- •Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында қызылша сырқаттылығының тіркелуі»
- •051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы
- •Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында қызылша сырқаттылығының тіркелуі»
- •051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы
- •Тарау 1. Қызылша сырқаттылығы туралы түсінік
- •1.1. Жалпылай екпе салуда қызылшаның эпидемиологиялық ерекшеліктері
- •1.2. Қызылшаға қарсы ревакциялаудың тиімділігі
- •Жас аралық құрылымының шұғыл хабарлама арқылы қызылшаның үлестірілуі
- •Кәсіби-әлеуметтік қызметкерлер құрамы бойынша қызылша сырқаттанушылығын бөлу ( шұғыл хабарлама үшін) :
- •1.3. Қызылша инфекциясына эпидемиялық бақылау
- •Тарау 2. Зерттеу материалдары мен әдістері
- •2.1. Қарағанды қаласы бойынша жалпы қызылшаның тіркелу динамикасын зерттеу
- •Сырқаттылықтың жынысы бойынша үлестірілуі
- •2.2. Қарағанды қаласында әр түрлі жас аралығындағы тұрғындардың сырқаттануы
- •2.3.Жасөспірімдер арасында қызылшаның тіркелуінің себептерін зерттеу
- •2015 Жылы қызылшамен зақымдалған мекемелер: жоо, колледждер, мектепке дейінгі дайындық орындары, мектептер, интернаттар.
- •2.4. Зерттеу барысында ҚарМту 1курс студенттері мен «Алтын бесік» және «Балауса» балабақшасындағы ата аналарынан сауалнамасына сараптама жүргізу Асқыну жиілігінің жоғарылауы
- •Респонденттің екпе енгізуге көз қарасы
- •Қорытынды
- •Екпе жайлы не білесіз?
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
______________ кафедра
меңгерушісі Д.Б.Кулов
Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында қызылша сырқаттылығының тіркелуі»
051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы
Орындаған: Рахат Ғ.
Ғылыми жетекшісі: Тулекбаева К.Т.
Қарағанды 2016 жыл
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында қызылша сырқаттылығының тіркелуі»
051101 – «Мейірбике ісі» мамандығы
Орындаған: Рахат Ғ.
Ғылыми жетекшісі: Тулекбаева К.Т.
Қарағанды 2016 жыл
Мазмұны |
|
|
Кіріспе................................................................................. |
Тарау 1.Қызылша сырқаттылығы туралы түсінік |
1.1. Жалпылай екпе салуда қызылшаның эпидемиологиялық ерекшеліктері.........................................................................7 |
1.2.Қызылшаға қарсы ревакциялаудың тиімділігі ....................................................................................................18 1.3. Қызылша инфекциясына эпидемиологиялық бақылау
|
Тарау 2. Зерттеу материалдары мен әдістері.........................30 |
2.1. Қарағанды қаласы бойынша жалпы қызылшаның тіркелу динамикасын зерттеу ............................................................ 2.2. Қарағанды қаласында әр түрлі жас аралығындағы тұрғындардың сырқаттануы .................................................40
|
2.3.Жасөспірімдер арасында қызылшаның тіркелуінің себептерін зерттеу ..................................................................... 2.4. Зерттеу барысында ҚарМТУ және ҚММУ 1курс студенттері мен «Алтын бесік» және «Балауса» балабақшасындағы ата аналарынан сауалнамасына сараптама жүргізу ...................
|
Қорытынды..........................................................................52. |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................53 |
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Мыңдаған жалдар қарсаңында адамзаттың ең басты байлығы денсаулық болып табылады. Әрбір дені сау адам мемлекеттің гүлденіп, дамуының маңызды потенциалды компоненті болып есептеледі. [1]Қызылшамен күресу күрделі жетістіктерге жеткенмен, бұл сырқаттылық бүгінгі таңға дейін бүкіл әлемде өзекті мәселенің бірі болып қала береді.Тұтынушылар құқығын қорғау ҚР агенттігінің мәліметі бойынша соңғы 3 жыл ішінде ТМД елдерінде және Еуропада қызылшамен сырқаттылықтың эпидемиологиялық қолайсыздық байқалады. [16,42]ҚР әлеуметтік даму және денсаулық министрлігімен тұрғындарға екпе жүргізуді тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қызылшаға қарсы қосымша компаниялар үшін әлеуметтік жұмылдыру және ақпараттық жұмыстар жоспары бекітілді.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы дамуының басты бағыттарының бірі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін басты приоритеттерінің мақсатында шығарылған демогарфиялық саясат болып табылады (Мемлекет Президентінің «Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы).[11]Мемлекет саясатының денсаулық сақтау аймағындағы ең басты принциптерінің бірі ана мен бала өмірі болып табылады. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында ұзақ мерзімді приоритеттерінің бірі ретінде Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, әл-ауқаты көрсетілген, ал ана мен бала денсаулығын қорғау мемлекет үшін де, денсаулық сақтау мекемелері үшінде, қоғам үшін де приоритетті бағыттар болып табылады.
