- •«Аллергология» блогі бойынша.
- •«Гастроэнтерология» блогі бойынша жылдық қорытынды аттестацияға арналған тесттік тапсырмалар.
- •«Гематология» блогы бойынша интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары
- •Тшқ синдромы 30
- •Эндокринология
- •Қант диабеті кезіндегі жедел жағдайлар тақырыбы бойынша тест жинақтары
- •«Қалқанша безі ауруларын диагностикалау және емдеу» тақырыбы бойынша тесттері
- •« Семіздік және метаболикалық синдром»
- •Тыныс алу жүйесінің аурулары мен синдромдары
- •Пневмонияның асқынулары
- •30 Мин кейін –7,2 ммоль/л
- •60 Мин кейін – 7,8. Ммоль/л
- •120 Мин кейін – 5,5 ммоль/л
- •3 Тақырып. Эндокриндік бұзылыстар зертханалық диагностикасы. 22 тест
- •*Эритроциттегі гемоглобиннің құрамының жоғарылауы
- •*Эритроциттердің жетілуінің тежелуі
- •6 Тақырып. Клиникалық тәжірибедегі цитологиялық зерттеу 6 тест
- •13 Тақырып. Ісіктің биологиялық маркерлері.
- •Тема 5. Хбп
- •Психиатрия және наркология
- •Фтизиатрия*1*20*1
- •*!Тұрғындарды Манту сынамасымен жаппай тексеруді жүргізгенде аталғантуберкулиннің түрлерінің қайсысын қолданылады?
- •*Фтизиатрия*2*80*1
- •*Фтизиатрия*3*80*1
- •Науқастардың қауіпсіздігі бойынша 6 курс интерндерге арналған тестік тапсырмалар
Терапевт-интерндерге жылдық қорытынды аттестацияға арналған тест сұрақтары
«Аллергология» блогі бойынша.
1. 2 жасар бала жедел ауырып калды, вирусты инфекция болуы мүмкін: ринорея, құрғақ жөтел, дене температурасының 38,5°С дейін жоғарылауы, әлсіздік. Ауыруының 3- күні тыныс алуының қиындауы, құрғақ ысқырықты сырылдар, ұстама тәрізді жөтел пайда болды. Тұншығу ұстамасы сальбутамолмен басылды. Жазылғаннан кейін тұншығу ұстамасы қайталанған жоқ. Балада обструктивті синдром дамуының негізгі себебі не?
* бронхиалды демікпе дебюті
* атопиялық диатездің болуы
* аллергияға бейімділіктің болуы
*+ЖРВИ асқынуы ретінде бронхиолит дамуы
* демікпеалды жағдайдың қалыптасуы
2. 28 жастағы ер адам көкеніс қоймасындағы (температурасы төмен және ылғалдылығы жоғары) жұмысынан кейін пайда болатын әлсіздікке, бас ауыруы мен тұншығу ұстамаларына, қатты құрғақ жөтелге шағымданады. Науқас айтуы бойынша, тыныс алу қиындауы мен ұстама тәрізді жөтел, мұрын қышуы мен бітуі әр уақытта көкеніс қоймасында жұмыс істеген кезде пайда болады. Сіз науқасқа ең бірінші кезекте қандай кеңес беруіңіз керек?
*+жұмыс орынын ауыстыру
* күнделікті сальбутамолды қолдану
* қоймадағы жұмысының алдында лоратадин ішу
* қоймадағы жұмысы кезінде респиратор қолану
* қоймадағы жұмысының алдында будесонид қолдану
3. Аллергиямен науқас адамның шырышты қабатындағы қандай жасушалар аллергиялық қабынудың негізгі реттеуші жасушалары болып табылады?
* мес жасушалары
*+Т-лимфоциттер
* В-лимфоциттер
* эозинофилдер
* макрофагтар
4. Респираторлы аллергоз (ринит, демікпе) қалыптасуында шырышты қабаттар қандай гуморалды қорғаныс факторының төмендеуі басты рөл атқарады?
* лизоцимнің
* комплементтің
*+А иммуноглобулинінің
* М иммуноглобулинінің
* G иммуноглобулинінің
5. 1 типті Т-хелперлер белсенділігінің төмендеуі, гамма-интерферонның аз бөлініуі, ИЛ-4 және ИЛ-5 жоғары деңгейі қандай диатезге тән?
* зәрқышқылды
*+атопиялық
* жүйке-артриттік
* экссудативті-катаральды
* лимфатикалық-гипопластикалық
6. 42 жасар ер адам ДМИ– 29, 8 жыл бойы кезеңді түрде пайда болатын тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Күндізгі ұстамалар күніне 2-3 рет, түнгі – аптасына 1-2 рет. Ұстама кезінде сальбутамол (тәулігіне 5 ретке дейін) қолданады. Сонымен қатар таңертеңгі уақытта қиын бөлінетін қақырықты жөтел мазалайды. Науқасқа температураның шұғыл өзгерістері, иістер, түтін теріс әсер етеді. Науқасқа қандай негізгі препарат тағайындаған ең дұрыс?
* преднизолон
* триамциналон
* дексаметазон
*+будесонид
* бетаметазон
7. 20 жасар әйел адам шаңғышы, жаттығудан кейін пайда болып, дем алғаннан соң өздігінен кететін ысқырықты тыныс пен құрғақ жөтелге шағымданады. Өзін соңғы 3-4 ай бойы суық тигеннен кейін аурумын деп санайды. Қарап тексеру барысында шағымдары мен физикалық өзгерістері жоқ. Ең мүмкін болатын диагноз?
*+физикалық күштеме демікпесі
* бронхиалды демікпе
* интермиттирлеуші бронхиалды демікпе
* инфекцияға тәуелді бронхиалды демікпе
* атопиялық персистирлеуші бронхиалды демікпе
8. 24 жасар әйел адам аптасына 3-4 болатын түнгі ысқырықты тыныс пен құрғақ жөтелге шағымданады. Күндіз мұндай белгілер стресс немесе физикалық жүктемеден соң пайда болады. Өзін соңғы 2 ай бойы, ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін науқаспын деп санайды. Қарап тексеру барысында шағымдары мен физикалық өзгерістері жоқ. Науқас үшін ең қауіпсіз қандай зерттеу обструтивті синдромның болуын растай немесе терістей алады?
*+8-минуттық жүгіру сынамасы
* рино-бронхиалды сынама
* ото-бронхиалды сынама
* ацетилхолинмен сынама
* гистаминмен сынама
9. Биатлоншыда қысқы уақытта дайындықтан кейін тыныс алу қиындау, ысқырықты сырылдар, кеудеде «бітіп қалу» сезімі пайда болады. Басқа факторлар (шаң, шылым иісі, өткір иістер) тыныс алу қиындауын туғызбайды. Ұстамалар физикалық жүктемеден 8-10 минуттан кейін пайда болады және өздігінен кетеді. Науқасқа қандай кеңес беру қажет?
*+физикалық жүктемелерді болдырмау
* жаттығу алдында сальбутамол қолдану
* жаттығу алдында натрий кромогликатын қолдану
* қысқы уақытта беклометазон дипропионатын қолдану
* қысқы уақытта пролонгирленген теофиллин қолдану
10. 46 жасар әйел адам ұстама тәрізді шаршататын жөтелге, «кеудесіндегі сырылға», қыжылға, қышқылмен кекіруге шағымданады. Бұл белгілер әр кезде кешкі астан кейін пайда болады. Спирография: Тиффно индексі– 56%, сальбутамолдан кейін– 72%. Науқаста қандай патология ең мүмкін?
*+ГЭРА және бронхиалды демікпенің холинергиялық нұсқасы
* бронхиалды демікпенің дисгормоналды нұсқасы
* бронхиалды демікпе атопиялық түрі
* бронхиалды демікпе аралас түрі
* ГЭРА және созылмалы трахеит
11. 54 жасар ер адам ДМИ 32, тыныс алудың қиындауына, түнгі уақытта ысқырықты тыныстың болуына (түнгі 2-3 сағатта), кеуде артындағы қыжылға, ащы және қышқылмен кекіруге шағымданады. Бұл белгілер әр кезде кешкі астан кейін пайда болады. Спирография Тиффно индексінің төмендеуі мен бронхолитикпен оң сынаманы анықтады. Бронх тарылуын жою үшін науқасқа қандай препарат тағайындаған ең дұрыс?
*+ипратропия бромиді
* натрий кромогликаты
* сальметерол
* нифедипин
* эуфиллин
12. Әйел адам 32 жаста 2 жыл бойы мұрынның бітуі, тыныс алудың қиындауы, құрғақ жөтел ұстамалары, ысқырықты тыныспен зардап шегуіне шағымданады. Осы белгілер әсіресе, үй мен саяжайды жинаған кезде пайда болады. Будесонид 400 мкг/тәул және теотард тағайындалды. Жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін қандай зерттеу әдісімен бағалауға болады?
* қан сарысуында IgE деңгейінің төмендеуі
* қақырық анализінде нейтрофилдердің болмауы
*+бета-миметиктерде қажеттіліктің азаюы
* ем басталғаннан 3 айдан кейін Тиффно индексінің жоғарылауы
* бронхиолитикпен теріс сынама
13. 45 жасар ер адам, әскери қызметкер, соңғы бірнеше айда жөтел ұстамалары, кеудеде «бітіп қалу» сезімі, шаңмен дем алғанда, полигонға шыққанда, физикалық жүктемеде (бірақ әр кезде емес) тыныс алу қиындауы мазалайды. Объективті зерттеу ауытқу анықтамады. Спирография – ФТК1 – 105%. Қатардағы қызметке жарамдылығын анықтау үшін бронхиалды демікпені жоққа шығару қажет. Қандай зерттеу әдісі мұны анықтауға ең жоғары мүмкіндік береді?
* сальбутамолмен сынама
* аллергенмен прик- сынама
* рино-бронхиалды сынама
*+ацетилхолинмен сынама
* физикалық жүктемемен сынама
14. Жыл бойғы аллергиялық ринитпен науқасқа аллергенмен арнайы иммунотерапия курсын өткізу шешілді. Осы науқасқа арнайы гипосенсибилизация өткізу үшін себепті аллергенді анықтауға қандай зерттеу әдісі мүмкіндік береді?
*+эндоназальды аллергосынама
* эндобронхиалды аллергосынама
* скарификационды аллергосынама
* арнайы IgE анықтау
* гистамин босап шығу сынамасы
15. Қыз бала 16 жаста, қиын бөлінетін қақырықты жөтел мен ысқырықты тынысты тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Өршу кезеңдерін менструациямен байланыстыралы, циклдың басқа күндері бұл белгілер азырақ және жеңіл. Арнайы аллергодиагностикда үй кенелеріне, зең саңырауқұлақтарына, тауық мамығына сенсибилизация анықталды. Флюнисолид пен сальметерол тағайындалды. Менструация кезінде ұстамаларды алдын алудың қандай тактикасы ең дұрысы?
* менструация алдында сальметерол дозасын жоғарылату
*+менструация алдында флюнисолид дозасын жоғарылату
* менструация кезінде емге эуфиллин қосу
* менструация кезінде емге преднизолон қосу
* менструация кезінде емге прогестерон қосу
16. Жасөспірім 16 жаста, 7 жасынан тұншығу және жөтел ұстамалары мазалайды. Шақырушы себеп деп шаңды (ұстама үй жинау кезінде пайда болуы мүмкін), температура өзгерістерін, темекі түтінін, физикалық және психоэмоционалды жүктемені санайды. Жасөспірім әкесі үйде шылым шегеді. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысында жүргізіліп жатқан ем тиімділігін төмендету мүмкіндігі ең жоғары?
* суықтану
* дене шынықтыру сабақтары
*+пассивті шылым шегу
* мектептегі оқу жүктемелері
* цитрустарды жеу
17. Қыз бала 19 жаста ұстама тәрізді жөтел мен ысқырықты тынысқа шағымданады. Учаскелік дәрігер кыз баланың дұрыс желдетілмейтін, ашық сөрелерде кітаптары көп, қабырға мен жерде кілемдер жайылған, жастық пен көрпесі құс мамығымен толы бөлмеде ұйықтайтынына көңіл аударды. Пациентке ингаляциялық кортикостероидтармен (будесонид) терапия тағайындалды, бірақ анық жақсару байқалмады. Ем тиімділігін жоғарылату үшін қандай тактика ең дұрыс?
* емге теотард қосу
* емге сальметерол қосу
*+үйде гипоаллергенді жағдай жасау
* науқасты аллергология бөліміне госпитализациялау
* преднизолон мен эуфиллин т/і тамшылатып курсын өткізу
18. Ер адам 42 жаста, шаң, өткір иістер, температура өзгерістері, физикалық жүктемемен шақырылатын ауыр тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Сальбутамолда қажеттілік – 5-6 рет тәулігіне. Бірнеше жылдар бойына мұрын бітуі мазалайды, ЛОР қарауда полиптер анықталған. 2 ай бұрын арқа ауруынан тағайындалған қандай да бір дәріге ауыр реакция (бронх тарылуы мен бөрту) болды. Науқасқа міндетті түрде қандай қандай кеңес берілуі қажет?
