18Билет
18.1. Ақыл-ойы артта қалған балалардың сөйлеу тілінің бұзылу ерекшеліктері. Зиятының ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары жүйелік сипатқа ие. Ондай балалардың сөйлеу тіл әрекетінің барлық операциялары әр деңгейде қалыптаспаған болып келеді: мотивациясының әлсіздігі, сөз арқылы қатынас жасау қажеттілігі төмен, сөйлеу бағдарламасын іске асыруының бұзылыстары байқалады. Бұл мәселелерді зерттеген ғалымдардың нәтижелеріне сүйенсек, көмекші мектептің бастауыш сыныптарында аса күрделі кемістіктер балалардың 40-60%-да байқалады. Ақыл ойы кем оқушылардың сөйлеу тіл ерекшеліктерін талдай келе, В. Г. Петрова сөйлеу тілі кемістігіне әкеп соғатын көптеген факторларды, оның ішінде негізгісі – таным әрекетінің дамымауын атады.Бұл балалардың қоршаған орта туралы түсініктері шектелеген, вербальді қатынастардың әлсіздігі, қызығушылығы жетілмеген, оның салдарынан осы категориядағы балалардың сөйлеу тіл дамуы аномальді және баяу болады. С. Я. Рубинштейіннің пікірі бойынша, зиятының бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының негізгі себептері – бас ми қабығының тұйықтауыш функциясының әлсіздігі, барлық анализаторлардағы жаңа дифференциалды байланыстардың баяу дамуы.
18.2. Сөзден алғашқы және соңғы дыбысты бөлу. Көмекші мектеп оқушылары бір уақытта оқудың қарапайым және жетілген тәсілдерін қолданады. Оларда оқудың әрбір кезеңінде өз қиындықтары бар. Бірінші сынып оқушылары әріптерді танып білуде, дыбыстарды буынға қосуда қиналады. Дыбыстарды буынға қосу процесі балалардың буынның дыбыстық құрамы туралы түсініктерінің нақты болуын қажет етеді, ал зияты бұзылған балаларда фонематикалық талдау функциясы әлсіз қалыптасқан. Оларда буын туралы жалпы түсінігінің қалыптасуы да қиындатылған. Зияты дамымаған балалардың дыбыс-буындық талдау қабілеті төмен, соның салдарынан балалар оқыған сөзін тануы баяу және оқыған сөздің мағынасын түсінбейді.
18.3. [к], [г], [х] тіл арты дыбыстарының қалыпты артикуляциясы. [к], [г], [х] тіл арты дыбыстарының қалыпты артикуляциясы. К және К' дыбыстарының кемшіліктері-каппацизм Г және Г' дыбыстарының кемшілігі - гаммацизм, X және X' дыбыстарының кемшілігі-хитизм деп аталады. Осы дыбыстардың басқа дыбыспен алмасуы паракаппацизм (парагаммацизм, парахитизм) деп аталады. X дыбысын айтудың К дыбысынан айырмасы тіл үсті таңдайға түгел тимейді, орта қуыс қалдырады, сол арқылы өткен дем ауасы X дыбысына тән шу шығарады. Жұмсақ К', Г', X' дыбстары қатаң жұптардан тіл мен таңдай жасайтын қуыстың ілгері, орта таңдайға ығысуымен ерекшеленеді /Й/ дыбысы үндеген X' дыбысы сияқты артикуляцияланады. Каппацизмнің негізінен үш түрі кездеседі. Оның бірінде К бәсең айтылатын тамақ шертпесі сияқты естіледі. X дыбысының айтылуының бұзылуы хитизмнемесе басқа дыбыспен К алмасуы т.б.
