л.В.Быстрякова, В.Ф.Попов, И.Ж.Жаинбаев. Қызылша этиологиясы. Қызылша қоздырғышы (Polinosa morbilliorum) парамиксовирустарға қатысты. Қызылша вирустарының тегіне, сондай-ақ ит пен ірі қара мал обасының вирустары да кіреді. Қызылша вирусы морфологиялық жақтан басқа да парамиксовирустармен ұқсас, оның вирионының диаметрі 120-250 нм. Қабықтары 3 қабаттан тұрады – белоктық, липидтік, гликопротеидтік. Құрамында РНҚ бар. Маймылдар үшін де патогенді. Сыртқы ортада төзімсіз. Қоздырғыш организмде ұзақ персистенцияланып, аурудан кейін баяу дамитын инфекция – жеделдеу склерозды менингоэнцефалит дамуы мүмкін. Эпидемиологиясы. Жұқпалы аурудың көзі — тек қана науқас адам. Ол жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 4 күнге дейін сыртқы ортаға қызылша вирустарын бөледі. Бөртпенің 5-ші күнінен бастап аурудың жұғу қауіпі жойылады. Инфекцияның берілу механизмі — ауа-тамшылы. Ауруға жоғары қабылдаушылық тән. Контагиозды индексі бұрын 1,0 болған, вакцинациядан кейін -0,1-0,2. Ауру жыл бойына тіркелгенмен, оның өршу мерзімі Қарашадан ,Наурызға дейін байқалады.

Қызылша патогенезі. Инфекцияның кіру қақпалары — жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары. Вирус тыныс алу жолының эпителийінде көбейеді. Жасырын кезеңнің соңғы күндерінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 1-2 күн ішінде, вирусты қаннан бөлуге болады. Қоздырғыш бүкіл ағзаға гематогенді таралады. Жасырын кезеңнің аяғында вирусемияның тым шиеленіскен 2-ші толқыны байқалады. Вирусты сондай-ақ кеңірдектің шырыш қабықтарынан, бронхтардан, кейде дәреттен табуға болады. Гиперплазиялы лимфоидты тіндерден, соның ішінде лимфа түйіндерінен де, көмекей бездерінен, көкбауырдан гигантты ретикулоэндотелиоциттерді табуға болатыны анықталған. 3-ші күні вирусемия бірден төмендеп, 4-ші күні вирус әдетте табылмайды. Қызылша кезінде ағзаның ерекше аллергиялық құрылысы дамиды, ол ұзақ уақыт сақталады. Қызылша анергия жағдайына алып келіп, залалданған адамдарда аллергиялық реакциялардың (туберкулин, токсоплазмин және т.б.) жойылуы көрінген, сондай-ақ созылмалы аурулардың (туберкулез және т.б.) асқынуы байқалған. Иммунодепрессия бірнеше ай сақталады. Африка елдерінде, қызылша өршігеннен кейінгі бірнеше айдың ішінде, балалардың арасында ауру мен өлім қаупі, қызылшамен ауырмаған балалармен салыстырғанда 10 есе артық екені анықталған. Ауруды бастан өткізгеннен соң тұрақты иммунитет қалыптасады. Аурудың қайталануы сирек. Вакцинациядан кейінгі иммунитет тым қысқа мерзімді (егуден соңғы 10 жылдан кейін егілгендердің тек 36%-да ғана қорғаушы антиденелердің титрлері сақталады). Вакцинаға реакция байқалған адамдар айналасындағылар үшін қауіпсіз. Қызылшаның клиникалық көріністері. Қызылшаның жасырын кезеңі 9-11 күнге созылады. Иммуноглобулинмен алдын алу шараларын жүргізу барысында, оның 15-21 күнге дейін созылуы мүмкін. Ауру циклді түрде дамиды. Бастапқы немесе продром кезеңі дене қызуының 38-39°С дейін көтерілуімен, шаршағыштықпен, тәбетінің