Қызылша Қазақстан Республикасында кең таралған аурулардың бірі. Ол антропонозды жіті аспирационды берілу механизмімен таралатын вирустық инфекциялық ауру, ағымының кезеңділігімен, интоксикациямен, катаральды респираторлы синдромымен Филатов Коплик дақтарымен және дақты папулезді бөртпелермен сипатталады.[23]Қызылша жедел инфекция, ауа-тамшылы жолмен жұғатын, циклмен өтетін, ауыз, тыныс жолдарының, көздің шырышты қабаттарының қабынуымен, ірі дақты бөртпелермен және улану белгілерімен сипатталады. Иммунизацияға дейін қызылша балалар арасында кең таралған және ауыр түрімен өтетін ауруларға жатады.Үш жасқа дейін балалар арасында өлім 42% болған. Егу жүргізгеннен кейін ауру сырқаулық шұғыл төмендеді, ал өлім тіпті кездеспейтін болды деп айтуға болады. Бірақ соңғы 10 жылда қайтадан ауырғандар саны өсті, әсіресе ересек балаларда және ересек адамдар арасында. Мысалы, 1990 жылғы ҚР көрсеткіші 1,6, 1993 жылғы - 3,81, 1998 жылғы - 18,89 болды 100000 халық арасында. [45,46,51]Қызылша жаппай таралған ауру. Бұрын қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар ауруға өте қабілетті, әрі олар кез-келген жас шамасында ауыруы мүмкін. Қызылшаға қарсы вакцинация жүргізілгенге дейін, 95% балалар қызылшамен 16 жасқа дейін ауырған. Ал қызылшаға қарсы егу жұмыстары кең жүргізілгеннен кейін, қызылшамен ауыру едәуір төмендеген. Бірақ қызылша ауруы сақталған және соңғы жылдары оның өсу тенденциясы байқалып отыр. Қызылшадан толық сақтану үшін 15 айлық жасқа дейінгі сәбилердің 94-97%-на иммунизация жасау керек. Бұны тіпті дамыған елдерде де іске асыру қиын. Сырқаттанудың басым мөлшері ересек жастағы адамдардың арасында байқалуда (мектеп жасындағы балалар, жасөспірімдер, әскери қызметкерлер, студенттер және т.б.).Бұл иммунизациядан кейін 10-15 жылдан соң иммунитеттің төмендеуімен біршама байланысты.Қызылша қоздырғышы Polinosa morbilliorum paramyxoviridae –вирусы, тұрақты антигендік қасиеті бар. Пантропты қасиеті бар, бірақ лимфоидты, ретикулоэндотелиалды тіндерге, тыныс жолдары асқазан-ішек жолдары және нерв жүйесі клеткаларына таңдамалы әсер етеді.Қызылша ауруы вирустың салдарынан дамитыны 1911 жылы белгілі болған (Андерсон, Гольдберг). Ғалымдар Н.Ф. Филатов, Д.И. Доброхотова, С.Д. Носов, Л.В. Быстрякова, В.Ф. Попов, И.Ж. Жаинбаев – осы аурулардың клиникалық белгілерін оқып білуде көп жұмыстар жасаған. [33]Инфекция көзі тек ауру адам. Таралу жолы ауа-тамшы арқылы таралады. Егілмеген балалар өте тез жұқтырып алады.Қазіргі кезде қызылшамен 1-9 жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, көбінесе осы жастан жоғары балалар ауырады 68% дейін, мектеп бала-бақшаға баратын балалар арасында 17,8% ауырады қызылшамен В.И. Покровский, В.М. Болотовский 1976.Вирус тыныс жолдары және көз коньюктивасы арқылы енеді сосын қанға өтеді. Бүкіл инкубациялық және катаральды кезеңде, сосын бөртіп шығу кезеңінің алғашқы тәулігінде вирусемия болады, аурудың қозу кезеңінің 4-5 күндері вирус қаннан табылмайды. Инкубациялық кезеңде вирус эпителий клеткаларында және лимфа түйіндерінде көбейеді. Вирус жайылған кезде мононуклеарда, бадамшаларда, бауырда, көк бауырда, сүйек миында үлкен көп ядролы клетка түзе отырып регашкацияланады. Катаральды кезеңде – инфекция кірген жерлерде қабыну болады. Қанның толуы, ошақты ісіну және вакуолизация, эпителидің беткейлі некрозы (Бельский-Филатов дақтары).Қызылша-циклмен өтетін ауру, төрт клиникалық кезеңі бар: инкубациялық, продромальды, бөртпе кезеңі, бөртпенің кете бастау кезеңі және асқынулы кезеңі.[18,20]Көптеген зерттеулерге қарағанда қызамық вирусы жатырдағы эмбрионға тератогенді әсер етіп, олардың дамуына, денесінің қалыптасуына ақау келтіретіні дәлелденген.(Gregg N.M,1941; Канторович Р.А, 1973; Анджапаридзе О.Т, Червонский Т.И., 1975).