Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б БА КАЗ толы нсасы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.94 Кб
Скачать

2. Созылмалы пиелонефритке тән симптомокомплекс:

  1. Жалпы iсiну, гипертензия, протеинурия

B. Аздаған iсiну, протеинурия, микрогематурия

C. гипертензия, iсiну, микрогематурия

D. Iштегi ауырсыну, лейкоцитурия, бактериурия,қабақтын iсiну

E. Қабақтың iсiнуi, iштегi ауырсыну, дизурия, микрогематурия

3 14 жасар қыз балаға үйге дәрігер шақырылды. Дене температурасының жағарылауына, іштегі өткір ауру сезіміне, құсуына шағымданады. Объективті: Шоффар аймағында ,оң жақ қабырға астында ауырғандық, бұлшық ет дефансы. Ортнер, Кера симптомдары оң. Холецистит диагнозы қойылған. Емдеу тактикасы қандай? (2)

  1. спазмолитик

  2. Нитрофурандар

  3. эубиотиктер

  4. антигистаминды препараттар

  5. өт айдағыш препараттар

  6. антибиотиктер

  7. гипертензивті препараттар

  8. антипиретиктер

4.Өт жолдарының гипотониялық дискинезиясына тән:

А оң жақ қабырға астында тұракты сыздап ауырсыну

B.кiндiк маңындағы сыздап ауырсыну

C. Iштiң жоғарғы бөлiгiнде қысқа уақытты толғақ тәрiздi ауырсыну

D.іштегі тесіп ауырғандық

E.қанжар сұққандай ауырсыну

5. ОДА аймағында созылмалы панкреатиті бар балалардың реабилитациясына кiредi:

А Ферментотерапия , №5диета жылына 1-2 реттен

B. санаторлы-курортты ем

C. №1 диета жылына 3-4 рет

D. Өт айдайтын препараттар

E. Антибактериальды терапия, курсы жылына 2-3 рет

6. Хеликобактериоз диагностикасының тиімді әдiсі:

  1. ПЦР әдiсiмен сiлекейде микробты табу

B. биоптатпен бiрге уреазалық тес,т оң мәндi болса

B биоптаттан пилорикалық хеликобактердiң таза культурасын бөлу

D. клинико-эндоскопиялық әдiс

E.копрология

7. Гастритте нәтижелi зерттеу болып табылады:

  1. Рентгеноконтрастты зерттеу

B. эндоскопия биопсиямен

  1. Iш қуысын УДЗ ге түсiру

D. ирригодиагностика

E. копрограмма

8. Балаларда іштің ауыруын шақыратын кері әсері бар препараттар:

  1. Антибиотиктер (эритромицин)

  2. Кофеин

  3. Спазмолитиктер

  4. Темір препараттары

  5. Абсорбенттер

  6. Пробиотиктер

  7. Минеральды сулар

  8. Айран

9. 12-елi iшек жара ауруында инфекциялық фактор болып табылады:

  1. энтеровирустар

B. клебсиеллалар

  1. хеликобактер

D. «көк iрiң таяқшасы»

E. эшерихия

10. Асказан жарасы немесе 12- елi iшектi бос iш куысына тескенде тан ерте симптом болып табылады :

  1. «қанжар сұққандай » iштегi ауырғандық

B. көп реттi құсу

  1. Жоғары қызба

D. «тақтай тәрiздi» iш

E. Бауыр тұйықталған

1 есеп.

Науқас бала М, 8 жаста, төс артындағы ауырсынуға, аузына ащы дәмнің келуіне, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. 2 жыл бойына ауырады. Ем дәмінің өзгеруіне байланысты соңғы 2 күн бойы ауырсыну күшейген (торт, салат жеген). Бір реттік құсу болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тәбеті төмендеген. Тері жамылғылары бозғылт, таза, склерасы айқын жиекті субэктерияланған. Ісік жоқ. Тынысы везикулярлы. Жүрек тондары тынықталған, ритмді. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында, Кэр нүктесінде пальпацияда ауырсыну бар . Тілі қалың сұр түсті жабындымен жабылған. Үлкен дәреті тұрақсыз.

Гемограммада: гемоглобин 138 г/л, эритроциттер 4,5х1012/л, тромбоциттер 285х109/л, лейкоциттер 9,1х109/л, эозинофилдер 3%, нейтрофилдер 62%, лимфоциттер 29%, моноциттер 6%, ЭТЖ 15 мм/час.