нашарлауымен сипатталады. Катаральды көріністер қалыптасады. Құрғақ жөтел басталады, конъюнктивит, склерит, жарықтан қорқу, блефароспазм пайда болады. Ұсақ қызыл дақты қызылша энантемалары (Филатов-Коплик-Бельский дақтары) пайда болады, ол жиі жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабықтарына жайыла бастайды. Оның сыртқы түрі ұнтақ жармасына немесе кебекке ұқсайды. Экзантеманың пайда болуымен олар жойылады. Бастапқы кезеңнің аяғында (3-4-ші күні) дене қызуы төмендеп, содан кейін қызылша бөртпесінің пайда болуымен, қызба қайтадан аса жоғары деңгейге дейін көтеріледі. Бөртпе кезеңі дақты-папулезді бөртпенің пайда болуынан басталады. Қызылша экзантемалары бөртпенің сатылы шығумен сипатталады: 1-ші күні бөртпе элементтері бет және мойында пайда болады; 2-ші күні — кеудеде, қолдарда, жамбаста, 3-ші күні бөртпе аяқ пен табандарды қамтиды, ал бетте ол ағара бастайды. Бөртпе бет және мойында, кеуденің жоғарғы тұстарында жиі орналасады. Элементердің диаметрі –10 мм. 3-4 күннен кейін бөртпе ағарып, олардың орнында пигментация қалады. Одан әрі кебек тәрізді қабыршақтану байқалады (бетте, кеудеде). Аймақтық лимфа түйіндері (мойын және шүйде) үлкейеді және оларды пальпациялағанда ауырсыну сезімі анықталады. Балалардың 50%–да көкбауыры үлкейеді Өкпеде шашыраңқы құрғақ сырыл, кейде көпіршікті ылғалды сырыл естіледі. Кейбір науқастарда ішінің ауыруы және өтуі байқалады. Митигирленген қызылша жасырын кезең барысында профилактикалық иммуноглобулин енгізілсе немесе қан мен плазма құйылса залалданған адамдардың ауруы жеңіл түрде өтеді. Ол ұзарған жасырын кезеңмен (21 күнге дейін) ерекшеленеді, әдетте ол дене қызуының аздап көтерілуімен өтеді, Бельский-Филатов-Коплик дақтары байқалмайды. Асқынулары болмайды. Қызылшаға қарсы тірі вакциналарды енгізу барысында егілген адамдардың 25-50%-да әртүрлі реакция көріністері тіркеледі. Жасырын кезең дегенмен де 9-10 күнге дейін қысқарады. Дене қызуының көтерілуі, жоғарғы тыныс алу жолдарының катары, мардымсыз макулопапулезді бөртпе байқалады. Кейбір балаларда құрысу және лоқсу болуы мүмкін. Қызылшаның клиникалық көріністері . Иммунды жүйесі бұзылған науқастардағы қызылшаның ағымы. АИВ-инфекциямен залалданғандар және онкологиялық науқастарда аурудың ағымы ерекше болады. Көп жағдайда (80%) қызылшаның өте ауыр өтетіні белгілі. Онкологиялық науқастардың қызылшамен ауырғандарының 70%-да өлім қаупі байқалса, АИВ-залалданғандарда — 40%. Өте ауыр ағымға қарамастан, науқастардың 30%-да экзантема жойылады, ал 60%-да — бөртпе атипті болады. Ауыр асқынулар жиі дамиды (энцефалит, өкпе қабынуы және т.