Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИГА полный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.77 Mб
Скачать

«Қалқанша безі ауруларын диагностикалау және емдеу» тақырыбы бойынша тесттері

#92

*!Науқас К., 52 жаста, дене салмағының ұлғаюына, әлсіздік, іш қатулар, ескке сақтаудың нашарлауына шағымданады. Аталған симптомдар соңғы 1,5 жыл бойы күшейген. Обьективті: терінің құрғақтығы, бетінің және аяқтарының әлсіз ісінуі, жүрек шекаралары кеңейген, тондары тұйықталған, пульс минутына 60 рет. АҚ 110/70 мм с.б. қалқанша безі пальпацияланбайды. ИФА әдісімен тиреоглобулинге антиденелер (+) және микросомальды антиген (+++); ТТГ деңгейі - 15,2 мЕ/л. УДЗ: без өлшемдері кішірейген, құрылымы біркелкі емес.

Қандай диагноз ЕҢ болжамды.

*+Аутоимуннды тиреоидит, гипотиреоз

*Аутоимуннды тиреоидит, функциясы бұзылмаған

*Эндемиялық жемсау

*Жеделдеу тиреоидит

*Диффузды токсикалық жемсау

#93

*!Науқас 26 жаста, операциядан кейінгі гипотиреоз, тироксин 100 мкгкүніне 2 рет қабылдап жүрген, тахикардия, тершеңдік, ашушаңдық, ұйқысының бұзылуы пайда болған.

Келесі емдеу тактикаларының ЕҢ тиімдісін көрсетіңіз.

*+Тироксин дозасын азайту.

*Тироксин дозасын көбейту.

*Бета-адреноблокаторлар тағайындау.

*Еміне мерказолил қосу.

*Седативті препараттар тағайындау..

#94

*!Әйел 36 жаста, 50 мкгL-тироксин біріншілік гипотиреозға байланысты қабылдайды.

Препарат дозасының эффективтілігін бағалау мақсатында қандай зерттеуді тағайындау ЕҢ тиімді?

*+Тиротропин

*Трийодтиронин

*Тироксин

*Тиреоглобулин

*Холестерин

#95

*!Науқас әйел Е., 38 жаста, обьективті тексеру кезінде анықталды: терінің құрғақтығы, қасаға аймағындағы және қолтықасты түктерінің түсуі, семіздік, бетінің ісінкіреуі. Қалқанша безі – ортаңғы бөлімі пальпацияланады, ауыру сезімінсіз, қозғалмалы. Пульс - 56 минутына., ырғақты. АҚ - 100/60 мм с.б. Жүректің салыстырмалы шекаралары аз кеңейген. Жүрек жұмысы ырғақты, тондары әлсіреген. Іш қатуларына бейімділігі бар. Сіңір рефлекстері баяулаған. Тәулікті диурез - 400-500 мл.

Төменде аталған дәрілік заттардың ЕҢ тиімдісін тағайындау қажет.

*+Қалқанща безінің гормондары.

*Жүрек препараттары.

*Холестеринтөмендетуші заттар.

*Темір препараттары .

*Эстрогеннің орынбасушы препараттары

#96

*!Науқас20 жаста, Тернополь аймағының тұрғыны, эндокринологиялық диспансерге мойынының конфигурациясының өзгеруіне шағымданып келді. Объективті: дене температурасы 36.70С, ЖЖЖ 76 минутына., АҚ 110/70 мм с.б. Қалқанша безі II сат. үлкейген, жұмсақ, қозғалмалы, ауыру сезімінсіз. УДЗ- құрылымы біркелкі, өлшемдері аз ұлғайған. Т4, Т3 –қалыпты деңгейдің төменгі шекараларында, ТТГ – қалыпты. Йодтың зәрдің экскрециясы төмендеген.

Қандай ем түрін таңдау ЕҢ тиімді?

*+L-тироксин қолдану

*Антиструмин тағайындау

*Йодталғантұз қолдану

*Мерказолил қабылдау

*Глюкокортикоидтар қабылдау

#97

*!Науқас К., 37 жаста, апатия, еске сақтаудың нашарлауы, бас ауыруы, жаурағыштық, тәбетінің төмендеуі, іш қатуларға шағымданады. Аталған шағымдар соңғы 2 жылда біртіндеп күшейген. Дене салмағы 8 кг ұлғайган. Объективті: терісі бозғылт, суық, беті гипомимиялық. Баяу сөйлейді, тілі ұлғайған, тілінде тістерінің ізі қалған. АҚ 104/68 мм с.б. Пульс 54/минутына.

