- •Мәжбүрлі қалып
- •Пневмония
- •Пневмония
- •Тақырып №7: Ісіну синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
- •1. Қандай жағдайда өкпе гипертензиясы бақыланады: (3)
- •2 Өкпе шемені кезінде шұғыл көмек көрсетудің дәрілк заттары болып табылады (2)
- •Халиксол
- •3. Магистральды тамырлардың транспозициясы:
- •10. Ііб дәрежелі оң жақ қарынша жетіспеушілігі симптомдарын көрсетіңіз:
- •Менингит
- •Менингит
- •2. Созылмалы пиелонефритке тән симптомокомплекс:
Тақырып №7: Ісіну синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
Нефротикалық синдромға тән: (3)
Ірі көлемді ісіктер (анасарка)
Артериалды гипертензия
2 г/тәу астам протеинурия
2 г/тәу аз протеинурия
Гипофосфатемия
Гипопротеинемия
Гипокальциемия
Гипербилирубинемия
Протеинурияның селективтілігін ненің жағдайын бағалау үшін анықтайды:
Генле ілмегінің
Дисталды өзекше эпителиінің
Мембрана шумақшаларының
Проксималды өзекше эпителиінің
Барлық аталғандардың
Гиперлипидемия негізінен тән:
Гломерулонефриттің нефротикалық түріне
Гломерулонефриттің гематуриялық түріне
тубулоинтерстициалды нефритке
дисметаболическая нефропатия
тубулопатияға
4. Глюкокортикоидтарды тағайындауға көрсетпелер болып табылады:
Гломерулонефриттің нефротикалық түріне
Гломерулонефриттің гематуриялық түріне
тубулоинтерстициалды нефритке
дисметаболическая нефропатия
тубулопатияға
6 жасар ер балада қабағында, балтырында ісіктер, аз зәр шығарады.
Қандай емдәм тағайындалады:
Гипохлоридты емдәм
Жемісті-көкөністі
Вегетариандық
Етсіз-тұзсыз
Ақуыз шектелген
Жедел бүйрек жетіспеушілігінің ең ерте белгісі болып табылады:
Қанда мочевинаның жоғарылауы
Зәр тығыздығының ұлғаюы
Қанда кальцийдің жоғарылауы
Қанда калийдің жоғарылауы
Қанда натрийдің жоғарылауы
Нефритикалық синдромның емінде тағайындалады: (2)
Нитрофурандар
Антибиотиктер
Спазмолитиктер
Глюкокортикоидтар
Цитостатиктер
Бронходилятаторлар
Диуретиктер
Иммунодепрессанттар
8. Ісіктік синдромның нефротикалық нұсқасы туралы қандай бекітім
дұрыс емес:
Жайылған шеткей ісіктер, асцит, анасаркаға дейін
тәулігіне 2,5-3г-нан жоғары протеинурия
гипопротеинурия
циркуляциялық қанның көлемінің азаюы
нефротикалық ісіктер
Тұқым қуалаушылық нефритке қандай симптом тән:
Жайылмалы ісік
Шеттетілген зәр синдромы
Ерте жастан жоғары гипертензия
Жоғары протеинурия
Жүдеу
Бүйректің негізгі функциялары болып табылады:
Азотты бөлу қызметі
Осмотикалық концентрациялау
Газалмасу
Ақуыз синтездейтін
Иммуномодуляциялаушы
Қышқыл-сілтілі тепе-теңдік
Фагоцитарлы
Қан айдау
Тәжірибелік сабаққа арналған жағдайлық тапсырмалар.
№1 Тапсырма.
7 жасар қызбала ісікке, бас ауруына шағымданды. Анамнезінде: бала ІІ қалыпты өткен, жүктіліктен, І босанудан. Массасы-3100 г., ұзындығы-50 см, алғашқы дамуы қалыпты. Алдыналу егулері кесте бойынша. Өткерген инфекциялық аурулары: желшешек, эпидемиялық паротит, жиі ЖРВИ. Бұл ауру ЖРВИ-ден соң басталған. Бетінде ісіктер пайда болып, олар біртіндеп ұлғая берген. Емханада істелген ЖЗА протеинурия и эритроцитурия. Объективті: жағдайы ауыр. Араны қызғылт, бадамша бездері гипертрофияланған. Бет, балтыр, тобық, бел аймағында, іштің алдыңғы бетінде ісіктері айқын. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 30 рет мин. Жүрек тондары
таза, айқын дыбысты, соғысы ырғақты. ЖСЖ 110 рет мин. АҚ 140\90 мм сб. Бауыр 2 см шығыңқы қабырға доғасынан. Пастернацкий сынымасы теріс мәнді. Тәулігіне 200 мл зәр шығарды.
