- •Докторанттарға арналған пәннің бағдарламасы (Силлабус)
- •1 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •2 Пән туралы мәлімет:
- •Сабақ уақытын і семестр бойынша бөлу
- •3 Курстың пререквезиттері
- •4 Курстың постреквезиттері
- •5 Курстың сипаттамасы:
- •6 Курстың мазмұны
- •6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •6.2 Зертханалық-тәжірибелік сабақтарының тізбесі
- •7 «Жануарлардың зооантропоноздық вирустық инфекциялары» пәні бойынша дөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8 Әдебиеттер тізімі
- •8.1 Негізгі әдебиеттер
- •8.2 Қосымша әдебиеттер
- •9 Курстың саясаты
- •10 Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11 Бағалау саясаты
- •Пән бойынша білімді бағалау сұлбасы
3 Курстың пререквезиттері
«Жануарлардың зооантропоноздық вирустық инфекциялары» курсын игеру Індеттану және инфекциялық аурулар, вирусология, жануарлар патологиясы, індеттік процесс және індеттанулық зерттеу, зооантропонозды ауруларды алдын алу және күрес шараларын білуге негізделеді.
4 Курстың постреквезиттері
Бұл пән бойынша алған теориялық және тәжірибелік білімдері, докторантқа жоғары ғылыми-тәжірибелік деңгейде, зооантропоноздық вирустық инфекциялары дауалау және олармен күресуге мүмкіндік береді.
5 Курстың сипаттамасы:
Мақсаты: Адамға және жануарларға қауіпті болып саналатын зооантропонозды вирустық инфекцияларды дауалау және күресу шараларын оқыту.
Мазмұны: Қазақстан Республикасында зооантропоноздық вирустық инфекциялардың таралуы. Қазақстан Республикасында зооантропоноздық вирустық инфекцияларды дауалау және олармен күресу стратегиясы. Дауалау шараларын ұйымдастыру. зооантропоноздық вирустық инфекцияларды туындағын кезде олармен күресу шараларын ұйымдастыру. Адам мен жануарлардың вирустық экзотикалық ауруларын дауалау және олармен күресу шаралары. Зооантропоноздық вирустық инфекцияларды жою шараларының жоспарын әзірлеу.
Пәнді игеріп болғаннан кейін докторанттар нені білулері қажет:
Зооантропоноздық вирустық инфекциялардың пайда болу және таралу себептерін анықтау, диагноз қою, ауру жануарларды емдеу саласында қолдану шеберлігін көрсету. Індеттанулық зерттеуді жүргізу, вирустық инфекциялармен ауырған жануарларды емдеу, дауалау және індетке қарсы шараларды жоспарлау кездерінде алған білімді қолдану, ветеринариялық шараларды жүргізу кезінде туындаған мәселелерді түсіну және шешу, індетке қарсы шаралар жүйесін әзірлеу, іске асыру және түзету. Зооантропоноздық вирустық инфекциялардың алдын алу және олармен күресудің жаңа, заманауи әдістері мен тәсілдерін өндіріске енгізу арқылы білімді интеграциялау. Мамандарға және маман еместерге тұрғындар арасында, адам денсаулығын вирустық инфекциялардан қорғау туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу арқылы айқын және ашық хабарлау.
Білуі және түсінуі (Дескриптор А):
- инфекциялық аурулардың классификациясы және номенклатурасы;
- өндірістік және зерттеулік мәселелерді шешуге қажетті көлемде, пәннің жалпытеориялық негіздерін;
- дезинфекциялағыш, дезинсекциялағыш және дератизациялағыш заттарды және дезинфекцияда қолданылатын техниканы;
- індетке қарсы шаралардың жүйелерін, инфекциялық ауруларды балау тәсілдерін, жалпы және арнайы індетке қарсы шараларды.
Жасай алуы (Дескриптор В):
- жануарлардың ауруға шалдығу себептерін анықтауды, диагноз қоюды, оның ішінде аллергиялық және клиникалық зерттеулерді жүргізе білу, өлген жануарларды жарып-сойып, паталогоанатомиялық диагноз қоюды және патологиялық материалды ветеринариялық зертханаға жіберуді;
- індеттанулық зерттеудің негізігі әдістерін қолдануды;
- дезинфекциялық техникан қолдануды және дезинфекцияның сапасына бақылау жүргізуді;
- дауалау, емдеу, сауықтыру және індетке қарсы шаралардың жоспарларын құрастыруды;
- тұрғындар арасында, адам денсаулығын инфекциялық аурулардан қорғау туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді.
Ие болуы (Дескриптор С, D, Е ):
- індеттану және инфекциялық аурулар теориясының саласындағы ұғымдық-терминологиялық аппаратпен;
- инфекциялық аурумен ауру жануарларға диагноз қою, оларды емдеу икемдеріне.
Тәжірибелік икемдерге иеленуі (Дескриптор С, D, Е) инфекциялық аурумен ауырған жануарлармен қауіпсіз жұмыс істеу, жануарларды вакциналау, зертханалық зерттеулер үшін патологиялық материалдарды алу, инфекциялық ауруларға аллергиялық зерттеулер жүргізу, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын жүргізу.
