- •Мазмұны
- •1 Бөлім Құрылыс мекемесінің (кәсіпорынның) құрылымы және өндірістік базасымен танысу.Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру.
- •1.2. Кәсіпорынның басқару құрылымымен және шаруашылық қызметімен танысу. Кәсіпорынның материалдық техникалық базасымен танысу.
- •1.3.Кәсіпорынның құрылыс нысандарымен танысу.
- •Көксу ауданы магистыралды каналдар қазіргі жағыдайы және жасалтын жұмыстар
- •2 Бөлім. Жұмыс орнында жұмысты жүргізудің технологиясын үйрену.
- •2.1 Тақ. Жер жұмыстары.
- •2.1.1 Тақ. Топырақты қолмен және жер қазу машиналарын қолданып өңдеу технологисын үйрену.
- •2.1.2.Жер жұмыстарын орындауға қолданылатын жабдықтар мен машиналар,олардың маркалары,техникалық параметрлері,өнімділігі. Қауіпсіздік техникасы.
- •Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік.
- •Бетон қоспасын дайындау және тасымалдау
- •Бетон қоспасын төсеу және тығыздау
- •Дайын темірбетон бұйымдарымен конструкцияларды қабылдау.
- •Қалып орнатуға қажет құрал, сайман жабдық және аспаптар
- •Арматура бұйымдарының түрлері.
- •Тасымалдау және құрастыру жұмыстары
- •Конструкцияларды көтеру, орнату, уақытша бекіту
- •Конструкциялардың ұштасу жігін, түйіспелерін жауып бекіту
- •Көп қабатты ірі панельді қаңқасыз және қаңқалы үйлерді құрастыру
- •2.5.4.Бетоншы, ағаш ұсташы, сымтемірші, құрастырушы, сылақшылардың жұмыс орнында жұмыс істеу.
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •1. Хамзин с. Қ. Үймәреттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық.Алматы,: «Білім», 1994;
- •2.Хамзин с. Қ. Жанаев а. Б. Құрылыс өндірісінің технологиясы. Курстық және дипломдық жобалау. Оқу құралы. Алматы, «Полиграфия», 1995
1.2. Кәсіпорынның басқару құрылымымен және шаруашылық қызметімен танысу. Кәсіпорынның материалдық техникалық базасымен танысу.
«Көксуирригация» су шаруашылығы мемлекетік коммуналдық кәсіпорны.
Көксу бас су бөгеті пайдалануға 1963 жылы берілген. Орналасқан жері Шаңырақ ауылы, Көксу ауданы.
Типі Ферғаналық. Ұзындығы – 60м, биіктігі – 6,8м 4 дана су өткізгіштерінің су өткізу қабілеті – 538м³/сек. 1969 жылы ең жоғары мөлшері 610 текше метр тасқын суды өткізді.
Сол жағалаулық магистралды каналына екі су жібергіш арқылы – 38,5м³/сек, оң жағалаулық “Шаңырақ” каналына бір су жібергіш арқылы – 8,0м³/ сек. Су жібере алады.
Сол жағалаулық магистралды каналының бойындағы суармалы жер көлемі, сол жылдары 16100 гектар болды. Ал бүгінгі күні суармалы жер көлемі 20100 гектар егістік алқапты қамтиды.
Көксу бас су бөгетінің салыну мақсаты Көксу ауданы(бұрынғы Киров ауданы) және Ескелді ауданының суармалы егістік жерлеріне су жеткізіп беруді көзделген және Көксу өзенінен Көксу ауданының малдарын көктемде жайлауға, күзде қыстауға өткізу мақсатында пайдаланды.
Сол жылдары Көксу бас су бөгетінен бастау алатын «Сол жағалау» магистралды каналының ұзындығы 42,7 шақырым, оның 15,9 шақырымы таспен қаланған, 26,8 шақырымы жер тоқан болды. Осы тоған бойында 30 су өткізгіш,12 құлама, 11 дюкер, 16 көпір салынған болаты.
