Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет логопедия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.48 Кб
Скачать

4 Билет

4,1.Балалардағы дыбыс айтудың бұзылыстарын түзету әдісі.

Нашар еститін балаларда сөздің дыбыстық құрамы туралы нақты түсініктері болмайды, бұл олардың дыбысты айтуы мен жазуынан байқалады. Бала сөзді бұрыс естігендіктен сөздерді өзгерген түрінде естерінде сақтайды, сондықтан да оны қате айтып, жазады. Жиі кездесетін қателіктер түрі:

— дыбыстарды араластырып жіберу (қатаң-үнді, ұяң және т.б.);

— аффрикат;

— дыбыстарды тастап кету;

— дара дыбыстардың орнын ауыстыру және қосу;

— сөздің екпін түспейтін бөлігін тастап кету.

Сәл ересек бала үстел басында шешесінің алдында отырады. Сурдопедагог қарсы алдында отырып, баланың көңілін ойыншықтарға аударады. Бұл кезде оның көңілін ойыншыққа толық аудармау керек. Бұны баланың желкесіне сәл үрлеп тексереді. Егер бала оған бұрылмаса ойыншықты ауыстырады немесе мүлдем алып тастау қажет. Ең алғашқы дабылды көмекшісі артқы жағынан 5 м қашықтықта береді, 1 м қашықтықта естілген дабылды оған оң жағынан, сонан кейін сол жағынан қайталайды. Бала дыбысты қандай қашықтықта естиді, бағытын анықтай алада соны білу қажет. Бұндай балалар зерттеу жоғары көрсетілген әдістермен тексеріледі.

Бұл тексеру нәтижесінде баланың дыбыстар мен дыбыстарға деген реакциясы анықталады:

1)           Баланың қандай ойыншықтың дыбысын және қандай қашықтықтан еститінін, дыбыстың бағытын анықтай білетінін білу.

2)           Баланың сыбырға және дауысқа деген реакциясын анықтау.

3)           Баланың синтетикалық дыбысқа (аудиометр екпіні), қандай жиілік пен қарқынға деген реакциясын білу.

Бұл зерттеулерден кейін тексеру сөйлеу тіліне, дауыстың қаттылығына реакциясы тексеріледі. Егер балада 1 метрден артық қашықтықта дауысқа реакциясы байқалса, белгіні сыбырлап беруге де болады.

Сәл ересек бала үстел басында шешесінің алдында отырады. Сурдопедагог қарсы алдында отырып, баланың көңілін ойыншықтарға аударады. Бұл кезде оның көңілін ойыншыққа толық аудармау керек. Бұны баланың желкесіне сәл үрлеп тексереді. Егер бала оған бұрылмаса ойыншықты ауыстырады немесе мүлдем алып тастау қажет. Ең алғашқы дабылды көмекшісі артқы жағынан 5 м қашықтықта береді, 1 м қашықтықта естілген дабылды оған оң жағынан, сонан кейін сол жағынан қайталайды. Бала дыбысты қандай қашықтықта естиді, бағытын анықтай ала а сонны білу қажет. Бұндай балалар зерттеу жоғары көрсетілген әдістермен тексеріледі.

Бұл тексеру нәтижесінде баланың дыбыстар мен дыбыстарға деген реакциясы анықталады:

1)           Баланың қандай ойыншықтың дыбысын және қандай қашықтықтан еститінін, дыбыстың бағытын анықтай білетінін білу.

2)           Баланың сыбырға және дауысқа деген реакциясын анықтау.

3)           Баланың синтетикалық дыбысқа (аудиометр екпіні), қандай жиілік пен қарқынға деген реакциясын

білу.

4,2

Жазу – бұл графикалық элементтердің көмегімен информацияны қашыққа жіберіп сөйлеу тілін белгілейтін таңбалар жүйесі. Жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тілінің негізінде қалыптасады.Айырмашылықтары:

-Жазбаша с.тілі 5-6 жаста қалыптасады

-Жазбаша сқйлеу тілі саналы түрде оқыту процесінде қалыптасады

-Жазбаша с.т эмоционалды қатынас түрлері қолданбайды.

Қазіргі кезде арнайы әдебиеттерде жазбаша сөйлнеу тілінің бұзылуын білдіретін әртүрлі терминдер қолданылады. Жазудың жартылай бұзылуы – дисграфия, жазудың мүлде қалыптаспауы – аграфия.орфографиялық біліктілігі мен дағдыларын меңгере алмауға байланысты жазудағы тұрақты кездесетін қателер – дизорфографиялық д.а.

Түзете - дамыта оқыту сыныптарында сергіту ойындарын өткізудің маңызы зор. Олар - оқушылардың шаршамауына, демалуына әсер етеді. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын ұйымдастыру арқылы мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Мұғалім оқушыларға түзете оқу - тәрбие үрдісінде түрлі ойындарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиеттерін дамытып, психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады.Оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан. Атап айтқанда, түзете - дамыта оқыту сыныптарда төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады.»Қай әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Бос торкөзді толтыр», «Қызықты торкөз», «Сөйлем қуаласпақ», «Тыныс белгісін тап», «Екі - екіден жұпта», «Кім тапқыр», «Сөз ойла - тез ойла», «Ойлан, тап», «Кім шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады», «Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы сандық». Сюжеттік - рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез - құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын - ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. Ақыл ойы - кем балаларды оқытудың негізгі әдісі - біріктіру болып табылады . Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап , білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап , зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып отыр.  Біріктіру әдісі - білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады.  Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі:  - дамуындағы кемшілікті ерте бастан түзету;  - дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері.  - Біріктіре оқыған балаға түзету көмектері міндетті:  Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау психоэмоционалдық дамуы терең бұзылған балалар қалыпты балалар арасында тәрбиелене алмайды. Ақыл - ойы кем балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну және жағдай жасау.  

