Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет логопедия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.48 Кб
Скачать

9.3 20 Билетин 2 си

10 – билет

10.1.Сөйлеуде дыбыстың және алмастырушы дыбыстың болмауы. Артикуляциясы күрделі дыбыстар оңай дыбыстармен алмастырылады. Дыбыстың немесе алмастырылушы дыбыстың болмауы ұқсас фонемаларды шатастыруға жағдай туғызады. Артикуляция немесе акустикасы ұқсас дыбыстарды шатастыру, балада артикулеманы құрайды, бірақ фонема құрау процесі аяқталмайды. Түрлі фонетикалық топқа жататын жақын дыбыстарды ажырату қиындығы оқуда және жазуда шатастыруға әкеп соғады. Сөйлеуде қате дыбыстар саны 16 – 20 –ға дейін жетеді. Көбінесе, ысқырық және ызың дыбыстар қалыптаспайды. Ақыл – есі кем балаларжың белсенді сөдік қорында жануарлардың әс – қимылдарын білдіретін етістіктер болмайды (шабады, ұшады). Балалардан жануарлардың қалай қозғалатынын сұрағанда: «Құстар дүреді, құрбақа жүреді, жылан жүреді» - деп жауап береді. Ақыл – есі кем балалар заттың белгісін білдіретін сөздерді сирек қолданады. Олар тек негізгі түстерді ( қызыл, көк, жасыл) заттың көлемін ( үлкен, кіші), дәмін (тәтті, ащы) ғана атайды. А.Р.Лурия және О.С.Виноградованың ақыл – есі кем балалардың семантикалық жолдарын зерттеу барысында олардың жеткілікті түрде қалыптаспағандығы байқалады. Балалардың вербальді ассоциоциясы зерттелді.

10.2. «С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру. «С» дыбысын буында қайталап сөзде анық айтуға машықтандыру. «С» дыбысын буын, сөз ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. Фонематикаклық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

«С» дыбысының артикуляциясы

  • Ерін жымиып тұрады;

  • Тістердің арасы шамамен 1мм ашық;

  • Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады;

  • Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы шығады;

  • Тілдің бүйір жақтауларын жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.

Дыбысты жеке айтуға машықтандыру. «З» дыбысын айтқан кезде ерніміз, тісіміз, тіліміз.

  • Еріндер кулкіге тән, сәл керімді;

  • Тістер жақындасқан күйде қалыпта болады.

  • Тілдің ұшы төменгі тістердің артында тұрады.

  • Дауыс перделері бірігеді жіне тербеліске түседі.

  • Ауа ағыны жеңіл

10.3. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Фонематикалық қабылдауын дамыту:(дыбысты қабылдауын)

-берілген дыбысты басқа дыбыстар арасынан анықтау;

-сөз арасынан берілген буынды анықтау;

-пароним сөздерге тиісті суреттерді көрсету (қаз – қас, қара – қала, баға – бақа)

-буын тіркестерін қайталау (та – да, ас – аш, -ас )

Фонематикалық түсінігін, ұғымын дамыту.

-берілген дыбысқа суреттерді талдап алу;

-берілген екі дыбысқа қарай суреттерді екі бағанаға бөліп қою.

Жалпы тіл кемістігі ІІІ деңгейіндегі сөйлеу тілінің бұзылуы:

-ауыз екі байланыстырып сөйлегенде кейбәр сөздерді білмейді, дұрыс қолдаенбайды;

-тілдің грамматикалық жағынан дамымауы;

-сөйлегенде тек жай сөздерді қолданады;

-дыбыстық талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қолданады.

Баланың сөйлеу тілінің фонетикалық дамымаушылығында бірнеше жағдай анықталады :

1.Айтылуы бұзылуын бұзылған дыбыстарды талдау қиындығы;

2.Түрлі фонетикалық топқа жататын артикуляциялық қалыптасқан дыбысты ажырата алу;

3.Сөздегі дыбыстың орнын анықтай алмау.

