Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет логопедия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.48 Кб
Скачать

17 Билет

17,1 Ақыл- есі кем балалардың лексикалық даму ерекшелігіне сөздік қорының кедейлігі,сөзді дұрыс қолданбау,енжар сөздік қорының белсендіден басымдылығы,сөздің мағыгалық құрылымның қалыптаспағандығы, сематикалық жолдарды ұиымдастыру процесінің бұзылуы тән болып келеді.Бұл балалардағы сөздік қорының кедейлігі таным іс- әрекетінің төмен деңгеиде қалыптасуынан,қоршаған орта туралы білімі мен түсінігінің шектеулігінен,қызығушылығының қалыптаспауынан ,сонымен қатар вербальды есте сақтауының әлсіздігінен болады. Ең алдымен ақыл-есі кем балалар мен қалыпты балаларда белсенді және енжар сөздік қорының арасында сандық айырмашылықтар болады. Ақыл есі кем балалардың лексикасын зертеген авторлардың көбісі олардың сөздік қорының өзіндік сапасын белгілеп көрсетті.Сонымен В.Г Петрованың мәліметі боиынша бірінші сыныпта оқитын ақыл-есі кем оқушылар өздерін қоршаған заттардың атауларын білмейді ( қолғап,будильник, крушка.) Ақыл есі кем баланың сөздік қорында белгілі бір мәнге ие зат есім басым болады.Ал апстрактылы мәнге ие сөздерді меңгеру қиындық тудырады.Бұл балалар да қалыпты балалар тәрізді белгілі бір мәнге ие жәй сөздерді тану мен қайталау қиындық тудырмайды.

17.2 Ақыл- есі кем оқушыларда жай сөйлеу барысында дыбыстың өзін айтуы қиынға соғады. Сол себепті дыбысты қойю барысында кезеңдерге бөлінеді. Сөйлемдердің негізгі құрылымы болып табылатыны –қалыптастыру кезеңі. Күрделі сөйлемдер көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілінде сирек кездеседі, сөйлемдердің күрделі құрылымдары мөлшерімен 5-ші сыныпта ғана пайда болады. Ең алдымен оқушылар дыбысты жай сөйлеу барысына қалыптастыру кезеңін кеш және қиналып меңгереді. Балалар уақыттық байланыстар, себепті-салды байланыстарды белгілей алмайдыСөйлем құраған кезде конструктивті сипаттағы және стилистикалық қателер көп кездеседі. Сөйлемдерде сөздерді тастап кету, сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшесін тастап кету орын алады. Өзіндік сөйлеуінде фрагментерлы сөйлемдерде бастауыш пен баяндауышты, кейде екеуінде тастап кету байқалады.Тұрақты және таралған қателер: сөйлемдегі сөздердің байланысы жоқ, септік формаларды шатастырады.Күрделі сөйлемдер құрастырғанда жай және күрделі сөйлем арасындағы аралық нұсқа байқалады. Күрделі сөйлемдерді бөлшектеу жиі кездеседі..

17,3 Түзете ықпал ету процесінде сөз қорын молайтуға, сөздердің мәнін анықтауға, сөздердің семантикасын дамытуға, лексикалық жүйелілік пен семантика жағын қалыптастыруға арналағн жұмыс жүргізіледі.Түзету жұмыстары псаихикалық дамуы тежелген және ақыл-ой кемтарлығына шалдыққан оқушылардың зейіні мен еске сақтауын, кеңістіктік елестетуін, қисынды ойлауын дамытуға жағдай жасайды. Сондықтан барлық танымдық психикалық үрдістер ( қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б.) «таза» күйінде болмайтындығын, өзінше тұтас бір жүйені білдіретіндігін, соның негізінде кешенді түрде дамитындығын есте сақтаған абзал. Мысалы, «графикалық сынақхат» жаттығуын кеңістіктік-бағдарлық тапсырмаларға жатқызуға болды, сонымен қатар ол зейіннің, есте сақтаудың, өзін-өзі бақылаудың, қолдың ұсақ моторикасы қызметінің дамуына ықпал етеді.Оқушылардың ойлауын төмендегідей тапсырмалар беріп дамытуға болады.   Психикалық дамуының тежелуі бар балалардың оқу үлгірімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ, анық белгілері 2-3 сыныптарда белгілі болады. Олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктері:

сабақ процесіне жай қосылады;

  • оқу материалын баяу қабылдайды немесе мүлдем қабылдамайды;

  • берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды;

  • оқуы мен жазуы жай;

  • оқыған мәтінін түсінбейді және түсінгенін айтып бере алмайды;

  • есептер шығарған кезде қателер жібереді;

  • тез шаршағыш;

  • сыныптстарымен аз араласады;

  • өз ойын анық айта алмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]