билет
1.1 Көмекші мектептегі логопедиялық жұмыстың ерекшелігі. Логопедия дегеніміз-сөйлеу тіл кемістіктерін,оның бұзылу себептерін,болдырмау жолдарын,сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жою дегенді білдіреді. Зиятының бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің дыбыс айту ақаулықтары жиі таралған. Ақыл-ойы кем оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін түзетуде олардың жоғарғы жүйке жүйесінің, психопатологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн.Осыған байланысты көмекші мектепте жазу мен оқу бұзылыстарын түзету жұмысы таным әрекетінің дамуымен, талдау мен жинақтаумен, салыстырумен, жалпылаумен тығыз байланыста болуы керек. Сондай-ақ фонетикалық жуан дыбыстарды салыстыру, сөйлемнің құрылымын, сөздің дыбыстық-буындық құрамын талдау, көру-кеңістіктік талдау мен жинақтауды дамыту кеңістікті бағдарлауын дамыту жұмыстары оқу мен жазуын қалыптастыруда, түзетуде кеңінен қолданылады. Зияты бұзылған оқушылар сөйлеу тілі даму кемістіктерінің және механизмінің күрделілігінің болғандығынан тұрақты логопедиялық көмекті қажет етеді. Оқу жылының басында мектеп логопеді оқушылардың сөйлеу тілін тексеруді ұйымдастырады. Жаңадан келген барлық бала нақтылы тексеруден келіп түскен (сыныбына байланысты емес) өтеді. Бұрын логопедтің сабақтарына қатысып жүрген, бірақ оқытуды қажет ететін балаларда тексеріледі. Бұндай балаларды тексерудің мақсаты – оқу жылының басындағы сөйлеу тілі жағдайын айқындау.
1.2 Қол моторикасын дамытатын жаттығулардың балалардың сөйлеу тіліне әсері. Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуына жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады.Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Балалардың тіл дамуы саусақтың қозғалуына байланысты, баланың жасына сай болу керек, баланың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды.Мектепке дейінгі мекемеде, жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор. Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді. Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс. Әртүрлі заттарды пайдалану арқылы қолдың білезіктері мен саусақтарына арналған жаттығулар және саусақтарға гимнастика арқылы жүреді.
1.3. [к], [г], [х] тіл арты дыбыстарының қалыпты артикуляциясы. К және К' дыбыстарының кемшіліктері-каппацизм Г және Г' дыбыстарының кемшілігі - гаммацизм, X және X' дыбыстарының кемшілігі-хитизм деп аталады. Осы дыбыстардың басқа дыбыспен алмасуы паракаппацизм (парагаммацизм, парахитизм) деп аталады. X дыбысын айтудың К дыбысынан айырмасы тіл үсті таңдайға түгел тимейді, орта қуыс қалдырады, сол арқылы өткен дем ауасы X дыбысына тән шу шығарады. Жұмсақ К', Г', X' дыбстары қатаң жұптардан тіл мен таңдай жасайтын қуыстың ілгері, орта таңдайға ығысуымен ерекшеленеді /Й/ дыбысы үндеген X' дыбысы сияқты артикуляцияланады. Каппацизмнің негізінен үш түрі кездеседі. Оның бірінде К бәсең айтылатын тамақ шертпесі сияқты естіледі. X дыбысының айтылуының бұзылуы хитизмнемесе басқа дыбыспен К алмасуы т.б.
2 Билет
2.1. Дисграфияның түрлеріне тоқталыңыз. Дисграфия - жазуда әріпті алмастыру, сөздің дыбыстық-буындық құрамының бұзылуы, сөйлемде жеке сөздердің бірге жазылуы, аграмматизмдері тұрақты және қайталанып келетін қателермен сипатталатын жазу үрдісінің жартылай бұзылуы Түрлері акустикалық-артикуляциялық,аграмматикалық, оптикалық,фонемді..Аграмматикалық дисграфия сөйлеу тілінің грамматикалық жағының (морфологиялық, синтаксистік) жетілмеуі… Жазуда сөйлем деңгейіндегі аграмматизмдер сөздің морфологиялық құрылымының бұзылуымен, жалғау, жұрнақтарды алмастырумен, септік жалғауды дұрыс қолданбауымен, күрделі сөйлемдерді құрастырудағы қиыншылықтармен, сөйлемдегі сөз кезектілігін сақтамау, тастап кетумен сипатталады. Оптикалық дисграфия. Бас миындағы оптикалық сөйлеу тіл жүйесінің бұзылысы немесе жетілмеуінен пайда болады. Әріптің, сөздің, көру бейнесінің қалыптасуы бұзылуы. Артикулярлы-акустикалық-әріптерді алмастыру, тастап кетумен сиптталады..Бала қалай айтса, солай жазады. Фонемді тану бұзылысы негізіндегі дисграфия (фонемді дифференциациялау). Қалыптасқан терминология бойынша, бұл – акустикалық дисграфия.Фонетикалық жақындығы бойынша сәйкес әріптерді алмастыруы байқалады.