4,3.Балалардағы сөзжасамды дамыту

Сөзжасам – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат неқұбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады.

Тапсырмалар:

1. Төмендегі сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөздер екенін ажыратып жаз.

Аспан көк, жомарт,  астан- кестен, жүз екі, тасбақа.

 2. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Тоғызқұмалақ , қолма- қол, см, қырық тоғыз.

3.«Ұстаз- ұлы тұлға» тақырыбына шығарма жаз.

4. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Құнанбай, тату-тәтті, жайлау.

5 – билет.

5.1 .Әртүрлі сигматизм түрлерін түзетудің спецификалық тәсілдері. Үйреншікті тіс арасына тілдің шыға беруін тоқтату үшін буынмен, сөзбен жаттығуларды тістерді қысып тұрып жасау керек. Бұл әсіресе С дыбыс буын мен сөз басында келсе де ерекше маңызды. Алайда мүмкін болған сәтте-ақ мұндай «тістеніп» сөйлегенді тоқтатып, қалыпты айтуға көшу қажет. Жаттығу кезінде айна арқылы артикуляцияны көзбен бақылау қамтамасыз етіледі.

Егер тісаралық сигматизм тіс-жақ жүйесінін дұрыс құрылмауы, немесе сүт тістерінің түсу нәтижесіндегі алдыңғы тіс қалпына байланысты болса, кемшілікті түзетудің маңызды алғы шарты тіс қалпын түзету болмақ, бірінші жағдайда ол стоматология құралымен жасалады, екіншіде табиғи тұрақты тіс шығуымен түзеледі. Алайда ашық тіс қалпында тіл артикуляциясын түзету яғни тіл ұшын төменгі күрек тістің қызыл иегі астына шығару да тиімді.

Ызың сигматизмде алдымен С дыбысының дұрыс, теріс айтылу ерекшеліктеріне назар аудару керек. Алайда бұл әдіс мақсатқа сирек жеткізеді. Себебі бекіп қалған ақаулық ызың-ысқырық дыбыстарын анық ажыратқан жағдайда да Сдыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеруін қамтамасыз етпейді. Сондықтан ауызды ашып отырып балаларға артикуляцияның дұрысын айнаның алдында және кемшілік артикуляцияның айырмашылығын, өз саусағымен өрнектеу арқылы сезінуге көмектесуі керек.

Бүйірлік сигматизмді түзету үшін тілмен ауыз қуысын жабу, оның ортасына жырашық жасау керек.

Демді қолға тиетін ауа ағымымен бақылауға болады. Соңынан тісті қысып тұрып, құрамындаТ мен С анық естілетін Ц дыбысы айтылуға тиіс. Оны тек балаға білдірмеу керек, әсіресе, ол үшінЦ дыбысының үлгісін болдырмауға тиіс. Өйткені жағдайда үйреншікті алғашқы қате артикуляция қайталануы мүмкін.

Егер бала тіл үшін төменгі қызыл иекке еркін ұстай алмаса, № 2 зондты немесе шпательді пайдалану керек. Жаттығу барысында біріккен дыбыстың фрикативтік бөлігі біртіндеп ұзарып, содан соң бөлініп шығады, сонда ғана шпательді пайдалану керек. Жаттығу барысында біріккен дыбыстың фрикативтік бөлігі біртіндеп ұзарып, содан соң бөлініп шығады, сонда ғана балаға дұрыс айтылатын С дыбысы осы екенін тусіндіруге болады. Одан әрі игерілген артикуляцияны буын, сөз, сөз тіркесі материалдарымен бекітеді.

Мейлінше қиын жағдайларда төрт сатыдан тұратын тәсіл қолданылады. Әуелі балаға жақын орналасқан еріндер арқылы ауа үрлеу ұсынылады да, одан шығатын ауа ауызда тақалған қағаз қиындысы, мақта ұлпасы, жіп немесе қол арқылы бақыланады. Одан соң жаттығу тілді тіс арасына кеңінен сұғу оны ауыздың бүйірлеріне жапсыру жағдайында айна алдында қайталанады. Тіл қуысында жырашық болуға тиіс. Ауа ағымын бақылау үшін қосымша пробирка немесе ауызы тар шыны ыдыс пайдаланылады. Пробирканы тік ұстап тесігін тіл алдының орта тұсына таяу керек. Бүйірлік артикуляцияны түзетудің тағы бір тәсілі

баланы Ф дыбысын созып айтуға үйрету, содан соң

оны тілді неғұрлым ілгері ұмтылдыра, ұшын төмеңгі

күрек тіске тірей қайталау. Сонда Ф дыбысына тән

шуға ысқырынған шу қосылады. Осы екеуінің

бірігуі еркіндік-тістік сигматизмге тән дыбысты еске түсіреді. Ақырында X дыбысына сүйену де мақсатқа жеткізеді /ол бүйірлік ариткуляцияға ұшыраған болса /балаға-ихи тіркесіп айту ұсынылады, сонан соң тісті қысып қайталанады. Сонда көбінесе С дыбысына жақын дыбыс жиі естіледі. Оны балаға ерте ескертпеу керек себебі бүйірлік артикуляцияға ұшырауы мүмкін.