* полипэктомия жасау
*+аспирин және басқа СҚҚЗ қолдануын болдырмау
* дипроспанмен эндоназальды блокада жасау
* дипроспанмен паравертебральды блокада жасау
* ингаляционды кортикостероидтар дозасын жоғарылату
19. Әйел адам 27 жаста, көп жылдар бойы шілде мен қазан айлары арасында мұрын бітуі, ринорея мен түшкіру, жас ағу мен көз, мұрын қышуы мазалайды. Соңғы 2 жылда таңғы сағат 4-5 –терде тыныс алу қиындауынан оянатын ұстамалар пайда болды, мұндай ұстамалар тамыз айында байқалады. Жаңбырдан кейін жағдайы жақсарады. Аллергендердің қай тобы науқаста себепті болып табылады?
* ағаштар (терек, қайың, қарағаш)
* ерте шөптер – бидай тұқымдастар
*+кеш шөптер - жусандар
* зең саңырауқұлақтары
* тұрмыстық аллергендер
20. Әйел адам 25 жаста, 10 жыл бойы шілде мен қазан айлары арасында мұрын бітуі, ринорея мен түшкіру, жас ағу мен көз, мұрын қышуы мазалайды. Соңғы 3 жылда таңғы сағат 4-5 –терде тыныс алу қиындауынан оянатын ұстамалар пайда болды, мұндай ұстамалар тамыз айында аптасына 2-3 рет байқалады. Жаңбырдан кейін жағдайы жақсарады. Өршу кезеңінде кромондарга қосымша қандай препарат тағайындаған ең дұрыс?
* клемастин
* пипольфен
*+цитиризин
* димедрол
* кетотифен
21. Әйел адам 36 жаста, 10 жыл бойы шаң және үй жануарларымен (мысық) қатынаста мұрын бітуі, ринорея мен түшкіру, жас ағу мен көз, мұрын қышуы мазалайды. Соңғы 3 жылда таңғы 4-5 –терде тыныс алу қиындауынан оянатын ұстамалар пайда болды, мұндай ұстамалар аптасына 1-2 рет байқалады. Ауру ремиссиясы кезінде қандай ем тактикасы ең дұрыс болып табылады?
* ем қажет емес
* полиоксидонй курсы
* рекомбинатты ИЛ-2 курсы
*+арнайы иммунотерапия
* кетотифенмен демеуші ем
22. 44 жасар ер адам ысқырықты сырылдармен, серозды көп қақырықты қатты жөтелмен жүретін экспираторлы ентігу ұстамаларына шағымданады. 12 жылдан бері ауырады. Ұстамалар ЖРВИмен шақырылады, сондықтан күз және қыз уақыттарында болады. Өткен жылы демікпелік статус дамуына байланысты 2 рет госпитализацияланды. Өршу кезінде тұншығу ұстамалары күніне 5-6 ретке дейін, түнгі ұстамалар – аптасына 3-4 рет. Ұстама сальбутамолмен басылады, бірақ айына 2 реттен кем емес преднизолон мен т/і эуфиллин жасау үшін жедел жәрдем шақырады. Науқаста спирометрия көрсеткіштері қандай болуы ең мүмкін?
* ӨТС 90%, ФТК1 – 72%
* ӨТС 80%, ФТК1 – 90%
*+ӨТС 74%, ФТК1 – 65%
* ӨТС 50%, ФТК1 – 72%
* ӨТС 42%, ФТК1 – 86%
23. 35 жасар ер адам ысқырықты сырылдармен, серозды көп қақырықты қатты жөтелмен жүретін экспираторлы ентігу ұстамаларына шағымданады. Ұстамалар ЖРВИмен шақырылады, сондықтан күз және қыз уақыттарында болады. Өткен жылы демікпелік статус дамуына байланысты 2 рет госпитализацияланды. Өршу кезінде тұншығу ұстамалары күніне 5-6 ретке дейін, түнгі ұстамалар – аптасына 3-4 рет. Ұстама сальбутамолмен басылады, бірақ айына 2 реттен кем емес преднизолон мен т/і эуфиллин жасау үшін жедел жәрдем шақырады. Будесонидтің қандай тәуліктік мөлшерін тағайындаған ең дұрыс?
* 100-200 мкг
* 300-400 мкг
* 400-600 мкг
*+800-1400 мкг
* 1600-2000 мкг
24. 36 жасар ер адам ысқырықты сырылдармен, серозды көп қақырықты қатты жөтелмен жүретін экспираторлы ентігу ұстамаларына шағымданады. Ұстамалар ЖРВИмен шақырылады, сондықтан күз және қыз уақыттарында болады. ЖРВИ-мен жылына 3-4 рет ауырады. Өршу кезінде тұншығу ұстамалары күніне 2-3 ретке дейін, түнгі ұстамалар – аптасына 1-2 рет. Ұстама сальбутамолмен басылады, кейде өздігінен кетеді. Диагнозды анықтау мақсатымен науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?
* кеуде қуысы мүшелері рентгенографиясы
* компьютерлі томография
* эхокардиография
*+спирография
* метахолинді сынама
25. Әйел адам 44 жаста терапия бөлімшесіне 38С қызумен, экспираторлы ентігумен, шырышты- іріңді қақырықты жөтелмен түсті. Объективті: ортопное, тыныс алу актысіне қосымша көмекші бұлшық еттер қатысады, барлық алаңдар үстінде ысқырықты сырылдар. Метилпреднизолонды енгізгеннен кейін ұстама басылды, науқас жағдайы тұрақталды. Кеуде қуысы мүшелері Р-граммасында: оң жақ өкпенің төмеңгі бөлімінде инфильтративті қараю. Ары қарай кортикостероидтар жағынан қандай тактика ең дұрыс?
* ары қарай кортикостероидтарды енгізу қарсы көрсетілген
* 2-3 апта бойына ішке преднизолон тағайындауға болады
* антибиотиктар ағайындау, 2-3 тәулікке т/і преднизолон қосу
* будесонид немесе флюнисолидпен ингаляция тағайындауға болады
*+4-5 күн бойы т/і преднизолонды жалғастыру
26. Науқас 28 жаста беклометазон дипропионат 400 мкг/тәул мөлшерінде теотардпен бірге 1 капсуладан күніне 2 рет қабылдайды. Соңғы 4 аптада жануар жүнімен қатынастан кейін сальбутамолда қажеттілік 3 рет, түнгі ұстамалар болған жоқ. ПФМ – қалыптыдан 85-95% мөлшерінде. Ары қарай қандай емдеу тактикасы дұрыс?
* беклометазон мөлшерін 200 мкг/тәул дейін төмендету
*+теотард мөлшерін түнде 1 капсулаға дейін азайту
* теотардты тоқтату
* теотардты эуфиллинмен ауыстыру
* препараттарды сол мөлшерде жалғастыру
27. Науқас 29 жаста фдюнисолид 600 мкг/тәул мөлшерінде сальметеролмен бірге 1 дозадан күніне 2 рет қабылдайды. Соңғы 2 аптада ол сальбутамолмен күніне 1-2 рет дем алды, түнде тыныс алу қиындауынан 5 рет оянды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы дұрыс?
* аллергология бөліміне госпитализациялау
* преднизолон мен эуфиллин т/і тамшылатып курсын өткізу
*+флюнисолид мөлшерін 1000 мкг/тәул дейін көбейту
* сальметеролды тәулігіне 4 дозаға дейін
* емге преднизолон 20 мг per os қосу
28. Аспиринді триада (аспиринді демікпе) дамуының негізінде қандай негізгі механизм жатыр?
* 1 және 2 типті Т-хелперлер белсенділігі арасындағы тепе- теңдік жойылуы
*+арахидон қышқылы метаболиттерінің түзілуі арасындағы тепе- теңдік жойылуы
* науқаста ИЛ-4 және ИЛ-5 деңгейінің жоғары болуы
* иммуноглобулин Е деңгейінің жоғары болуы
* иммуноглобулин G4 деңгейінің жоғары болуы
29. Науқас 28 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, преднизолон 20 мг /тәул мөлшерінде 2 жыл бойы қабылдайды. Преднизолон қабылдап жүргенде түнгі ұстамалар аптасына 1-2 рет, сальбутамолда қажеттілік- күніне 1-2 рет, жағдайы қанағаттанарлық, физикалық жүктемені көтеруі жақсы. Преднизолон мөлшерін төмендету амалында жағдайы нашарлайды – тұншығу ұстамалары жиілейді. Ингаляциялық кортикостероидтар қолданбаған, бірақ эуфиллин таблетка түрінде қабылдайды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?
* преднизолон демікпені бақылауда ұстайды – сол мөлшерде қалдыру
*+будесонид қосу және жайлап преднизолон мөлшерін төмендету
* будесонид ең жоғары иөлшерде тағайындау және преднизолонды алып тастау
* демікпе бақылауына жеткенге дейін теотард қосу
* преднизолонды төмендету үшін метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу
30. Науқас 46 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, флутиказон 400 мкг/тәул мөлшерінде сальметеролмен қабылдайды. ЖРВИ-мен ауыратын адаммен қатынастан кейін әлсіздік, дене қызуы 38,5°С, құрғақ жөтел, жөтел кезінде кеуде артындағы ауыру сезімі пайда болды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?
* ЖРВИ емдегенге дейін флутиказон мөлшерін азайту
* ЖРВИ емдеу үшін интерферон бастау
* сальметерол мөлшерін көбейту
*+флутиказон мөлшерін көбейту
* парацетамол тағайындау
31. 37 жастағы ер адам бірінші рет 3 сағат бұрын пайда болған тыныс алудың қиындауына шағымданады (бұрын тұншығу ұстамалары болмаған); сальбутамолдан әсер жоқ. Қарау кезінде науқас мәжбүрлі қалыпта- тері жабындылары бозғылт және ылғалды, тыныс алу актісіне өосымша бұлшық еттер қатысады, өкпенің барлық алаңы бойынша көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ 120 минутына, АҚ 110/70 мм.с.б. Науқасқа оттегі-ауалы қоспа ингаляциясы басталды. Шұғыл көмек көрсетуде төменде көрсетілгендерден бірінші кезекте не жасау керек?
* натрий тиосульфаты т/і бастау
* эуфиллин т/і бастау
* адреналин 0.1% 1мл енгізу
*+преднизолон 60 мг т\і енгізу
* сальбутамол ингаляциясы
32. 23 жастағы әйел қозулы, тыныштық жағдайдағы ентігу, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, ТАЖ 32 минутына, ЖЖЖ 110 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 60% құрайды. Соңғы сағаттарда – сальбутамолдың 3 ингаляциясы тиімсіз. Оттегі ингаляциясы, преднизолон 60 мг т/і басталды, АҚҚ – 110/75 мм с.б. Төменде берілгендердің ішінен шұғыл көмек көрсетудің екінші кезегінде не істеу керек?
* натрий тиосульфаты т/і
*+эуфиллин т/і
* адреналин т/а
* импратопиум бромид
* сальбутамол ингаляциялық
33. 39 жастағы ер адам 2 сағат бұрын пайда болған тыныс алудың қиындауына шағымданады. Қарау кезінде науқас мәжбүрлі қалыпта- тері жабындылары бозғылт және ылғалды, көп мөлшерде көпірікті серозды қақырық, тыныс алу актісіне өосымша бұлшық еттер қатысады, өкпенің барлық алаңы бойынша көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ 120 минутына. Науқасқа оттегі-ауалы қоспа ингаляциясы мен преднизолон 30 мг жасалды. 20 мин кейін жағдайы: тыныс алу жеткіліксіздігі сақталуда, АҚҚ – 85/55 мм с.б. Берілген деңгейде науқасқа төменде көрсетілгендерден не жасау керек?
* эуфиллин
* сальметерол
* фенотерол
*+преднизолон
* тиосульфат натрия
34. 32 жастағы ер адамда ортопноэ, қозулы, ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, көп мөлшерлі көпірікті ақ түсті қақырық бөлінумен жөтел, ТАЖ 30 минутына, ЖЖЖ 105 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 45%. Соңғы сағатта – сальбутамолдың 6 ингаляциясы тиімсіз. Қабылдау бөлімінде т/і метилпреднизолон мен эуфиллин басталды. 1 сағаттан кейін- дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан 48%. Ары қарай қандай ем тактикасы ең дұрыс?