2.2. Әріптік гнозис қалыптасуында жүргізілетін жаттығулар. Әріптік гнозис – сол жақ жарты шардың самай-артқында локальданады, жарты шарлардың тілдік доминанттығына ие болады. Кейбір адамдарда әріптік гнозис өкілдігі оң жақ жарты шарда болады. Әрбір анализатордың өзінің өзгешелігіне ғана тән гнозис түріне қарай жаттығу жасалынады. Мысалы, алғашқы кезеңге сылдырмақпен танысуды алып көрейік. Оны көру түйсігі арқылы оның көру образын меңгереді. Біз мұнда сол сылдырмақтың дыбысы туралы айтып отырғанымыз жоқ, тек көру арқылы пайда болған образын меңгеруді ғана сөз етіп отырмыз. Ал ендігі кезеңде, сол сылдырмақты қағып-сілку арқылы сол затты көру образының беріп жатқан дыбысын, яғни оның есту образымен байланыстыруға тырысады. Ең соңында сылдырмақтың дыбысын есту арқылы оны басқа ойыншық арасынан тауып алатын дәрежеге жетеді.
2.3.Ысқырық дыбыстардың қалыпты артикуляциясы. Ысқырық дыбыстарды айтқан кезде тісаралық, тістөңіректік («с»=«т», «з»=«д»), еріндік-тістік ((«с»=«ф», («з»=«в») сигматизм байқалады. «Р», «л» дыбыстары «й», «ль» дыбыстарына, «қ», «г», «х» дыбыстары «т» немесе «д» дыбыстарына алмастырып айтылады. 4 жаста дыбыстардың айтуы тұрақсыз болады. Ысқырық дыбыстардың айтылуында тісаралық сигматизм байқалады. Жеке ызың дыбыстар дұрыс айтылады. Сонорлы «р», «л» дыбыстары әліде дұрыс айтылмайды, олар «й», «в» дыбыстарына алмастырылып айтылады.Ысқырық, ызың және «к», «г», «х» дыбыстары 5-6 жастағы балада қалыптасқан болуы керек. Ал артикуляциясы күрделі «р» дыбысы 7 жасқа дейін қате айтылуы мүмкін. қалыпты дамыған бала ана тілінің барлық дыбыстарын ажырата алуы керек, яғни оның фонематикалық қабылдау қабілеті толығымен дамыған болуы қажет.
3-билет
3.1 .Л дыбысы мен әрпімен таныстыру.Л дыбысы дұрыс шығуы үшін тістердің арасы ашық тұруы керек ,ал тіл ұшы үстіңгі тістің түбіне немесе қызыл иегіне барып тіреледі.Л дыбысына тіл ұстарту жаттығулары
1.Ла,ла,ла –бұл әдепті бала
Лу,лу,лу-біздің Нұрай сұлу
2.Ра-ра келді ара
«Менің орным қайда» ойыны л-дыбысы сөздің басында ортасында да аяғындада кездеседі
-Мысалы:лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал бал сөзінде сөздің аяғында ,балапан сөзінде сөздің ортасында келеді
Жаңылтпаш жаттау : «Ләйлік лайға лайланды,Лайланған ләйлік ,лайда отырып жайланды (сыбырлап ,орта дауыспен,қатты дауыспен айтқызу)
«Қай әріп жоғалып қалды» ойыны
А..ша,а.....тын,бі....дек,і.....гек,ба...апан
Жұмбақ «л» дыбысына
«Мә-мә» деген әні бар секірер ор,жары бар
Селтеңдейді құлағы
Секіргіш бар жануар
Ол не екен?
