- •1 Билет «Саяхаттау – саламатты өмір салты»
- •«Жолға шыққанда берілетін бата»
- •«Ұшақпен саяхат»
- •«Темір жол бекетінде»
- •«Қазақстан – қонақ үй»
- •«Сарыарқа өңірі»
- •«Алтай өңірі»
- •«Жер жәннатты - Жетісу»
- •«Мұнайлы Қазақстан»
- •Еліміздің экологиясы
- •Парламент
- •«Мемлекеттік емтихан»
- •«Қазақтанның білім ошақтары»
- •«Қазақстан Президентінің Жолдауы»
- •«Орхон – Енисей ескерткіштері»
- •«Мәдени мұра» бағдарламасы
- •Ұлттық киімдер
- •«Тарихи ғажайыптар»
- •«Қазақ театрлар»
- •«Шәкен Айманов»
- •«Мәңгілік ел- Мәңгілік Тіл идеясы»
1 Билет «Саяхаттау – саламатты өмір салты»
Саяхат- адамдардың танып-білу мақсатында жер бетіндегі кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда: «Туризм – жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты» деп анықтама берілген.
Туризм (француз сөзі tourisme, tour – серуен, сапар) – бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жаңа, екінші жағынан, саяхат ерте заманнан белгілі жиһанкездік. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:
Элитарлық туризм (XIXғ. дейін) – туристік өнім өндіретін арнайы кәсіпорындардың туындауы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезендегі (XIXғ.) – көлік дамуындағы дүрбелең өзгерістер, алғашқы саяхат бюроларының ашылуы.
Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезең – көпшілікті туризмнің дамуы.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі (қазіргі кезең) көпшілікті туризм, туристік индустрияның туризмге арналған тауар және қызмет өндіретін салааралық кешен түрінде құрылуы.
2- билет
«Жолға шыққанда берілетін бата»
Жолаушыны құрметтеген халықпыз "Жолашар", "жолаяқ" деген - сапарға аттанып бара жатқан жолаушыға ақ жол тілейтін дәстүр. Ал мұның негізгі мән-мағынасы қазақ қара жолды қадірлеп, жолаушыны құрметтеген халық. "Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария барып сәлем береді" деп жолаушы жолының үлкен екендігін айтады. Ауыл мен ауылды, ру мен ұлысты, алыс пен жақын елді жалғастырып байланыстыратын дәнекер - сол жолаушылар Жол мен жолаушыны қадірлеген халқымыз оған байланысты ырым-жоралғылар, дәстүр-салттарды, баталарды қалыптастырған. Қариялар жолаушыға арнап бата береді. Бата деген адамға рухани күш-қуат береді, көңілге - медеу, жүрекке сенім себеді. Ал сенім - ұлы күш. Ақ жүрек болып жолдасың Адалдық сені қолдасын! Алымды болсын шабысың. Найзағай болсын намысың, Ер жігітке бәрі - сын! Қиындық көрсең, мұқалма! Ауырлық көрсең, жұқарма! Дақ түспесін ар мен бағыңа, Аман барып, есен қайт, Мақсат еткен жолыңа! - деп алғаш рет сапарға шығатын жасқа бата береді. Сонымен, "жүрген жерің мейірімді, қайырымды болсын, басар жер, асар тауың жеңіл болсын" деп жолаушыны бүкіл ауыл аттандырып салады.
3- билет
«Ұшақпен саяхат»
Мен Астана қаласына баруым керек. Бүгін әуежайға барып, билет сатып аламын. Әуежайға жету үшін жеңіл машинаға отырдым. Әуезжайға тез жеттім. Астана бағытына билет сатып алдым. Бүгін ұшақпен ұшуға ауа райы да қолайлы екен.
Ұшақпен Астана қаласының әуежайына келдік. Сарыарқаның самалы соғып тұр. Әуежай жақтан кірер жолда биік мемориал орнатылыпты. Ол – Саяси қуғын көрген адамдарға арналған ескерткіштер. Ескерткішке гүл шоқтарын қойдық.
Біз «Турист» қонақ үйіне оранастық. Қала Есіл өзенінің бойында екен. Зәулім үйлер көптен салыныпты. Маған Парламент үйі қатты ұнады.
ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ғиматары да ерекше әсем. Біз балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайында өнер көрсеттік. Көркейген Астана көз қуантады!
4- билет