б.). Қызылша асқынулары. Тыныс алу жолдары шырышты қабықтарының қызылша вирусымен зақымдануы бронхиттің, жалған круптың, бронхиолиттің, өкпе қабынуының дамуына алып келуі мүмкін. Өкпе қабынуының кейбір түрлерінде басты рольды вирус атқарады. Көздің дәнекер қабығынан басқа, кейде көздің мөлдір қабығы да зақымға ұшырайды. Сирек дамитын асқынуларға миокардит, гепатит, гломерулонефрит жатады. Ауыр асқынуларға орталық жүйке жүйеснің зақымдануы (энцефалит, менингоэнцефалит) жатады (1000 науқастың 1-де). Энцефалиттің белгілері экзантема пайда болғаннан кейін 1 аптадан соң білінеді, кейде кеш пайда болуы да мүмкін (2-3 аптадан кейін). Дене қызуы қайтадан көтеріліп, ағзаның улануы, ұйқышылдық, ақыл-есті жоғалту, амимия, нистагм, бет жүйкесінің невриті, аяқ-қолдың салдануы, іш рефлекстерінің жойылуы білінеді. Шеткі қанда лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды. Диагностикасы. Аурудың шиеленісу кезеңінде типті қызылшаның диагнозы қиындық тудырмайды. Қызылша экзантемасының пайда болуына дейінгі бастапқы кезеңде, диагноз төменгі қабақтың ісінуімен қатар көздің дәнекер қабығының қабынуына, үстіңгі тыныс алу жолдарының катарына, энантемаға, Бельский-Филатов-Коплик дағының анықталуына, бөртпенің дақты-паулезді, қосылуға бейім бөртпелердің сатылы түрде дамуына негізделеді. Егілген науқастардағы аурудың атипті ағымын анықтау өте қиын. Ауруды қызамықтан, энтеровирусты экзантемадан, Розенбергтің инфекциялық эритемаларынан, аллергиялық бөртпеден, жұқпалы мононуклеоздан ажырату керек. Ол үшін лабораториялық әдістер қолданылады. Бастапқы кезеңде және бөртпеден кейінгі алғашқы 2 күнде қақырықтан, мұрын шырышынан немесе дәреттен көп ядролы гигант клеткаларын табуға болады. Осы материалдан, дақылды клеткаларындағы, қызылша вирус бөліп алуға болатыны белгілі. Вирусты иммунофлюоресценция әдісімен анықтуға болады. Серологиялық әдістер кең қолдануда: ТГАР, КБР, ИФА. IgM класына жататын антиденелер аурудың жедел түріне сәйкес келеді, ал IgG класына жататын антиделер бұрын болған инфекцияны немесе вакцинация болғанын көрсетеді. ПТР нәтижелі болады. Қызылша емі. Этиотропты емі жетілмеген. Клиникалық белгілері білінгенде қызылшаға қарсы иммуноглобулин ешқандай әсер бермейді. Науқас үйде емделуі тиіс. Ал ауруханаға асқынған жағдайда және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жатқызылады. Қызба кезеңінде төсектік режим ұсынылады. Төсекті көзге күн түспейтіндей қою керек. Науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріледі, жеміс шырындары, витаминдер. Көзге 20% сульфацил-натрий ерітіндісі, күніне 3-4 рет пайдаланылады. Антибиотиктер тек қана аурудың бактериальды асқынулары дамығанда тағайындау керек: ампициллин, цефалоспориндер, макролидтер. Алдын алу шаралары. Қызылшаға қарсы пассивті иммунизация жүргізу керек. Пассивті иммунизация 3 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, туберкулезбен ауыратын науқастарға, әлсіз иммунды жүйелі адамдарға көрсетілген. 3 жастан жоғары қызылшамен ауырмаған, әрі қызылшаға қарсы егілмеген балаларға жедел түрде қызылшаға қарсы вакцина егілуі керек. Ауру кезінде баланы балалар мекемесіне 17 күн бойы жібермеу қажет, ал профилактикалық иммуноглобулин қолданғандарды –21 күн. Қызылшадан сақтандырудың сенімді әдісі тірі вакцинамен иммунизация жасау. Бұл егу қорғаушы әсерді 15 жыл бойы сақтайды. Тірі вакцинаны жүкті әйелдерге, туберкулез, лейкоз және лимфомамен ауыратын науқастарға, сондай-ақ АИВ-залалданғандарға белгілемейді. Көп елдерде вакцинаны екі дозада қолданады. Бірінші вакцинаны 1 жасқа жақын балаларға енгізсе, 2-ші егуді 15-18 айлық балаларға жасайды. Иммунизация барысында балалардың 95% жақсы нәтижелілікке жетеді.