(Лақ)
3.2Логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.Көмекші мектепте логопедтің міндеттеріне толықтай тексеру және баланы логопедиялық топтарға бөлу,логопедиялық түзету жұмыстарын жүргізулуі,ақыл-есі кем жалпы сөйлеу тілінің дамуын,осыдан кейін құжаттарымен және жұмыс жүргізілген жайлы есебі.ЛОгоподтің жұмысы ойдағыдай жүзеге асуы үшін ,мұғалімдермен,ата-анамен,тәрбиешімен бірігіп жұмыс атқарады.Қыркүйек айының бастапқы 2 айында балаларды толық тай тексеру жүргізіледі.Бастапты тексерісте сөйлеуінде бұзылысы бар балалар анықталады.Балау сөйлеуін тексеру сыныпта асырыла береді.Балаларға тақпай оыту,суреттте не салынғанын айту,тусінік айту және сұрақтарға жауап беру.Жазуында бұзылысы барынбілу үшін диктант,таныс н-е бейтаныс мәтіндерді оқыту.Әрине бұның бәрі оқу бағдарламасына сәйкес болу керек.Толық тексерістен кейін сөйлеу бұзылысы бар балалардың есеп беру журналы толтырылады.Оның ішінде тегі,есімі,жасы,қазақ тілінен үлгерімі,логопедиялық сабақтың жүргізілу уақыты.Бастапқы тексерістен кейін ,балалардың сөйлеу дефектісін дәстүрлі логопедиялық әдіспен және арнайы схема түрінде тексереді.Сөйлеу патологиясының ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөліп оқытылады.Мәліметттерге сүйене отырып балалар сөйлеу картасы және логопедиялық жұмыс.Оқу жылының басында логопед бір жылдық жоспар құрады.Ол жерде келесідей жұмыс жүргізіледі:1.Баланы толықтай тексеру.2.Сөйлеу бұхылысы бар балаға мінездеме беру.Ол жерде сөйлеуінде бұзылысы бар балаға менездеме береді.Логопедиялық сабақтың 1 жылдык жұмыстары.
3.3.Семантикалық дислексия-оқығанда,жазғанда мағынасын түсінбеуі.Дислексияны жою үшін логопед аптасына 3-4 сабақ жүргізеді.1фонематикалық түйсігін жетілдіру.Қарама-қарсы дыбыстарды және буындарды ажыжату тек айтумен естіртіп қана жүргізіп қоймайды,сондай-ақ оны жазу тіліндеде бекітіп машықтандырады.2.Дыбыстарды айтқызу жұмыстары.Ең алдымен бұрмалану,алмастыру,түсіріп қалдыру сияқты дыбыстардың айтылуындағы барлық кемістіктерді жою қажет.Кейде сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылу сақталған балаларда кездеседі.Бұндай жағдайда тіл қимылының анализаторын іске қосу үшін сөйлеу тілі мүшелерін анығырақ істейтіндей ету керек.Одан басқа, фонематикалық есту қабілеті бұзылған кезде,тіпті сақталған дыбыстарының өздерінің артикуляциясы мүлде анық болмайтынын есте сақтау қажет.
3.Дыбыстарды талдауға және дағдылануын жетілдіру.Фонетикалық түйсігін жетілдіру жұмысы дыбыстарды талдауға дағдылануын жетілдіру жұмысына өтеді.Соңғы жұмыс әр уақытта баланың дыбыстарды дұрыс айту құралдарымен жүргізіледі.Бұл жұмыстың негізгі түрлері мынадай болды:а,сөйлемнен сөзді,сөзден буынды,буыннан дыбыстарды бөлу.Бұндай талдау ұзын сызық сөйлемді,қысқва сызықтар сөздерді,ең қысқа сызықтар буындарды,нүктелер дыбыстарды көрсететін тұтас сөйлемнің нобайын құрастырылуымен қоса беріледі.б,жетпейтін дыбыстарды буындарды жазып бітіру.в,бір бағанаға бір буынды сөздерді,екінші бағанағңа екінші буынды сөздерді жазып буындардың сандық мөлшері бойынша сөздерді іріктеу.г,берілген дыбысқа сөздер ойлап табу және оларды жазу,әр сөзге қарама-қарсы дыбыстары бар басқа сөздерді іріктеп алу.
4.Сөздер қорын байыту және оларды іс жүзінде пайдалана білуге жетілдіру.Әдетте бұл кезең балалады жаңа сөздердің әртүрлі жасалу жолдарымен таныстырады.Әр түрлі жұрнақтардың көмегімен бір етістік сөзден бірнеше жаңа сөздер жасайды.Сөздік қорының белсенділігін арттыру үшін үлкен жұмыс жүргізіледі.