* терапиялық бөлімшеге аудару
* аллергологиялық бөлімшеге аудару
* пульмонологиялық бөлімшеге аудару
*+қарқынды терапия бөлімшесіне аудару
* статустан шыққанша қабылдау бөлімінде қалдыру
35. Реанимация бөліміне 36 жастағы бронхоспазм көріністері бар ер адам жеткізілді. Жедел көмек бригадасымен және қабылдау бөлімінде жүргілізген терапия: преднизолон - 60 мг к/т, эуфиллин - 2,4% 10 мл (2 сағат өтті). Кардиомониторда: ЖЖЖ – 110 минутына, қарыншалық экстрасистолалар 1:4, АҚ – 100/70 мм рт. ст., ТАЖ – 34 минутына. Қандай зерттеу науқас жағдайының ауырлығын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді?
* қанда натрий және калий деңгейін анықтау
* қышқыл- сілтілік жағдайды анықтау
*+гемоглобиннің оттегімен қанығу деңгейін анықтау
* наличие эозинофилдердің бар болуына қақырық талдауы
* бүйрек қызметін бағалау (зәр бөлінуі)
36. 55 жастағы әйел 3 күн бойы мазалайтын ринорея, қызба, бас ауыруы, жөтелге шағымданып келді. 2 сағат бұрын шаңмен қатынас болғаннан кейін тыныс алу қиындауы пайда болды. Аздап қозулы, өкпенің ортаңғы бөлігінде жайылған құрғақ сырылдар естіледі, ЖЖЖ – 100 минутына, ТАЖ – 28 минутына. Созылмалы обструктивті бронхит бойынша кезеңді түрде амбулаторлы ем қабылдайды. Науқаста ең мүмкін қандай жағдай дамыды?
* обструктивті бронхиттің өршуі
* вирусты бронхиолит
* ЖРВИ фонында обструкция ұстамасы
*+бронхиалды демікпе ұстамасы
* жүректік демікпе ұстамасы
37. 42 жастағы әйел 3 сағат бұрын кір жуу ұнтағымен қатынас болғаннан кейін пайда болған тыныс алу қиындауына шағымданып түсті. Қозулы, өкпенің ортаңғы бөлігінде тыныс шығару кезінде бәсеңдеген тыныс фонында жайылған құрғақ сырылдар естіледі, тыныс шығару ұзарған, ЖЖЖ – 98 минутына, ТАЖ – 28 минутына. Тұншығу ұстамалары пайда болғанына 15 жыл болған, ұстама тек кір жуу ұнтағының белгілі түрімен қатынастан кейін пайда болады, базисті терапия қабылдамайды, есепте тұрмайды. Қандай зерттеу науқас жағдайының ауырлығын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді?
*+пикфлоуметрия
* электрокардиография
* кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
* қанның қышқылдық- сілітілік жағдайы
* тыныс алатын ауадағы СО2 деңгейі
38. Қабылдау бөліміне 47 жастағы науқас жеткізілді: 6 сағат бойы тыныс алу қиындауы үдеу үстінде, сальбутамолдың 10 ингаляциясы тиімсіз. Объективті: ортопноэ, цианоз, дистантты сырылдар, көпірікті қақырық. Аускультацияда ысқырықты сырылдар, төменгі бөлімінде тыныс кенет бәсеңдеген аймақтар. ТАЖ - 32 минутына, ЖЖЖ – 120 минутына. Осы жағдай ЖРВИ кейін дамыған, бекотид және преднизолон таблетка түрінде (20 мг) қабылдайды.
Шұғыл көмекті қай препараттан және қандай мөлшерде бастау керек?
* дипроспан 1 мл
* преднизолон 60 мг
*+метилпреднизолон 120 мг
* эуфиллин 2,4% 10 мл т\і
* фенотерол 100 мг т\і
39. Қарқынды терапия бөлімінде 56 жастағы гипоксемиялық кома (демікпелік статустың 3 стадиясы) жағдайында түскен науқасқа бронхиалды лаваж жасалды. Қазіргі жағдайда: дем шығарудың шыңдық жылдамдығы - 47%, SatO2 – 94%, ТАЖ – 26 минутына. Науқасты ары қарай жүргізудің қай тактикасы ең дұрыс болып табылады?
*+емді қарқынды терапия бөлімшесінде жалғастыру
* терапия немесе аллерголгия бөлімшесіне аудару
* амбулаторлы бақылаумен үйіне шығару
* ары қарай күндізгі стационар жағдайындағы ем
* емді үйде ұйымдастыру – үйдегі стационар
40. 48 жасар науқасты демікпелік статустан шығарған соң қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Тәуліктен кейін: дем шығарудың шыңдық жылдамдығының тәуліктік өзгеруі- 70-75%, сатурация – 99%, ЖЖЖ – 80 мин, ТАЖ – 22 мин, АД – 105/70 мм с.б. Госпитализацияға дейін беклометазон дипропионаты (600 мкг) мен сальметерол қабылдаған. Терапия бөліміне аударылды. Науқасты ары қарай жүргізудің қандай тактикасы ең тиімді болады?
*+негізгі терапияға 40 мг/тәул преднизолон қосу, 5 күн бойы
* 3 күн бойы 30 мг/тәул преднизолона т\і енгізуді жалғастыру
* беклометазонды 600 мкг/тәул будесонидпен алмастыру
* беклометазон мөлшерін 800 мкг/тәул дейін жоғарылату
* 5 күн бойы эуфиллин т\і тамшылатып және эфедрин ингаляциялық қосу
41. 27 жасар науқас, ӨТС - 81%, ТШК1 - 45%, Тиффно индексі ТШК1/ӨТС - 55%, ӨМТ (МВЛ) - 67%, ТМК (МОД) - 182%, ТАЖ – 26 мин. Науқаста тыныс алу бұзылысының қай түрі және қандай деңгейде?
* обструктивті 1 деңгей
* обструктивті 2 деңгей
*+обструктивті 3 деңгей
* аралас 2 деңгей
* аралас 3 деңгей
42. 47 жасар науқас, ӨТС - 62%, ТШК1 - 47%, Тиффно индексі ТШК1/ӨТС - 75%, ӨМТ (МВЛ) - 62%, ТМК (МОД) - 260%, ТАЖ – 26 мин. Науқаста тыныс алу бұзылысының қай түрі және қандай деңгейде?
* обструктивті 1 деңгей
* обструктивті 2 деңгей
* обструктивті 3 деңгей
* аралас 2 деңгей
*+аралас 3 деңгей
43. 17 жасар науқас, ӨТС - 73%, ТШК1 - 51%, Тиффно индексі ТШК1/ӨТС - 67%, ӨМТ (МВЛ) - 48%, ТМК (МОД) - 89%, ТАЖ – 18 мин. Науқаста тыныс алу бұзылысының қай түрі және қандай деңгейде?
* обструктивті 1 деңгей
*+обструктивті 2 деңгей
* обструктивті 3 деңгей
* аралас 2 деңгей
* аралас 3 деңгей
44. Будесонид 400 мкг/тәулік және теотард 200 мг күніне 2 рет қабылдайтын науқасқа қандай ұсыныстар беру керек, соңғы апта ішінде пикфлоуметрияның келесі көрсеткіштері тіркелген: 400-420-340-380-360-330 л/мин (ең жақсы көрсеткіш - 420 л/мин)?
* Теотард мөлшерін жоғарылату
* Шұғыл госпитализация
* Емге сальметерол қосу
* Будесонид мөлшерін 2 есе жоғарылату
*+Препараттармен көрсетілген мөлшерде емдеуді жалғастыру
45. 29 жастағы ер адам, ортопноэ қалыпта, ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан естілетін ысқырықты сырылдар, қөп көлемді көпірікті ашық түсті қақырық бөлінетін жөтел, ТАЖ – 30 минутына, ЖЖЖ – 105 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – 45%. Науқас қозулы және қысқа сөздермен сойлейді. Соңғы сағатта - сальбутамолдың 3 ингаляциясы тиімсіз. Қозуды төмендету үшін науқасқа не жасау керек?
* валерияна экстрактысын беру
* диазепам инъекциясын жасау
*+оттегі ингаляциясын бастау
* Б/і фенобарбитал енгізу
* науқасты сөздермен тыныштандыруға тырысу
46.45 жастағы науқас күніне 1-2 рет болатын тұншығу ұстамаларына, аптасына 2-3 рет таңертең тыныс алу қиындауынан және ринореядан ұйқыдан оянуға, артынан жөтел мен тыныс алудың қиындауы пайда болатынына шағымданады. Әсер көрсететін факторлар – шаң, мысықтармен қатынас, физикалық күшетме. 600мкг/тәул будесонид және теотард тағайындалды. Патологиялық рино-бронхиалды рефлексті жою үшін төменде берілгендерден емге не қосу керек?
* ксиметазолин эндоназалды
* мұрынды күнделікті тұзды сумен шаю
* натрий кромогликаты эндоназалды таңертен
*+беклометазон дипропионаты эндоназалды
* кетотифен ішке
47. 55 жастағы науқас күніне 1-2 рет қайталанатын тұншығу ұстамасына, аптасына 2-3 рет қайталанатын таңертенгі уақытта тыныс алу қиындауынан және жөтелден ұйқыдан оянуға, мұрын бітелуіне шағымданады. ЛОР-қарауында полиптер анықталды, мұрын арқылы тыныс алу 70% қиындаған. Әсер көрсететін факторлар – шаң, мысықтармен қатынас, физикалық күшетме. 600мкг/тәул будесонид және сальметерол тағайындалды. Емнің тиімділігін жоғарылату үшін қосымша қай препаратты қосқан дұрыс?
* ксиметазолин эндоназалды
* дипроспанмен эндоназалды блокада
* преднизолонмен эндоназалды блокада
* беклометазон дипропионаты эндоназалды
*+полипэктомия
48. 38 жастағы әйел 20 жыл бойы бронхиалды демікпемен дәрігерде есепте тұрады. Негізгі (базисті) ем- будесонид 800 мкг/тәул, сальметерол – тәулігіне 2 доза. Суықтап қалғаннан кейін ЖРВИ белгілері пайда болды – қызба, бас ауру, құрғақ жөтел. Тұншығу ұстамалары күніне 5-6 ретке дейін жиілеп кетті, түнгі ұстамалар күнделікті, пикфлоуметрия – 340-320-180-220-360 л/мин (ең жақсы көрсеткіш - 415 л/мин). Емнің қандай тактикасы ең дұрыс болып табылады?
*+терапиялық бөлімшеге госпитализация
* жұқпалы аурулар ауруханасына госпитализация
* қарқынды терапия бөліміне госпитализация
* күндізгі стационарда ем
* амбулаторлы ем – үйдегі амбулатория
49. Бронхиалды демікпе диагнозы алғаш қойылған науқаста: күндізгі ұстамалар күніне 2-3 рет, түнгі аптасына 1-2 рет, физикалық жүктемеге шыдамдылығы төмендеген, тұншығу ұстамаларын тоқтату үшін соңғы ай ішінде 2 рет жедел жәрдем шақырған. Учаскелік дәрігер науқасқа сальметерол күніне 4 доза тағайындаған, бірақ науқаста жүрек аймағында жағымсыз сезімдер, жүрек қағу пайда болды. Демікпені бақылау үшін науқасқа қандай препарат тағайындаған дұрыс болатын еді?
* натрий кромогликатын эндобронхиалды
*+флюнисолид эндобронхиалды
* преднизолон ішке
* пролонгирленген теофиллин
* дезлоратадин ішке
50. Ауыр ағымды бронх демікпесімен ауыратын және серетид қабылдап жүрген науқаста соңғы уақытта тілі мен жұмсақ таңдайында ақ жабынды пайда болды, астындағы шырышты қабаты аздап қызарған. Қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?
* серетид мөлшерін азайту
* серетидті преднизолонға алмастыру
*+нистатин курсын өткізу
* пимафуцин курсын өткізу
* фурацилинмен шаю
51. 59 жастағы ер адам көп жылдар бойы таңертенгі уақытта ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 3-4 рет эпизод түрінде болатын тыныс алудың қиындауына және кеуде қуысында «толып тұрғандай» сезімге, кейде түнде жөтелден және тұншығудан оянуға шағымданады. Анамнезінде артериалды гипертензия 2 ст. ҚФ 3. Көп жылдар бойы кезеңді түрде преднизолон, эуфиллинд қабылдайды. Соңғы апта көлемінде – жағдайы нашарлады, қатты шаршататын жөтел пайда болды. Қатты жөтел шыңында 2 рет есінен тану болды. Қарау кезінде: ентігу, құрғақ жөтел, жүрек айну, жүрек қағу, жүрек соғысының тоқтау сезімі байқалады. ТАЖ – 120 минутына, АҚ – 150/85 мм сын.бағ. Өкпенің ортаңғы бөлімінде ұзарған дем шығару фонында құрғақ сырылдар естіледі. Науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?