Бір жастан асқан 142 бақылаудағы балаларда байқалатын катаральды көрініс(коньюнктивит,ринит,жұтқыншақ гиперемиясы)кызу көтерілуі,интоксикация және экзантема 100% балаларды байқалады, олардың көрініс беруі жағдайдың ауырлылығына байланысты. Науқастардың 97%-да Бельск-Филатов-Копилка дақтары анақталады, кызылша дәлелді байқалған 3% науқастатардан басқа.Катаральды кезеңнің ұзақтығы 3-5 тәулікті қамтиды.Кейбір балаларда бөрту кезеңіне дейін 1-2кун бұрын хабаршы бөрпелер былай байқалады-ашық қызыл түсті дақты-іріңсіз, майда, бет, мойын, жоғарғы дене бөлімінің терісіне жайылады және 8-12 сағаттан кейін жоғалады.Катарльды кезең 12-24 сағат ішінде дене температурасының түсуімен немесе толық кайта қалпына келуімен аяқталады. Бөрту кезеңі дене температурасының 38,5-39,5 С дейін қайта жоғарлауымен, интоксикация симптомының және катарльды көріністің, бөртпенің күшейуімен сипатталады.Бөртпе ашық кызыл немес кызғылт түсті,бірігуге бейім дақты-іріңсіз,орташа ылғалды өзргеріссіз тері бетінде орналасады.Сырқаттанған балалардың 30% геморрагиялық бөртпе сипатталған,бұл аурудың ауыртпалығын көрсетпейді.Қызылша бөртпесіне тән бөрту 3-4 тәулік ішінде жүреді. Құлақ артында,маңдайда,мұрын көпіршесінде пайда бола бастап, алғашқы күндері бет-әлпетке, мойын,қол,дененің жоғарғы бөлімінде,сонымен қоса басқа дене бөлімдерінде де кездеседі.Екінші тәулікте бөртпе дененің және аяқ-қолдың проксимальды бөлімдерінде,3-4 тәулікте бөртпе алақан-табан,аяқ-қолдың дистальды бөлімдеріне таралады.4-5 тәулікте бөртпе кезеңі пигменттену кезеңіне ауысады.Бөртпе түсі қызғылт-қоңыр болып өзгереді.Бөртпенің кері дамуы жоғардағыдай реттілікпен жүреді.Геморрагиялық бөртпе гиперпигментациясы 1,5-2 аптаға дейін созылады.Сонымен қоса бөртпе жоғалу кезеңінде кабыршақтану,жеңіл кышу байқалады.Температура бұл уақытқа дейін қалпына келеді.Қызылша ауруының ауырлық дәрежесі бойынша ажыратады: жеңіл түрі 1,5% шамасында байқалды,орташа ауыр түрі-89,6% ,ауыр түрі-5,9%науқастардың митигированды түрі-3%. Науқастардың 63%-да ауру ағымы асқынусыз өткен, 37% балаларда асқынулар дамыған,оның 28%-ында пневмония байқалған,дәл осындай науқас саны-өткір ларинготрахеит және 20% өткір орташа отитпен ауырған.

Даму мерзіміне байланысты ерте асқыну сатысы-өткір катаральды кезеңде бөрту кезеңінде көрінеді.Кеш асқыну сатысы екіншілік инфекциямен шақырылатын пигментациялық кезең және қызылшаның сауығу кезеңінде көрінеді.Ерте асқыну сатысы қызылша вирусына тура негізделген,Кеш сатысы екіншілік сипатқа ие және бактериальды флораның активтенуімен байланысты.Қазіргі уақытта қызылша ауруының ерте және кеш сатыларының асқынуы -отит,бронхит,пневмония,стоматит,колит,фурункулезге акеледі.