19-билет
19.1.20нын 2-си
19.2. Жұмсақ С дыбысының артикуляциялық ерекшелігі тілдің үстіңгі жағының биігірек көтерілуі, оның біршама ілгері жылжып тіл мен тістің арасындағы қуысына жақындауы. Еріннің керілуі айқындала түседі. Бұнда да С дыбысына О, У тіркесіндегідей ерін дөңгелектенеді. Бұны - ся, се, си және се, се, сю буындарын айтып байқауға болады.3 дыбысын С дыбысынан, С және 3' дыбыстарының айырмасы дыбыс перделері бірігеді және тербеліске түседі, сонымен қатар дем шығару екпіні әлсірейді, тіл үсті мен альвеол арасындағы саңылау тарылады. Ц-дыбысы біріккен дыбыс ретінде де дауыссыз Т мен С дыбысыбілдіредіуін білдіреді.
Алғашқы сәтте тіл үстінің алдыңғы бөлігі альвеолмен бірігеді. Тіл ұшы төменгі қызыл иекке тіреледі. Жұмсақ таңдай көтеріледі, дыбыс перделері ажырайды. Ізінше олардан ажырап тіл үсті альвеолаға С дыбысы артикуляциясына тән қалыпқа түседі .
Еріндік - тістік сигматизм кезіңде С дыбысы - Ф реңкімен айтылады, себебі қуыс жасауға тілден басқа жоғарғы тіске таянатын ерін де қатысады. Ц дыбысына да сол кезде реңк қосылады, ал З дыбысына В дыбысының реңкі араласқандай болады /7-сурет/. Сигматизмнің бұл түрінде жоғарғы тістер ілгерілеп, төменгі еріннің үстіне тұтас келетін аномалия себеп болады. Мұндай аномалия прогнатия деп аталады.
Тіс төңіректік сигматизмнің /парасигма-тизм/ пайда болу себебі, ауыз қуыстың ішінара немесе толық тұйықталуы. Бұған алғы шарт туғызатын жағдай «терең қабысу» деп аталатын тіс қалпы яғни төменгі күрек тістер мен жоғарғы күрек тістердің айқасуы. Тіс төңіректік сигматизм көбінесе естуі нашарлығына, әсіресе жоғарғы дауыстыларды есту төмендігіне серіктеліп келеді.
Кейде сигматизмнің бұл түрі С, Ц, 3 дыбыстары мен қатар Ш, Щ, Ж, Ч дыбыстарында камтиды.Ызың сигматизмкезінде С, Ц, 3 дыбыстары азды көпті шу естілетін реңкке ие болады. Анық байқалған түрлерінде бұл кемшілік парасигматизм деп аталады. Бұл сигматизмде С дыбысы Ш дыбысымен Ц дыбысы Ч дыбысымен, 3 дыбысы Ж дыбысымен алмасады. Мысалы, сағат орнына «шағат» цирк орнына «чирк» деп айтылады.Тісаралық сигматизмнің алғы шарты-тілдің қомақты, аз икемді,баяу қимылды болуы. Сонымен қатар аденойдқа ұшыраған, соған сай ауызбен дем алатын және ауызын ұдайы ашық ұстайтын балалардың да тісаралық сигматизмге бейімділігі де байқалған.
Мұрындық сигматизм түрлеріне жалпы тән қасиет С, Ц, 3 дыбыстары айтылуына тән шудан өзгешеленеді, одан кейінгі дауыстылар мұрындық реңкке ие болады. Мұрындық реңк жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасында елеулі қуыс болуы, соның салдарынан шығатын дем мұрын арқылы өтуі нәтижесінде пайда болады.
Жұмсақ таңдайдың бұндай қалпы сөйлеу қимыл процесінің белгілі бәсеңдігі жағдайында көршілес дауыстылардың артикуляциясына да тарайды.
Еріндік-тістік сигматизм кезінде балаға ең алдымен С дыбысын айтқанда төменгі ерін жоғарғы күрек тіске түйіспеуі, немесе жақындамауы керек екенін көрсету қажет. Егер балаға айна арқылы көзбен бақылау жеткіліксіз болса, онда ерінді жалаңаштаған тіс тізбегіне тигізіп, айырып көрсетіп, қарапайым артикуляциялық гимнастиканы пайдаланған дұрыс. Қажет болғанда төменгі ерінді шпательмен немесе саусақпен төмен тартатын механикалық көмек қолдануға болады.