* электроэнцефалография
*+электрокардиография
* өкпе рентгенографиясы
* компьютерлі томография
* спирография
52. 25 жастағы әйел 2 жыл бойы таңертенгі уақытта ұстама тәрізді жөтелге, күніне 1-2 рет эпизод түрінде болатын тыныс алудың қиындауы мен кеуде қуысында «толып тұрғандай» сезімге, аптасына 1-2 рет түнде жөтелден және тұншығудан оянуға шағымданады. Жүктілік 11-12 апта. Объективті: әлсіреген тыныс фонында дем шығаруы ұзарған, форсирленген тыныс кезінде аздаған құрғақ сырылдар есітіледі. Спирография: ӨТШ 74%, ФТК1 72%, Тиффно индексі ФТК1/ӨТС 97%, ӨМТ (МВЛ) 68%, ТМК (МОД) 205%, ТАЖ – 20 минутына. Науқастың жүкті екендігін ескере отырып, қай дәрі базисті терапияның негізгі препараты болып табылады?
*+динатрий кромогликаты
* преднизолон per os
* сальметерол
* флюнисолид
* эуфиллин
53. 27 жастағы әйел 5 жыл бойы ұстама тәрізді көп мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 3-5 рет эпизод түрінде болатын тұншығу ұстамасына, аптасына 2-3 рет түнде жөтелден және тұншығудан оянуға шағымданады. Сальбутамолды күніне 6 рет қолданады. Жүктіліктің 18-20 аптасында. Жүктілік басталғаннан ұстамалар жиілеп кетті. Науқастың жүкті екендігін ескере отырып, қай дәрі базисті терапияның негізгі препараты болып табылады?
* преднизолон т\і курспен
* преднизолон per os
* сальметерол
*+флюнисолид
* пролонгирленген теофиллин
54. 12 жасар бала 400 мкг/тәул беклометазон дипропионатымен бақыланатын бронх демікпесімен ауырады. Мектепте гриптан вакцинация жүргізілуде. Төменде көрсетілгендерден осы науқасқа қатысты қай тұжырым дұрыс?
* вакцинация көрсетілген, бірақ стероидтар себебінен оның тиімділігі төмендейді
*+вакцинация көрсетілген – науқас демікпепен ауырғандықтан қауіп тобында
* вакцинация көрсетілмеген – демікпенің өршуін туындатуы мүмкін
* вакцинация тиімділігі төмен болғандықтан көрсетілмеген
* вакцинация балаға көрсетілмеген, анасына көрсетілген
55.17 жасар бойжеткен 800 мкг/тәул будесонидпен бақыланатын бронх демікпесімен 12 жыл бойы ауырады. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес мектепте АДС-М вакцинациясы жүргізіледі. 7 жасқа дейін ол барлық егулерді күнтізбеге сай алып жүрді. Төменде көрсетілгендерден осы науқасқа қатысты қай тұжырым дұрыс?
* вакцинация көрсетілген, бірақ стероидтар себебінен оның тиімділігі төмендейді
*+вакцинация көрсетілген – будесонид оның тиімділігіне әсер етпейді
* вакцинация көрсетілмеген – демікпенің өршуін туындатуы мүмкін
* вакцинация тиімділігі төмен болғандықтан көрсетілмеген
* вакцинация көрсетілмеген, науқаста вакцинадан кейінгі иммунитет сақталған
56. 59 жастағы әйел, бронхиалды демікпемен 20 жыл шамасында ауырады. Өкпе рентгенографясында: қабырғалар горизонталды орналасқан, қабырғааралық алаңдар кеңейген,өкпе суреті кедейленген, өкпе алаңдары мөлдірлігі жоғарылаған.
ӨТС және ФТК1 қай көрсеткіштері науқастың жағдайына көбірек сәйкес келеді?
* ӨТС 36%, ФТК1 – 90%
* ӨТС 42%, ФТК 1 – 78%
*+ӨТС 57%, ФТК 1 – 65%
* ӨТС 71%, ФТК 1 – 62%
* ӨТС 92%, ФТК 1 – 56%
57. 58 жастағы әйел, бронхиалды демікпемен 20 жыл шамасында ауырады. Өкпе рентгенографясында: қабырғалар горизонталды орналасқан, қабырғааралық алаңдар кеңейген, өкпе суреті кедейленген, өкпе алаңдары мөлдірлігі жоғарылаған. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – қалыптыдан 72%. Науқастың жағдайына аускультативті қандай сурет көбірек сәйкес келеді?
*+бәсеңдеген тыныс фонында жайылған құрғақ сырылдар
* шұғыл бәсеңдеген тыныс, оң жағында айқынырақ
* өкпенің ортаңғы бөлімінде ылғалды сырылдар
* өкпенің төменгі бөлімінде крепитация
* амфорикалық тыныс
58. 28 жастағы ер адам бронхиалды демікпемен 5 жыл бойы ауырады. Жүргізілген емге қарамастан сальбутамол қажеттілігі күніне 2-3 рет сақталуда, үйден ингаляторсыз шығуға қорқады. Алдында жөтел тек ұстама кезінде ғана болатын, енді үнемі мазалайтын болды, тыныс алу қиындауы ұстамалары жиіледі, физикалық жүктемеге толеранттылық төмендеді. Таңертен жағымсыз иісті іріңді қою қақырық бөлінеді. Әрдайым субфебрильды қызба және тершеңдік. Антибактериалды терапия науқас жағдайын тек 2-3 аптаға ғана жақсартады. Кеуде қуысының Р-графиясында: созылмалы бронхит белгілері. ПФМ – 62%. Науқаста қандай асқыну дамыды?
созылмалы іріңді бронхит
*+бронхоэктаздық ауру
өкпенің созылмалы абсцесі
бронхтар дискенезиясы
өкпе эмфиземасы
59. 50 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 17 жыл бойы ауырады. Соңғы айларда оң жақ өкпенің ортаңғы бөлімінде құрғақ сырылдардан бөлек ылғалды сырылдар естіледі. Кеуде қуысының КТ: келесі сурет. Науқаста қандай асқыну дамыған?
созылмалы іріңді бронхит
*+бронхоэктаздық ауру
өкпенің созылмалы абсцесі
өкпе эмфиземасы
пневмосклероз
60. 44 жасар науқас ауыр ағымды бронхиалды демікпемен 25 жыл бойы ауырады. Преднизолон 30 мг тәулігіне, беклометазон дипропионаты 600 мкг/тәул және сальметерол қабылдайды. Сальбутамолда қажеттілік – күніне 3-4 рет, тұншығу ұстамасы аздаған физикалық жүктеме кезінде пайда болады, өткір иістер, шаң, температура өзгерістері теріс әсер көрсетеді. Сонымен қатар, науқаста созылмалы гастрит, артериалды гипертензия 2 деңгей, қауіп тобы 3, ДМИ – 32. Қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?
преднизолон мөлшерін жоғарылату
беклометазон дипропионатының мөлшерін жоғарылату
емге пролонгирленген теофиллин қосу
*+беклометазонды флюнисолид немесе будесонидпен ауыстыру
преднизолон дозасын азайту үшін бетаметазон суспензиясын б\і
61. 29 жасар науқаста цефобидті бұлшық етке енгізгеннен 3 мин кейін ыстықтау сезімі, тыныс алу қиындау, кенет әлсіздік, бас айналу дамыды. Тері жабындылары бірінші қызарды, бір минуттан соң бозарды, пульс жіп тәрізді (нитевидный). Науқаста қандай патологияға күдіктенуге болады?
* цефалоспориндерге идиосинкразия
* анафилактоидты реакция
* вазовагальды естен тану
*+анафилактикалық шок
* кардиогенды естен тану
62. 46 жасар ер адамда лидокаин инъекциясынан кейін сол қолға берілетін жүрек аймағында ауыру сезімі, кенет әлсіздік, бас айналу дамыды. Тері жабындылары боз, ылғалды, науқас бетінде қорқыныш. Пульсі жіп тәрізді (нитевидный), түзу емес, жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс емес, өкпесінде – бәсеңдеген тыныс фонында көптеген құрғақ сырылдар. Науқаста қандай патологияға күдіктенуге болады?
анафилактоидты реакция
жедел тәждік синдром
анафилактикалық шоктың типтік түрі
*+анафилактикалық шоктың кардиалды түрі
анафилактикалық шоктың демікпелік түрі
63. 36 жас әйел, арқасында ауару сезіміне байланысты натрий диклофенак инъекциясын алып жатыр. Төртінші инъекциядан 3-4 минут кейін әлсіздік және бас айналуды, тыныс жетіспеу және кеудеде қысу сезіміне шағымданған, кейін науқас есін жоғалтады. Тері беткейі бозарған, пульс жіп тәрізді, жиі, ырғақсыз. АҚ 40/20 мм рт. ст. Науқаста қандай патологияны болжауға болады?
ауру сезімді шок
вазовагальды естен тану
*+анафилактикалық шоктың гемодинамикалық түрі
анафилактикалық шоктың асфиксиялық түрі
анафилактикалық шоктың церебральды түрі
64. 55 жастағы ер адамда актовегин ерітіндісін көк тамырға енгізуден кейін (бұл препараттың 6 инъекциясы болған) ысу сезімі, тері беткейінің гиперемиясы, қозу пайда болды. Дененің сол бөлігінің тырысуы басталды. Тері беткейі бозарған, пульс жіп тәрізді, жиі, ырғақсыз. Науқас есін жоғалтты. Өкпесінде таралған құрғақ сырылдар естіледі, жүрек үні тұйықталған. Науқаста қандай патологияны болжауға болады?
* эпилепсиялық ұстамалар
* гипертониялық криздің церебральды түрі
* ми қан айналымының жедел жетіспеушілігі
* эпилептиформды (джексондық) ұстама
*+анафилактикалық шоктың церебральды түрі
65. 32 жас әйел гайморитке байланысты 6 күн бойы амоксициллинді қабылдаудан кейін кеуде қуысында және эпигастрий аймағында жағымсыз сезімді, әлсіздік, бас айналуды байқаған. Бірнеше минуттан кейін мойнында және кеудесінде көпіршекті бөртпелер пайда болды, АҚ 60/40 мм рт. ст. Іш аймағында ауру сезімі күшейді – эпигастрийден бастап, кейін кіндік және сол жақ мықын аймағына таралады; шұғыл көмек көрсету шаралары басталды. 1 сағаттан кейін анустан қанды-шырышты бөлінділер пайда болды. Науқаста қандай патологияны болжауға болады?
* тағамды токсикоинфекция
* жедел ішек инфекциясы
* асқазан жарасының тесілуі
*+анафилактикалық шок
* жедел аппендицит
66. 23 жастағы әйелде амоксициллин қабылдағаннан бірнеше минуттан кейін әлсіздік, құсу, тері қышуы, мойнында, кеудесінде, арқасында және қолында көпіршікті бөртпелер пайда болды, бетінің ісінуі және гиперемиясы пайда болды. АҚ 70/50 мм рт. ст. Науқасқа шұғыл көмек көрсетудің бірінші кезеңінде қандай препаратты енгізу қажет?
* допамин
* димедрол
* супрастин
*+адреналин
* преднизолон
67. 52 жастағы әйел рентгенконтрастты затты енгізу кезінде ысу сезіміне, құсуға, тыныс алудың қиындауына шағымдана бастады. Көптеген көпіршікті бөртпелер, бетінің гиперемиясы және ісінуі пайда болды. Науқас тыныс алуы қиындаған және бир минуттан кейін есін жоғалтады, диффузды цианоз. Асфексия кезінде адреналин және 30мг преднизолон енгізудің әсері болмады. Келесі кезеңде қандай шараларды жасау керек?
* преднизолон 60 мг эндотрахеалды
* адреналин сублингвалды
* микротрахеопункция
*+коникотомия
* интубация
68. 29 жастағы әйел артритке байланысты 6 күн бойы немесулид қабылдағаннан кейін әлсіздік, бас айналу, төс артында және эпигастрий аймағында ауру сезіміне, бір реттік құсуға шағымданады. Бірнеше минуттан кейін мойнында және кеудесінде көпіршікті бөртпе пайда болды, АҚ 60/40 мм рт. ст. Іш аймағында ауру сезімі күшейді – эпигастрийден бастап, кейін кіндік және сол жақ мықын аймағына таралады. Іш аумағы пальпация кезінде ауру сезімді, шұғыл көмек көрсету басталды. 1 сағаттан кейін анустан қанды-шырышты бөлінділер пайда болды. Келесі кезеңде қандай тактика қолдану дұрыс?