Жалпы эәр анализі: ақуыз – іздері, лейкоциттер 3-4, эритроциттер – 0-1 көру алаңында, тұздар – оксалаттар - +. Зәр себіндісі: E. coli -103/ 1 мл.

1. Негізгі синдромдарды бөліп алыңыз. Алдыңғысын көрсетіңіз.

2. Негізгі және қосымша диагнозды құрыңыз. Ажырату диагнозын жүргізіңіз.

3. Лабораториялық зерттеулердің нәтижелерін бағалаңыз.

4. Косымша тексерулердің жоспарын құрыңыз.

5. Ем тағайындап, диспансерлік бақылаудың жоспарын құрыңыз.

2 есеп.

12 жастағы бала , соңғы жылдары эпигастрий аймағының ауырсынуы мазалайды, ащы , қуырылған, көп мөлшерде тағам, газдалған су ішкен соң мазалайды. Сирек төс артының ауруы және бөлікті тамақтарды жұту қиындығы сезімі бар. Қыжылдау,кекіру байқалады. Тамақ арасында ұзақ уақыт үзіліс болғанда ауырсынады.

Баланың анасы (38 жаста) - гастрит;әкесі (40 жаста) - гастродуоденит;атасы (шешесі жағынан ) – өңеш рагі мен ауырады.

Бала 5 айға дейін табиғи тамақтанған. 4 жасқа дейін цитрустарға бөртпе түрінде аллергия болған. Ауыр атлетика - штанга көтерумен айналыса бастаған.

Қарау:бойы 160 см, салмағы 50 кD. Тері , араны, жүрек- өкпе жүйесі – патологиясыз. Іші ұлғаймаған, жумсақ, терең пальпацияда семсер тәрізді өсінді астында аз мөлшерде қыжылдау және ауырсыну, пилородуоденальды аймақта ауырсыну анықталады. Бауыры қабырға доғасының бойында , ауырсынусыз. Үлкен дәреті ретті, қалыптасқан.

Гемограмма: гемоглобин 136 г/л; ТК 0,92, эритроциттер 4,4х1012/л, лейкоциттер 7,2х109/л, таяқша ядролы 3%, сегмент ядролы 54%, эозинофилдер 3%, лимфоциттер 32%, моноциттер 8%, ЭТЖ 7 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: түсі- ақшыл-сары, мөлдір, рН 6,0, меншікті салмағы 1023, белок - жоқ, қант – жоқ, эпителиальды клетка – аз мөлшерде, лейкоциттер 1-2 көру алаңы.

Биохимиялық қан анализі: жалпы белок 76 г/л, альбуминдер 56%, глобулиндер: альфа1 5%, альфа2 10%, бета 12%, гамма 18%, АлАТ 30 бірлік/л, АсАТ 28 бірлік/л, СФ 78 бірлік/л (қалыпты 70-140), амилаза 60 бірлік/л (қалыпты 10-120), тимол сынамасы 3 бірлік., жалпы билирубин 15 мкмоль/л, байланысқан 4 мкмоль/л, темір 16 мкмоль/л.

Жасырын қанға нәжісті зерттеу реакциясы: теріс.

Эзофагогастродуоденоскопия: өңештің төменгі үштен бір бөлігінің аймағы гиперемияланған , ісінген, көлденең ішектің артқы қабырғасында “алауланған от”, типті гиперемиясы бар, артқы қабырғасында 0,3 см-ге дейінгі ірі эрозия бар,кардия толық жабылмайды, көкеттің өңештік тесігінен төмен орналасқан .Қарында өт бар, антральды бөлімнің кілегій гиперемияланған, орташа ісінген. 12-елі ішектің және постбульбарлық бөліктің кілегейі өзгермеген .

Іш қуысы мушелерінің УДЗ-і: бауыры улғаймаған, паренхимасы гомогенді, эхогендігі әдеттегідей. Өт қабы 52x30 мм, оның ішіндегі гомогенді , қабырғасының қалыңдығы 1 мм. Ұйқы безі ұлғаймаған, контуры тегіс, эхогендігі қалыпты.

