Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УКЦ 4 курс ПСВДО каз.. ..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
844.8 Кб
Скачать

Хvіі. Тақырып: Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу.

1. Мақсаты: Студенттерді жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п

Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

Төменгі жақта периостотомия операциясын жүргізу

1

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, скальпель, гладилка, қайшы, иілген қысқыш, дренаж.

2

Дәрігер стоматологтың орналасу қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында, сол қол саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекітеді (І саусақ-тілдік беткейінен, ІІ саусақ – ерін жағынан)

Науқастың қалпы: науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басы басқойғышқа қойылған, аузы ашулы, төменгі жақсүйек тістері дәрігердің шынтақ буыны деңгейінде орналасады.

3

Өтпелі қатпар бойымен кілегей қабықты тілу: альвеолярлы өсіндіге скальпельді 45градуста ұстап тұрып, кілегей - кілегейасты қабат - сүйектысы деңгейінде тілік жасайды, тіліктің ұзындығы 3 тіс көлемінде, себепші тіс ортасында.

4

Сүйектысын тілу: тілік кілегей қабықтың тілігі ұзындығымен сай келу керек, скальпельдің ұшымен төменгі жақсүйек кортикальды пластинкасын сезінеді.

5

Сүйектен сүйектысын ажырату: гладилканы 30 градустық бұрыштықта ұстап, жараға сүйектысы мен сүйектің арасына енгізіп, ақырындап сүйектысын ажыратады.

6

Іріңді шығару: Иілген қысқышты жараға енгізіп, экссудат шыққанға дейін кеңейтеді.

7

Жараны антисептикалық өңдеу: жараны кезекпен сутегі асқын тотығы және хлоргексидин ерітіндісіне толтырылған шприцпен жуу.

8

Дренаж салу: дренаж жараның ені мен тереңдігіне сай келу керек. Гладилкамен бүктелген дренажды жараға салады.

Жоғарғы жақсүйекте периостотомия операциясын жүргізу

1

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, скальпель, гладилка, қайшы, иілген қысқыш, дренаж.

2

Дәрігер стоматологтың орналасу қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында, сол қол саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекітеді (І саусақ-таңдайлық беткейінен, ІІ саусақ – ерін жағынан)

Науқастың қалпы: науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басы басқойғышқа қойылған, аузы ашулы, жоғарғы жақсүйек тістері дәрігердің иық буыны деңгейінде орналасады.

3

Өтпелі қатпар бойымен кілегей қабықты тілу: альвеолярлы өсіндіге скальпельді 45градуста ұстап тұрып, кілегей - кілегейасты қабат - сүйектысы деңгейінде тілік жасайды, тіліктің ұзындығы 3 тіс көлемінде, себепші тіс ортасында..

4

Сүйектысын тілу: тілік кілегей қабықтың тілігі ұзындығымен сай келу керек, скальпельдің ұшымен жоғарғы жақсүйек кортикальды пластинкасын сезінеді.