«Оң жағалау» тоқанының ұзындығы 23,1 шақырым, оның бойында 12 су өткізгіш, 1 құлама, 1 акведук, 6 көпір салынды, барлығы 65,8 шақырым тоған салынды. Сонымен қатар шаруашылық аралық тоғандарының 82,9 шақырымы пайдалануға берілді. Барлығы 148 шақырым шаруашылық аралық тоғандар пайдаланылды.
Бүгінгі күні осы Көксу бас су бөгетінен бастау алатын аудандағы магистралды каналының ұзындығы 148 шақырым. Ішкі шаруашылық су жүйелерінің ұзындығы 583 шақырым. Барлық су жүйелерінің ұзындығы 731 шақырымды құрайды.
Магистралды каналдармен шаруашылық аралық тоғандар бойында 129 гидротехникалық құрылымдар, 46 су өлшейтін бекеттер, 8 дюкер, 3 акведук орналасқан.
Шаруашылық аралық каналдардың 38,9 шақырымы бетонмен лотокталған, 16,8 шақырымы таспен қаланған.
1962 жылы Қазақ ССР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы бойынша «Казгипроводхоз» институты Көксу магистралдық каналы массивінде суландыру жүйелерін қайта құру мен дамыту жобасын жасап берген. Бұл жобаға бұрыннан бар суармалы жерді қайта қалпына келтіру, сонымен қоса 11 мың гектар көлемінде суармалы жерді пайдалануға беру көзделген болатын. Ауданның ең негізгі дақылы - қант қызылшасы егісінің көлемін ұлғайту көзделген. Алдын ала жасалған жоспарға сәйкес, аса күрделі, әрі ауқымды бұл құрылыс 1967 жылы басталды. Ал кейіннен нормативтік нұсқаулардың, гидротехникалық құрылыстардың типтік жобалары өзгеруіне байланысты, сондай-ақ республикамызда науа, труба сияқты темір-бетон бұйымдарын шығару жолға қойылуына байланысты әуелгі жоба 1973 жылы қайта жасалды да бас жоспар схемасы бойынша 28,3 мың гектар суармалы жер қамтылды.
Көксу бас су бекеті Талдықорған ауданы су шаруашылығына 1963 жылы пайдалануға берілді. 1969 жылға дейін Талдықорған ауданының су шаруашылығының құзырында болды.
Ауданда 1970 жылдан бастап темір бетон (латок) каналдары салына бастады, ол каналдар Межевой, Р-1, Р-3, Р-4, Р-5, Р-6, Р-7, Р-8, Р-9, Р-10, Р-11, Р-12 осы каналдардың салынуына байланысты ауданда 4000 гектар суармалы жер пайдалануға берілді.
Көксу ауданы(бұрынғы Киров ауданы) су шаруашылығы басқармасы болып, кәсіпорынның ең алғашқы іргетасы 1969 жылы аудандық су шаруашылығы басқармасы болып құрылды.
Сол жылдардан бері кәсіпорынды басқарған басшылар: 1969ж.-1970ж.- Наймантаев Тілепберген Түркейұлы; 1970ж.-1975ж.- Кенжеғарин Фазыл Сейітұлы; 1975ж.-1982ж.- Жанымханов Серік Жанымханұлы; 1982ж.-1991ж.- Есмурзанов Уахит Садықұлы; 1991ж.-2005ж.- Құрманғалиев Мұрат Таңжарықұлы; 2005ж.-2012ж.- Рахимбеков Аманбек Рахимбекұлы; 2013 жылғы қаңтар айынан ҚР су шаруашылығының білікті қызметкері – Түстікбеков Төлеген Қайыпбайұлы басқарып отыр.