Пневмония аурудың кез-келген кезеңінде дамиды.Ерте кездегі пневмония [13] бронхопневмония немесе интерстициальды пневмония сияқты өтеді.Қиын ағамымен ерекшеленеді, интоксикация демалу және жүрек жеткіліксіздігі симптомдары көрінеді.Кеш кекзеңіндегі пневмония [15] бөртудің 5-ші тәулігінен кейін баланың жағдайы нашарлауымен ,дене температурасының жоғарлауымен,демалу жеткіліксіздігінің дамуымен,өкпенің физикалық өзгерісі майда және орта көпіршікті сырыл және рентгенологияда ошақты пневмония белгілері байқалады.Ерте жастағы балаларда пневмония өте ауыр өтеді. Бронхит [26] қызылша экзантемасымен немесе бөртпе пигментациясымен қатар көрінеді.Өкпенің симметриялы аускультациясында ылғалды-сырылдар,бронхообструктивті синдром дамуы кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар анықталады.Рентгенологиялық зерттеу барысында,өкпе түбінің құрылысының бұзылысы айқындалады.

Ларинготрахеит [26] көбінесе ерте жастағы балаларда дамиды.Дауыс тембрінің өзеруі, аз қақырық бөлінетін қатты жабысқақ жөтел және иснператорлы ентігу орын алады.Тері жабынынң бозаруы,мұрын бет ұштарында акроцианоз байқалады.Орташа отит [20] балалардың өмірінің алғашқы жылдарында дамиды.Ауырсыну синдромының әсерінен мазасыздану ,тамақтанумен су ішіудің қиындауы,ұйқысыздық көрініс алады. Құлақ төпешігімен құлақ қалқанын басқан кезде ауырсыну күшеюі байқалады.

Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру сәт сайын үдей түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмек керек.

Бір ғана сақтану жолы – вакцинация. Қызамыққа қарсы жоспарлы түрде егу Қазақстанда 2005 жылдан бастап енгізілді. Балалар 1 жас, 6 жас және 15 жаста егіледі. Сонымен қатар 2009 жылы жасөспірімдер мен бала туу жасындағы әйелдер қызамыққа қарсы жаппай егіліп, сырқаттану деңгейі егуге дейінгі кезеңнен 5 есе төмендеді.Есепті мерзімде облыс бойынша қызылша ауруына күдікті диагнозбен 131 науқас тіркелді, оның 64 жағдайында (49 пайыз) қызылша ауруы зертханалық жолмен нақтыланды. Ауруға шалдыққандардың басым көпшілігі, нақты айтқанда 46,4 пайызы (30 жағдай), оның ішінде қызылша ауруына қарсы иммундық статусы белгісіз ересектердің үлесінде болып отыр. 15-19 жастағы жасөспірімдердің шалдығу көрсеткіші 12,5 пайызды құрады. Жалпы республика көлемінде қызылша ауруының эпидахуалын тұрақтандыру және 15-19 жастағы жасөспірімдер арасындағы аурушаңдықты төмендету мақсатында ақпан айының 9-20 жұлдызы аралығында 15-19 жастағы 38409 жасөспірімге қызылша ауурына қарсы қосымша жаппай иммундау науқаны өткізілді. Егуден кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген. Қызылша ауруын алдын алу мақсатында облыстық денсаулық сақтау, білім басқармаларымен бірлескен бұйрық шығарылып, ұйымдастырылу шаралары жүргізілді. ЕСМ, білім мекемелерінің медқызметкерлері арасында оқыту семинарлары өткізілді, БАҚ өкілдеріне қызылша ауруына қарсы қосымша иммундау науқаны жайлы брифинг өткізілді, жергілікті басылымдарға мақала жарияланды

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап елімізде 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында қызылшаға қарсы вакцина егу шарасы жасалды. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жасөспірімдер арасында қосымша иммунизациялау шарасын өткізу туралы шешімі дүниежүзінде қызылша індетінің өршуіне байланысты қабылданған еді. Иә, үкімет аурудың алдын алу шарасын жасады.Дегенмен, көптің көңілін вакцина туралы сұрақтар мазалайды. Қызылша ауруын екпемен алдын алу туралы сұрақтарға жауап алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары – Мирзабекова Гуля Құралбекқызымен сұхбаттасқан едік.