Соңғы жылдарда қызамықпен ауру көбіне жоғарғы жас топтарында да байқалады. Қызамық инфекциясын 11-14 жастағы балалар және бала табатын жастағы әйелдердің (20-29жас) жоғары қабылдаушылық мүмкіндігі әлі де медицина мамандарын алаңдатуда. Зерттеушілердің әр түрлі мәліметі бойынша, іштен туыла пайда болған ақаудың даму қауіптілігі (көру, есту органдары, жүрек қан-тамыр, нерв жүйелері және т.б) 12-ден 70%-ға дейін немесе туыла пайда болған ауытқудың 10%-н құрайды. [Быстрякова Л.В, 1982; Семенов В.М., 1994; Нисевич Л.Л. с соавт., 1994; Miller E., 1990; Best J.M., 1993; Hilebrant H.M., Maab H.F., 1996; Chantler I.K. et al., 1985]. ДДҰ мәліметі бойынша, қызамық жыл сайын 300 мыңға жуық балаларды мүгедек етеді [Щербаков В., 2002ж]. Осы инфекцияның тағы бір эпидемиялық процесінің қолайсыздығы, іштен туыла пайда болған қызамықпен ауырған балалар 1,5-2 жылға шейін вирусты қақырықпен, зәрмен, нәжіспен бөлуі мүмкін, бұл жүкті әйелдерге сонымен қатар, қызамық ауруын қабылдаушы басқа контингенттерге де қоздырғыш көзі болып табылады.ДДҰ Еуропа өңірлік Комитетінің ұсынысына байланысты Қазақстан Республикасында 2005 жылы халықтың 15-25 жастағы ұйымдасқан ұжымдар.Контингенттеріне қызылша мен қызамыққа қарсы жаппай иммунизациялау компаниясы шеңберінде дивакцинамен қамту,сонымен қатар 1-ден 6 жас аралығындағы балаларды, 11-14 жастағы қыз балаларды жоспарлы түрде вакцинациялау және 25-35 жастағы бала табу жасындағы әйелдерді жаңа Ұлттық егу стратегиясына сәйкес селективті иммунизациялау жоспарланып отыр.Қызамық және ІТҚС-мен Қазақстанда күресу шараларын осы жоспарланған стратегия шеңберінде атқару үшін бірқатар қосымша зерттеулер жүргізілуі қажеттігі күмән туғызбайды. Оған жататындар – халық арасында осы инфекцияны қабылдағыш бала табу жасындағы әйелдер мен жүкті әйелдердің деңгейін анықтау; осы категориядағы әйелдерді алдын-ала вакцинамен егу және вакцинацияның профилактикалық тиімділігін бағалау.Іштен туыла пайда болған қызамық синдромы (ІТҚС) эпидемиялық процесінің аталған аспектілері және ІТҚС-ын болдырмау әрекеттерін іске асыру жақтары біздің зерттеулеріміздің негізі болды.
Мәселенің зерттелуі. Есепті мерзімде облыс бойынша қызылша ауруына күдікті диагнозбен 131 науқас тіркелді, оның 64 жағдайында (49 пайыз) қызылша ауруы зертханалық жолмен нақтыланды. Ауруға шалдыққандардың басым көпшілігі, нақты айтқанда 46,4 пайызы (30 жағдай), оның ішінде қызылша ауруына қарсы иммундық статусы белгісіз ересектердің үлесінде болып отыр. 15-19 жастағы жасөспірімдердің шалдығу көрсеткіші 12,5 пайызды құрады. Жалпы республика көлемінде қызылша ауруының эпидахуалын тұрақтандыру және 15-19 жастағы жасөспірімдер арасындағы аурушаңдықты төмендету мақсатында ақпан айының 9-20 жұлдызы аралығында 15-19 жастағы 38409 жасөспірімге қызылша ауруына қарсы қосымша жаппай иммундау науқаны өткізілді. Егуден кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген. Қызылша ауруын алдын алу мақсатында облыстық денсаулық сақтау, білім басқармаларымен бірлескен бұйрық шығарылып, ұйымдастырылу шаралары жүргізілді. ЕСМ, білім мекемелерінің медқызметкерлері арасында оқыту семинарлары өткізілді, БАҚ өкілдеріне қызылша ауруына қарсы қосымша иммундау науқаны жайлы брифинг өткізілді, жергілікті басылымдарға мақала жарияланды.[32]
Диплом жұмысының мақсаты – Қарағанды қаласында жасөспірімдер арасында қызылша сырқаттылығының тіркелу жиілігін және екпеге көз қарасын анықтау
Диплом жұмысының міндеттері:
Қарағанды қаласы бойынша жалпы қызылшаның тіркелу динамикасын зерттеу
Жасөспірімдер арасында қызылшаның тіркелу динамикасын зерттеу
Жасөспірімдер арасында қызылшаның тіркелуінің себептерін зерттеу
Жасөспірімдер арасында қызылша жайлы ақпараттануын анықтау
Зерттеудің объектісі: ҚарМТУ және ҚММУ 1 курс қыздары және бала бақшадағы ата аналар
Зерттеу базасы: ҚарМТУжәне ҚММУ студенттері
«Алтын бесік» балабақшасы
«Балауса» балабақшасы
Зерттеу әдістері: Анкеталық сауалнама жүргізу.