Көксу бас су бекетінің «Сол жағалау» каналының бастығы болып 1969-1971 жылдар аралығында – Гоголь Алексей Федотович; 1972-1983 жылдар аралығында – Павлова Лилия Андеревна; 1983-1991 жылдар аралығында – Тасжүреков Мүсен Бұғыбайұлы; 1991-1995 жылдар аралығында – Түстікбеков Төлеген Қайыпбайұлы қызмет атқарды.
Көксу бас су бекетінде инженері болып: 1963ж.-1965ж.- Карташов Николай Иванович; 1965ж.-1969ж.- Нүсіпбеков Игілік; 1969ж.-1970ж.- Мердалиева Светлана Артуровна; 1970ж.-2000ж.- Жақсыбеков Сарсенбек қызмет атқарды:.
2009 жылы Көксу бас су бөгеті мен «Сол жағалау» каналының 76 шақырымы «ҚАЗСУШАР» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалының меншігіне өтті. Осы кезден бастап – Кисебаев Төлеубек Ғалиұлы Көксу бас су бөгетінің бастығы қызметін атқаруда.
2011 жылы Көксу өзенінің алдына белдеу салынып, суды қиғаш белдеу (Криволинейный порог) арқылы жіберіп, бас су бөгеттің су жіберетін қондырғының табанына жұмыстары жүргізілді. Ақаулық актісі (дефектный акт) бойынша 56 текше метр темір бетон құйылып, беті 64м², қалыңдығы 35мм темір тақтайшамен (железный лист) қапталып орнатылды. 2013 жылы көксу бас су бөгетінде көгалдандыру жұмыстары қолға алынып, 948м² жер тегістеліп, газон, 150 түп раушан гүлі және 480 түп гүлдердің көшеттері егілді. Жолға асфальт төселіп, ағымды жөндеу жұмыстары және қоршау шарбақтары түзетіліп тәртіпке келтірілді.
1969 – 2013 жылдары аралығында Көксу су шаруашылығы кәсіпорнында қазіргі кезде «Көксуирригация» су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында көп жылдар бойы қызмет атқарып зейнеттік демалысқа шыққан ардагерлеріміз: Құтқыбасов Қ., Ламокова Тамара Семеновна, Бабичева Валентина, Попков Д.М., Дядьков В.Г., Ожилис Т.С., Мылтықбаев О., Бекешова Нүргүл, Нүсіпова Алмагүл, Бақпанбеков Ақиык, Тасжүреков Мүсен, Бекбасова Сауле, Сайдильдина Мақпал, Пұсырманов Ахметқали. Алғаш іргетасы қаланғаннан бері әр түрлі салада қызмет жасап, осы күні басшы қызмет істеп жатқан ардагеріміз: Учаске бастығы Бұғыбаев Хсан Тасжүрекұлы.
Сонымен қатар қазіргі кезде еңбек етіп жүрген білікті мамандарымыз: Су реттеу және өлшеу бөлімінің басшысы – Есбергенов Асқар, экономист-заңгер – Нахыпова Сауле, участок бастығы – Қожабергенов Мырзагелді, гидротехниктер - Елеусізов Ғалым, Бейсембетов Нұрфазыл, су реттеуші – Алимбаев Айдын, Құрманбаев Айгүл және тағы басқаларын атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда «Көксуирригация» су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жоғарғы білімді жастар алмастыруда. Олар: Бас инженер – Нұрғалиев Аслан, инженер гидрометрлер – Мадибаева Жадыра, Шаймұран Мария, Қыстаубаева Гүлмира, Сабидолла Амангүл, Аманбаева Рабиға сынды бір топ жас мамандар жұмысқа қабылданып, мол тәжірбиелі мамандар мен бірлесіп жұмыс атқарып, тәжірбие жинауда.
Бүгінгі таңда «ҚАЗСУШАР» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалы мен «Көксуирригация»МКК ұжымдары бірлесіп аудан еңбекшілеріне тоқтаусыз егістік алқаптарына су жеткізіп беру үшін қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуде.