11 – билет.

11.1.Тәрбиеші ерекше жүйе бойынша лексикалық тақырыппен бірге сөйлеуді дамытуға қоршаған ортамен таныстыруға сабақтар жүргізеді. Балалардың сөздік қорын белсендіреді және толықтырады, балалармен сөйлесе отырып сөйлеудің грамматикасын дұрыстығын және дыбыс шығаруды талқылайды. Логопед фронтальді сабақтарда тақырыптарды тұжырымдайды және балалармен материалды айтуды, дыбыстық талдауды өңдейді, сауаттылық элементіне оқытады , сонымен қатар балаларды белгілі бір лексико – грамматикалық категориямен таныстырады. Логопед тәрбиешінің сөздік қорды кеңейту, анықтау және белсендіру жұмысын грамматикалық категорияны меңгертуін байланыстырып сөйлеуді дамытуын басқарады. Тәрбиеші жазбаша сабты ұйымдастыруда және графикалық дағдына қалыптастыруда логопедтің методикалық нұсқауына сүйенеді. Мектеп жасына дейінгі балалардық сйлеуін дамытуда жалпы әдістемеде оқытудың келесі бағыттары бөлінеді, грамматикалық дұрыс сөйлеуді қалыптастыру, ауызша сөйлеуді дамыту. Сөйлеуінде фонетикалылқ – фонематикалық кемістігі бар балалар тобымен осы бағыт бойынша негізгі жұмысты тәрбиеші жүргізеді. Бірақта түзету мақсатында сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыс көлемінің жалпы мазмұнында баланың меңгеруінде қиындық туғызатын біраз тарау бөлінеді. Лексикалық – грамматикалық тақырыппен жұмыс жасау 4 кезеңге бөлінген:

1.Тусініктер мен заттардың аталуымен іс – әрекетімен белгілерімен танысу. Экскурсиялар, мақсатты серуендер, тәжірибелік әрекет.

2.Заттарды нақтылап қарау, оларды негізгі бөліктерін, белгілерін анықтау.

3.Сөйлеммен жұмыс жасау, сөз өзгертудің модельін бекіту.

4.Байланыстырумен сөйлеумен жұмыс жасау: түсінік айтум, әңгіме құрау, өлең жаттау, жаңылтпаш.

11.2. «Р» дыбысын бұзылып айтылуының бірнеше түрі бар:

-дыбыс сөзде жоқ не оның орнына дауысты дыбысты созып айтуы;

-жұмсақ таңдай мен тілшіктің ауыздан шыққан ауаныаң әсерімен дірілдеуі, дыбыстың тамағымен айтылуы;

-бүйірлеп айтылуы, тіл ұшы дірілдемей, тіл бүйірі ауыздан шыққан ауа екпінімен (рль) шапалақ, қалпылдаған дыбыс шығады;

-екі еріндік (р) ауа еріннің арасынан өткен ауа арқылы дірілдейді;

-мұрынмен айтылуы – тіл арқасы мен тіл түбінің таңдаймен жақындасуынан шыққан ауа мұрын жолынан өтіп (нг) деген дыбыс шығады;

- (Р) дыбысының орнына (Л) айтылуы тіл ұшының жоғары көтерілуі дірілдемей ауа тіл жанынан өтіп, (Л) дыбысы шығады (рас – лас);

- (Р) дыбысың орнына (Д) дыбысы айтылуы. Таңдайға көтерілген тіл ұшы дірілдемейді, шыққан ауа тіспен тілдің қабысқан тесігі арасынан шығады.

- (Р) дыбысының орнына (В) айтылуы тіл артикуляциясы қатыспайды, оның орнына төменгі ерін жоғары тіске көтеріліп ауа арасынан өтеді.