* терапия бөліміне госпитализация
* аллергология бөліміне госпитализация
* хирургия бөліміне госпитализация
* шұғыл оперативті араласу
*+интенсивті терапия бөліміне госпитализация
69. 59 жастағы ер адамда милдронат ерітіндісін көк тамырға енгізуден кейін (препараттың 6 инъекциясы) тыныс жетіспеу сезімі, қозу, қорқыныш сезімі пайда болды. Дененің сол бөлігінің тырысуы басталды. Тері беткейі бозарған, пульс жіп тәрізді, жиі, ырғақсыз. Өкпесінде таралған құрғақ сырылдар естіледі, жүрек үні тұйықталған. АҚ 60/40 мм рт. ст. Интенсивті терапия бөлімінде шұғыл көмек шаралары жүргізілді және жағдайы жақсарды. Қарап тексеруде және зерттеулер нәтижесінде (ЭКГ, ЭЭГ, КТ) патологиялық ауытқулар жоқ. Науқас қанша уақыт аралығында қатаң бақылауда болу керек?
* 24 сағат
* 36 сағат
* 48 сағат
*+72 сағат
* 5 күн
70. 30 жастағы ер адамда лидокаин енгізгеннен кейін жүрек аймағында ауру сезімі пайда болды және сол қолға таралады, кенет әлсіздік, бас айналу пайда болды. Тері беткейі бозарған, ылғал, науқаста айқын қорқыныш сезімі. Пульс жіп тәрізді, ырғақсыз, жүрек үні тұйықталған, өкпеде – әлсіреген тыныс фонында көптеген құрғақ сырылдар.
Науқасқа шұғыл көмек көрсетудің бірінші кезеңінде қандай препаратты енгізу қажет?
* морфин
*+адреналин
* допамин
* преднизолон
* гепарин
71. Қандай өсімдік Қазақстанда тозаңды аллергия дамуының жиі себебі болып саналады?
* тополь
* полынь
* конопля
* лебеда
* тимофеевка
72. 32 жастағы әйел соңғы 5 жылда маусым айында 2 апта көлемінде мұрын бітуіне, көп мөлшерде су тәрізді ринореяға, бас ауруына, температураның 37,5-37,8 С дейін жоғарылауына шағымданады. Қарап тексеру кезінде – мұрынмен тыныс алу қиындаған, мұрын шырышты қабатының гиперемиясы және ісінуі. Мұрын қуысының Р-графиясы: гаймор қуысының шырышты қабатының айқын қалыңдауы. Төменде көрсетілгендердің қайсы аталған патологияның себебі болу мүмкіндігі жоғары?
* респираторлы вирустар
* зең саңырауқұлақтардың споралары
* стафилококк
*+дәнді дақылдардың тозаңы
* жусан тозаңы
73. 26 жастағы ер адам, Қазақстан тұрғыны, мұрын бітілуіне және қышуына, түшкіруге, тамағының қырылдауы, құрғақ жөтелге, құлақ бітуіне және естудің төмендеуіне шағымданады. Осы симптомдар 6-7 жыл бойы шілденің ортасынан бастап қазанның соңына дейін мазалайды, тамыз айында дауыстың қарлығуы және тыныс алудың қиындауы болуы мүмкін.
Төменде көрсетілгендердің қайсы аталған патологияның себебі болу мүмкіндігі жоғары?
* респираторлы вирустар
* споры плесневых грибков
* үй шыңы кенесі
* дәнді дақылдардың тозаңы
*+жусан тозаңы
74. 19 жастағы қыз, Қазақстан тұрғыны, көзінің қышуына және қызаруына, жас ағуына, түшкіруге, су тәрізді бөліндімен ринорея, мұрын бітуіне, мұрын қанаттарының қышуына шағымданады. Осы симптомдар мамыр айында «қайын мамығы ұшқан уақытта» пайда болады.
Науқасқа базисті ретінде қандай препаратты тағайындау қажет?
* нафазолин
* кетотифен
* тавегил
*+эбастин
* димедрол
75. 36 жастағы ер адам, Қазақстан тұрғыны, түшкіруге, су тәрізді бөліндімен ринореяға, кезеңді мұрын бітуіне, құрғақ жөтелге, көздің қышуына және қызаруына шағымданады. Осы симптомдар 5 жыл бойы шілде-қазан аралығында пайда болады, тамызда тыныс алудың қиындауы және құрғақ сырылдар қосылады.
Жоғарыда аталған симптомдардың алдын алу үшін науқасқа қандай препаратты тағайындау қажет?
* димедрол
* клемастин
* преднизолон
* дексаметазон
*+натрий кромогликат
76. 26 жастағы әйел қатты бас ауруына (мигрень типі бойынша), температураның 37,8С жоғарылауына, жайсыздыққа, әлсіздікке, түшкіруге, ринореяға, мұрын бітелуіне, көздің қышуына және қызаруына шағымданады. Осы симптомдар шілде ортасынан басталып, тамызда күшейеді және қыркүйек соңына жоғалады.
Науқасқа базисті ретінде қандай препаратты тағайындау керек?
* преднизолон пероральды
*+беклометазон дипропионат эндоназальды
* алмотриптан (серотонин рецепторының агонисты)
* динатрий кромогликат эндоназальды
* кетотифен
77. 29 жастағы әйел көзінің қышуына және қызаруына, жас ағуына, түшкіруге, су тәрізді бөліндімен ринореяға, мұрын бітелуіне, мұрын қанаттарының қышуына, құрғақ жөтелге шағымданады. Осы симптомдар мамыр ортасынан басталып, маусым соңына дейін жалғасады. Базисті терапия ретінде лоратадин тағайындалды.
Симптомдардың алдын алуда тиімділігі жоғары болу үшін препаратты қабылдау мезгілін көрсетінің?
* маусым басталуына дейін 2 ай бұрын
* маусым басталуына дейін 1 ай бұрын
*+маусым басталуына дейін 2 апта бұрын
* маусым басталуына дейін 1 апта бұрын
* маусым басталуынан
78. 38 жастағы ер адам түшкіру ұстамаларына, көздің қышуына және қызаруына, жас ағуына, үнемі мұрын бітелуіне, құрғақ жөтелге, айқын иістерге сезімталдықтың жоғарылауына, бас ауруына, шаршағыштыққа, қала сыртына шыққан кезінде кезеңді түрде Квинке ісінуіне шағымданады. Үнемі нафтизин қолданады. Антигистаминдерді қабылдайды, бірнеше түрін ауыстырған, бірақ олар симптомдарды толық жоймайды
Қандай емдеу тактикасы көрсетілген?
* димедрол жәненатрий кромогликат эндоназальды
* кетотифен және ксиметазолин эндоназальды
*+лоратадин және беклометазон эндоназальды
* дипроспан 1 инъекция маусым алдында
* преднизолон пероральды
79. 26 жастағы ер адам ұстама тәрізді жөтел пайда болуына, тыныс алудың қиындауына, «кеуде бітелу» сезіміне, түшкіруге, мұрын бітелуіне, тамағының қырылдауына және даусының қарлығуына шағымданады. Осы симптомдар ылғалды подвалда жұмыс істеген кезде және саяжайға барған кезінде мазалайды. Соңғы рет осы симптомдар саяжайдан ескі матрасты алып келген кезде пайда болған.
Төменде көрсетілгеннің ішінде не аталған патологияның себебі болуы мүмкін?
* респираторлы вирустар
*+зең саңырауқұлақтардың споралары
* стафилококк
* дәнді дақылдар тозаңы
* жусан тозаңы
80. Төменде көрсетілген әдістердің қайсы риноконьюнктивиттің көріністері бар поллинозбен ауыратын науқаста нақты себепкер аллергенді табуға мүмкіндік береді?
* терілік прик-тест
* скарификациялық терілік тест
*+эндоназальды провокациялық тест
* нейтрофилдердің аллергенмен зақымдалу тесті
* арнайы IgE анықталуы
81. 23 жастағы ер адам ЖРВИ-мен ауырды, кейін «Терафлю» және бисептол қабылдауды бастаған. Препараттарды қабылдау фонында бірнеше күн бойы қалтырау, әлсіздік және жөтел, осы симптомдарды науқас ЖРВИ көріністері деп есептеген. 5-ші тәулікте кеудесінде және арқасында күңгірт-қызыл түсті дақтар түрінде көп мөлшерде қышитын қосылған бөртпелер пайда болды, аяқ-қолдарында симметриялы, тәулік бойы бөртпе таралды, ернінде везикулалар, көздің қызаруы және жарықтан қорқу, жұтыну және зәр шығару кезінде ауру сезімі пайда болды. Температура – 37,8 С. Науқаста қандай патология дамыған?
* жедел есекжем
* аллергиялық дерматит
* жүйелі уртикарлы васкулит
*+Стивенс-Джонсон синдромы
* мультиформды экссудативті эритема
82. Терапия бөліміне «Ауруханадан тыс пневмония» диагнозымен науқас госпитализацияланды, цефуроксим және бромгексин тағайындалды. Екінші күні науқаста әлсіздік және қалтырау күшейді, кешкісін кеудесінде және арқасында күңгірт-қызыл дақ түрінде қышитын көпіршік және папула түрінде бөртпелер пайда болды, тері бетінен көтеріліп тұрады. Өкпесінде – ілсіреген тыныс, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естілетін фокус ұлғайған. Температура – 38,4 С. Қанда: Эр-2,9х1012/л, Гем – 110 г/л, Л- 3,2х109/л, нейтрофил – 45%, ЭТЖ – 27 мм/сағ.
Қандай тактика ең дұрыс болады?
* цефуроксимді ровамицинге ауыстыру
* цефуроксимді тоқтату, преднизолон 60 мг per os бастау
*+цефуроксимді тоқтату, метилпреднизолон 500 мг к/т енгізу
* цефуроксимді тоқтату, бетаметазон жақпа түрінде тағайындау
* цефуроксимді азитромицинге ауыстыру, преднизолон 120 мг к/т енгізу
83. 19 жастағы қыззәр шығару жолдарының инфекциясы бойынша норфлоксацин алып жатыр. Дәріні қабылдаудың 6-шы тәулікте әлсізідік, жайсыздық және температураның 37,8-38 С жоғарылауы, жөтел пайда болды. 10 тәулікте науқаста қышитын қосылатын бөртпелер пайда болды, ол тез арада серозды-геморрагиялық құрамы бар буллаға ауысады; коньюнктивит, стоматит, тыныс алудың қиындауы, іште ауру сезімі, зәр шығару кезінде ауыру сезімі. Қанда: Эр-2,8х1012/л, Гем – 96 г/л, Л- 3,4х109/л, нейтрофил – 45%, ЭТЖ – 21 мм/сағ. АЛТ – 64 МЕ/л.
Науқаста қандай патологияның дамуы мүмкін?
*+Лайелл синдромы
* буллезды пемфигоид
* Стивенс-Джонсон синдромы
* Дюрингтың герпетиформды дерматиті
* мультиформды экссудативті эритема
84. 35 жастағы ер адам суықтаудан кейін ЖРА-мен (ОРЗ) ауырады, кейін өз бетімен амоксициллин қабылдауды бастайды. Препаратты қабылдау фонында 3 күнде қалтырау кетеді, кейін қалтырау қайта басталады (38,5 С дейін), әлсіздік, кеудесінде және арқасында күңгірт-қара дақ түрінде қышитын қосылмайтын бөртпелер пайда болды, тері беткейінен жоғарыламайды, тәулік бойында бөртпе аяқ-қолға таралған. Қанда: таңғы сағат 8-де - Гемоглобин – 98 г/л, Л-5,5х109/л, тромбоцит - 120х109/л; сағат 10-да - Гемоглобин – 83 г/л, Л-4,5х109/л, тромбоцит - 110х109/л; сағат 12-де - Гемоглобин – 78 г/л, Л-2,5х109/л, тромбоцит - 82х109/л.
Науқаста қандай асқыну дамып жатыр?
*+агранулоцитоз
* апластикалық анемия
* гемолитикалық анемия
* иммунды панцитопения
* иммунды тромбоцитопения
85. 26 жастағы ер адам қалтыраудың алдын алу үшін анальгин мен димедролды алған. Келесі күні таңертеңгісін тері беткейінің 30% аймағында папулезды-дақты қосылған бөртпе, афтозды стоматит, хейлит, тамағында ауру сезімі, эпигастрийде ауру сезімі пайда болды. 6 сағат ішінде қанда лейкоцит саны 6,8-ден 2,2х109/л дейін төмендеген.
Лейкоциттердің төмендеуін тоқтату үшін қандай шұғыл шаралар жүргізу керек?
* плазмаферез бастау керек
* лейкомасса кұюды бастау
* көлемді инфузионды терапияны бастау
*+метилпреднизолонмен пульс-терапия бастау
* қанды тамыр ішілік лазерлі сәулелендіруді бастау
86. Бала 4 жаста (фото) терісінің құрғауы және бөртпелер 1 жасынан бастап байқалады. Асқынуы күз-қыс мезгілінде. Сонымен бірге мұрын бітелуі, ринорея мазалайды. Жиі ЖРА (ОРЗ). Қандай диагноз болуы мүмкін?