Сіздің ЕҢ болжамалы диагнозыңыз?

*+Гипотиреоз

*Тиротоксикоз

*Иценко-Кушинг синдромы

*Алиментарлы-конституционалды семіру

*Иценко-Кушинг ауыруы

#98

*!Науқас 35 жаста , гипотиреозбен зардап шегеді, тахикардия, тершеңдік, ұйқысының бұзылуы, тітіркенгіштік пайда болған. Тәулігіне 200 мкг L –тироксин қабылдайды.

Келесі емдеу тактикаларынң ЕҢ дұрысы қайсысы?

*+L-тироксин дозасын азайту.

*L-тироксинді алып тастау.

*L-тироксинді басқа ұқсас препаратпен алмастыру.

*Альфа-адреноблокаторлар тағайындау.

*Седативті препараттар тағайындау.

#99

*!Әйел 34 жаста әлсіздік, жарты жылда дене салмағының 12 кг ға төмендегені, тершеңдік, тахикардия, тітіркенгіштік пайда болған. Қалқанша безі IІІ сат. ұлғайған, серпімді, диффузды ұлғаю, оң бөлімінде түйін анықталды. Мойын лимфа түйіндері ұлғайған.

Қандай емдеу тактикасы ЕҢ тиімді негізделген?

*+Антитиреоидты терапиядан кейін ота жасау

*Радиоактивті йод тағайындау

*Шұғыл хирургиялық араласу

*Консервативті антитиреоидты терапия

*Шұғыл телегамматерапия

#100

*!Әйел22 жаста жиі жүрек қағуларына, эмоциональды тұрақсыздық, аггрессивтілік, 2 айда 8 кгдене салмағының төмендеуі. Әйел астеникалық қалыпта, терінің гипергидрозы, «телеграфты баған» симптомы. ЖЖЖ-120 минутына. Қалқанша безінің біркелкі ұлғаюы, аз ғана экзофтальм.

Бірінші кезекте төменде аталған препараттардың ЕҢ тиімдісі?

*+Тиреостатиктер

*β – блокаторлар

*Калия препараттары

*Тиреоидты препараттар

*Седативті препараттар

#101

*!Қыз 25 жаста орташа ауыр ағымды диффузды токсикалық жемсаумен ауырады, мерказолил 30 мг тәулігіне, обзидан 60 мг тәулігіне, феназепам 2 мг тәулігіне. Емдеу барысында жағдайы жақсарды, алайда айқын лейкопения дамыды.

Лейкопенияның ЕҢ болжамалы себебін атаңыз:

*Феназепам қабылдау

*+Мерказолил қабылдау

*Обзиданның жоғары мөлшері

*Қалқанша безінің өлшемдерінің ұлғаюы

*Аурудың ағымының нашарлауы

#102

*!Қыз 20 жаста, бір жыл бойы жүрек қағуы, ашушаңдық, тітіркенгіштік, ұйқысының бұзылысы, арықтау, қолдарының дірілі мазалайды. Объективнті: бойы- 162 см, дене салмағы – 54 кг. Терісі ылғалды. Экзофтальм, көз алмасының жарқылы, қол саусақтарының азғантай треморы. Кохер симптомы оң. Қалқанша безі 2 сат. ұлғайған, жұмсақ. АҚ – 130/60 мм с. б., пульс – 118 /минутына, жүрек тондары қатты, Боткин–Эрба нүктесінде және жүрек ұшында систолиялық шу естіледі. .

Берілген ауру емінде қандай ЕҢ тиімді ем қолдану қажет?

*Анаболиктер

*+Тиреостатиктер

*Калий препараттары

*Кальций антогонистері

*Тиреоидты препараттары

#103

*!Жас әйелді тітіркенгіштік және дене салмағының азаюы, тұрақты тахикардия мазалайды. Тәбеті қанағаттанарлық. Тексергенде: тиреотропты гормон – 0,2 мкМЕ/мл (калыпты 0,4 – 4,0 мкМЕ/мл), гликемия – 5,6 ммоль/л.

Қандай дәрілік заттарды тағайындау тиімді?

