Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өндірістік технологиялық практика211.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Арматура бұйымдарының түрлері.

Сурет 3,6. Арматуралық сымды бұйымдар:

а- сымды қанаттар; б- пакеттер; в- шоқтар:

Арматуралардың тоғысу аймақтары. Дайындау орнына байланысты тоғысу аймақтары зауыдтық және монтаждық болып бөлінеді.

Сурет 3,7. Кернеуленбейтін арматураның тоғысу аймақтары

Арматура түріне және дайындалу түріне байланысты тоғысу аймақтары келесідей бөлінеді:

  • Контактті(сурет 3,7 а);

  • Доғалық ванналарда (сурет 3,7 б);

  • Накладкалары бар (сурет 3,7 в,г);

  • Үстінен (сурет 3,7 д,е);

  • Таврлы (сурет 3,7 ж);

  • Контактті – нүктелі (сурет 3,7 з);

Арматура мен бетонның сіресуі ТБ-ң ең маңызды шарты. Арматура мен бетонның берік сіресуі келесі үш фактормен жүзеге асады:

  • Арматураның кедір-бұдыр беті бетонмен жақсы тіркеседі (3,8 сурет )

  • Бетонның отыру кезінде арматура беті мен бетон беті арасында үйкелістің күшеюі арқасында;

  • Арматура беті мен бетон бетінің желімденуі арқасында, цемент коллойдты массаның тұтқырлығы салдарынан.

Тіркесу күші ұлғаяды - бетон классының көтерілуімен,су-цемент қатынасының төмендеуімен, бетон жасының ұлғаюымен жәнекедір-бұдырлықтың көбеюімен.

Сурет 3,8. Арматура мен бетонның тіркесуі;

Арматура мен бетон тіркесу кернеуі ұзындығы бойынша біркелкі болмайды, ең көп ернеу τc max анкеровканың ұзындығына Lan байланысты емес болып келеді. Тіркесудің кернеуінің орташа мәні сырықтағы күш N-ң кірген сырықтың ауданына (u – қима периметрі) бөлгенге тең

τс=N/(Lanu)

зависит от длины анкеровки Lan. Среднее напряжение сцепления определяют как частное от деления усилия в стержне N на площадь заделки (u – периметр сечения).

Бетондағы арматураның анкеровкасы деп арматураның шеттерін бетон ішінде немесе сыртында бекітуін айтамыз. Анкеровка сіресу күші арқылы немесе арнайы анкерлі құрылғылармен жүзеге асады.

Кернелмейтін ауыспалы қималы арматураны элементтің бойлық өсіне нормальді қиманың арғы жағына салады. Бұл жерде толық есептік кедергі анкеровка аймағының толық ұзындығымен ескеріледі:

Lan=(ωanRs/Rb+Δλan)d

(1.8)

Мұнда,

Δλan – қор коэффициенті;

ωan –СНиП 2.03.01-84* бойынша жұмыс жағдайын ескеретін коэффициент;

Rs – бетонның өстік қысуға кедергісі;

d – сырық диаметрі.

ТБ коррозиясы деп конструкцияның уақыт өтуімен зиянды ортаның әсерінен болатын бұзылуды айтады. Арматура коррозиясы бетон коррозиясымен бірге немесе жеке жүруі мүмкін. Коррозия нәтижесі тот болып саналады, ол арматурадан бөлініп радиалды қысымды жоғарлатады, нәтижесінде бетонның қорғау қабаты ажырап түсіп қалады. Ашылған арматура одан сайын тот басып конструкцияны апатты жағдайға апарады.

Коррозияны болдырмау үшін келесідей шараларды қолданады: қорғау қабатын үлкейтеді және тығыздығын жоғарлатады; сульфатқа төзімді цементті қолданады; полимербетон қолданумен; бетін қаптаумен және сырлаумен.

Бетонның қорғау қабаты. ТБК-да арматураны сыртқы беттен белгілі бір қашықтықта орналастырады, сыртында қорғау қабаты түзілуі үшін.

Қорғау қабатын қабылдаған кезде конструкция түрін және өлшемін еске алады, эксплуатация түрін, арматура диаметрін және мақсатын да еске алады.

  • 100мм аса тақталарда және қабырғаларда, 250мм-ге дейін арқалықтарда 15мм-ден кем болмауы керек;

  • 250мм-ден биік және бағандарда 20мм-ден кем болмауы керек;

  • Арқалық пен бағанның қамыттары және көлденең сырықтары үшін, егер элемент биіктігі 250мм-ден төмен болғанда 10мм-ден кем болмауы керек;

  • Дәл осы 250мм-ден көп болғанда 15мм-ден кем болмауы керек;

Кернелмейтін бойлық арматураның бүйірге дейін арақашықтығы 10-20мм болуы керек. Зиянды ортада 10-20мм-ге ұлғаюы керек.

2.5.Монтаждау, құрастыру жұмыстары.

2.5.1.Құрылыс нысанына бұйымдармен конструкцияларды жеткізу мен жинауды үйрену.

2.5.2.Монтаждау және құрастыру жұмыстарының технологиясы, бекітулерді орнатумен танысу.

2.5.3.Монтаждауға қолданылатын машиналар, құралдар және жабдықтармен танысу.

Құрастыру жұмысының өндірісі

Бір қабатты ғимараттар белгілі технологиялық ретімен салынады, осыған орай технологиялық жабдықтарды орнату негізінде 3 үлгі бойынша ұйымдастырылады:

1.Ғимараттар мен үймәреттердің жер үсті құрылысы басталмай тұрып

2.Құрылыс құрастыру жұмыстары мен бірге қатар орналастыру

3.Ғимараттар мен үймәреттер толық біткен соң орнату

Құрастыру жұмыстарын нәтижелі жүзеге асыру үшін оны басқа жұмыстар мен ұштастырып, тасқынды әдіс қолдану керек ( шатырды жабу, тазалық техникалық, электротехникалық, технологиялық жабдықтарды орнату, еден салу, әрлеу жұмыстары).

Құрылыс конструкциясын құрастыру орнына жеткізілуіне байланысты қоймадан және көлік үстінен болып 2 бөлінеді .

Көлік үстінен құрастыру әдісі алдын ала дайындалған график бойынша жүзеге асырылады. Бір қабатты өнеркәсіптік үймәреттерді құрастыру 3 әдіспен жүргізіледі:

1.Диференциалдық – элементтерді жеке – жеке , бөлек құрастыру;

2.Кешенді – құрастыру жұмыстары қатар жүргізіледі, бір немесе бірнеше шеттес ұяшықтарда жүргізіледі;

3. Құрастырылған- жоғарыда аталған 2 әдіс бірге қолданылады;

Құрастыру кезінде кран элементтерді өзіне қарай орнатады. Ғимараттардың бұрыштарына және баспалдақ торларына қойылатын элементтерді ерекше дәлдікпен орнату қажет.

Құрастырмалы элементтердің біріктірілген спецификациясы

№

Элементтердің аты және маркасы

Элементтің сыртқы көрінісі

Элементтің өлшемі мм

Элем/ң саны данасы

Барлық элем/ң

салмағы

т

a

b

h

1

Қабырға майда блок

3.9

1.9

1.8

140

336

2

Көп қуысты қабат аралық жабын

6

1,5

0,22

200

712

3

Көпқуысты төбе жабын

6

1,5

0,22

100

356

4

Ұстын

6

6

3,3

124

265

5

Баспалдақ

1,35

3

1,5

30

328