Жаттығуда ысқырынған дыбыс қалыптасқан соң - С және С' дыбыстарының айырмасына назар аудару керек.

Өте қиын жағдайда тілдің бүйірлері жоғарғы азуларға жабысуын тілдің ұшы төмеңгі күрек тістерге тірелуін камтамасыз ететін айна алдындағы артикуляциялық гимнастика ұсынылады. Осы мақсатта тілді «күрек», «жырашық» түрінде сыртқа шығару, тілге таңдай сорғызу және сол қалыпта төменгі жақты жоғары, төмен қозғау тіл бүйірлерін азуларға жапсыру, сол кезде тіл ұшын төменгі күрек тіске тіреу сияқты жаттығулар пайдалы.

Соңғы жаттығу әуелі ауызды ашып, кейін жақтарды біртіндеп жақындатып жасалады. Сол қалыпты сақтай отырып, дем алынып, дем арылады, сонда - X, - С аралығындағы дыбыс шығады, соның негізіндегі жаттығулар - Сдыбысын беруге тиіс.

Мұрындық сигматизмнің барлық түрлерін түзету үшін баланың мұрын қуысын жұмсақ таңдайды көтеру арқылы жағдайында ауа ағымын ауызға таратуды үйренуіне, тіл артикуляциясын бұрын меңгеруіне негізделген. Ең тиімділері бүйірлік сигматизмге қолданылатын жоғарыда аталған төрт саты. Осы тәсілдер кейбір модификациялы өзгерістермен органикалық негізде пайда болатын /жұмсақ таңдай, оның пердесі, таңдай жарықшағы сияқты ақаулықтар/ мұрындық сигматизмнің жиі кездесетін ашық ринолалия түрінде де пайдаланылады.

Алайда бұл еңбекте ашық ринолалиямен байланысты айту қателіктері қарастырылмайды. Ол-тіл кемшілігінің дербес формасы. Қосып айтарымыз кейбір жағдайларда мұрындық сигматизм бүйірлік сигматизмде қолданыла-тын қарапайым тәсілдермен де /мысалы: т, -ф, -хдыбыстарына негіздеу/ түзетіледі.

Қарастырылған барлық С, 3, Ц дауыссыздардың айтылуын түзеткенде С дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгеру, осы топтағы барлық дауыссыздар үшін маңызды. С дыбысы, Сдыбысы артикуляциясын бекіту кезінде-ақ меңгеріледі. Кейін бұл дыбысты ся, се, сю, ась, ось буындарына теру қиын емес.

Үнді 3 және 3' дыбысы С және С ' дыбыстарын айтқанда дауысты қосу арқылы жеңіл қалыптастырылады.

Ц аффрикатына келетін болсақ, ол С дыбысының алдына Т қойылса /те, атс, тс-а, тс-а/ оңай алынады, ескертетін жай мұнда тіл ұшы төмеңгі тіске тіреліп айтылады. Бұл Ц дыбысы қопармалы фрикативті компоненттерін алуға болады.

Ц дыбысының айтылуын бекіткенде оны жабық буындардан /ац, оц, эц/ сол буындарға аяқталған сөздерден бастау керек. Себебі ашық буындарда /ца, цо, це/ және сөз басында/ мысалы: цирк /алғашқы кезде қопарма компонент қалыптасады /ца, цо орнына со, са/.

5.2. Тіл арты дыбыстарының бұзылыстарын түзету. Баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы түрліше болады. Мысалы кез келген бір дыбыс сөз ішінде айтылмай түсіп өалса қөайсы бір оларды бұрмалап немесе баска дыбыспен алмастырып айтуы мүмкін. Бұзылудың осы түрлерін жеке жеке қарастырып көрейік. Сөйлеу тіліндегі дыбымстардың түсіп ұалуы, сөздің басында, ортасында және аяғында кездесуі мүмкін. Мысалы ракета, акетка, тарақ-таақ, батыр-баты.С өйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы бұрмалаған кезде, тіл дыбыстарының жүйесінде болмаған түсініксіз дыбыстарды шығарады. Жасалу жолдары жағынан ұқсас сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылкында айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады. Мысалы тіл арты түзелмелі тіл арты т.б. Шұғыл дыбыстармен алмастырылады. Сөйлеу мүшелерінлегі айтылуы ұқсас жасалу жолдарыныңм айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады. М ысалы тіл алды С дыбысы тіл алды Т дыбысына алмастырылады. Жасалу жолдары ұқсас ал сөйлеу тілі мүшелернің әрекеті бойынша айырмашылығы бар С дыбысына алмастырылады. Мысалы Самат Фамат. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылу мен жасалу жолдары ұқсас джыбыстармен алмастырылады. 5. ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ ҰҚСАС ДЫБЫСТАРМЕН сөйлеу мүшелерінің белсенді әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар жуан және жіңішке белгілерімен айқындалатын дыбыстармен мысалы жуан және жіңішке дыбыспен бір бірлерімен алмасады. Тіл өте жылжымалы мүше. Тілдің бірде ілгері бірде кейін жылжуынан бірде жоғары көтеріліп, бірде төмен сондай-ақ оның артөы шені орта шені ұшының қимылынан ар түрлі дыбыстар жасалады. Тілдің ұшы жоғары тіске тиюінен тіс дыбыстары ал тілінің арткы шенінің артқы таңдайға жуықтауынан тіл арты дыбыстары жасалады. Дыбыстар осылай тілдің өзге мүшелеріне тиюі не жуықтауына қарай соның атымен топтастырылады.

