Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б БА КАЗ толы нсасы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.94 Кб
Скачать

1. Қандай жағдайда өкпе гипертензиясы бақыланады: (3)

  1. Ашық артериалды өзекте

  2. Жүрекшеаралық перденің ақауында

  3. Өкпе артериясының оқшауланған стенозында

  4. Қарыншааралық перденің ақауында

  5. Өкпе шеменінде

  6. Кіші қан айналым шеңберіндегі қысымның төмендеуінде

  7. Кіші қан айналым шеңберіндегі қысымның жоғарылауында

  8. Аортаның стенозында

2 Өкпе шемені кезінде шұғыл көмек көрсетудің дәрілк заттары болып табылады (2)

  1. Седуксен

  2. Қолға бұрау салу

  3. Амброксол

  4. Преднизолон

  5. Строфантин

  6. Халиксол

  7. Эриспал

  8. Эуфеллин

3. Магистральды тамырлардың транспозициясы:

  1. аорта мен өкпе бағанасының тарылуы

  2. көкірек аралықтан тыс ірі тамырлар

  3. аортаның оң қарыншалықтан,өкпе бағанасының сол қарыншалықтан шығуы

  4. аорта мен өкпе бағанасының толық дамымауы

  5. өкпе бағанасының стенозы

4. Өкпе гипертензиясы себебінен болған жүрек жұмысының өзгерістерін қандай зерттеу түрі көрсетеді:

  1. Электрокардиография

  2. Эхокардиография

  3. Компьютерлік томография;

  4. Ангиопульмонография;

  5. Өкпенің вентиляционды-перфузиялық сцинтиграфиясы.

5. Біріншілік диссеминирленген ателектаздарда өкпеде естіледі:

  1. «мылқау» аймақ пен қалыпты тыныс алу аймақтарының кезектесуі

  2. әлсіз тыныс, 2-3 тәулікте крепитациялық сырылдың пайда болуы

  3. қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар

  4. құрғақ ысқырықты сырылдар

  5. везикулярлы тыныс

6. Өкпенің идиопатиялық диффузды фиброзының клиникалық белгілері, біреуінен басқасы:

  1. кеуде клеткасы аумағы үлкейген

  2. крепитацияланған сырылдар

  3. «целофан сыдыры» тәрізді сырыл

  4. құрғақ жөтел

  5. ентігу

7. Мына симптомдар қандай туа біткен жүрек ақауына тән: ентігу, жөтел, ерін цианозы, айқын «жүрек томпағы», эпигастрий аймағындағы пульсация?

  1. ааорта өзегінің стенозы

  2. қарыншааралық перденің ақауы

  3. жүрек эктопиясы

  4. жүрекшеаралық перденің ақауы

  5. ашық овальды тесік

8. Өкпе гипертензиясы кезінде сүйемелдеуші терапия (2)

  1. Зәр айдағыш дәрілік заттар

  2. Жүрек гликозидтері

  3. Антибиотиктер

  4. Абсорбенттер

  5. Кортикостероидтар

  6. Транквилизаторлар

  7. Спазмолитиктер

  8. Статиндер

9. ІІА дәрежелі сол жақ карыншалық типтік қан айналым жетіспеушілігі:

  1. тыныштық кезінде немесе жүктемеден кейін пайда болады

  2. ЖСЖ 30-50 және ТАЖ қалыптыдан 50-70% үлкейген, акроцианоз, ұзақ жөтел, өкпеде ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдар

  3. жүректің соғу жиілігі 15-30-ға және тынысы 30-50% қалыптыдан үлкейген

  4. жүректің соғу жиілігі 50-60 және тынысы 70-100% қалыптыдан үлкейген, өкпенің ісікалды және ісігінің клиникалық көрінісі

  5. жүректің соғу жиілігі 40-50 және тынысы 60-80% қалыптыдан үлкейген

10. Ііб дәрежелі оң жақ қарынша жетіспеушілігі симптомдарын көрсетіңіз:

  1. акроцианоз, ұзақ жөтел, өкпеде ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдар

  2. ентігу, жүктемеден кейін пайда болатын тахикардия

  3. ісіну, мойын веналарының ісінуі, бауыр қабырға астынан 3-5 см.шығыңқы,ентігу, тахикардия

  4. гепатомегалия, ісік синдромы (бетте,аяқта ісіну, гидроторакс, гидроперикард, асцит)

  5. өкпеде ылғалды сырылдар

1 есеп

Науқас 3,3 жаста. Анамнезі: Балада туылғаннан бері терінің және кілегейлі қабаттарының жайылмалы цианозы анықталған. 7 күндігінде Рашкинда (жабық атриосептостомия) процедурасы жасалған. 3 айлығынан қазіргі кезге дейін балалар үйінде тәрбиеленіледі.

Объективті қарағанда: тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегейлері шамалы көтеріңкі, акроцианоз «дабыл таяқшасы» тәрізді саусақтар, тырнағы «сағат шынысы», кеуде клеткасының деформациясы көзге түседі. Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шегі: оң жақта төс маңы сызығынан 1см сыртқа, сол жағынан – сол жақ қолтық алды сызығы бойынша, жоғарғысы II қабырға.

