- •Мазмұны
- •1 Бөлім Құрылыс мекемесінің (кәсіпорынның) құрылымы және өндірістік базасымен танысу.Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру.
- •1.2. Кәсіпорынның басқару құрылымымен және шаруашылық қызметімен танысу. Кәсіпорынның материалдық техникалық базасымен танысу.
- •1.3.Кәсіпорынның құрылыс нысандарымен танысу.
- •Көксу ауданы магистыралды каналдар қазіргі жағыдайы және жасалтын жұмыстар
- •2 Бөлім. Жұмыс орнында жұмысты жүргізудің технологиясын үйрену.
- •2.1 Тақ. Жер жұмыстары.
- •2.1.1 Тақ. Топырақты қолмен және жер қазу машиналарын қолданып өңдеу технологисын үйрену.
- •2.1.2.Жер жұмыстарын орындауға қолданылатын жабдықтар мен машиналар,олардың маркалары,техникалық параметрлері,өнімділігі. Қауіпсіздік техникасы.
- •Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік.
- •Бетон қоспасын дайындау және тасымалдау
- •Бетон қоспасын төсеу және тығыздау
- •Дайын темірбетон бұйымдарымен конструкцияларды қабылдау.
- •Қалып орнатуға қажет құрал, сайман жабдық және аспаптар
- •Арматура бұйымдарының түрлері.
- •Тасымалдау және құрастыру жұмыстары
- •Конструкцияларды көтеру, орнату, уақытша бекіту
- •Конструкциялардың ұштасу жігін, түйіспелерін жауып бекіту
- •Көп қабатты ірі панельді қаңқасыз және қаңқалы үйлерді құрастыру
- •2.5.4.Бетоншы, ағаш ұсташы, сымтемірші, құрастырушы, сылақшылардың жұмыс орнында жұмыс істеу.
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •1. Хамзин с. Қ. Үймәреттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық.Алматы,: «Білім», 1994;
- •2.Хамзин с. Қ. Жанаев а. Б. Құрылыс өндірісінің технологиясы. Курстық және дипломдық жобалау. Оқу құралы. Алматы, «Полиграфия», 1995
1 Бөлім Құрылыс мекемесінің (кәсіпорынның) құрылымы және өндірістік базасымен танысу.Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру.
1.1.Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алу (су шаруашылығы нысандарында жұмыс жүргізгенде, құрылыс машиналарын пайдаланғанда, электр жабдықтарын қолданғанда сақталатын қауіпсіздік ережелері).
Әр мекеменің атқаратын қызметіне байланысты техника қауіпсіздігі болады. Көксу өндірістік учаскесінің техника қауіпсіздік ережелері бар және оны қатаң түрде сақтайды. Мен өндірістік практикаға барған күні техника қауіпсіздігімен Е.Қ. және Т.Қ. маманы Тустикбекова Шынар таныстырды.
Еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - экономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар.
Еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасалған еңбек жағдайлары.
Жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім.
Жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері;
Қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер.
Өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар.
Өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдай-ларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет.
Біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі.
Ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары.
Еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені.
Еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу.
Машина механизмдер мен технологиялық жабдықтарды жобалау, жасау кезінде, айтылған машиналар мен жұмыс істеп, қызмет көрсететін адамдардың қауіпсіздігін ойлауға қойылатын талаптарды және айтылған құрылғылардың сенімділігі мен оларды қауіпсіз пайдалану талаптарын ескеру қажет.
Сондықтан, қандай да болмасын жабдық жобалау, одан әрі пайдалану кезінде қауіпсіздік сұрақтары бойынша сараптамадан өтуі қажет.
Құрылғыларды ойластыру әзірлеме, келісілу,сараптау және жобалық- сметалық құжаттарын бекіту «05.04.2015» Санитарлық норма және тәртіпке « және 22782. СН» Типтік жобалау нұсқауларына сәйкес орындалады. Сонымен қатар құрал-жабдықтың істен шығу, жарақат, кәсіби ауыру тудыру себебтерін анықтап, оған қарсы қауіпсіздік шарттары ойластырылып, ережелер дайындалынып, тиісті қауіпсіздік көрсеткіштері, олардың мәндері белгіленеді.
Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жалпы басшылық оның басшысына (жұмыс берушіге) жүктеледі.