 

5.3.Дауыссыз дыбыстардың жауапкершілігің (е), (е), (ю), (я), (и) дыбыстарының көмегімен белгілеу. Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. 

Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері: 

- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары; 

- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде - бәсең үн болады; 

- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды; 

- дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады; 

- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды; 

- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды. 

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі 

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар: 

- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары; 

- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары; 

- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары. 

1. Қатаң дауыссыздар 

Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. 

Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш 

2. Ұяң дауыссыздар 

Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады. 

Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з. 

3. Үнді дауыссыздар 

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. 

Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді: 

- ауыз жолды: й, л, р, у; 

- мұрын жолды: м, н, ң. 

4. Ерін дауыссыздары 

Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз. 

Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у. 

5. Тіл дауыссыздары 

Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз. 

Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді: 

- тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш; 

- тіл ортасы: г, к; 

- тіл арты: ғ, қ, ң. 

6. Шұғыл дауыссыздар 

Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз 

Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, н, ң, п, т.

7. Ызың дауыссыздар Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз 

Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш. 

8. Діріл дауыссыз 

Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында дыбыстау үзілісі мен тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбысты діріл дауыссыз деп атаймыз. 

6-билет

6.1 Жуан және жіңішке дауыссыздардың айтылуы

Жіңішке дауыссыздың жұмсақтығын жазуда анықтау. (ь және әріптермен я, е, ё, ю): [брат - брат'], [галкъ - гал'къ], [вал - в'ал], [нос - н'ос], [тук - т'ук].

Ерін ұшы арқылы жұмсақ айтылатын сөздер: цеп - цепь, кров - кровь, раб - рябь - [цэп - цэп'], [кроф - кроф'], [рап - р'ап'].

Жұмсақ еріндіктер я, ё, ю алдында қосымша артикуляциясыз айтылады: пять, мять, мёл, вёл, гравюра, пюре - [п'äт'], [м'äт'], [м'ол], [в'ол], [грав'уръ], [п'ype].

[м] дыбысының жұмсақтығы мына сөздерде семь, восемь сохраняется в сложных числительных: семь - семьдесят - семьсот, восемь - восемьдесят - восемьсот - [с'ем' - с'ем'дьс'ът - с'ием'cот], [вос'ьм' - вос'ьм'д'ьс'ът - въс'ием'cот).

2жіңішке дыбыстардың жазуда белгіінуі. Дауыссыздың алдында қатаңдық және ұяңдық көбінесе жеке тұра аллмайды ассимиляиялық болып, келесі дауыссыздың қатаңдығына және ұяңдығына байланыстыа) сөздің ішінде дыбысының алдында[j] дауыссыздар кейбір кезде ұяңданады.:рыбья, листья, судья, гостья - [рыб' ъ], [лûст' ъ], [суд'jа], [гос'т' ъ];

б) тістік дауыссыздар[с], [д], [т] тістік ұяң және еріндік алдында ұяң айтылады:груздь, грусть - [грус'т'], [грус'т'], стена, песня - [c'т'иена], [п'ê'с'нъ]. В ряде слов смягчение вариативно: спелый, звезда, твердый, дверной - [с'п'елы ] и [сп'елы ], [з'в'иезда] и [зв'иезда], [т'в'орды ] и [тв'орды ], [д'в'иено ] и [дв'иерно ];

в) [н] дауыссызы [д], [т], [н] ұяң дыбыстары алдында ([з], [с]) алдында сирек, сондай ақ [ч], [щ]алдында ұяң айтылады: кантик, бандит, конник, пенсионер, претензия, птенчик - [кан'т'ик], [бΛн'д'ит], [ко 'ик], [п'ьнс'иΛнер], [пр'иетен'з'и ь], [пт'êн'ч'ик];

6.2) Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары.

Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.

  Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

«Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару керек.

Төмендегідей тапсырмалар беріледі:

  1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;

  2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;

  3. Үй құрастыру;

  4. Жалауша құрастыру;

  5. Жұлдызша құрастыру;

  1. Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.

  2. Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.

  3. Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).

  4. Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.

1. көру арқылы қабылдауды дамыту, түстерді тану, пішіні мен биіктігі (көру гнозисі).

2. Көру жадын кеңейту және толықтыру

3. Қоршаған ортаны елестете алу қабілетін дамыту.

4. Көру анализі мен синтезін дамыту.

Заттық көру гнозисін дамыту мақсатында келесі жаттығулар ұсынылады: заттардың пішінін суреттеу, контурлы суретті көрсету. Мысалы: басқа әріптердің ішінен әріпті табу, қолмен және терілген әріптерді топтастыру,жетіспей турған элементті табу немесе жазу, дүрыс емес орналасқан әріптерді табу; әріптердің үстінен бастыру, бір-біріне бастырылған әріптерді ажырату

Оптикалық дислексия мен дисграфияны жоюда баламен пішінді, түсті, биіктігін елестету бойынша жұмыстар жүргізіледі . Логопед пішіндері түстері әртүрлі фигураларды(дөңгелек тікбұрыш, үшбұрыш, ромб, жартышар тб) балалрға пішіні, т.сі бойынша бірдей фигураларды топтастыр дейді. Шынай заттармен фигураларды ұқсастырып топтастыр деген тапсырма беруге болады. (дөңгелек - қарбыз, сопақ - қауын, үшбұрыш – үйдің шатыры, шартышар- ай).