*+Тирозол (тиамазол)

*Диабетон

*Йодбаланс

*Милдронат

*Левотироксин

#104

*!Әйел 45 жаста тәбетінің төмендеуіне қарамастан дене салмағының ұлғаюына, ұйқышылдық, кардиалгияға шағымданады. Обьективті: терісі құрғақ, мойыны жуандаған, беті ісіңкіреген, АҚ – 80/50 мм с. б., ЖСЖ – 45минутына. Тексеру кезінде: ТТГ – 45,7 мкМЕ/мл (қалыптыда 0,4 – 4,0 мкМЕ/мл).

Аталған препараттардың қайсысын қабылдаған дұрыс?

*Фуросемид

*Милдронат

*Мерказолил

*Верошпирон

*+Левотироксин

#105

*!25 жастағы әйел құлаққа берілетін мойын аймағындағы ауру сезіміне, жұтынудың қиындауына шағымданады. Жағдайының нашарлауынЖРВИ-мен байланыстырады.Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы - 37,8ºС. Терісіылғалды, ыстық. Қалқанша безі 2 дәрежеге дейін ұлғайған, тығыз, пальпацияда ауру сезімді, аз қозғалмалы. Пульсі - 96 мин, АҚ - 120/80 мм.сын.бағ. Қан анализінде: Нв - 134 г/л, Лейк - 9,8 мың., ЭТЖ - 30 мм/сағ. Тироксин – 100 нмоль/л.

Аталған диагноздардың қайсысы барынша тән?

*тиреотоксикоз

*+жедел тиреоидит

*фиброзды тиреоидит

*аутоиммунды тиреоидит

*жедел іріңді тиреоидит

#106

*! 56 жасар әйелдеәлсіздік, ақыл ес қызметінің баяулануы, бет ісінуі, көз қуыстарының тарылуы, қастың сыртқы бөлігінің түсуі байқалады. Бойы – 160 см, салмағы – 76 кг. ЖСЖ – 48 рет мин. Жалпы холестерин деңгейі – 10 ммоль/л.

Келтірілген аурулардың қайсысы осы клиника-лабораторлыбелгілермен БАРЫНША жүруі мүмкін?

*+Гипотиреоз

*B12 - дефицитті анемия

*Иценко-Кушинг ауруы

*Иценко-Кушинг ауруы

*Жайылмалыуытты зоб

#107

*! 34 жастағы таулы ауылдың тұрғыныаздап тұншығуға шағымданады. Қарап тексергенде:қалқанша безі II дәрежелі ұлғайғаны көрінеді, пальпациядажұмсақ, ауру сезімсіз. Тексергенде: ТТГ – 2,0 мкМЕ/мл (нормада 0,4-4,0 мкМЕ/мл), тиреопероксидазағаантидене тuтpі – 30 мЕД/л (нормада< 100 мЕД/л).

Аталған диагноздардың қайсысы барынша тән?

*Ридельтиреоидиті

*+Эндемиялық зоб

*Хашимото ауруы

*Біріншілік гипотиреоз

*Жайылмалы уытты зоб

#108

*!25 жасаржайылмалы уытты зобтыңорташа ауырлықты түрімен қызда мерказолил 30 мг тәулігіне, верапамил 60 мг тәулігіне, феназепам 2 мг тәулігіне тағайындаумен терапия жүргізілуде. Ем нәтижесінде жағдайы жақсардыбірақ айқын дамыды.

Лейкопенияның БАРЫНША мүмкін себебін атаңыз:

*Феназепам қабылдау

*+Мерказолил қабылдау

*Верапамилдің жоғарғы дозасы

*Қалқанша безінің ұлғаюы

*Аурудың әрі қарай үдеуі

#109

*!ЛОР-дәрігергежас әйел оң мойын аймағындағы құлағына берілетін ауру сезіміне, ЖРВИ ден кейін пайда болған жұтынудың қиындауына шағымданып келді. Температура субфебрильді, терісі ылғалды, ыстық. Қалқанша безі I дәрежеге ұлғайған, оң бөлігінде тығыз ауыратын құрылым бар, сипатын ауру сезімі болғандықтан анықтау қиын. ЖСЖ 100 рет минутына, АҚ 120/80мм.б.б. Қан анализі: гемоглобин – 126 г/л, лейкоциттер -7,8 х 109/л., ЭТЖ – 32 мм/сағ. Тироксин - жоғарылаған, ТТГ қалыпты деңгейде.

Алдын ала диагнозы БАРЫНША мүмкін?

