Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мыстытас ғасыры.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148 Кб
Скачать
☆

7 Билет

1. Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары

Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды. Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған. Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды. Бұл тек зерттелген аумақтардан шыққандары ғана, әлі ашылмағандары қаншама?! Ботайлықтар, негізінен, жылқы өсірген алғашқы бақташы тайпалар. Ботайлықтардың ерекше атауға тұратын ғұрыптарының ішінен адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білгендігін, итті кие тұтып үйдің табалдырығының астына көмгендігін атауға болады. Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3—2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б. Бұл тұрақтардан ірі шақпақтас құралдар, оның ішінде тері өңдеуге көп пайдаланылған бүйірлі қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғылар табылды. Қыш ыдыстары саз балшыктан қолдан жасалған. Ыдыстардың көбінің түбі дөңгелек конус тәріздес, тұрқы жұмырткаға ұксас келеді. Ыдыстардың ернеуіне жаға тәріздес қалың жиекпен қатар тарақ жүзді өрнек салынған. Шебер тұрағынан кішкене металл біз табылды. Мұндай жекелеген металл заттар хвалын мәдениетіне жататын зираттардан да табылған. Энеолит дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалар, оның ішінде бүгінгі күнге дейін жақсы зерттелген Ертіс пен Еділ арасындағы елді мекен тұрғындары мал өсірумен айналыскан, оның ішінде жылқы түлігі басым болған.

Ботай мәдениеті. Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жаныңдағы коныс- тын атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайык- Ертіс өзендері аралығының) далалык энеолитін сипаттайды және мерзімі б. з. б. Ill — II мынжылдыктармен белгіленеді. Ол 1 мыңжыл болған. Ботай мәдениетінің калыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін кұратан тайпалар катысты. Оның калыптасу барысына Шығыс Каспий маңы өңірі мен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасайтыны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В. Зайберт ашты. В.Н. Логвин, С. Қалиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде баска мәдениеттің ыкпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б. з. б. IV мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында — Бестамақ, Түздыкөл-1, Ливановка, Құмкешу,

Қожай, Дүзбай-3; Көкшетау облысында Ботай, Красный Яр, Васильков-4 қоныстары ашылды; барлығы жиырмадан астам қоныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері: Торғайдын, Терісаққанның, жоғарғы Тобылдың, Обағанның, Шағалалының, Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 гектарға жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болып табылады. Ол шамамен 200 жылды — б. з. б. XXIV — XXII ғасырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 түрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңгы кезенде салынғаны аныкталды. Негұрлым ертеректегі құрылыс кезендерінде салынған тұрғын үйлердің қалдықтары соңғыларын салу кезінде жойылып кеткен. Ертедегі ауылдың кұрылыстары өте тығыз болған: тұрғын жайлар