Көру жадын дамытуда мына жаттығулар жасау ұсыналыды:

1. «Не жоқ болып кетті?»ойыны. Столға балалр есте сақтап қалуы үшін 5-6 зат, сурет қойылады.Кейін солардың біреуі алынып тасталады. Балалр қай зат жоқ болып кеткенін атаулары керек

2. Балалар 4-6 суретті есте сақтап 8—10 суреттін ішінен табулары керек.

3. 3-5 әріптерді, сандарды, фигураларды есте сақтап басқа заттардың ішінен табу.

Қоршаған ортаға бейімделу бойынша келесі жаттығулар ретпен орындалады:

1.Заттың балаға және өіңе қарай орналасуы бойынша орналастыру.

2. Жанында қарай орналасқан затты табу. «оң жағында, сол жағыңда орналасқан затты тап», «кітапты оң жағыңа қой, сол жағыңда». Егер бала қиналып жатса, сол жақ ол сол қол жағыңда, ал оң жақ ол оң қол жағыңда. Деп түсіндіру.

3. Ұқсас әріптерді бір бірінен ажырату Р-В П-Л, С-О

7-билет

7.1)Сөйлеу тілінің лексикао-грамматикалық бұзылысының түзету әдістемесіТәрбиеші ерекше жүйе бойынша лексикалық тақырыппен бірге сөйлеуді дамытуға, қоршаған ортамен таныстыруға сабақтар жүргізеді; балалрдың сөздік қорын белсендіреді және толықтырады, балалармен сөйлесе отырып сөйлеудің грамматикамсын дұрыстығын және дыбыс шығаруды талқылайды.Логопед фронтальды сабақтарда тақырыптарды тұжырымдайды және балалрмен материалды айтуды, дыбыстық талдауды өңдейді, сауаттылық элементіне оқытады, балалрды белгелі лексико-грамматикалық категориямен таныстырады. Логопед тәрбиешінің сөздік қорды кеңейту, аныықтау, белсендіру жұмысын, грамматикалық категорияны меңгерін, байланыстырып сөйлеін дамытуын басқарады. Тәрбиеші жазбаша сабақты ұйымдастыруда және графикалық дағдыны қалыптастыруда логопедтің методикалық нұсқауына сүйенеді.Мектеп жасына дейінгі балалрдың сөйлеуін дамытуда жалпы әдістемеде оқытудың келесі бағыттары бөлінеді: сөздікті дамыту, грамматикалық дұрыс сөйлеуді қалыптастыру, ауызша сөйлеуді дамыту. Сөйлеуінде фонетикалық-фонематикалық кемістігі бар балалр тобымен осы бағы т бойынша негізгі жұмысты тәрбиеші жүргізеді. Бірақ та түзету мақсатында сөйледі дамытуға бағытталған жұмыс көлемінің жалпы мазмұнында баланың меңгеруіне қиындық тудыратын біраз тарау бөлінеді. Сондай-ақ балалар сөйлеудің грамматикалық қатарын құруды қиналады. Бұл бөлімдер алғашында логопедия сабағында айтылатын бөлімдерден өңделеді., кейін тәрбиеші сабағына бекітіледі.

Байланыстырып сөйлеу сабағы мазмұнды өзгереді. Қысқа мәтініндер таңдалып соның алдында жұмыс жүргізіледі. Сюжетті және бейнелеу әңгімесін меңгеруге дайындық лексико-грамматикалық қордың жиналу негізін қадағалайтын объектісі баланың топтағы болған кезіндегі сөйлеудің грамматикалық жағын меңгеру және дұрыс айтуды бекіту.

7.2) 1. Дыбысты айтуға, қоюға қалай қозғалу керек екенін түсіндіру, содан соң айна алдында көрсету. Бала тілдің қозғалысын көріп, сіздің қимылыңызды қайталауы керек. 2. Әр түрлі құралдардың көмегімен дыбысты қою. Еліктеу арқылы дыбысты қою мүмкін болмаса, зонд, қасықты қолдануға болады. 3. Аралас әдіс. Керек дыбысты айтуды сұрап, сол кезде зонды пайдалану. Дыбыс айту бұзылыстарының ішінде көп кездесетін Р – дыбысының бұзылып айтылуының бірнеше түрі бар. - дыбыс сөзде жоқ не оның орнына дауысы дыбысты созып айтуы; - жұмсақ таңдай мен тілшіктің ауыздан шыққан ауаның әсерімен дірілдеуі, дыбыстың тамағымен айтылуы; - бүйірлеп айтылуы, тіл ұшы дірілдемей,тіл бүйірі ауыздан шыққан ауа екпінімен [рль] шапалақ, қолпылдаған дыбыс шығады; - екі еріндік [р] ауа еріннің арасынан өткен ауа арқылы дірілдейді; - мұрынмен айтылуы – тіл арқасы мен тіл түбінің жұмсақ таңдаймен жақындасуынан шыққан ауа мұрын жолынан өтіп, [нг] деген дыбыс шығады; - [р] дыбысының орнына [л] айтылуы – тіл ұшының жоғары көтерілуі дірілдемей ауа тіл жанынан өтіп, [л] дыбысы шығады (рас-лас) - [р] дыбысының орнына [д] айтылуы. Таңдайға көтерілген тіл ұшы дірілдемейді, шыққан ауа тіспен тілдің қабысқан тесігі арасынан шығады (рахмет-дахмет); - [р] дыбысының орнына [г] айтылуы – тіл ұшы артикуляцияға қатыспайды, бірақ қатайып тіл арқасы көтеріліп, жұмсақ таңдаймен қабысып ауа екпінімен ашылады [гх] деген дыбыс естіледі (раушан- гхаушан); - [р] дыбысының орнына [й] айтылуы – тіл ұшы қозғалмайды, тіл ортасы көтеріліп ширап жұмсақ таңдаймен жақындасып ауа сол қуыс арқылы өтеді (тар-тай); 7.3)Тілге арналған гимнастика«Күрекше».Тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұру керек.«Чашечка» «Шәшке».Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, шәшке формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді. «Иголочка» «Инеше» «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Горка» «Төбешік» 

«Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

«Трубочка» «Түтікше».

Тіл ауыздан шығарылады да, түтікше түріне енгізіледі. Жаттығуларды алдымен жайлап, айна алдында жасалады, сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу керек. Әрбір жаттығу 10 секундтан 6-8 рет орындалады.

«Часы» «Сағат» 

«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

    Әдістемелік нұсқау.1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін  жалпақ қалпына келтірген  сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.

«Ат шауып келеді» 

«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады

«Грибок» «Саңырауқұлақ» 

«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

«Күркетауық»

 Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағының қимыл-қозғалысын жетілдіру

Қысқаша сипаттамасы: Ауызды аздап  ашып, тілді жлғарғы ерінге,қойып тілдің жалпақ ұшын алға-артқа жылжытту керек.Тілді еріннен ажыратпау керек- ерінді сипағандай.Алғашқыда тіл қимылы баяу, содан кейін жылдамдатып, дауыс қосылады.Әдістемелік нұсқау.1. Тілдің жалпақ, қимылы артқа-алға болуын қадағалау керек.2.Тілмен жоғары ерінді «жала» керек.Тілдің қозғалғыштық қабілетін дамытуғаарналған жаттығулар:

құймақ пісіреміз

Жымиып, ауызды ашамыз, тілдің алдыңғы бөлігін төменгі ерінге саламыз. Тілді бірқалыпты,жағдайда санау арқылы 1-ден 5-ке дейін, дан кейін

, «пя-пя-пя…» деп тілмен еріндер арасында 1-ден 10-ға дейін ұстап тұру керек ұн илейміз

Жымиып шалпылдату.

8-билет

8.1Нақты аралас дыбыстардың дыбыс айту дифференциациясын қалыптастыру бойынша жұмыс. нег. 2кезеңіне тоқталыңыз.Бұл этап нег.маңыздылығы балада қайта түз.дыбысты сөйлеуде тұрақты дағд.қолд., акустикалық н/е артикуляциялық дыбыстармен жақын келетіндермен араластырмай түзету. Бұл арнайы жаттығулар жолдарымен жүз.асырылады . Аралас дыбыстарды ажырату жұмысы дайындық кезеңінде ж/е дыбысты қою кезеңінде жүрг. Дайындық кезеңінде сөйлеуде алмастырылатын дыбыстарды дифференциациялауын үйретіле( есту арқылы, ал дыбысты қою этапында баланың назарын аралас дыбыстарды айту кезіндегі ерін мен тіл, ауаның шығу ағымына аударамыз). Мысалы с мен ш, ж мен з, р мен л. Сөйлеу материалының қиындығы кезекпен жүреді. Дыбыстардың дифференциациясы келесідегідей жолдармен жүзеге асырылады:

-əртүрлі типтегі буындарды дифференциациялау (са-ша, ас-аш, лақ-лағ);

-сөздердің түрлеріне қарай дифференциациялау (санки-шапка, сутки-шутки);

-сөйлемдердің түрлеріне қарай дифференциациялау: Шла Саша по Шоссе.

-аралас дыбыстары кездесетін мəтінді дифференциациялау;

-күнделікті сөйлеу тілін дифференциациялау. Бұл дифференциация түрі қиын келеді, себебі ауызекі сөйлеу тілінде тек 2ғана дифференциацияланған ж/е əдейі топтастырылған дыбыстар алынады. Бірақ қалған ысқырық ж/е ызың дыбыстармен араласпауы тиіс. Дыбыстарды дифференциациялау кезінде ата-ананың рөлі зор. Ата-ана баласының сөйлеуін қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында маманға көмектеседі.