* экссудативті диатез
* себорейлі дерматит
*+атопиялық дерматит
* аллергиялық дерматит
* Жильбердің қызғылт қотыры (розовый лишай)
87. 22 жастағы ер адам тері қышуы, бөртпелер, 2 жастан бастап тері құрғауы мазалайды. Ауру жыл бойы сипатқа ие, асқыну қыс мезгілінде. Маусымдық ринит және тұншығу ұстамасы мазалайды (шаңға). Терінің өзгеруі (фото) тері беткейінің 50% қамтиды. Базисті терапия ретінде қандай препаратты тағайындаған дұрыс?
* будесонид
*+мометазон фуроат
* флуметозон пивалат
* фторцинолон ацетонид
* бетаметазон дипропионат
88. 22 жастағы науқаста 3 жасынан бастап тері қышуы, эритематозды және папулезды бөртпелер, аяқ-қолдың жазатын беткейінде, арқасында, кеудесінде, мойнында, құлағының артында орналасқан құрғақ және ылғалдану беткей (тері беткейінің 30%) анықталады, жиі тері инфекциясы. Анамнезде – аллергиялық ринит, орташа ауыр ағымды бронхиальды демікпе.
Қандай диагноз болуы мүмкін?
* эритродермия
* аллергиялық дерматит
* атопиялық дерматит диффузды
*+атопиялық дерматит таралған
* атопиялық дерматит орныққан
89. 26 жастағы әйел атопиялық дерматитпен, жүктілік 12-13 апта, аталған ауру баласында дамуы мүмкіндігі мазалайды. ДДҰ бойынша төменде көрсетілгендердің ішінде қай әдіс балада атопиялық (аллергиялық) дерматиттің даму қаупін төмендетеді?
* 2 айдан бастап арнайы гипоаллергенді қоспамен қосымша тамақтандыру
*+жүктілік кезінде лактобактерия қабылдау
* емшекпен емізуден бас тарту
* анасы қатал емдәм сақтау керек
* тұзды суда жиі шомылу
90. Атопиялық дерматит патогенезінде маңызды рольді терінің қандай қоздырғышпен колонизациялануы маңызы жоғары?
*+Staphylococcus aureus
* Staphylococcus epidermidis
* Staphylococcus saprophyicus
* Staphylococcus heamolyticus
* Streptococcus pyogenes
91. 25 жастағы ер адам, 20 жыл бойы мазалайтын қышитын эритемо-папулезды бөртпеге, тері құрғауына, лихенификацияға, гиперпигментацияға шағымданады, ем ретінде жақпа түрінде фторциналонды қолданады. Науқаста тері атрофиясы, акне санының көбеюі, гипертрихоз, телеангиоэктазиялар анықталады.
Науқасқа қандай емдеу тактикасын жүргізу дұрыс?
* Фторциналонды такролимуске ауыстыру
* Фторциналонды бетаметазон валератқа (целестодерм) ауыстыру
*+Фторциналонды мометазон фуроатқа (элоком) ауыстыру
* Фторциналонды метилпреднизолонға (адвантан) ауыстыру
* Фторциналонға қажеттілікті төмендету үшін емге лоратадин қосу
92. 33 жастағы әйел қышитын эритематозды бөртпелер, тері құрғауы және қалыңдауы, қабыршақтану және тері қабаттарында ылғалдану (дене беткейінің 10%) мазалайды. Көп жылдар бойы науқаста жыл бойы аллергиялық ринит байқалады (тозаңға, үй шаңының кенесіне). Бетаметазон валерат (целестодерм) қолданады.
Препараттардың қай тобын аурудың комплексті терапиясына қосу дұрыс?
* кальциневрин ингибиторы
* Н1 гистаминблокаторы 1 ұрпақ
*+Н1 гистаминблокаторы 2 ұрпақ
* Н2 гистаминблокаторы
* жүйелі кортикостероид
93. Үрдіс бастың шаш бөлігінде, мойынның артқы беткейінде орналасқан атопиялық дерматиті бар науқаста теріні бактериалды зерттеу кезінде Malassezia саңырауқұлағы табылды. Тридерм (бетаметазон, гентамицин, клотримазол) тағайындалды, бірақ тиімділігі аз болды.
Қай препаратты пероральды тағайындау қажет?
* леворин
* нистатин
* амфотерицин
*+тербинафин
* клотримазол
94. 25 жастағы әйелде 4 жастан бастап тері қыщуы, эритематозды және папулезды бөртпелер, аяқ-қолдың жазатын беткейінде, арқасында, кеудесінде, мойнында, құлағының артында орналасқан құрғақ және ылғалдану беткей (тері беткейінің 30%) анықталады, жиі тері инфекциясы. Тері қабынуын бақылау үшін мометазон фумоат (элоком) қолданады.
Төменде
аталғандардың ішінде қандай препаратты
комплексті емге қосуға болады?
* декспантенол
*+цинк пиритионат
* диклофенак гель
* ихтиолды жақпа
* диметинден малеат (фенистил)
95. 27 жастағы әйел орташа ауырлық дәрежелі атопиялық дерматиті бар, көп жылдар бойы мометазон фумоат қоданады. Төменде аталғандардың ішінде қандай препаратты ұзақ уақытты базисті терапияға қосуға болады?
* гидрокортизон бутират (Локоид)
* диметинден малеат (Фенистил)
* метилпреднизолон (Адвантан)
*+пимекролимус (Элидел)
* тербинафин (Ламизил)
96. Қыз 16 жаста гиперемияға, қышуға, браслет тағып жүрген орнында білегінің ашуына (фото) шағымданады. Қандай препаратты және қай формада қолдану дұрыс болады?
* преднизолон сукцинат бұлшықетке
* триамциналон пероральды
* дексаметазон тері астына
*+бетаметазон валерат жақпа түрінде
* диметинден малеат (фенистил) жақпа түрінде
97. Ер адам 44 жаста бетінің қызаруына және ісінуіне шағымданады. Бір апта бұрын жаңа қырынудан кейін жағатын лосьон қолдана бастаған. Қандай диагноз болуы мүмкін?
* Квинке ісінуі
*+аллергиялық дерматит
* атопиялық дерматит
* жанаспалы дерматит
* жедел есекжем
98. 19 жастағы қыз рең беруші кремді қолданғаннан кейін келесі күні пайда болған бетінің қызаруына және ісінуіне шағымданады. Емдеу басталды. Науқасты мазалайтын сұрақ, осы көріністер қашан кетеді?
* 3-4 сағаттан кейін
* 6-12 сағаттан кейін
* бір тәуліктен кейін
*+3-7 тәуліктен кейін
* 2-3 аптадан кейін
99. 34 жастағы әйелде цитрусты қабылдаудан 3 сағаттан кейін іш аумағында бөртпелер (фото) пайда болды. Қандай диагноз болуы мүмкін?
* уртикарлы васкулит
* ангионевротикалық ісіну
* мультиформды эритема
*+жедел есекжем
* аллергиялық дерматит
100. Ер адам 32 жаста қышитын бөртпе (фото) пайда болуына шағымданады. Аталған жағдайда негізгі ем ретінде қандай препаратты тағайындау керек?
* дезлоратадин пероральды
*+димедрол бұлшықетке
*
мометазон фуроат жергілікті
* дипроспан бұлшықетке
* преднизолон пероральды
101. Ер адам 38 жаста соңғы жыл көлемінде кезеңді түрде пайда болатын бөртпеге (фото) шағымданады. Сонымен бірге құсу және кекіру, тағам қабылдағаннан кейін 1-1,5 сағаттан кейін эпигастрийде пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. H.pylory-ға ИФА: оң. Қандай емдеу тактикасы дұрыс?
* гипоаллергенді емдәм және энтеросорбенттер
* левоцитиризин 3 ай бойы
* фоматидин 2 ай бойы
*+кларитромицин 10-12 күн бойы
* орнидазол 10 күн бойы
102. Әйел 48 жаста, созылмалы вирусты гепатит С-мен ауырады, 2 жыл шамасында кезеңді түрде пайда болатын қышымайтын бөртпеге (фото) шағымданады. Бөртпе пайда болады, бірнеше күн тұрады, өздігінен кетеді, орнында гиперпигментация қалдырады. IgG – 122 ед. (қалыпты - 25).
Қандай синдром болуы мүмкін?
*+уртикарлы васкулит
* ангионевротикалық ісіну
* геморрагиялық васкулит
* созылмалы есекжем
* аллергиялық дерматит
103. 14 жастағы бала кезеңді түрде (аптасына 1-2 рет) пайда болатын бетінің (ерні, көзі, тілі) ісінуіне шағымданады, олар себепсіз пайда болады, 30-40 минут ішінде күшейеді, кейін 1-2 күнде қайтады. Ұқсас симптомдар әпкесінде бар. Тексеру кезінде С4 айқын төмендеген, С3 – қалыпты көрсеткіштің шегінде.
Аталған жағдайда ісінуді төмендету үшін қандай тактика дұрыс?
*+С1 ингибиторын қолдану
* криопреципитат қолдану
* аминокапрон қышқылын к/т енгізу
* антигистаминді препараттарды б/е енгізу
* метилпреднизолонды б/е енгізу
104. 38 жастағы ер адам ара бетінен шағып алғаннан кейін бетінің ісінуіне (фото) байқаған. Даусының қарлығуы және тыныс алудың қиындауына шағымданады, шұғыл көмек көрсетілді. Науқас стационарда қанша уақыт бақылауда болу қажет?
* 24 сағат
* 36 сағат
* 48 сағат
*+72 сағат
* 5 тәулік
105. 32 жастағы әйелде бисептол қабылдау фонында қолында гиперемия аймағы пайда болды. Кейін әр кез сульфаниламидтерді қабылдағаннан кейін қолдың аталған аймағында қызару пайда болатын болды (фото), зақымдану аумағы ұлғаюда, бөртпе кеткеннен кейін орнында гиперпигментация қалады. Қандай диагноз болуы мүмкін?
* атопиялық дерматит
* аллергиялық дерматит
*+орныққан эритема
* герпес формалы дерматит
* мультиформды эритема
106. 16 жастағы бала созылмалы гематогенді остеомиелитпен ауырады. Бірінші жүктіліктен уақытына жетіп туылған. Балалық шағынан жиі тыныс алу жолының инфекциясы, пневмония жылына 1-2 рет. Физикалық дамуда артта қалған. Иммунограмма: IgG, IgM және Ig А деңгейі күрт төмендеген, Т-лимфоциттер популяциясы – қалыпты, В-лимфоциттер – күрт төмендеген. Аталған патологияны емдеудің негізгі қағидасы қандай?
* ликопид курсы жылына 4 рет
*+иммуноглобулиндерді ай сайын енгізу
* жылына 2 рет тимозин-альфа курсын жүргізу
* иммуноадьюванттарды қолданумен егу жүргізу
* жылына 2 рет рекомбинатты интерлейкин-2
107. 4 жастағы бала, 9 айлығынан бастап бірнеше рет отит, 4 рет пневмониямен ауырады. Соңғы қаралу кезінде – 2 апта бойы диарея, гепатоспленомегалия, таңдау бадамшаларының ұлғаюы, синустардан ірің ағуы, афтозды стоматит. Иммунограммада IgG және IgA төмендеген, IgМ айқын жоғарылауы, Т және В-лимфоциттердің қалыпты құрамы. Т-лимфоциттерді фитогемагглютининмен ынталандыру белсендіруші маркер CD40L (CD154) өте төмен экспрессиясын көрсетті. Қандай емдеу әдісі науқастың тірі қалу мүмкіндігін жоғарылатады?
* жыл сайын рекомбинатты ИЛ-2 қолдану
* жылына 2 реттен кем емес кең спектрлі антибиотиктер превентивті
* қанды лазерлі сәулелендірудің қурсы к/т
*+жақын туысынан сүйек кемігін ауыстырып салу
* ай сайын иммуноглобулиндермен орынбасу терапиясы
108. 1,5 жастағы бала лимфопения фонында пневмоцистті пневмониямен госпитализацияланған (бак. зерттеу). Анамнезінде – жиі және ұзақ мерзімді респираторлы және ішек аурулары, ұзақ мерзімді антибактериальды терапия. Физикалық дамуда артта қалуда. Иммунограмма: CD4 және CD8 кенет төмендеуі, В- лимфоциттердің қалыпты құрамы, иммуноглобулиндердің барлық класстары төмендеген. Баланы және анасын АИВ-ка тексеру – теріс. Емдеудің қандай әдісі науқастың тірі қалу мүмкіндігін жоғарылатады?