3 электродты зондпен қуысішілік рН-метрия: өңештің төменгі 1/3 бөлігінде ашқарынға - рН 6,3, кезеңді қысқа уақытта 15-20 секунд 3,3-3,0 дейін төмендеген; Қарын денесінде рН 1,7, антрумда3,8; Гистаминнің 0,1% ерітіндісімен 0,008 мг/кг стимуляциялағаннан кейін - рН 6-6,5 , 30-40 секундтан кейін 2,8-3,3-ке дейін төмендеген; Денесінде - рН 1,3; антрумда 3,6. Helicobacter pylori –инфекцияға биопсиялық тест: теріс.

Сұрақтар:

1. Қосымша зерттеу әдістеріне баға беріңіз.

2. Балада қандай синдромдар анықталады?

3. Клиникалық диагноз құрастырыңыз, ажырату диагностикасы қай аурумен жүргізіледі

4. Науқасқа кешенді ем тағайындаңыз.

5. ЭГДС-мен бақылау мақсатында қайта тексеру керек пе, қай уақытта ?

Тақырып № 17 Сарғаю синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.

1. Төмендегілердің қайсысы Фетальды гепатитке тән бірден бір этиологиялық фактор бола алады? (3)

  1. Цитомегаловирус

  2. Микоплазма

  3. Менингококк

  4. Аскаридоз

  5. Токсоплазма

  6. Балантидиаз

  7. EBOV

  8. Гепатит вирусы

2. Клиникалық әйгіленімдердің қайсысы фетальды гепатитің белгісі болып табылады? (2)

  1. Сарғаю

  2. Дөрекі систолалық шу

  3. Іштегі жайсыздық

  4. Салмақ қосу

  5. Ұманың ісінуі

  6. Кекіру

  7. Күңгірт түсті зәр

  8. Іштің үлкеюі

3.Гепатитте ерте қолданатын диагностикалық әдіс:

  1. АСТ анықтау, тимол сынамасы

  2. Белокты анықтау, сиаловых киислот

  3. Белокты анықтау, зәрді анықтау

  4. Глюкоза мен холестеринді анықтау

  5. АЛТ анықтау, билирубин, өт қышқылы

4. Цитолитикалық синдром кезінде лабораториядағы көрсеткіш:

  1. Қан сары суында биллирубин жоғарлауы;

  2. АлАТ белсенділігінің жоғарлауы;

  3. АсАТ белсенділігінің жоғарлауы;

  4. Қан сарысуындағы альбуминнің төмендеуі.

  5. Тимол сынамасының жоғарлауы

5.Гепатит А сарғаю алды кезеңіндегі ерте синдромдар :

  1. астеновегетативті

  2. артралгиялық;

  3. диспепсиялық;

  4. кардиологиялық

  5. тұмау көрінісі.

6. Клиникалық хаттама бойынша Вирусты гепатит С кезіндегі бауырлық энцефалопатияның ауырлық дәрежесінің критериі, біреуінен басқасы:

  1. Сомноленттілік

  2. Сопор

  3. Кома

  4. Терең терминальды кома

Е. Шок

7. Гепатит В сарғаю алды кезеңіне неғұрлым тән синдром:

  1. диспепсиалық;

  2. артралгиялық;

  3. тұмау көрінісі;

  4. кардиалогиялық

  5. астеновегетативті.

8. Жаңа туылғандардың гемолитикалық ауруының сарғаюлық формасына тән клиникалық симптомдар: (2)

  1. Түссіз нәжіс

  2. Анемия

  3. Гидроперикард

  4. Терідегі геморрагия

  5. Сарғаю

  6. Жүрек шекараларының кеңеюі

  7. Тыныс алу бұзылыстары

  8. Анасарка

9.Айқын сарғаюдағы зәрдің түсі.

  1. механикалық сарғаю;

  2. гемолитикалық сарғаю;

  3. паренхиматозды сарғаю;

  4. физиологилық сарғаю;

  5. вирусты гепатит

10. ҚР-да қандай гепатитке қарсы Вакцинопрофилактика жүргізіледі:

А, В;

С, Д;

А, С;

В, Д.

Жүргізілмейді

1 жағдайлық есеп

14 жастағы қыз бала 6 ай бұрын пайда болған әлсіздік, диспепсиялық бұзылыстар, майда буындардағы ауырсыну, тері мен склерасының аздап сарғаюына шағымданып келді. Қарау кезінде тері жамылғысы мен склерасы субэктерияланған, буындары өзгеріссіз. Бауыры+2, Талағы +3 см қабырға доғасы жиегінен шығып тұр. Қан анализінде гипербилирубинемия, трансфераза активтілігінің жоғарылауы, диспротеинемия, біріңғай салалы бұлшықетке антиденелер табыды. HBs Ag, HBc Ag, HCV Ag – теріс. LgG қалыптыдан 3 есе көп, церулоплазмин деңгейі төмендемеген. Қандай диагноз жайында ойлай аламыз?