көбінесе бір-біріне жалғасып, өзінше бір топ кұрып жатқан. Мұндай томаға-тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30-га дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байкауға болады: ені 4—8 м болатын, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін параллель көшелердің екі жағына кейде 15—16 үйден салынған. Тұрғын жайлар былайша салынған. Терендігі 1 метрге дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4—3 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде шығарылган балшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған қабырғаларга төбесі тарыла беретін шеген түрінде бағаналар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен жабылып, бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылған. Кіретін есік кабырғада ойық түрінде калдырылып, оның сыртында шағын дәліз болған. Ішінде, ортадағы шұңқырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы — шаруашылыққа арналган орын, төрде — ұйықтауға арналган жер. Әдетте қабырғаның бүйір жағынан азық-түлік сақтау үшін шұнқыр қазылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта кұрылыс сипаты біршама өзгеше: кабырғаларының ағаштан салынуы ықтимал. Өндірістік-шаруашылык саймандар алуан түрлі тастардан, сазбалшықтан, сүйектен жасалды. Құрал-саймандар түрғындардың шаруашылық жағдайы күрделі болғанын көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналган ілгектер жылкының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Тас токпақтар, пышактар, қанжарлар, боластар, жебелердің, сүңгілердің, найзалардың ұштары аң аулаумен байланысты құралдар. Шанышқылар балық аулау кәсібін көрсетеді. Тұрғын жайлар салу кезінде ағаш өңдейтін кептеген аспаптар: балталар, шотгар, қашаулар, керткіштер, жоңғыштар, кескіштер, пышақтар, қырғылар пайдаланған. Тас пен сүйек өндеу едәуір жетілдірілген, ал оларсыз сапалы еңбек кұралдарын дайындау мүмкін емес еді. Қосалқы саймандар арасында шой балғалар, ретушерлер, балғалар, түрпілер, шакпақтастан жасалған бұрғылар, кескіштер, қалақшалар бар. Тері өндеу ісінде қырғыштар, қырнауыштар, пышақтар, кескіштер, жоңғыштар, жұмсарту үшін сүйек келілер, түрпілер және теріні тегістеуге арналған тегістегіштер қажет болды. Тігін керек-жарақтарының арасында инелер, тескіштер, біз бар. Ши тоқу үшін сүйек ілмектер, жіп иіру үшін ұршықбастар кажет болды. Керамика өндірісінде келсаптар, үгіткіштер, жылтыратқыштар, мейлінше әр түрлі қалыптар іске қосылды. Көптеген сүйек саптар мен тастан жасалған тестер табылды. Олжалар жиынтығында сондай-ақ діни нанымдық заттар, бойтұмарлар, әсемдік заттар да бар. Мезолит дәуірінде қару- жарақ ретінде садақ пен жебені жасау аң аулау әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Бұрынғы қамау тәсілі аркылы аң аулау жеке-дара аң аулау тәсілімен ауыстырылды. Ұжымда ерлердің рөлі біртіндеп арта түсті. Адамдар шаруашылықтың жаңа түрлерін, оның ішінде, жануарларды қолға үйретуді игере бастады. Неолит дәуірінде мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болды. Жалпы алғанда, табиғаттың дайын өнімін пайдаланатын шаруашылықтың тұтынушы түрлері — аң аулау, балық аулау, терімшілік сақталды. Біртіндеп мал шаруашылығы мен кетпенді егіншілік жетекші рөлге ие бола бастады. Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуы әр түрлі кәсіптердің — әрмешілдік, ыдыс жасау, тері өңдеу және басқа да тұрмысқа қажетті заттарды жасаудың дамуына әкелді. Осылайша коғамдық еңбек бөлінісі үшін негіз қаланды. Белгілі бір дағды мен тәжірбиені талап ететін кейбір бұйымдарды жасайтын мамандар пайда болды. Біртіндеп тұтас рудың қандай да бір кәсіптің түріне мамандану үдерісі жүре бастады. Шаруашылықтың іс-әрекетіндегі ілгерілеушілік тұрғындар санының өсуіне мүмкіндік берді, рулар көбейді. Азық-түлік қорының жетіспеуіне байланысты аналық рулық қауымнан жақын туысқандар кете бастады. Бұлар жаңа рулардың бастамасы болды. Олардан белгілі бір мәдени қауымдастық қалыптасты: бір шаруашылықтың түрін жүргізді, діни наным-сенімдері, сонымен бірге табыну рәсімдері және әдет-ғұрыптары бір-біріне ұқсас болды. Осы рулардың арасындағы өзара байланыстардың күшеюі тайпалардың құрылуына алып келді. Бұл жөнінде археологиялық деректер айғактайды. Неолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанда Есіл бойында Атбасар мәдениеті тайпалары, ал Торғай үстіртінде Мақанжар мәдениеті тайпалары тарала бастады. Рулардың көбеюі мен жаңа туыстық топтардың пайда болуына байланысты неке қатынасына тыйым салу қалыптасты (екі атадан, үш атадан қосылатын туыстардың некелесуіне» тыйым салу). Адамның шаруашылық іс-әрекетіндегі, аналық рулық кауымның Ішіндегі коғамдық қарым-қатынастардағы өзгерістер оның біртіндеп ыдырауына әкелді. Ақырында, ер адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің өсуі туысқандык есебін ауыстыруға және әке жағынан жеке мүлікке мұрагер болуына алып келді. Энеолит дәуірінде рулық қауымның негізін көбінесе патриархалдық отбасы құрайтын болды. Патриархалдық ("pater" — әке, "агсһе— билік) отбасылар жақын туысқандардың үшеуден астам ұрпағынан тұрды. Ең үлкендері рулық бірлікке кірді, рулар тайпаға бірікті. Тайпалар қандас-туысқандық белгілеріне және шаруашылықортақтығына қарай біріккен бірнеше рулық қауымнан құралды. Ал тайпалар кейінгі тарихи кезеңде тайпа одақтарын құратын болды. Біртіндеп үлкен патриархалдық отбасылардың үйге, малға, еңбек құралдарына, тұрмыстық заттарға жеке меншік пайда болды. Ру мүшелері жайылым мен аң аулайтын жерлерді де иемденді.