* жылына 4 рет гранулоцитарлы-макрофагальды колония ынталандырушы фактор курсын алу
* ай сайын иммуноглобулиндермен және тимазин-альфамен орын басушы терапия
* қанды лазерлі сәулелендіру к/т курсы антибиотиктермен бірге
* жыл сайын рекомбинатты ИЛ-2 қолдану
*+сибстен сүйек кемігін ауыстырып салу
109. 12 жастағы бала менингококкты менингитке күдікпен түсті. Бір жыл бұрын іріңді артритпен ауырған, анамнезінде ауыр фурункулез терең абсцесс дамуымен. Инфекцияның әр эпизодында қанда жедел фазалық өзгерістер байқалмайды: лейкоциттер, ЭТЖ, С-реактивті ақуыз жоғарыламайды. Дене температурасының айтарлықтар жоғарылауы болмайды. Инфекцияның әр эпизоды ұзақ мерзімді антибиотиктер комбинациясын қолдануды қажет еткен. Иммунограмма: иммуноглобулиндердің, Т және В лимфоциттердің қалыпты деңгейі. ЛПС ынталандыруға (НСТ-тестте) жауап ретінде лейкоциттер белсенділігінің жоғарылауының болмауы. Аталған иммунодефицит қай жасушалардың белсенуі бұзылуына негізделген?
*+макрофагтар
* Т-лимфоциттер
* В-лимфоциттер
* мес жасушалары
* табиғи киллер
110. «Жалқау» лейкоциттер синдромы белгілі бір молекулаларды кодтайтын гендер ақауы нәтижесінде нейтрофилдер қызметінің бұзылуынан дамиды. Аталған иммунодефицитте нақты қай молекулалардың ақауы байқалады?
* лизосомальды ферменттер
*+адгезия молекул
* хемокиндер
* перфориндер
* гранзимдер
111. Литикалық комплекске (С5-С9) құрылуына қатысатын комплементтің бір, бірнеше немесе барлық компоненттерінің белсену ақауы кезінде науқастар белгілі бір патогендермен шақырылатын ауруларға жоғары сезімталдыққа ие болады және ауру аса ауыр ағымда өтеді. Осы патогендерді атаңыз?
* шигелла
*+нейссерия
* листерия
* микобактериялар
* Candida саңырауқұлақтары
112. Төменде аталғандардың ішінде ұрықты кері итеруді алдын алу мақсатымен физиологиялық жүктілік кезінде Тх-1 тәуелді эффекторлы механизмдерді жоғары деңгейде төмендететін қандай фактор?
* хориогонадотропты гормон
* простагландин Е
*+альфа-фетопротеин
* пропердин
* прогестерон
113. Әйел 24 жаста кезеңді түрде тұншығу ұстамасы мазалайды, бірнеше жыл бойы будесонид қолданады. Жүктілік 12-14 апта.
Қандай тағайындау жүктілік кезеңінде респираторлы инфекция даму қаупін төмендетуге немесе негізгі аурудың асқынуының алдын алуға мүмкіндік береді?
* үнемі интерферонды эндоназальды қолдану
* инозин пранобекс курсы 2-3 аптадан
*+грипке қарсы егу 2 триместрде
* циклоферон курсы
* рибомунил курсы
114. 35 жастағы әйел тамыз айында мерзімі жеткен дені сау бала туады. Отбасында күйеуі және 11 жастағы баласы бар. Отбасы жағдайы жақсы – квартирада тұрады, тамақтануы қанағаттанарлық. Өткен жылы барлығы грипке қарсы егу алған. Осы жылы отбасы барлық мүшесіне егу жасау қажет бола ма?
* тек баласын-оқушыны егу керек
* жаңа туған нәрестені ғана егу керек
* тек анасын егу керек
* жоқ, отбасы қауіп тобына жатпайды
*+иа, отбасында жаңа туған нәресте бар
115. 38 жастағы науқас, 4-ші жүктілік 22 аптасында. Вирусты инфекциядан кейін миокардитпен асқынған ауруханадан тыс пневмония дамыды, температура 37,2 С. Қанда: Л - 4,2х109/л, СОЭ – 42 мм/сағ. Массивті антибактериальды терапия басталды. Өмірлік көрсеткіштерге байланысты иммунотерапия қолдану қажет. Аталған жағдайда иммунотерапияның қай әдісі көрсетілген?
* рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагальды фактор
*+адамның қалыпты иммуноглобулині
* рекомбинатты интерлейкин-1
* рекомбинатты интерлейкин-2
* рекомбинатты альфа-интерферон
116. 6 жастағы балада 3 ай бұрын жұтқыншақ папиломасы бойынша операция жасалған. Қайтадан тамағында ауру сезімі және дауыс қарлығуы пайда болды, ЛОР-қарауы кезінде – паполома рецидиві. Аталған жағдайда қандай рецидивке қарсы терапия көрсетілген?
* 3 курс ликопид
* 3 курс ацикловир
* 3 курс циклоферон
*+3 курс инозин пранобекс
* 6 айлық рибомунил курсы
117. 36 жастағы әйел асқынуы жылына 6-7 рет болатын қайталамалы герпеспен ауырады, ол кезде ацикловир қолданады. 1 курс циклоферон алған, әсері болмаған – герпестің келесі рецидиві ем курсынан 2 аптадан кейін қайталанады. Дәлелді медицина көзқарасы бойынша қандай емдеу тактикасын жүргізу керек?
* 2-3 курс деринат
* герпеске қарсы емдік егу курсы
* келесі рецидивке дейін ганцикловир курстармен
* рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагальды фактор
*+иммунограмма және нәтижесі бойынша иммунотерапия әдісін таңдау
118. 28 жастағы науқас ауыр ағымды гриппен ауырады (грипп эпидемиясы кезінде) инфекциялық-токсикалық шокпен және екі жақты пневмониямен асқынған. Температура 40 °С. Қанда: лейкопения, таяқша-ядролық жылжу, нейтрофилердің токсикалық дәнденуі (зернистость), ЭТЖ 32 мм/сағ. Осельтамивирмен және кең спектрлі антибиотиктермен терапия басталды. Өмірлік көрсеткіштер бойынша иммунотерапия өткізу керек. Дәлелді медицина көзқарасы бойынша қандай препаратты тағайындау керек?
* арбидол
* деринат
* циклоферон
* интерферон (виферон шамдар)
*+рекомбинантты ИЛ-2
119. Науқас 43 жаста ревматоидты артритпен метотрексат Пациентка 43 лет с ревматоидным артритом метотрексат 7,5 мг/аптасына және преднизолон 10мг/тәулігіне алады. Төменде аталғандардың ішінде инфекциялық асқынулар қаупін төмендету үшін жыл сайын не жүргізілу керек?
* ЖРВИ маусымы алдында инозин пранобекс курсы
* ЖРВИ маусымы алдында интерферон курсы
* пневмококкты вакцинамен егу
* әр күз сайын экстенциллин курсы
*+грипке қарсы егу
120. 48 жастағы науқас Бехчет ауруымен преднизолонның сүймелдеуші дозасын 15мг/тәулік алады. Пневмония даму қаупін төмендету үшін төменде аталғандардың ішінде науқасқа не жүргізу керек?
* жылына 2 рет микостатик курсы
* жылына 2 рет кең спектрлі әсері бар антибиотиктер курсы
* ЖРВИ маусымы алдында интерферон курсы
*+5 жылда 1 рет пневмококкты вакцинамен егу
* вирусқа қарсы препараттармен превентивті курс
121. Науқас 14 жаста жүйелі қызыл жегі бойынша преднизолон алады. Анасы қызында жатыр мойны ісігі даму қаупі жоғары болуы мүмкін деп мазасызданады. Науқасқа қандай алдын алу шараларын ұсынуға болады?
* еківалентті ВПЧ-вакцинасын егу
*+төртвалентті ВПЧ-вакцинасын егу
* РАР-тест жылына 1 реттен кем емес
* гинекологта үнемі қаралып тұру
* ВПЧ-ға ПЦР жыл сайын өткізу
122. Анкилоздаушы спондилоартритпен ауыратын 38 жастағы науқас ФНО-ға моноклональды антиденелермен терапия курсын алу керек. Бірақ биологиялық терапия өткізу алдында инфекциялық асқынулар қаупін төмендету үшін шаралар жүргізу қажет.
Қандай шара міндетті түрде жүргізілу қажет?
* кең спектрлі антибиотиктер курсы
* вирусқа қарсы препарат курсы
* туберкулостатиктер курсы
*+грипке қарсы егу
* Herpes zoster қарсы егу
123. 32 жастағы ер адамда тізе және жамбас буынының артриті, табан-фалангалық буындардың артриті, оң қолдың 2-4 саусақтарының және сол қолдың 3-4 саусақтарының проксималды және дистальды фаланга аралық буындарының артриті; жамбас бұлшықеттерінде ауыспалы ауру сезімі. Қарап тексеру кезінде баланопостит, жайылған лимфаденопатия, алақанында бірнеше пустулалар, табандарының гиперкератозы, ахил сіңірінің ауру сезімі. Анамнезінде: соңғы бір жылда 15кг дене массасын жоғалтқан, 6 ай бұрын бір ай бойы түсініксіз диарея болған.
Науқасқа қандай тексеру жүргізу керек?
* HLA-B27 анықтау керек
* ИФА Cl. Trachomatis-ке
* РПГА Y. Enterocolitica-ға
* ИФА Campylobacter jejuni-ге
*+АИВ-қа ИФА және иммуноблотинг
124. Әйел 22 жаста (босанудан кейін 20-шы күн) дене температурасының 39°С дейін жоғарылауы, іштің төменгі бөлігінде ауру сезімі, жыныс жолдарынан бөлінділоер мазалайды. Айқын ентігу, терілік геморрагиялар пайда болды, жүрек ұшында систолалық шу, ЖЖЖ 110 минутына, диурез – 100 мл/тәулігіне. Қанда: протромбинді индекс – 55%, креатинин және билирубин деңгейі жоғарылаған; лейкоцитоз, таяқша-ядролық жылжу, ЭТЖ – 38 мм/сағ. Меропонеммен терапия басталды. Қандай емдеу тактикасы дұрыс?
* емге левофлоксацинді қосу
* гемосорбцияны қосымша тағайындау
* қанды ультрадыбысты сәулелендіруді жүргізу
*+рекомбинатты ИЛ-2 иммунокоррекция тағайындау
* MARS-терапия (жасанды бауыр) сеансын жүргізу
125. Науқас 32 жаста ауыр сепсиспен тиенам, инфузиялық терапия, антистафилакоккты иммуноглобулин алып жатыр. Жүргізілген терапиға қарамастан жағдайы нашарлауда: температура 35,8°С төмендеген, лейкопения, нейтрофилдердің токсикалық дәнденуі (зернистость), анемия, ЭТЖ – 42 мм/сағ. Тәуліктік диурез – 100 мл.
Дәлелді медицинаға сүйене отырып өмірлік көрсеткіштерге байланысты төменде аталғандар ішінен қай препаратты қолдану керек?
* рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагальды фактор
* интерлейкин- 1 рецепторының рекомбинантты антагонисті
* адамның қалыпты иммуноглобулині
* ре\комбинантты альфа-интерферон
*+рекомбинантты интерлейкин-1
126. 47 жасар әйел адам балалық шағынан бронх демікпесімен ауырады. Соңғы бір жылда жөтел, қиын бөлінетін қақырық күшейді, таралған тұншығу ұстамалары күнделікті, түнгі уақыттағы тыныс алу қиындауы аптасына 1 реттен қайталанады. Қарап тексергенде кеуде торы эмфизематозды, қораптық перкуторлық дыбыс, бәсең везикулярлы тыныс, жайылған ысқырықты сырылдар. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан 74% құрады. Сальбутамол тағайындалды.
Төменде көрсетілген препараттардан қайсысын емге қосқан барынша тиімді?
* амбробене
* теофиллин
* преднизолон
* натрий недокромилы
*+беклометазон дипропионаты
127. 16 жасар бойжеткен 5 күннен бері мазалайтын жөтел ұстамаларына, мұрыннан сұйықтық ағуына, түшкіруге шағымданады. 5 күні госпитализацияланды, амоксициллин тағайындалды. 3 күннен соң жағдайы нашарлады: жөтел күшейді, дистантты сырылдар, дем шығарудың қиындауымен ентігу пайда болды. Об-ті: ЖЖЖ-78 соғу/мин, t-36,6°С, дем шығарғанда көптеген жайылған құрғақ сырылдар. Спирография: ТШК1=65%; ТШК50=55%; ТШК75=45%; сальбутамолмен сынамадан кейін барлық көрсеткіштер қалпына келді.
Қандай диагноз ең мүмкін?
* ЖРВИ, обструктивті бронхит
* Жедел аллергиялық альвеолит
* Бронх демікпесі, аллергиялық, жеңіл ағымды
*+Бронх демікпесі, аллергиялық, орташа ағымды
* Демікпелік компонентпен ауруханадан тыс пневмония
128. 32 жасар ер адам аптасына 2-3 рет болатын тұншығу ұстамаларыны, аптасына 2-3 рет тыныс қиындауынан түнде оянуына шағымданады. Спирография: ТШК1=70%; ТШК50=60%; ТШК75=55%; сальбутамолмен сынамадан кейін барлық көрсеткіштер қалпына келді.