*Түйінді зоб

*Аралас уытты зоб

*+Жеделдеу тиреоидит

*Токсикалық аденома

*Гормональдыбелсендіқатерлі ісік

110

*!49жастағы ер адамұйқышылдыққа, ентігуге, айқын ісінуге шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, сарғылт реңкелі, ұстағанда салқын. Беті ісіңкі, аяқтарында ісіктер. Өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйық. АҚ–80/50 мм с.б. ЖСЖ–50 рет/мин. Анализде: гипофиздің тиреотропты гормон деңгейі – 52 мкМЕ/мл (норма 0,4 – 4,0 мкМЕ/мл).

Қандай диагноз БАРЫНШАмүмкін?

*Ридельтиреоидиті

*Эндемиялық зоб

*Жеделдеу тиреоидит

*+Біріншілік гипотиреоз

*Жайылмалы уытты зоб

#111

*!43 жастағы әйел тері құрғақтығына, іш қатуына, ұйқышылдыққа шағымданады. Анамнезінде:созылмалы гайморит. Қарап тексергенде:бойы-168 см, салмағы-92 кг. Жолақтаржоқ, айқын гиперкератоз. Беті пастозды, көз алмалары түсіңкі. ЖСЖ-60 рет мин. АҚ- 80/60 мм с.б.б. Қанда: Нв-75 г/л, қант-3,5 ммоль/л, сарысу ақуызымен байланысқан йод-300 ммоль/л.

Қандай дәрілік топты тағайындау БАРЫНША тиімді?

*Витаминдер

*Йод препараттары

*Зәр айдағыш заттар

*+Тиреоидты препараттар

*Қабынуға қарсы дәрілер

#112

*!37 жастағы әйел жүрек тұсындағы ауру сезіміне, жүрек қағуына, шаршағыштыққа шағымданады. Ауру сезімі үш ай көлемінде мазалайды, осы уақытта тітіркенгіш, жылағыш болып, 5 кг-ға арықтады. Объективті: арық, тері гипергидрозы, қалқанша безі визуальды анықталады. Майда бұлғамалы қолдарының треморы, «телеграфтыбұғана» симптомы. АҚ–130/60 мм с.б.б, ЖСЖ–120 рет минутына.

Диагнозды дәлелдеу үшінқандай сынама өткізу БАРЫНША мәліметті:

*Инсулинмен

*Клофелинмен

*+Тиреолиберинмен

*Кортикотропинмен

*Калий перхлоратпен

#113

*! 47 жастағы әйел струмэктомиядан кейін дірілдеу сезіміне, тершеңді және полиуриямен бірге жүретін қорқуға шағымданады. Объективті: қозғыш, сөйлеуі жылдам, байланыссыз. Тері жабындылары гиперемия және гипергидрозы, ірі бұлғамалы қолдарының треморы, дене температурасы - 38° С. ТЖ–30 рет минутына. Жүрек тондары анық, ЖСЖ–100 рет/мин, АҚ–90/60 мм с.б. ЭКГ де: синусты тахикардия, алдыңғы, перде аймағында реполяризация процесстерінің бұзылысы.

Емнің бағдарламасына қандай ерітіндіні қосу БАРЫНША тиімді:

*+Люголь

*Глюкоза 40%

*Метилен көгі

*Сутек асқын тотығы

*Кальций хлоры

#114

*!Қандай патогенетикалық механизмдермен жайылмалы уытты зобтың дамуына БАРЫНШАмүмкін?

*катехоламиндер секрециясының жоғарылауы

*тиреотропты гормонның секрециясымен жоғарылауымен

*тиротропин-рилизинг-гормоннның секрециясының жоғарылауымен

*+тиростимулирлеуші иммуноглобулиннің жоғарылауымен

*қалқанша без гормондарына тіндердің гиперсезімталдығы

#115

*!30 жастағы гипертониялықтиптегінейроциркуляторлыдистонияменәйел жүрек тұсындағы ауру сезіміне, жүрек қағысына, арықтауға шағымданады. Объективті: терісіылғалды, қол саусақтарының треморы, АҚ - 160/70 мм с.б.б., пульс – 130 рет/мин. Тексергенде: ТТГ – 0,01 мЕД/л (норма 0,4-4,0 мЕД/л), бос Т4 – 36 пмоль/л (норма – 10-23 пмоль/л).

Жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің бұзылысының БАРЫНША себебі?

*Миокардит

*+Гипертиреоз

*Кортикостерома

*Феохромоцитома

*Пролактин-синтездеуші аденома

#116

*!Қалқанша безінің локалды гипертрофиясы айқын тиреотоксикоз белгілерімен анықтағанда БАРЫНША мүмкін диагноз болып табылады:

*Ридельзобы

*Эндемиялық зоб

*+Токсикалық аденома

*Аутоиммунды тиреоидит

*Жайылмалы уытты зоб

#117

*!Тиреотоксикозбен жүкті әйелдерде қандай емдеу тактикасы БАРЫНША тиімді?

*Босануға дейін бақылану

*Тиамазол тағайындау

*β-блокаторлар қолдану

*Радиоактивті йод тағайындау

*+Қалқанша бездің субтотальды резекциясы

#118

*!20 жастағы қыз, бір жыл көлемінде жүрек қағысы, ашушандық, тітіркену сезімі, ұйқы бұзылысы, арықтау, қолының дірілдеуі мазалайды. Объективті: бойы- 162 см, дене салмағы – 54 кг. Терісіылғалды. Экзофтальм, көз жылтырауы, қол саусақтарының ұсақ треморы. Кохер симптомыоң. Қалқанша безі 2 дәрежелі ұлғайған, жұмсақ. АҚ – 130/60 мм с.б.б., пульс – 118 рет/мин, жүрек тондарықатты, жүрек ұшы мен Боткина–Эрба нүктесінде систолический шум естіледі.

Осы аурудың емінде БАРЫНША қолдануы мүмкін:

*+Тиреостатиктер

*Калий препараттары

*Транквилизаторлар

*Кальций антагонистері

*Тиреоидты препараттар

#119

*!22 жастағы науқасқа жайылмалы уытты зобқа байланысты струмэктомия жасалған. Операциядан кейін кешке жағдайы нашарлап кетті: жүрек қағысы, айқын әлсіздік, тершеңдік, жүрек айнуы, құсу пайда болды. Дене температурасы 39,4º С дейін көтерілді. Науқас қозған, сөйлеуі түсініксіз. Терісі ұстағанда ыстық, ылғалды. Айқын қолдарының треморы. Жүрек тондары ырғақты, анық. АҚ – 150/100 мм с.б.б, пульс аз толымды – 166 рет/мин. ТЖ – 28 рет мин. Бауыр қыры қабырға доғасынан 4 смге шығып тұр, жұмсақ, ауырмайды.

Келтірілген препараттардың БІРІНШІ кезекте тағайындау маңызды?

*Каптоприл 25 мг тіл астына

*Эуфиллин 4,0 к/ттамшылатып

*Левотироксин 100 мкг peros

*Цефтриаксон 1,0 гк/тағызып

*+Гидрокортизон 150 мг к/тағызып

#120

*!35 жастағы әйелде стресстен кейін жүрек тұсында ауру сезімі, тітіркеншектік, әлсіздік, денесінде діріл пайда болды. Объективті: арық, гипергидроз, пальпациядақалқанша безінің 1 дәрежелі ұлғайғаны анықталады. Жүрек тондары дыбысты, ЖСЖ-120 рет/мин. АҚ- 150/70 мм с.б.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды верификациялау үшін БАРЫНША мәліметті?

*Жалпы Т3 және ТТГ анықтау

*Жалпы Т4 және ТТГ анықтау

*Тиреоглобулинге антидене анықтау

*Тиреопероксидазаға антидене анықтау

*+Т3 және Т4, ТТГ бос фракцияларын тексеру

#121

*!43жастағы әйелдімойнының қысу сезімі, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, ұйқышылдық мазалайды. Аурудың басында тітіркеншілік, АҚ жоғарылауы, жүрек қағысын байқаған. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, тырнақ гиперкератозы, беті ісіңкі, тілінде тіс іздері. Қалқанша безітығыз, қоршаған тіндермен жабыспаған, пальпацияда аздап ауырады.

Келтірілген диагноздардың қайсысыБАРЫНША мүмкін?

*Фиброзды тиреоидит, эутиреоз

*Аутоиммунды тиреоидит, эутиреоз

*Түйінді токсикалық зоб, гипертиреоз

*+Аутоиммунды тиреоидит, гипотиреоз

*Аутоиммунды тиреоидит, гипертиреоз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]