2 жағдайлық есеп

12 жасар қыз бала жоғары шаршағыштыққа, оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, бір жыл бойына құсудың болуына шағымданып келді. УДЗ жүргізілген. Өт шығару жолдарының дискинезиясы диагнозы қойылған. Өт айдағыш, ферменттер, фитотерапия қабылдаған, бірақ нәтиже болмаған. Соңғы 2-3 ай ішінде шағымы үдеп, әлсіздік пайда болған. Қарау кезінде : терісі құрғақ, сарығыш түсті, склералары субэктериялы, көзінің астында көгерулері бар, сұрақтарға жауап беруі солғын. Бауыры тығыз, оң жақ қабырға доғасынан 2,5 см шығыңқы. Өт қалтасы мен ұйқы безі проекцияларында пальпацияда ауырсыну бар. Талақ пальпацияланбайды. Трансаминаза қалыптыдан 2 есеге жоғарылаған, HbsAg оң мәнді. Осы жағдайда қандай диагноз жайында ойлай аламыз?

Тақырып № 18 Эндокринді синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.

1. 15 жастағы ер балада салқын тигізіп ауырғаннан кейін шөл, полиурия, жалпы әлсіздік пайда болды. Қандағы қант деңгейі 16 ммоль/л, зәрде 5%, зәрдегі ацетон оң. Науқастағы диабет түрі:

  1. инсулинге тәуелді қант диабеті (1 түрі)

  2. инсулинге тәуелді емес қант диабеті (2 түрі)

  3. инсулинге тәуелді емес қант диабеті (2түрі), инсулин қажетті

  4. жастарда 2 түрледі қант диабеті (MODY)

  5. екіншілік қант диабеті

2. Клиникалық хаттама бойынша кетоацидозды команы емдеуді неден бастаған жөн:

  1. строфантин мен натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі

  2. инсулин мен натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі

  3. кальций тұздары мен натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі

  4. норадреналин мен натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі

  5. калий тұздары мен натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі

3 Туа біткен гипотириозға күман туғызатын белгілер(2)

  1. Тері құрғақтығы, бұлшық ет гипотониясы, іш қатуға бейімділік

  2. Құрсақішілік дамуының тежелуімен шалатуылғандық

  3. Ұзаққа созылған сарғаю

  4. Тахикардия

  5. Микроцефалия

  6. Дене температурасының көтерілуі мен ентігу

  7. Гепатоспленомегалия

  8. Жүрек жетіспеушілігі

4 Инсулин секрециясының ең белсенді стимуляторы болып табылады:

  1. аминоқышқылдар

  2. свободные май қышқылдары

  3. глюкоза

  4. фруктоза

  5. электролиттер

5 Гипергликемиялық комаға тән кдинико-лаборатортялық көрсеткіштер: (3)

  1. Куссмауля тынысы

  2. Кетоацидоз

  3. Перифериялық ісінулер

  4. Бет және шырышты қабаттардың гиперемиясы

  5. Құсу

  6. Гиперкалиемия

  7. Қолдарының дірілі

  8. Глаукома

6 Бүйрекүсті безінің туа біткен дисфункциясы кезінде жүргізілуі тиіс зерттеу әдістері (2)

  1. Қандағы қант мөлшерін анықтау

  2. Көз түбін қарау

  3. Қан сарысуындағы холестеринді анықтау

  4. Қан сарысуындағы калий, натрий, хлор анықтау

  5. жыныстық хроматинді зерттеу

  6. Плазмадағы АКТГ мөлшерін тексеру

  7. дексаметазонмен сынама жүргізу

  8. Компьютерлік томография

7 Гипогликемияны шақырмайтын себептер:

  1. инсулиннің үлкен дозасы

  2. рационда нан бірліктері санының жеткіліксіздігі

  3. винсулин дозасының жеткіліксіздігі

  4. ішімдік ішу

  5. физикалық жүктеме

8 Қалыпты диффузды токсикалық зоб кезіндегі тиротропты горсон секрециясы:

  1. қалыпты

  2. басыңқы

  3. жоғары

  4. секрецияланбайды

  5. маңызы жоқ

9 Тиреотоксикоз және нейроциркуляторлық дистонияның ең мәліметті дифференциалды-

диагностикалық критерийі болып табылады:

  1. қалқанша безінің йоджұтқыш функциясы

  2. негізгі алмасудың көрсеткіштері

  3. ақуызбайланысты йод

  4. қандағы тийодтиронин және тироксин деңгейі

  5. қан құрамындағы холестерин

10. Біріншілік гипотиреоэ кезінде қанда табылады:

  1. ТТГ жоғары деңгейі

  2. ТТГ төмен деңгейі

  3. ТТГ қалыпты деңгейі

  4. ТТГ жоқ

  5. ТТГ зерттеудің диагностикалық маңызы жоқ

Тапсырма № 1

Катя Б. 6 летжаста, жалпы тәжірибе дәрігерінің қабылдауында. Бойы 130 см, салмағы 28 кг. Екіншілік жыныс белгілері: Р2, Ах0, Ма2, Me – 6 жастан.

Ауру анамнезі: 5 жасында мидың шайқалуы болған. Соңғы 6 ай бойы сүт бездеріің аздап ұлғаюы, кезеңді түрде қынаптан ұзаққа созылмайтын қанды бөліністер пайда болды.

Өмір анамнезі: қыз бала ағымы ерекшеліксіз өткен 1-нші жүктіліктен. Гестацияның 37 аптасындағы І мерзімінен бұрын босану. Туылған кезде дене салмағы 2800 г, ұзындығы 46 см. Ерте дамуы ерекшеліксіз. Егулері кестеге сәйкес.

Тексеру мәліметтері:

1. Қан сараптамасы: Нb 130 г/л, эр. 4,1×1012/л, лейк. 5,5×109/л, т/я 1%, с/я 52%; лимф. 41%, эоз. 1%, мон. 5%. ЭТЖ 4 мм/ч.

2. Зәр сараптамасы: түсі сары, тұнықтылығы тоық, салыстырмалы тығыздыңы 1015, реакция қышқыл, ақуыз – жоқ, қант – жоқ, ацетон – теріс

3. Қанны биохимиялық анализі: ақуыз 70,0 г/л, глюкоза 3,5 ммоль/л, холестерин 5,0 ммоль/л, натрий 140,0 ммоль/л.

Тапсырма:

1. Болжам диагнозды қойып,негіздеңіз.

2. Осы сырқаттың дамуына не себеп болды?

3. Баланың физикалық және жыныстық жетілуін бағалаңыз

4. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексерулер жүргізген дұрыс?

5. Терапия қандай препараттармен жүргізіледі және ұзақтығы қандай?

6. Диспансерлік бақылаудың негізгі бағыттары. Болжамы мен асқынулары.

Тапсырма № 2

8 жасар Настя полиурияға, әлсін-әлсін шаршауға, қарнының ашу сезіміне шағымданады. Беті қуқыл тартқан, бұлшық еттерінде айқын әлсіздік бар. Қанның биохимиялық анализінде: қант – 4,5 ммоль/л, қалдық азот – 4,8 ммоль/л. Жалпы зәр анализіндегі қант 1%. Болжам диагнозыңыз:

Тақырып № 19. Диарея синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.

1 Жедел ішек инфекцияларына қандай асқынулар тән?(2)

  1. Іріңді артирит

  2. Нейросенсорлы саңырлық

  3. Паралитикалықилеус

  4. Инфекция-токсикалық шок

  5. Пароксизмальды тахикардия

  6. Қыликөзділік

  7. Дизартрия

  8. Айқын бұлшықеттік әлсіздік

2. Оральды регидратация мынандай жағдайда тағайындалады:

A. І дәрежелі эксикоз

B. І дәрежелі эксикоз, ІІ дәрежелі эксикоз ішек парезімен бірге

C. ІІІ дәрежелі эксикоз

D. І дәрежелі экзикоз, ІІ дәрежілі эксикоз тоқтаусыз құсусыз

E. І дәрежелі эксикоз, ІІ дәрежелі эксикоз тоқтаусыз құсумен

3. Жедел дезинтерияның коллоидты түріндегі нәжіс:

A. көп мөлшерлі, сулы

B. күңгірт, жасыл реңмен және ащы иіспен

C. сұйық, іркілген, кілегейлі және қан талшықтарымен

D. сұйық, нәжісті, құрамында патологиясыз

E. сұйық, көп мөлшерлі қорытылмаған бөлшектермен

4. Дезинтерия кезінде көп зақымдалған, ішек-қарын трактісінің бөлігі:

A. қарын

B. 12 елі-ішек

C. аш ішек

D. соқыр ішек

E. сигма тәрізді және тік ішек

5. Инвазивті диареяға тән қоздырғыштарды атаңыз:(2)

  1. Шигелла

  2. Сальмонелла

  3. Аскаридоз

  4. Ротавирус

  5. Лямблия

  6. H.pylori

  7. Ботулотоксиндер

  8. Балантидиаз

6. Бір айлық нәрестеде үнемі жөтел, аралас ентігу, іштің үлкеюі, салмақта қалыс қалу, жиі көп мөлшерлі, ащы нәжіс, тік ішектің түсуі байқалады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

A. бронхоөкпелік дисплазия

B. Брутон ауруы

C. лактозды жеткіліксіздік

D. муковисцидоз

E. гемосидероз

7. Бала-бақшада бір мезгілде бірнеше бала ауырып қалды. Стационарға 1 жас 6 айлық науқас түсті. Түстенгеннен 3 сағаттан кейін балада қайталама құсу, 38,5С қызу, әлсіздік, терінің бозаруы, 4 рет сұйық нәжіс, лас-жасыл түсті кілегейлі “болотная тина” типті, көп мөлшерлі. Анус жабылған. Сіздің диагнозыңыз:

A. дизентерия

B. эшерихиоз

C. сальмонеллез

D. стафилококкты гастроэнтероколит

E. клебсиеллез

8. Тенезм генезін қандай патологиялық механизмін түсіндіреді:

A. ішек тамырларының зақымдалуы

B. ауэрбах талшықтарының бағаналарының зақымдалуы

C. ішек парезі

D. ішек некрозы

E. тегіс бұлшықетті талшықтардың ісінуі

9. Жедел диареяға тән келетін себепті көрсетіңіз: (3)

  1. Вирусты гастроэнтерит

  2. Серозды менингит

  3. Созылмалы панкреатит

  4. Лямблиоз

  5. Терминальды илеит

  6. Ұйқы безінің ферменттік жетіспеушілігі

  7. Ұзақ уақыт антибиотиктер қабылдау

  8. Қалқанша без аурулары

10. Науқас 10 жаста, дәрігерге аурудың екінші күнінде іштің толғақ тәрізді ауруы, әлсіздік, жүрек айну, күніне 10 реттен көп сұйық нәжіс, дефекацияның жалған шақыру шағымдарымен қаралды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, 38,4С қызу, көрнікті терінің бозаруы. Жүрек және өкпе жағынан патология жоқ. Сигма тәрізді ішек тығыз. Нәжіс калсыз, қанды-кілегейлі. Болжам диагноздың қайсысы көбіне сәйкес келеді?

A. ішек иерсиниозы

B. колиинфекция

C. ротовирусты инфекция

D. сальмонеллез

E. дизентерия

1 жағдайлық есеп

3 жасар тұрмыс жағдайы жақсы қыз бала жедел ауырған. Дене температурасы 38,0 С-қа жоғарылауына, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуына, үлкен дәретінің күніне 6 реттен көп болуына шағымданады. Келесі күні дәрігер қабылдауында әлсіз токсикоз, эксикоз белгілерінің, ішінің тартылуын, анус аймағының серпімділігін, үлкен дәретінде аздаған кілегей-ірің болуын байқаған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2 жағдайлық есеп

У ребенка 8,5 айлық балада бірнеше күн бұрын сұйық нәжіс, құсу болған. Жедел ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Жағдайы өте ауыр. Тері жамылғысы мәрмәр-көгілдір түсті, тургоры және эластикасы әлсіз дамыған. Бала бір нүктеге қадалған тәрізді кейіпте. Іші үрілген, перистальтикасы әлсіз. Дәл қазіргі сәтте қандай инфузионды ем жүргізуге болады?

Тақырып № 20. Іш қату синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.