Қандай препаратты тағайындаған ең тиімді?
* Натрий кромогликаты
* Триамцинолон
* Преднизолон
*+Будесонид
* Эуфиллин
129. 30 жасар әйел адам сальбутамолмен басылмайтын айқын экспираторлы ентігумен жедел жағдайда жеткізілді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, дистантты ысқырықты сырылдар естіледі.
Төменде көрсетілген препараттардан қайсысын тағайындаған барынша тиімді?
* Натрий кромогликаты
* Триамцинолон
*+Преднизолон
* Будесонид
* Эуфиллин
130. Орташа ағымды бронх демікпесі бар ер адамда беклометазон дипропионатымен (400 мкг/тәул) бірге сальметерол алып жүрген емде 2 апта бойы түнгі белгілер болмады, физикалық жүктемеден кейін 2 рет ентігу эпизоды болды. Пикфлоуметрия: тәуліктік ауытқулар 450 мл- ден 500 мл дейін.
Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең тиімді?
*+Беклометазон дипропионаты дозасын 300 мкг/тәул дейін төмендету
* Сальметеролды пролонгирленген теофиллинмен ауыстыру
* Беклометозон дипропионатын тайледпен ауыстыру
* Сальметеролдың тәуліктік дозасын төмендету
* Сальметеролды беродуалмен ауыстыру
131. 50 жасар әйел адам бронхолитик ингаляциясымен басылмайтын айқын экспираторлы ентігумен жедел жағдайда жеткізілді. 5 жыл бойы преднизолон 10 мг/тәул қабылдайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, дистантты ысқырықты сырылдар естіледі.
Көк тамырға тағайындалған сальметеролға қосымша метилпреднизолонды қандай мөлшерде тағайындаған дұрыс?
* 10 мг
* 20 мг
* 30 мг
*+120 мг
* 500 мг
132. 49 жасар ер адам түнгі уақыттағы дем шығарудың ұзаруымен тұншығу ұстамаларына, алыстан естілетін ысқырықты демге шағымданады. Объективті: аускультацияда везикулярлы тыныс патологиялық шуларсыз. Тыныс алу жиілігі - 19 рет/мин. Бронхоскопияда жоғары тыныс алу жолдары шырышты қабатының ісінуі мен қызаруы. ЭФГДС: өңештің төмеңгі үштен бір бөлігі гиперемияланған, қосылған эрозиялар. Бронх тарылуының ең мүмкін себебі не?
* Паразитоз
* Жүректік демікпе
* Бронхиалды демікпе
* Трахеобронхиалды дискинезия
*+Гастроэзофагеалды рефлюкстік ауру
133. 22 жасар ер адам қабылдау бөліміне айқын ентігумен жеткізілді. Объективті: қозулы, дене температурасы 36,7°С, ЖЖЖ – 120 соғу/мин., ТАЖ – 24/мин. Аускультацияда: тынысы шұғыл бәсеңдеген, жекелеген құрғақ сырылдар. Анамнезінен: тәулік ішінде беротектің 10 ингаляциясын алған, тиімсіз. Жедел жәрдем дәрігері т/і 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін енгізді. Жедел көмектің келесі қадамы қандай болуы керек?
* Симпатомиметиктер дозасын жоғарылату
* Регидратация
*+Кортикостероидтар қолдану
* Эуфиллин дозасын жоғарылату
* Өкпенің жасанды желдетілуі
134. 34 жасар ер адам күнделікті тұншығу ұстамаларына, аптасына 2-3 рет болатын түнгі тұншығу ұстмаларына шағымданады. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы - 64%, тәуліктік ауытқушылық– 38%. Төменде көрсетілгендердің қайсысын базисті терпияның препараты ретінде қолданған ең дұрыс ?
* Преднизолон
* Сальбутамол
*+Флунисолид
* Теофиллин
* Амбробене
135. 35 жасар әйел адам күндізгі уақытта 10-12 ретке дейін, түнде 6-8 ретке дейін қайталанатын тұншығу ұстамаларына шағымдарымен келіп түсті. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы 45%, тәуліктік ауытқушылық 35%. Ең мүмкін диагноз қайсысы?
* Трахеобронхиалды дискинезия
* Сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік
*+Ауыр ағымды бронх демікпесі
* Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
* Ауыр ағымды өкпенің созылмалы бронхообструктивті ауруы
136. 50 жастағы ер адам тыныс жетіспеу сезіміне және тыныс алудың қиындауына шағымданып келді. Об-ті: қорқыныш сезімі бар, сөйлеу қиындаған, қалпы мәжбүрлі, бозарған, ТАЖ 22 минутына, бұғана үсті ойығы тегістелген, қкпесінде – тыныс алу әлсірген, тыныс шығару ұзарған, құрғақ сырылдар, тыныс алу және тыныс шығару кезінде систолалық АҚ өзгерісі анықталады.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы болуы мүмкін?
* Өкпе ісінуі
*+Астматикалық статус
* Спонтанды пневмоторакс
* Өкпе артериясының тромбэмболиясы
* Жедел аллергиялық альвеолит
137. Ер адам 26 жаста, ентігу және құрғақ ұстама тірізді жөтелмен бірге жүретін тыныс алудың қиындау ұстамалары анықталады; тамыз айында 6 жыл бойы риноконъюнктивит белгілері байқалады. Анамнезінде – атопиялық дерматит, жусанға және үй шаңына тозаңды аллергия анықталды. Науқастың анасы поллинозбен ауырады. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы патология жоқ. Жалпы IgE – 170 МЕ/мл. Спирография – ӨТС – 93%. ОФВ1 – 85%, Тифно коэффициенті – 82% қалыпты көрсеткіштен. Бронхиальды обструкция вариабельділігі (пикфлоуметрия бойынша) – 15%.
Қандай диагноз болуы мүмкін?
* Бронхиальды демікпе, инфекционды-аллергиялық, орташа ауырлықты ағым
* Бронхиальды демікпе, неатопиялық түрі, жеңіл интермиттирлеуші ағым
* Бронхиальды демікпенің аспиринді түрі, ауыр персистирлеуші ағым
* Бронхиальды демікпенің аутоиммунды түрі, жеңіл персистирлеуші ағым
*+Тозаңды (сенная) демікпе, жеңіл интермиттирлеуші ағым
138. 38 жастағы әйел қиын бөлінетін қою шырышты қақырық бөлінетін жөтелге, тыныс алудың қиындауымен жүретін тұншығу ұстамаларына, ентігуге шағымданып түсті. Тоқымашы болып жұмыс істейді, жүнмен контакт бар. Аллергоанамнез қиындаған. Қарап тексеруде: тері беткейі бозарған, өкпе перкуссиясында – қораптық дыбыс, аускультацияда – өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ 96 минутына. Қақырықта: эозинофилдер 40-60 к/а, Куршман спиральдары – 2-3, Шарко-Лейден кристалдары – 5-7 препаратта; БК табылған жоқ.
Төменде аталғандардың ішінде қай диагноз дұрыс болады?
* Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронхты түрі
* Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, эмфизаматозды түрі
* Бронхиальды демікпе, инфекционды-аллергиялық түрі
* Созылмалы обструктивті бронхит, асқыну. Өкпе эмфиземасы
*+Бронхиальды аллергиялық демікпе, ұстамалы кезең
139. ОРИТ бөліміне 43 жастағы ер адам ауыр жағдайда түседі. Объективті: есі тежелген, айқын цианоз, суық тер, жиі беткей тыныс, тахикардия, АҚ 80/50. Өкпенің ортаңғы бөліктерінде - көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, төменгі бөліктерінде – тыныс әлсіреген. Экспираторлы ентігу ұстамасымен 3 жыл бойы ауырады. Осы жағдайының нашарлауы ЖРВИ кейін, бир апта ішінде тұншығу ұстамасы жиіледі, соңғы ұстаманың ұзақтығы 8 сағат.
Науқаста қандай асқыну даму мүмкіндігі жоғары?
* Беттолепсия
* Пневмоторакс
* Пневмомедиастинум
* Астматикалық статус, ΙΙΙ стадия
*+Астматикалық статус, ΙΙ стадия
140. Клиникаға ұзақ жыл бойы бронхиальды демікпемен ауыратын 45 жастағы әйел ауыр жағдайда түсті. Қарап тексеруде: қозулы, ауа жетіспеу сезімі, диффузды «көк» цианоз. Кеуде қуысы үлкейген, тыныс экскурсиясы кенет төмендеген, өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс жеткізілмейді. ТАЖ 30 ретминутына, ЖЖЖ – 120 рет минутына. ОФВ1 қалыптыдан 20% төмендеген. Науқаста қандай асқыну дамыған?
* Беттолепсия
* Пневмоторакс
* Пневмомедиастинум
*+Астматикалық статус, ΙΙΙ стадия
* Астматикалық статус, ΙΙ стадия
141. Клиникаға 49 жастағы ер адам ауыр жағдайда түсті, тұншығу ұстамасына, қою шыны тәрізді қақырық бөлінетін жөтелге шағымданады. Науқас қалпы мәжбүрлі: төсекте қолымен тіреп отырады. Кеуде қуысы эмфизематозды. ТАЖ – 30 рет минутына, тыныс шығару кенет қиындаған. Диффузды цианоз, мойын венасының ісінуі байқалады.
Диспноэның себебі болуы мүмкін?
* Өкпенің тыныс алу беткейінің төмендеуі (бөліктік қабынулық тығыздануы)
* Жоғарғы тыныс алу жолдарында (көмей) механикалық бөгеттік болуы
* Трахея және ірі бронх аймағында механикалық бөгеттің болуы
* Эмфизема нәтижесінде өкпе эластикалығының төмендеуі
*+Майда бронхтардың спазмы
142. 32 жастағы әйел емге көнбейтін экспираторлы тұншығумен түсті. Ұстамалар 15 жыл бойы мазалайды. Апта бойы қалтырау, жасыл түсті қақырық бөлінетін жөтел, тұншығу ұстамаларының жиілеуі пайда болған, эуфиллин және сальбутамол ингаляциясын қабылдаған. Об-ті: қобалжулы, қатты терлеу, диффузды цианоз. ТАЖ 30 рет минутына, тыныс алу беткей қосымша бұлшықет қатысуымен. Кеуде қуысы бочка тәрізді, тыныс алуы кенет әлсіреген, сырылдар жоқ. ЖЖЖ 130рет минутына. Температура 38°С. Қанда – нейтрофильді лейкоцитоз. Терапияның бірінші кезеңінде қандай препарат тағайындаған дұрыс?
*+Недокромил натрий
* Беродуал
* Ампициллин
* Метилпреднизолон
* Беклометазондипропионат
143. 34 жастағы әйел бронхиальды демікпе бойынша базисті терапия алып жатыр: беклометазон дипропианат 400 мкг/тәулігіне, ұзартылған теофиллин. Жүргізіліп жатқан терапияға қарамастан науқаста тұншығу ұстамалары күніне 3 ретке дейін сақталуда. Қандай емдеу тактикасы дұрыс болып табылады?
* Беклометазон мөлшерін жоғарылату
*+Сальметерол қосу
* Будесонид тағайындау
* Преднизолон per os
* Лоратадин тағайындау
144. 27 жастағы ер адам, маляр, тыныс алу ұиындау ұстамаларына шағымданып түсті. Аллергия пенициллинге. Жағдайының нашарлауы ЖРВИ-ден кейін, қою қиын бөлінетін қақырық бөлінумен жүретін жөтел, дистанционды ысқырықты сырылдар пайда болған. Өкпеде – қораптық дыбыс, тыныс кенет әлсіреген, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар анықталады. ТАЖ 24 рет минутына. Қақырықта: Куршман спиральдары, Шарко-Лейден кристалдары – препаратта бір-екі. Өкпенің R – граммасы: ошақты және инфильтративті өзгерістер жоқ. Диафрагма куполы тегістелген, өкпе тінінің ауалылығы жоғарылаған. ОФВ1 – 53%; ОФВ1/ФӨТС – 82%.
Базисті терапияға қандай препарат тағайындау жұрыс?
* Сальбутамол
* Кетотифен
* Амброксол
*+Флунисолид
* Преднизолон
145. 64 жасар ер адам таңертенгі сағаттардағы жөтелге, экспираторлы ентігуге шағымданадаы. Аускультативті: әлсіреген везикулярлы тыныс, қысқарған дым шығару, жайылған құрғақ сырылдар. Төменде аталғандардың ішінде көп деңгейде төмендеуі ммүкін?
* МОД
*+ОФВ1
* ӨТС\
* ООЛ
* МВЛ