8.2. Байланыстырып сөйлеудің дамуына сипаттама.Тіл кемістігі бар балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту.Баланы әңгімелеуге үйрету- оның сөздерді байланыстыруын жақсы қалыптастырады. Баланың сөйлеуі оның ойлауымен бірқалыпты дамиды. Мектепке дейінгі балалардың ойлауында маңызды өзгерістер орын алады: ой-өрісі жетіледі, ойлау қабілеті дамиды, білімі ұлғаяды, сөздік қоры молаяды. Алайда, балалар ойлау және тілдік дағдыларын айналасымен қарым-қатынас жасанғаннан кейін ғана иемденеді. Бұл жерде балаға эмоционалдық қарым- қатынасы өзіне жақын ересек адам маңызға ие. Балаға туғаннан бастап жылу, сезім, махаббаттың жеткіліксіздігі де , баланың тіл дамуына жағымсыз әсер етеді. Мұндай жағдай көбіне отбасылық жағдайы төмен, ата – аналары ішімдікке салынған жағдайда, анасының жоқтығы, дүниеге келген күнінен бастап балалар үйінде тәрбиеленгендіктен, оларға жеткілікті түрде назар аударылмағандықтан туындайды. Я.С. Выготский алғаш рет баланың психикалық дамуын оқыту туралы ереже қабылдады, бұл зерттеу өзінің дамуын жалғастыруда. Неғұрлым қарқынды және алуан түрлі ақпарат ағыны түскен сайын, баланың миы тезірек дамиды, функционалдық және анатомиялық жетілу орталық жүйке жүйесі күшейе түседі, бірақ келіп түскен ақпараттар жас және психикалық ерекшелігіне сай болуы тиіс екендігі анықталды. Психологиялық принциптердің бірі, балармен тілдік қатынаста болу, дамытушылық принципі болып табылады. Психологиялық дамуда сензитивтік кезең басым орын алады, бұл кезеңде бала қоршаған ортадағы жағдайға ерекше әсермен қарайды. Тіл дамуына қажетті жас 1,5-3 болып табылады. Бұл неғұрлым қолайлы, даму кезінде бала сөйлеуді жақсы меңгеріп алады, өзгелермен қарым-қатынасы жақсара түседі. Сензитивті кезеңде сөйлеу мінез-құлқы қалыптасады, ерекше сөйлеу сезімі пайда болады.

8.3. Ерінге, бетке ж/е жаққа арналған гимнастика.Беттің бұлшық еттерінің, нервтерінің қозуы мен ымсыздануын және сөйлеу мүшелері аппаратының нашар қимылдауын жою үшін екі ұртын алақанымен жеңіл шапалақтайды,  астыңғы жақтың сыртқы қырын, тіл асты таңдай бұлшық еттерін саусақпен жеңіл ғана сипай шымшылап бетті уқалайды, сонымен бірге беттің терісін тегістеп сипалауды да қолданады.Сонымен қатар еріндерді үнемі үздіксіз уқалайды, еріндерді бірімен-бірін үйлестіріп қимылдатады, қысып тұрып жеңіл ғана шымшылап сипайды, езуінен бастап ернін айналдыра сипап шығады.Астыңғы жақ үшін – тістерін сақылдатып ауызын ашып жабады. Ауызын ашық күйінде ұстап тұрады. Бұл жаттығулардың барысында ауыздың орташа бағытпен жабылуын қадағалау қажет. Қолымен, төбесімен және иектің астынан жеңіл ғана басу сияқты механикалық жәрдемді қолдануға болады. Сонымен бірге дәкені немесе резинка бұрауды тістетіп, қолымен жұлқа тартып шығарып алу әдісіне де сүйенеді. Бала өзінің жаттығуларына айнаға қарап бақылауымен бірге, астыңғы жақтың, шықшытының қимылдауын қолымен сипап та көру керек.Еріндерінің қимылдарын шынықтыру үшін:а) тістерін ақситу, еріндерін сүйірлеп созған кезде сылпылдатып сүюді қолданады. Еріндерін сүйірлеген кезде саусағын немесе мұз кәмпитті сұғып сорып, сосын тартып шығарады, еріндерін қатты жымқырып екі ұртын ішіне қарай қусыра сорғанда шыртылдаған дыбыс пайда болады. Мұз кәмпиттің көлемі кішірейген сайын еріндердің бұлшық еттері ширығып қатаяды. Бұл сияқты жаттығуларды жиі қайталап отыру керек;б) бұл жаттығулардан кейін әр түрлі көлемдегі түтіктерді немесе түзету құралын еріндерімен қысып ұстап тұру жаттығуына көшеді. Мысалы, логопед түтікті суырып алуға әрекет жасағанда бала қысып жібермейді. Бұл қимылды шынықтыру үшін азу еріндерін саусақтарымен қысып ұстауды қолданады;в) жымқырылған еріндерді алға созып, қайтадан бұрыңғы қалпына келтіреді;г) жағын ашып еріндерін алға созып, сосын ыржиып кереді;д) тілін үстіңгі еріннің үстіне қойып алға қарай екеуін бірге созады;е) еріндерін тістеріне қатты жапсыра қысып ауыздық ішіне тартады;ж) үстіңгі тістерімен астыңғы ернін тістейді;

  1. Билет

9.1 Бір дыбыстың басқамен тұрақты алмастырылған жағдайы, мысалы, Ш орнына-С немесе С орнына Ш парасигматизм деп аталады. С дыбысының жасалу механизмі төмендегідей. Еріндер күлгендегідей сәл керіледі. Тістер қысылған немесе жақындасқан қалыпта болады.. Тіл ұшы төменгі қызыл иекке тіреледі, ортасы дөңестеледі, бүйір шеттері жоғарғы ауыздарға, таңдайдың бүйір жақтауларына жабысады. Тілдің бойында оның ортасымен, жырашық пайда болады, альвеолы тысында сыртқа қарай жіңішке дөңгелек тесік болып ашылады.Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады. Дауыс перделері ажырайды, дем шығару ауасыкөмекей мен ауызөуысына еркін жіберіледі. Ол ауа ауызда тар саңылау түріндегі кедергіге ұшырап ысқырған шу шығарады, оның биіктігі тіл үсті бөлігігің алдыңғы жағы мен күрек тістер арасындағы қуыстың көлеміне байланысты.Жұмсақ С дыбысының артикуляцялық ерекшелігі тілдің үстіңгі жағының биігірек көтерілуі, оның біршама ілгері жылжып тіл мен тісің арасындағы қуысына жақындауы. Еріннің керілуі айқындала түседі.Бұнда да С дыбысына О, У тіркесіндегі ерін дөңгеленеді.Бұны-ся, се, си ж\е се, се, сю буындарын айтып байқауға болады.