1 Жалпы тәжірибелік дәрігерге 4 жасар баланы мамасы алып келді. Тәбетінің төмендеуіне, ішінің қатуына, желденуіне, жалпы мазасыздыққа шағымданады. Анамнезінде: бала бірінші жүктілік, бірінші босанудан. Өсіп дамуы жасына сай. Бір ай көлемінде балабақшаға барады. Тәрбиешілердің айтуынша нашар тамақтанады. Объективті: тері жамылғылары бозғылт. Мүшелері мен жүйелері бойынша ерекшеліксіз. Іші үрілген. Іштің құрылдауы естіледі. Пальпацияда ішектің төменгі проекцияларында аздаған ауырсыну байқалады. Анус айналасын қарағанда терісінің қызаруы байқалады. Сіздің тағайындауларыңыз: (3)

  1. Диета

  2. Осмотикалық іш жүргізетін препараттар

  3. Пребиотиктер

  4. Антибиотиктер

  5. Кератопластикалық майлар

  6. Сульфаниламидті препараттар

  7. Ферментті препараттар

  8. Дәрумендер

2. Іш қатудан кейін іш өту түрі қалай аталады

  1. экссудативті диарея

  2. жалған диарея

  3. осмотикалык диарея

  4. инфекциялық диарея

  5. обстипация

3 Ерте жастағы балалардың функциональды ішқатуларын емдеуде басты рөлді алатындар: (2)

  1. Дәрілік терапия

  2. Физиотерапия

  3. Дұрыс режим қалыптастыру

  4. Диетны коррекциялау

  5. Емдік физкультура

  6. Фитотерапия

  7. Дене шынықтыру

  8. Химиотерапия

4. Қандай дәрілік заттар іш қатудың себебіне әкелуі мүмкін

  1. Жостер ұрығы

  2. құрысуға қарсы препараттар

  3. С ганглиоблокаторлар

  4. Дферменттік препараттар

  5. Езәр айдайтын препараттар

5. Созылмалы функциональды ішқатуын емдеу шарасына енетіндер: (2)

  1. Аялаушы емдәм

  2. Кебек, итшомырт (крушина) препараттары, рауғаш (ревеня)

  3. Психотерапия,физиотерапия, емдік физкультура

  4. Газдалған сусындарды қолдану

  5. Қышқыл-сүт тағамдарын қолдану

  6. Фитотерапия

  7. Химиотерапия

  8. Витаминотерапия

6. Іш қатудың субкомпенсирленген сатысына тән емес:

  1. Өздігінен дәретке 1 рет 2-3 кун

  2. Іштегі ауырсыну

  3. метеоризм

  4. ішектен тыс бұзылыс

  5. диеталық коррекцияның жағымсыз әсері

7. Қандай препараттар іш қатуды шақырмайды :

  1. анальгетик - опиаттар

  2. антипаркинсонотикалық

  3. антидепрессанттар

  4. құрамында алюминий бар антацидтер

  5. антигистаминдер

8. Ішектің босауына әкелетін себептер

  1. тоқ ішектің ісігі

  2. қант диабеті

  3. Гиршпрунг ауруы

  4. Құрамында алюминий бар антацидтер

  5. дисахарозды жетіспеушілік

9. Гиршпрунг ауруы:

  1. тоқ ішектегі ісік

  2. тік ішек және сигма тәрізді ішектің интрамуральды ганглииде туа ақаулардың

жоқ болуы

  1. лактаза ферментінің жетіспеушілігі

  2. Тоқ ішектің интрамуральды ганглииде туа болған ақаулардың жоқ болуы

  3. феохромоцитома

10. 3айда бойы функционалдық іш қатудың Римдідиагностикалық критерийге келесі симптомдар критерий бола алмайды :

  1. Фрагменттік (“боботәрізді”, “қой құмалағы” ) және қатты нәжіс

  2. Керілу, ең томенгі жағдайда 25 % дефекация уақытына байланысты және зәр

массасының 35 г/тәул төмендеуі.

  1. Ішектің толық емес эвакуациясының сезінуі 4дефекациясының біреуінде ғана

кездесуі

  1. Аптасында 3 дефекациядан кем емес

Е. Аптасында 2- 3 дефекациядан кем емес

1 есеп

12 жастағы балада 4 күн бұрын ем дәмінің бұзылуына байланысты ішінің ауырғандығына, кекіруге шағымданып келді. Анамнезінен: туылғаннан аз салмақ қосқан, кішкентайынан тамақ қабылдауына байланыссыз ішінің ауыруы, кекіру, үлкен дәреті қатып қалуға бейім. Қарау кезінде: тілінің ұшы ақ жабындымен жамылған. Пальпацияда іші жұмсақ , пилородуоденальды аймақта ауырсыну бар, бұлшық ет қорғанысы анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 1 см төмен, аырсынусыз, эластикалы. Талақ пальпацияланбайды.