5 жасқа дейінгі балалар мен декрет жастағы ересектерді жаппай жоспарлы иммундау - бұл азаматтардың денсаулығын қорғаудағы конституциялық құқығын жүзеге асыру шарасы. Қазақстан Республикасының «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» Кодексінің 156 бабында Қазақстан Республикасы аумағында тұрып жатқан әр азамат бюджет есебінен инфекциялық және паразитарлық ауруларға қарсы екпе алу міндетті.Жұқпалы ауруларға қарсы екпе жүргізілетін жұқпалар тізімі мен жүргізу мерзімі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Біздің елімізде инфекциялық індеттердің 22 түріне қарсы екпелер қолданылады, оның 4-не (вирусты гепатит А, тұмау, сібір жарасы, туляремия) қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді, қалған 18-не республикалық бюджеттен бөлінеді.Біздің облыстың тұрғындары үшін жыл сайын вакцина алуға 1 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалады, соның арқасында 500 мыңнан астам балалар мен ересектердің денсаулығы үшін қауіпті болып саналатын жұқпалы аурулардан қорғалып отыр.Елімізде декреттелген жастағы халықты иммундау, оның ішінде біздің облыста жоспарлы түрде және жаппай екпе кампаниясы барысында Ұлттық иммундау күндері түрінде жүргізіледі.Қазақстан Республикасында және біздің облыстың тұрғындары арасында 1995 жылдан бастап күлге, салға, эпидпаротитке, қызылша мен қызамыққа қарсы екпе кампаниялары жүргізіледі.Екпемен басқарылатын жұқпалардың алдын алудың жалғыз әдісі – екпе егу. Вакцинациялау жасанды иммунитет қалыптасуына себепші болады. Қазақстанда ағымдағы ғасырдың 14 жылында екпемен алдын алу арқасында сал ауруы жойылды, қызылша, қызамық, эпидпаротит аурулары төмендеді, бірнеше жыл көлемінде күл ауруы тіркелген жоқ. Жамбыл облысында соңғы 14 жыл ішінде вирусты «А» гепатиті деңгейінің 80 есеге дейін төмендеуіне қол жеткізілді. Алдын алу екпелерінің Ұлттық күнтізбесіне балаларды жоспарлы егуге гемофильді жұқпа мен пневмококкқа қарсы екпе енгізілді. Іс жүзінде барлық дұрыс егілген балалар мен ересектер жұқпалы аурулардан қорғалады, ал ауырған жағдайда ол жеңіл түрде асқынусыз өтеді.ТМД елдері мен Еуропада, оның ішінде біздің елімізде соңғы 3 жылда қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығы байқалды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында 2014-2015 жылдары қызылшамен 2500 бала ауырған, олардың 100-ден астамы Жамбыл облысынан. Қызылша ауруы еліміздің барлық аумақтарында тіркелген. Ауырғандар ішінде 60,0% астамын 15 жастан асқан ересектер мен 40,0% 1 жасқа дейінгі иммунитеті жоқ аналардан туылған балалар құрады.Халық арасында аурушаңдық тіркелуі жұқпаларға қабілеттілігі жоқ тұлғалардың жиналу салдарынан ұжымдық иммунитеттің азайғанын көрсетеді. Бұл осал топтағы контингенттер, яғни білімгерлер мен оқушылар арасында жұқпаның қарқынды таралу қаупін тудырады. Осыған байланысты Қазақстан қызылшаның тұтануының болдырмау үшін ағымдағы жылдың ақпан айында осы індетке қарсы екпе кампаниясын бастап шара қолданды. Яғни, қосымша иммундаудың қажеттілігі республика аумағында, оның ішінде Жамбыл облысында қызылша ауруының тіркелуімен негізделеді. Екпені толық алмаған немесе мүлде егілмеген адамдар топтары бар, оларды қызылшаға қарсы екпемен қамту қажет.