Баланың механикалық көмексіз-ақ төменгі ерінді тиісті қалыпта ұстауға жаттығуын күтіп отырмай, осы дыбысты буындар мен сөздерді айтқызуға жаттықтыру пайдалы. Жаттығулар прогнатия жағдайында да дұрыс сөйлеуге дағдыландырады.
Тісаралық сигматизмде, тіс-жақ жүйесінің ақаулығымен қиындамағанболса, кейде тісті кысып түйістіріп С дыбысын созып айту да жеткілікті, егер ысқырықсыз, шамалы шу шықса, төменде ұсынылатын қосымша тәсілдерді қолдану керек.
Ызың сигматизмде алдымен С дыбысының дұрыс, теріс айтылу ерекшеліктеріне назар аудару керек. Алайда бұл әдіс мақсатқа сирек жеткізеді. Себебі бекіп қалған ақаулық ызың-ысқырық дыбыстарын анық ажыратқан жағдайда да С дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеруін қамтамасыз етпейді. Сондықтан ауызды ашып отырып балаларға артикуляцияның дұрысын айнаның алдында және кемшілік артикуляцияның айырмашылығын, өз саусағымен өрнектеу арқылы сезінуге көмектесуі керек.
Тілдің дұрыс қалпын тапқан соң, балаға дем шығарып, ауа ағынын сезінуге мүмкіндік беріледі.
Егер аталған тәсілдер нәтиже бермесе, С дыбысын тіс-аралық артикуляциясын уақытша орнықтыру керек. Мұндай қарама-қайшылық арқылы тілдің алдыңғырақ және кейінірек қалпын айыру жеңіл. Одан әрі буын, сөз материалдары арқылы С дыбысының тіс аралық артикуляциясын, қалыптастырып, оны Ш дыбыстарынан ажыратып болған соң дыбысты тіспен қысып айтатын қалыпқа, тіс аралық сигматизді түзететін тәсілге көшуге болады.
Бүйірлік сигматизмді түзету үшін тілмен ауыз қуысын жабу, оның ортасына жырашық жасау керек.
Мұрындық сигматизмнің барлық түрлерін түзету үшін баланың мұрын қуысын жұмсақ таңдайды көтеру арқылы жағдайында ауа ағымын ауызға таратуды үйренуіне, тіл артикуляциясын бұрын меңгеруіне негізделген. Ең тиімділері бүйірлік сигматизмге қолданылатын жоғарыда аталған төрт саты. Осы тәсілдер кейбір модификациялы өзгерістермен органикалық негізде пайда болатын /жұмсақ таңдай, оның пердесі, таңдай жарықшағы сияқты ақаулықтар/ мұрындық сигматизмнің жиі кездесетін ашық ринолалия түрінде де пайдаланылады.
Алайда бұл еңбекте ашық ринолалиямен байланысты айту қателіктері қарастырылмайды. Ол-тіл кемшілігінің дербес формасы. Қосып айтарымыз кейбір жағдайларда мұрындық сигматизм бүйірлік сигматизмде қолданыла-тын қарапайым тәсілдермен де /мысалы: т, -ф, -х дыбыстарына негіздеу/ түзетіледі.
Қарастырылған барлық С, 3, Ц дауыссыздардың айтылуын түзеткенде С дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеру, осы топтағы барлық дауыссыздар үшін маңызды. С дыбысы, С дыбысы артикуляциясын бекіту кезінде-ақ меңгеріледі. Кейін бұл дыбысты ся, се, сю, ась, ось буындарына теру қиын емес.
Үнді 3 және 3' дыбысы С және С ' дыбыстарын айтқанда дауысты қосу арқылы жеңіл қалыптастырылады.
Ц аффрикатына келетін болсақ, ол С дыбысының алдына Т қойылса /те, атс, тс-а, тс-а/ оңай алынады, ескертетін жай мұнда тіл ұшы төмеңгі тіске тіреліп айтылады. Бұл Ц дыбысы қопармалы фрикативті компоненттерін алуға болады.