Тексеру мәліметтері:

1. Қан сарысуындағы амилазаның деңгейі: амилаза 287 Бір/л.

2. α-амилаза активтілігінің көрсеткіші: 1011 – 945 – 675 – 486 Бір/л (N до 447).

3. Панкреатикалық амилаза : 135 МЕ/л (N до 65).

4. Іш қуысы мүшелерінің УДЗ: бауыры ұлғаймаған, құрылысы біртекті, нормоэхогенді. Тамырлары мен өт жолдары өзгеріссіз. Ұйқы безі үлкейген, құйрық бөлігінде ісіңкі. Басы – 10,7 мм, денесі – 6,8 мм (физиологиялық қалыптан кіші), құйрығы – 15,7 мм. Пішіні анық, тегіс, құрылысы біркелкі емес, эхогенділігі құйрық бөлігінде төмендеген.

Тапсырма:

1. Болжам диагнозыңызды қойып, негіздеңіз.

2.Диагнозды қою үшін тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Медикаментозды терапия: топ препараттар, мөлшері, терапия курсының ұзақтыңы.

4. Осы сырқаттағы диетотерапияның ерекшелігі.

5.Мүмкін болатын асқынулар мен болжамы.

2 есеп

16 жастағы жасөспірім, жалпы тәжірибелік дәрігерге іш қуысындағы, түнгі мезгілдегі ауырғандыққа шағымданып келді.

Ауру анамнезі: бала күнінен іш қатуға бейім, үнемі ішінің ауырсынуына шағымданады, тамақтан бастартады. 3 жыл бойы – неврогенді анорексия. Осы уақыттан бері гастроэнтерологта бақыланады: Гастродуоденит, реактивті панкреатит, өт шығару жолдарының дискинезиясы, 12-елі ішектің дискинезиясы. Жүргізіліп жатқан терапияның әсері тұрақсыз. 5 жасында АІЖ барий ерітіндісімен рентгенологиялық тексеру жүргізілген: АІЖ дискинезиясы. 12 жасына дейін үнемі ішінің ауырсынуына, жиі құсуға, тамақтан бас тартуға, көңіл күйінің түсуіне шағымданып келді. Ата-ана мен бала арасындағы қиындықтар және оқуда үлгерімі қиындаған. 15 жасында күйзеліске байланысты ішінің түнгі мезгілдегі сыздап аурғандығы пайда болды. Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) жүргізілді: 12 елі ішек жаушығының жарасы, алдыңғы қабырғасының жарадан кейінгі тыртығы. Өмір анамнезі: бала үшінші триместірдегі бірінші жүктіліктен. 42-ші аптасында ұзаққа созылған босанудан (босану жолдарының әлсіздігі, стимуляция). Туылғандағы дене салмағы 3700 г, ұзындығы 53 см. Ана сутімен 2 айына дейін ғана қоректенген. Психомоторлы дамуы ерекшеліксіз. Тексеру мәліметтері: ФГДС: 12 елі ішек жаушығының жарасы. Дистальный катаральды эзофагит. Өршу сатысындағы созылмалы гастродуоденит. H. Pylori анықталды.

Тапсырма:

1. Болжам диагнозыңызды қойып, негіздеңіз.

2. 12 елі ішектің жара ауруының клинико-эндоскопиялық белгілерің атаңыз.

3. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша тексеру әдістерін жүргізуге болады.

4. Патогенетикалық терапия: негізгі емдеу бағыты, қолданылатын дәрілік заттардың топтары, терапия курсының ұзақтығы.

5. Жүргізілетін ем тиімділігін бағалау. Рецидивтің алдын алу.

Н ПРО БҚММУ 703-15-15. Бақылау-өлшеу құралдары (білім алушылардың білімін, біліктілігі мен дағдыларын бағалау үшін), БӨҚ эталоны (бақылау сұрақтары, тесттер, билеттер). Төртінші басылым.

Ф ПРО ЗКГМУ 703-15-15. Контрольно-измерительные средства (для оценки знаний, умений и навыков обучающихся), эталон КИС (контрольные вопросы, тесты, билеты). Издание четвертое.