Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11_synyp_emtikhan_m_1241_tinderi_2015-2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

«Темір жол бекетінде»

Темір жолды бұдан 200 жыл бұрын Англияда ойлап тапты. Кесе көлденең көшелерге ағаш шпалдар төсеп, оған дөңгелек жүру үшін темір жолақ шегеледі. Ағылшын тілінде бұл жолақты «рейлз» деп атады, рельспен паровоздар жүре бастады. Паровоз қозғалу үшін жұмысышылар тыңбай пешке көмір лақтыратын. Темір жол бойымен жүкті тасу жеңіл болды.

Адамдар жолаушылар вагондарымен жүреді. Жүктерді жүк вагондары тасиды. Алғашқы пойыздар будың күшімен қозғалысқа келетін болса, қазір олар түгелге жуық электр немесе дизель отының пайдаланады. Қазіргі экспресс пойыздар сағатына 225 километрді алады.

Қазіргі заманда темір жол қызметімен адамдар баратын жеріне жылдамырақ жетеді. Темір жол бекетінде халыққа қызмет көрсету жоғары деңгейде

5- билет

«Қазақстан – қонақ үй»

«Қазақ­стан» - қонақ үйі, Алматы қаласының орталығында орналасқан республикалық дәрежедегі жоғары класты мейманхана. Өзінің ерекше пішінімен бұл қонақ үй — Алматы қаласының символдарының бірі. 1000 орындық мейманхана ғимаратының 25 қабатының 21 қабаты (бір, екі, үш бөлмелі) қонақжай бөлмелерінен, төменгі екі қабаты қоғамдық қызмет көрсету жайларынан тұрады. Төменгі қабаттарда қонақтарды тіркеу, оларға тұрмыстық, техникалық қызмет көрсету (пошта, телеграф, жинақ кассалары, медициналық жәрдем, жолаушылар кассасы, “Интурист” бюросы, т.б.) бөлмелері орналасқан. Жылына 266 мың адамға қызмет көрсете алады. Жиналыстар, семинарлар, т.б. өткізуге арналған қосымша орындары, 116 орындық мәслихат залы, бизнес орталығы, жазғы кафе, банкет залы, ұлттық асхана, іскерлік кездесулер өткізуге арналған кең холл-вестибюль мен әр қабатта арнайы жабдықталған мүйістер бар.

Ғимараттың оңтүстік павильонында 4 банкет залы бар мейрамхана орналасқан. Ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін “Космос” кафесі жұмыс істейді.

6 – билет

«Сарыарқа өңірі»

Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.

Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. Көмірлі өңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевты да өзінің бел баласы деп есептейді. Өйткені ол жас күнінен бастап Теміртаудағы атақты Қазақстан Магниткасында горновой болып еңбек жолын бастаған.

7- билет