Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өндірістік технологиялық практика211.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.3 Mб
Скачать

Мазмұны

Тақырыптар

  1. 1 бөлім. Құрылыс мекемесінің (кәсіпорынның) құрылыы және өндірістік базасымен танысу. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау алу.

  2. 1.1 тақ. Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алу (су шаруашылық нысандарында жұмыс жүргізгенде, құрылыс машиналарын пайдаланғанда, электр жабдықтарын қолданғанда сақталатын қауіпсіздік ережелері). Кәсіпорынның басқару құрылымымен және шаруашылқ қызметімен танысу.

  3. 1.2 тақ. Кәсіпорынның материалдық базасымен танысу.

  4. 1.3 тақ. Кәсіпорынның құрылыс нысандарымен танысу.

  5. 2 бөлім. Жұмыс орнында жұмысты жүргізу технологиясын үйрену.

  6. 2.1.1 тақ. Топырақты қолмен және жер қазу машиналарын қолданып өндеу технологиясын үйрену (өсімдік қабатын кесіп алу, қазаншұңқыр, ор қазу, канал трассасын тарту және т.б)

  7. 2.1.2 тақ. Жер жұмыстарын орындауға қолданылатын жабдықтар мен машиналар, олардын маркалары, техника параметрлері, өнімділігі. Қауіпсіздік техникасы .

  8. 2.2 тақ. Бетон және темірбетон жұмыстары.

  9. 2.2.1 тақ. Бетон қоспасын дайындау технологиясы бетон торабы. Бетонды төсеуге дайындау. Қауіпсіздік техникасы ережелері.

  10. 2.2.2 тақ. Бетон қоспасын төсеу және тығыздау. Бетонды күту.

  11. 2.2.3 тақ. Бетон жұмыстарын орындауға қолданылатын машиналар және құралдар (бетон араластырғыш, бетон тасымалдайтын машиналар.)

  12. 2.2.4 тақ. Дайын темірбетон бұйымдарымен конструкцияларды қабылдау. Қауіпсіздік техникасы ережелері.

  13. 2.3 тақ. Қалып жұмыстары.

  14. 2.3.1 тақ. Қалып түрлері. Қалыпты орнату.

  15. 2.3.2 тақ. Қалып орнатуға қажет құрал-сайман, жабдық және аспаптар.

  16. 2.4 тақ. Арматура жұмыстары.

  17. 2.4.1 тақ. Арматураның негізгі түрлері, арматура цехімен танысу.

  18. 2.4.2 тақ. Арматура бұйымдарын дайындау технологиясымен танысу.

  19. 2.4.3 тақ. Арматура жұмыстарын орындағандағы қауіпсіздік ережелері.

  20. 2.5 тақ. Монтаждау, құрастыру жұмыстары.

  21. 2.5.1 тақ. Құрылыс нысанына бұйымдармен конструкцияларды жеткізумен жинауды үйрену.

  22. 2.5.2 тақ. Монтаждау және құрастыру жұмыстарының технологиясы, бекітулерді орнатумен танысу.

  23. 2.5.3 тақ. Монтаждауға қолданылатын машиналар, құралдар және жабдықтармен танысу.

  24. 2.5.4 тақ. Бетоншы, ағаш ұсташы, сымтемірші, құрастырушы, сылақшылардың жұмыс орнында жұмыс істеуі.

  25. Қорытынды.

  26. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Мемлекетіміздің экономикасын өркендетудің бағдарламасын жедел іске асыру, материалдық өндірістің барлық саласының дамуы, халық шаруашылығының белгілі нәтижеге жетуі күрделі құрылыстың қарқыны мен саласына байланысты.

Қазіргі кезде елімізде көптеген мемлекеттің әр түрлі кәсіпорындарының салынуына құрылысшылардың қосып отырған үлесі зор. Құрылысқа республикамыздың жыл сайын өте мол қаржы жұмсалып келеді. Бұл қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрлымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып, игеру керек. Құрылыс мерзімін елеулі қысқартып, құнын кеміті - құрылысшылар алдына қойып отырған маңызды міндет.

Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу үшін күрделі қаржыны, шикізат және еңбек шығындарын азайту, индустрияландыру дәрежесін арттыру, құрылысты жоспарлау мен ұйымдастыруды жақсарту, құрылыс өндірісі технологиясын жетілдіру қажет.

Аталған талаптарды іске асыруда құрылыс мамандарын әзерлейтін оқу орындардың үлесі мол. Бүгінгі күнде оқу орындардың алына қойылған жауапты міндет – білікті мамандар даярлау. Қазіргі кезде барлық оқу орындары жаңа, сапалы оқу жоспарлары мен бағдарлама арқылы мамандар даярлау жолына көшуде. Бұл салада құрылысшы мамандығын даярлау бағдарламасына көптеген өзгерістер енгізілген. Мысалы, « Құрылыс өндірісінің ұйымдастырылуы мен технологиясы » пәнінің мазмұнына көп өзгерістер енгізіп, курстық жобаға көп көніл аударылған. Студенттер аталған пәнді меңгеру үшін әр түрлі тақырыпқа курстық жоба жасауға міндетті. Мысалы, оқылған пәннің тақырыптарына байланысты өндірістік практикада жер жұмыстары, тас қалау, тұтас құймалы бетон және темір- бетон құю, металл құрылымдары мен бөлшектерді құрастыру жұмытарына жасалады.