Аускультацияда: жүрек тондары ырғақты, ЖСЖ – 160рет, төстің сол жақ қырынан III қабырға аралықта орташа қарқынды систолалық шу естіледі, сол жақта II қабырға аралықта II тон акценті анықталады. Т.Ж. 40рет. Тынысы терең, шулы. Бауыры қабырға доғасынан +3,0см шығыңқы.

ЖҚА: Hb-148г/л, Эр-4,9х1012 /л, т.к.-0,9, лейк.-6,3х109 /л, т/я-4%, с/я-21%, э-1%, лимф.-70%, М-4%, ЭТЖ-3мм/сағ.

ЖЗА: түсі-сарғыш, меншікті салмағы 1014, белок жоқ, глюкоза жоқ, жазық эпителий-азғантай, лейк-0-1к/а; эр-жоқ, кілегей-аз.

БХА: жалпы белок-65г/л, мочевина-5,1ммоль, холестерин-3,3ммоль/л, Са-1,8ммоль/л, К-4,8ммоль, Na-143ммоль/л, Р-1,5ммоль/л, АлТ-23б/л (қ-40б/л); Аст-19б/л (қ. 40-қа дейін); серомукоид-180(қ-0,200).

Тапсырма:

1.Алғашқы диагнозды қойыңыз.

2.Диагнозды нақтылайтын қосымша тексеру әдістерін атаңыз.

3.«дабыл таяқша», «сағат шынысы» белгілерінің көрінісін түсіндір.

4.Неліктен диффузды цианоз туылғаннан бері анықталады.

5.Қандай аурулармен ажырату диагнозын жүргізуге болады.

2 есеп

Бала К. 11айлық. Шағымдары: дене дамуының қалыс қалуы (салмағы 7кг), физикалық және эмоциональды жүктеме кезінде ауызмұрын үшбұрышының көгеруі, ентігудің пайда болуы.

Анамнезі: 2 айлығынан бері дене салмағының жетіспеушілігі, тез шаршағыштық байқалған, тіпті емшектен де бас тартқан. Бронхит, пневмониямен ауырмаған.

Объективті қарағанда: тері жамылғысы көгеріңкіреген, перифериялық цианоз, дабыл таяқшасы, сағат әйнегі белгісі бар. Жүрек аймағында көзге көрінетін өзгеріссіз. Жүрегінің салыстырмалы шегі: сол жағы-сол жақ ортаңғы бұғана сызығы, оң жағы-оң жақ төс аймағы сызығы, жоғарғысы-II қабырғааралық. Жүрек тондары қанағаттанарлық дыбысты. ЖСЖ-140рет, ТЖ-40рет. Төстің сол жақ қырынан қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі. Сол жақтан II қабырға аралықта II тон әлсіреген, өкпесінде пуэрильді тыныс, сырыл жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр, талағы ұлғаймаған.

ЖҚА: Ht-49% (қ. 31-47%); Hb-170г/л, Эр-5,4х1012/л, т.к.-0,91, лейк-6,1х109/л, т/я-3%, с/я-26%, э-1%, лимф-64%, М-6%, ЭТЖ-2мм/сағ.

ЖЗА: түсі-сарғыш, меншікті салмағы 1004; белок жоқ, глюкоза жоқ, жазық эпителий-азғантай, лейк-0-1к/а, эр-жоқ, кілегей азғантай.

БХА: жалпы белок-69г/л, мочевина-5,1ммоль/л, холестерин-3,3ммоль/л, К-4,8ммоль/л, Na-143ммоль/л, АлТ-23б/л (қ-40б/л); Аст-19б/л (қ. 40-қа дейін); серомукоид-0,180(қ-0,200).

Қанның қышқылдық-сілтілік жағдайы: pO2-62мм сын. бағ. (қ.80-100), pC O2-50мм сын.бағ.(қ.36-40), pH-7.29, BE-8.5ммоль/л (қ.+-2,3).

Тапсырма:

1.Алғашқы диагноз қандай?

2.Осы ақаудың анатомиясы қандай?

3.Диагнозды нақтылау үшін қандай тексерулер жүргізуге болады?

4. тахикардия мен ентігудің болуын немен түсіндіруге болады?

5.Бұл науқасқа жүрек гликозидтерін тағайындауға қалай қарайсыз?

6.Емдік тактиканы анықтаңыз.

Тақырып № 14 Анықталмаған қызба синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.

1 Бір жасқа дейінгі бала жедел ауырып қалды. Кентеттен дене температурасы 39,5 градуска көтерілді, мұрын жұтқыншақ жағынан айқын катаральды өзгерістер пайда болды, бір реттік құсу, қозғыштық, тері жамылғыларының бозғылттығы мен мәрмәрлығы, айқын емес менингеальды симптомдар байқалады. Алғашқы диагнозыңыз: (2)