Ш дыбысының жасалу механизмі. Еін аздап дөңгкленеді. Тістер не қысылған, не жақындаған, арасындағы жіңішке саңылау 1-1.5мм болады. Тіл таңдайға ожауланып көтеріледі. Оның бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді.Алдыңғы ұшыальвеол артындағы таңдайға тиіп, ортасында жарты ай қуысын жасайды.Жұмсақ таңдай көтеріліп,мұрын жолын бітейді. Дауыс перделері ажыраған, шығатын демді жұтқыншақ пен ауыз қуысына еркін өткізеді. Ауызда тіл ұшы мен таңдай арасындағы саңлау түріндегі кедергіге кездесіп, шығатын дем С дыбысынан төмен болып естіліп шу шығарады. С-ға қарағанда Ш дыбысының төмен шығуы таңдайға көтерілген тілмен алдыңғы тістер арасындағықуыстың көлемділігімен болады.

4 зондты пайдаланады.Зонд,ол тіл ұшы көтеріліп күректістер арасындағысаңылауды жаппауы үшін төменгі ұшы тістерге көлденең қойылады.Тіл икемділігі жетпегенде артикуляциялық жаттығулар елеулі көмек береді.Атап айтқанда, тілді тіс арасында тигіуі, оны ашық акыздан астаушалап шығару, тіл үстін дөңес сигматизмс тұзетуге пайдалану иіп ашық ауадан астаушалап шығару, тіл үстін дөңес иіп ұшын төменгіқызыл иекке тіреу. Бұл жаттығулар күрек тістер жақын орналасқанжағдайда тілдің дұрыс қалпынорнықтыруға, дұрыс дыбыс шығаруға көмектеседі.

9.2 Қазіргі заманғы логопедияда баланың сөйлеу тіліндегі кемшілікті неғұрлым ерте жастан түзету принципі жиі көрінеді, өйткені кез-келген сөйлеу тілінің бұзылысы қандай деңгейде болмасын баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқына сондай-ақ сөйлеу тілінің ары қарайғы дамуына әсер етеді. Сөйлеу тілін естіп ажырата алмаған жағдайда дыбыстық талдау мен жинақтаудағдысынмеңгерту, жазудыүйренумүмкінемес. Мектепжасындадыбыстық анализ бен синтезді меңгеру кезінде туындайтын қиындықтар жиі дисграфияға алып келеді. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері дисграфияның сол не басқа түрінің дамуының алғашқы белгілері мектепке дейінгі жастағы балалардың 10,5%-нан 55,5%-на дейін жететінін көрсетті. Балалардың 25%-ндадыбыстық анализ бен синтездің жетілмеу інегізінде дисграфия туындайтын болса, ал 16,7%-ында артикуляциялық-акустикалық дисграфия туындауы мүмкін, яғни олфонематикалық функцияның жетілмеуінің салдары болып табылады. Сонымен жазу мен оқуға үйретудің сәтті болуы сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық жағының дамуы жағдайына да байланысты. Қ.Қ. Өмірбекова, С.Ж. Өмірбекова сөйлеу тілінде дамымаушылығы бар балалардың – сө тілін тексеру әдістерін жинапол әдістерге қолданылатын дидактикалық материалдарды ұсынған. Фонематикалық қабылдау және қабілетінің қысқаша сипаттамасы және анықтамасы. Сөйлеу қабілеті сөйлеу жүйесінің басты афферентті бөлімі болып есептеледі. Сөздік жәнесөздікемесқабілеттер өз бетінше жұмысжасайтын қабілет жүйесінің формасын ұсынады. Сөйлеу тілі құрылымының негізгі бөліктері, дыбыстар, сөздіктер және грамматикалық құрылысы болады. Сөйлеу қабілеті өмір сүрудің барысында қалыптасады және осы қоршаған ортаның заңдары бойынша құрылады. Сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалықдамымауы. Сөйлеутілініңфонетикалық- фонематикалықдамымауы-бұл сөйлеу жүйесіндегі дыбыс айту үрдістерінің қалыптасуындағы бұзылыс, ол әртүрлі сөйлеу бұзылыстары бар балалардадыбысайту мен қабылдаудың бұзылу салдарынан болады. Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы ауытқушылықтардың барлық түріекі категорияда біріктіріледі-фонетикалық және фонематикалық (фонологиялық) бұзылыстар. Сөйлеу тілінің фонетикалық бұзылысы моторлы механизмдермен, ал фонологиялық-сөздің дыбыстық қатарының тілдік бағдарлану операцияларының толық болмауымен байланысты деп саналады. Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы бұзылыстарға себепші механизмдердің 7 түрінқарастыруқабылданған: 1. Артикуляциялық мүшелердіңбұзылысы (неврологиялық механизм);

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]