Ц дыбысының айтылуын бекіткенде оны жабық буындардан /ац, оц, эц/ сол буындарға аяқталған сөздерден бастау керек. Себебі ашық буындарда /ца, цо, це/ және сөз басында/ мысалы: цирк /алғашқы кезде қопарма компонент қалыптасады /ца, цо орнына со, са/.
19.3. Біркелкі дем алу
Қиындығы: төмен.
Қашан орындау керек: кез келген уақытта және әсіресе ұйқы алдында.
Техника: Мұрын арқылы дем алып, ішіңізден 4-ке дейін санаңыз. Дем шығарып, қайта 4-ке дейін санаңыз. Осы темпты ұстанып, біраз уақыт жаттығу жасаңыз.
Құрсақпен дем алу
Қиындығы: төмен.
Қашан орындау керек: кез келген стресті сәтте.
Техника: Бір қолды кеудеңізге, екінші қолыңызды ішіңізге қойыңыз. Мұрын арқылы терең дем алып, кеудеңізді түзулетіңіз. Минутына 6-10 терең дем алыңыз, жаттығуды 10 минут жалғастырыңыз.
Мұрынмен кезек дем алу
Қиындығы: орташа.
Қашан орындау керек: сергіп, ойды тиянақтау керек кездері.
Техника: Өзіңізге ыңғайлы қылып отырыңыз. Оң қолдың бас бармағымен мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең дем алыңыз. Енді сұқ саусақпен сол жақ мұрынды жауып, оң жақпен дем шығарыңыз. Осылайша кезек-кезек жаттығуды жалғастырыңыз.
Әркелкі дем алу
Қиындығы: жоғары.
Қашан орындау керек: оянғаннан кейін, сергу мақсатында.
Техника: Терең асықпай дем алыңыз, артынан іштің көмегімен тез, бір сәтте демді шығарыңыз. 10 рет қайталаңыз.
Релаксация
Қиындығы: төмен.
Қашан орындау керек: кез келген жағдайда
Техника: Көзіңізді жұмып, бірінен кейін бірі бұлшық еттерді қатайтып, 2-3 секундтан кейін босансытыңыз. Аяқ саусақтарынан бастап, тізе, сан, кеуде, қол, мойын, тіпті көз бұлшық еттерін жаттықтырыңыз. Жаттығу бойы терең, асықпай дем алыңыз.
20-билет
20.1. Тұтығу – ең ауыр кесел. Оның себептері:
Қорқу;Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;Ата-анасының тұтығуы;Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.
Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін. Тұтығудың пайда болу себептері көп. Мысалы, кейбір ата-аналар балаларының қабілетін жұртқа мақтаныш ретінде көрсеткісі келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең, тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді. Жасы жетпеген балаға кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе түнге қарай қорқынышты ертегілерді оқу зиянды. Өйткені бала қатты қорқып, түсінде түрлі қорқынышты нәрселерді көруі мүмкін. Бала түсінде қорқып, шошып оянады, ал бұл, орталық нерв жүйесіне әсер етеді, осының өзі тұтығуға әкеледі.
Баланы жазалау мақсатында қорқыту әдісі де көп қолданылады. Бірақ, қорқытудың да жөні бар. Шамадан тыс қорқыту, үйде жалғыз қалдырып кету, осының бәрі баланың үрейленгіш болып өсуіне септігін тигізеді.
Тұтығатын бала күдікшіл болады, өзінің құрдастарының алдында сөйлеуге ұялады. Тұтыққан баланы өзге балалардың мазақтауынан сақтау керек. Мүмкіндігнше, дұрыс күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай туғызу керек. Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін.
Тахилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің бірқалыпты жылдамдық қимылдарының патологиялық ауытқуынан дыбыстардың қарқындық ырғағы бұзылып, быдықтанып айтылуы.Түзету жұмысы баяу,жатық,біркелкі дем алу мен дауыс шығаруға тәрбиелеу,баяу ырғақты оку,байсалды,сөйлеуде жалпы және есту зейінін калыптастыру жатады.
Брадилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының патологиялық сылбырынан дыбыстар созылып шұбалаңқы айтылады.Түзету барысында қолданатын логопедиялық тәсілдер сөйлеу процессіне сөйлеу қимылдарының жылдамдылығы мен нақтылығын тәрбиелеуге бағытталады.
20.2. Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланың түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы:
«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.
«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
ДЫБЫСТАРДЫ ҚОЮ КЕЗЕҢІ Фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады. Бірінші тәсіл, еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді – тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті түрде қимылын, қажетті дыбыстарын қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей естіп қабылдау, сөйлеу қимылдарын көру арқылы қабылдау, оның ішінде өзінің /айнаға қарау көмегімен/, ішінен ауа ағынын, көмекей дірілін қолмен сезіну түрлі құралдардың көмегімен сөйлеу органдарының жұмысын бейнелеп көрсетумен толықтырылуы мүмкін. Екінші тәсіл құралдардың /шпатель, зондлар/ немесе саусақтың көмегімен сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланды, соның негізінде сөйлеу органдары механикалық жолмен баяу түрде қажетті қалыппен қозғалысқа келтіреді. Сөйлеу органдарының белгілі бір қалыпымен немесе қимылымен байланысты гинетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып табылады. Таза күйіндегі осы тәсілге тән нәрсе – механикалық әсердің нәтижесінде алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай, келмеуі мүмкін. Мәселен, қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдындағы белгілі шпательмен басып қойылады. Та буынын ұмытпаған бала оны – тя түрінде, ал шпательмен тілді ақырын жылжытып итерген жағдайда – кя, сосын – ка түрінде бастайды. Үшінші – аралас тәсіл. Бұл тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың мақсаты – еліктеу және ауызша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейілінше толық және дәл айтуға көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайда /төменгі тіс йсигматизмін түзетуді қараңыз, тілдің ұшын астыңғы тістің артқы жағына түсіріп ұстап тұру үшін зонд пайдалану мысал бола алады/. Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тегістігін ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс айтылуына сүйену керек. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру үшін жаттығу материалын таңдаған кезде фонетикалық, талаптарды еске алу, айту қиындықтарын сатылап арттыруды сақтау керек. Сонымен қатар сөздік материалдарының /сөз, сөз тіркесі/ мәні балаға түсіну мүмкіндігінше күнделікті алынуға тиіс. Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды. Мысалы: – логопед ілесе қарапайым буындар мен сөздерді қайталаудан бастап, дауыстап оқуға заттарды атауға, суреттер бойымен суреттерден бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептерге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек. Алайда есте болатын жай – түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесі көбінесе бұл кемшіліктердің сипатына және бағытына және ерекшелігіне байланысты. Сондықтан дыбысты түзету ретін анықтағанда тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы сынақтарға сүйену керек, олар кемшіліктердің түзетуге икемділік дәрежесін білуге көмектеседі. Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек. 1-ден – мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиіспіз. Бұл интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара ықпалының біржақты тиіуне соқтыруы мүмкін. Мысалы, – с дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа – у түрінде айтылатын – л дыбысын бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде мүлде қарама-қарсы қалпы пайда болады, үшкірленіп /азу тіспен арадағы бүйір саңылауы/. 2-ден әсіресе айтылуы алғашқы кезде үлкен энергия шығындауды қажет ететін дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек. Мысалы, тыныс органдарына елеулі түрде түзететін –ш және –р дыбыстарымен қатар жұмыс істеу тез шаршатуы мидың тыныс алуды басқаратын орталығы уақытша талдыруы мүмкін. Бұлай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда дыбыстарды қалыптастыруды сипаттағанда кейде арнаулы артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға дыбыстардың дұрыс айтылуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке жаттығулар енгізіледі.
20.3 19 билеттин 2си