Адам саны елу қызметкерден асатын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады. Егер жұмыс істейтіндердің саны елу қызметкерден аспайтын болса жұмыс беруші, осы ұйымның қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымын енгізу туралы шешім қабылдайды не еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндеттер басқа маманға қоса жүктеледі. Қызметкерлерінің саны елуден артық ұйымдарда, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес жабдықталған еңбекті қорғау жөніндегі кабинеттерге арналған үй-жайлар бөлінеді.
Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша қызметкерлерді оқытуды нұсқау беруді, жұмыс беруші және Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте және мерзімде өз есебінен жүргізеді.
1) берілген жұмыс орнындағы, өндірістік учаскедегі, технологиялық процесс пен жабдықтар туралы жалпы мәліметтер, негізгі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, шудың шектік рұқсат етілген шоғырлануы (бұдан әрі-ШРШ) мен деңгейлері; 2) жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыру және күтіп ұстау, машинаның, тетіктің, аспаптардың қауіпті аймақтары; жабдықтың қауіпсіздік құралдары (сақтық, тежегіш құрылғылары, қоршаулар, жауып тастау және сигнал беру жүйелері, қауіпсіздік белгілері); электр зардабының алдын алу бойынша талаптар; 3) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі Техникалық пайдалану ережесінің (бұдан әрі - ТПЕ) және Техника қауіпсіздігі ережесінің (бұдан әрі - ТҚЕ) талаптарына сәйкес (жабдықты, іске қосу аппаратурасын, құрал мен тетіктердің, жерлестіру бұғаттауларының және қорғану құралдарының жарамдылығын тексеру) жұмысқа дайындалу тәртібі; 4) жұмыстың қауіпсіз амалдары мен әдістері, қауіпті жағдай туындаған кездегі іс-әрекет; 5) жұмыс орнындағы ЖҚҚ және оларды пайдалану ережелері; 6) учаске аумағында жұмыс істейтіндердің қауіпсіз қозғалысының сұлбасы; 7) көлік және жүк көтергіш құралдары мен тетіктері, тиеу-түсіру жұмыстары мен жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары; 8) авариялардың, жарылыстардың, өрттердің, өндірістік зардап шегу оқиғаларының, кәсіби аурулар мен уланулардың өздеріне тән себептері; 9) авариялардың, жарылыстардың, өрттердің алдын алу шаралары, авария, жарылыс, өрт кезіндегі іс-әрекеттер, учаскедегі өрт сөндіру, аварияға қарсы қорғану және сигнал беру құралдарын қолдану тәсілдері, олардың орналасқан жері.
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды әрбір қызметкермен жеке, еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін көрнекі түрде көрсету арқылы жүргізеді. Қызметкерлердің барлығы жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудан кейін бірінші екі-бес ауысым бойы (жұмыстың түріне, қызметкерлердің біліктілігіне байланысты) жұмыстың қауіпсіз тәсілдері дағдыларын игеру үшін, тәжірибелі қызметкерлерге бекітіледі, содан кейін осы учаскенің басшысы, жаңадан келген қызметкердің жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін игергеніне көз жеткізіп, оны өз бетінше жұмысқа жіберу рұқсатын ресімдейді.
Қайталама нұсқау бірыңғай үлгідегі жабдықпен қызмет ететін қызметкерлермен жеке немесе қызметкерлердің тобымен және де жалпы жұмыс орны шегінде жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың бағдарламасы бойынша толық көлемде өткізіледі.
1) қолданысқа еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша стандарттарды, ережелерді, нұсқаулықтарды жаңадан енгізген немесе қолданылып жүргендеріне өзгерістер енгізген кезде; 2) технологиялық пр оцесс өзгерген, жабдық, тетіктер мен құрал, бастапқы шикізат, материалдар және еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін басқа факторлар ауысқан немесе жаңғыртылған кезде; 3) қызметкерлер еңбек қауіпсіздігі талаптарын, зардап шегуге, кәсіби ауруға, улануға, аварияға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан бұзушылықтар жасаған кезде; 4) еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының талабы бойынша; 5) жұмыстағы үзілістер кезінде: еңбек қауіпсіздігінің қосымша (жоғары) талаптары қойылатын жұмыстар үшін - отыз күнтізбелік күннен астам, ал басқа жұмыстар үшін - алпыс күн.