Екпемен алдын алу міндеті – бұл жеке тұлғада арнайы иммунитетті қалыптастыру, сонымен қатар ұжымдық иммунитетті құру. Жоспарлы екпе тиімді. Қазақстан Республикасының Ұлттық күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде 1 және 6 жастағы балалар егіледі. Соңғы жылдары жоспарлы екпенің арқасында қызылша ауруы он мыңдаған жағдайдан бір-екі жағдайға дейін төмендеді. Әрбір қосымша доза адам иммунитетін нығайтады. Сонымен, 2005 жылы қызылша ауруының тұтануының кезінде 16 мың жағдай тіркелген, тек жаппай қосымша екпе жүргізудің арқасында тоқтатылды.Қосымша иммундау кезінде қай жастағы контингенттер егіледі, екпе қайда жүргізіледі? 15 – 19 жастағы тұлғаларды егу қызылшаның тұтануымен күресуге жеткілікті ма?Мақсатты топ есебінде 15-19 жас аралығындағы қабілетті және осал топтағы тұлғалар таңдалды. 2015 жылғы ақпан айындағы қызылшаға қарсы қосымша иммундау барысында елімізде 1 млн-нан астам адам екпе алды, оның 66 мыңнан астам Жамбыл облысында егілді. Нәтижесінде, аурушаңдық деңгейі 10 есеге дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш екпе тиімділігінің жоғарылығын және осы жылы екпе кампаниясын қайта жаңғыртып, аяқтау қажеттілігін растайды. Жамбыл облысында қызылшаға қарсы қайты егу науқаны 2015 жылдың 12 қазанында басталды. Қазақтан Республикасы бойынша қызылшаға қарсы екпе кампаниясы барысында 200 мыңнан астам адам екпе алды, Жамбыл облысында – 9 мыңнан астам адам егілді, егілгендер арасында екпеден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.Жамбыл облысында қызылшаға қарсы қосымша иммундау 101 екпе пунктерінде оқытылған 560 медицина қызметкерлерімен жүргізіледі (оның ішінде - 70 медициналық мекемелерде және 31 – мектеп, орта және жоғары оқу орындарында). Қызылша екпесі Үнді елінде өңдіріліп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Бұл әлемде кеңінен таралған және 140 елде қолданылатын вакцина Алматыда жасөспірімдер арасында жұқпалы қызылша ауруы белең алды. Ақ халаттылар жұқпалы дерт сырттан келуі мүмкін деп топшылайды. Осыған орай, жыл басынан бері 15 пен 29 жас аралығындағы 66 мыңнан аса адамаға егу жұмыстары жүргізілген.Соңғы 3 жылда қаламызда қызылшаның 400-ден астам ошағы тіркеліпті. Ақ халаттылар ауру шыққан ортада толықтай залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген. Десе де дертті елемей үйінде өз бетінше ем қабылдайтындар да жоқ емес. Осыған орай жыл басынан бері 15 пен 19 жас аралығындағы 66 мың тұрғындарға міндетті егу жұмыстары жүргізіліп отыр. Ал, қауіпсіздік үшін вакцина алам деушілер кез келген емханаға барып, жеке куәлігіңіз бен медициналық картасын көрсетсіп, емдеу шарасын қабылдауға мүмкіндік бар.Қызылша дерті жұққаннан кейін 2 аптадан кейін біліне бастайды. Алғашқы белгілері, бет терісіндегі ұсақ бөртпелер. Артынша дене қызуының 40 градусқа жетуі. Дертті дер кезінде емдемесе, өкпе ауруына әкеп соғуы мүмкін.

2015 жылға арнап, еліміз бойынша қызылша дертіне қарсы 1 миллион доза вакцина сатып алынған. Жоспар бойынша екпенің басым бөлігі кішкентай бүлдішіндерге салынбақ.2014 жылы республика бойынша барлығы 321 қызылша жұқпасы тіркелді, 2013 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші 4,4 есеге жоғарылаған. 2015 жылдың 2 айында қызылша жұқпасының 705 жағдайы тіркелген, 2014 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық көрсеткіші 18,8 есеге жоғарылаған. Сырқаттанғандардың басым көпшілігін 15 жастан асқан ересектер құрайды, барлық тіркелген жағдайдың жартысынан асады.