11.3. Мұрын арқылы дем алып,ішіңізден 4-ке дейін санаңыз. Дем шығарып,,қайта 4-ке дейін санаңыз.Осы темпты ұстанып,біраз уақыт жаттығу жасаңыз.Сөйлеу кезінде пайда болатын тілдік тыныс алудың маңызына ерекше көңіл бөлген жөн.Сөзіміз түсінікті болуы үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік: алақаныңызды аузыңызға жақындатыңыз кез келген бір дыбысты айтыңыз. Сіз ауа ағымы алақаныңызға тигенін сезесіз. Тыныс алып, дем шығарғанда дыбыс шығады, ал дыбыстар тілдік ағымға қосылады. Тыныс алу жаттығулары мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту. Жаттығуларын дамыту үшін орындау үшін ауаны мұрын арқылы жинап, шығару.

12-билет

12.1. Ақыл-есі кем балалардың сөйлеу бұзылыстарының ерекшеліктері.Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Тіл бұзылуының себептері органикалық және функциональдық болып бөлінеді.    Органикалық – түрлі зақымдардың нәтижесінде тіл аппараты мен жүйке жүйесінің бөлімдерінің бұзылуы.    Функциональдық – мұнда органикалық зақымдану болмайды, тек сөйлеу механизмдерінің функциясы бұзылады.    Сөйлеуі  бұзылған балалардың түйсігі мен қабылдауы. Есту арқылы қабылдау. Сөйлеуі бұзылған балаларда, фонетико-фонематикалық қабылдау кемшілігі кездеседі және сқйлеу – есту мен сөйлеу  қозғалу анализаторларының байланысы міндетті түрде байқалады. Г.Ф. Сергееваның зерттеуі бойынша, сөйлеу-қозғалу анализаторлары қызметінің бұзылуы, әсіресе, дизартрия мен ринолалияда, фонемаларды есту арқылы қабылдауға қатты әсер етеді. Демек, мұнда үнемі дыбыстау және дыбысты қабылдау кемшілігі болады. Көру арқылы қабылдау. Сөйлеу патологиясы бар балаларда, аталған психикалық қызмет тежеле дамиды. Зерттеулер көрсеткендей, нақты объектілер мен бейнелерді көру арқылы қабылдау, бұл балаларда анағұрлым төмен деңгейде болады. Әсіресе, таныс емес ракуста берілген мен заттарды тану қиындық туғызады. Олар заттың бейнесін қабылдау үшін, ұзағырақ уақытты қажет етеді. Мысалы, перцептивтік әрекеттерді қажет етеді. Бұлар бағдарлаудың ең қарапайым түрлерін ғана қолданады, айталық, үлгіге сәйкестендіру сияқты. Мысалы, фигураларды салыстыруда олардың пішіндеріне емес, түстеріне сүйенуі мүмкін. Содан сөйлесу қажеттілігі төмендейді, коммукация формалары қалыптаспайды, мінез – құлық ерекшеліктері пайда болады: тілдік байланысқа қызықпау, негативизм, сөйлесу ситуациясында, бағдар жасай алмау. Олар ересек адамдардың, педагогтың ұсынысын қуана қабылдайды. Мысалы, кітап оқу: қарапайым мәтіндерді зейін қойып тыңдайды, бірақ, оқылып болғаннан кейін, әңгіме- сұхбат ұйымдастыру өте қиын балалар оқылған кытап бойынша, мүлдем сұрақ қоймайды, тіпті өздері мазмұндап бере алмайды, себебі, монологтық сөйлеу түрінің репродуктивтік жағы қалыптаспаған. Ересек адаммен сөйлесуге қызығушылық болған күнде, әңгіме үдерісінде бала бірден бірге көше береді, оның танымдық қызығушылығы аз уақытқа ғана жетеді, әңгімелесу 5-7 минуттан артық созылмайды. Осылайша, ауыр тілдік патологиясы бар балалрдың тілдік және когнитивтік бұзылуы олардың қоршаған ортамен толыққанды коммуникативті байланыстарының орнығуына, ересектермен тіл табысуға кедергі жасайды, құрбыларынан, ұжымнан бөлектенуе мәжбүр етеді.

12,2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]