Зерттеулер мәлімнеттері:
ЖҚА: Нв - 130 г/л, эр - 5,2х1012/л, лейк. -9,8х109/л, п/я - 3%, с - 36%, эоз - 6%, л - 54%, м - 9%, СОЭ -40 мм/сағ. ЖЗА: меншікті тығыздығы-1028, ақуыз-6,0 ‰, лейк. -0-1 к/а, эритроциты - 70-80 к/а. Биохимиялық зерттемеде: ақуыз-42 г/л, альбумины - 20 г\л, холестерин – 10,9 ммоль/л, мочевина – 5,1 ммоль/литр, креатинин - 76 ммоль\л, СРБ - ++, К – 4,81 ммоль\л, Na – 137, ммоль\л.
Тапсырма:
1. диагноз қойыңыз.
2. жіктеу диагностикасын жүргізіңіз.
3. Осы аурудың емдәмін жазыңыз.
4. Бүйректің функционалдық жағдайын анықтаңыз.
5. Емдеу жоспарын құрыңыз.
№2 Тапсырма.
8 ж. қызбала нефрология бөлімшесіне ісікке, сирек зәр шығаруға шағымдарымен түсті.
Анамнез ерекшеліктері: алғашқы дамуы ерешеліксіз. 1-ші жылында атопиялық дерматит. Жиі респираторлы аурулармен ауырады. Алдынала егулер 3-жасқа дейін кесте бойынша. 3-жкстан бастап егулерден медбұрулар. Балалар ауруларымен ауырмаған. 3 жасында ЖРВИ-дан соң бетінде, аяғында, денесінде, диурездің төмендеуі,осыған байланысты госпитализацияланған. Преднизолонмен ем алған. 5 жыл бойы қызбала бірнеше рет преднизолон тоқтатудан соң госпитализацияланып отырған.
Объективті қарағанда: жағдайы ауыр. Терісі бозғылт. Бетінде, денесінде, денесінде, ісіктері айқын, асцит. Беті «ай тәрізді», салыстырмалы жүдеу аяқтарының фонында мөлшерден көп кеудесі мен ішінде майдың жиналуы, «климактерикалық төбешік», стриялар іші мен жамбасында. Жүрек тондары аздап тұнықталған. ЖСЖ 130 рет мин
АҚ 100\60 мм сб. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 34 рет мин. Іш көлемі шұғыл ұлғайған, құрсақ қуысында бос сұйықтық. Бауыр 4 см шығыңқы қабырға доғасынан. Тәуліктік диурез-430 мл.
Зерттеулер мәлімнеттері:
ЖҚА: Нв - 110 г/л, лейк. - 13х109/л, п/я - 5%, с - 53%, эоз - 2%, л - 38%, м - 2%, СОЭ -40 мм/сағ СОЭ - 40 мм/час.
ЖЗА: ақуыз-6,5 ‰, лейк. -3-5 к/а, эритроциттер жоқ.
Биохимиялық зерттемеде: ақуыз-32 г/л, мочевина – 6,5 ммоль/литр, креатинин - 60 ммоль\л, СРБ - ++, К – 4,5 ммоль\л, Са"" – 1,1 ммоль\л. холестерин - 12,0 ммоль/л.
Тапсырма:
1. Толық клиникалық диагноз қойыңыз.
2. Бүйрек қызметін анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізген жөн?
3. Осы емнің нәтижесі болмаған жағдайда қандай дәрілер тобын тағайындау қажет?
4. Глюкокортикоидты емнің қандай асқынуларын анықтадыңыз?
5. Балаға қандай емдәм қажет?
Тақырып №8: Асцит синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу
реті, динамикалық бақылау алгоритмі
1. Жаңа туған балалардағы (анасының инфекциясы) цирроз бен асцит дамуының негізгі қағидалары: (3)
Герпетикалық инфекция
Токсоплазмоз
Сифилис
Сальмонеллез
H.pylori
Гепатит вирусы
Аутоиммунды патология
Гемохроматоз
2. Асцит алдындағы аяқтағы ісіктер тән:
Төменгі қуыс көктамыры синдромына
Порталды гипертензия синдромына
созылмалы перитонит синдромына
Тромбофлебитке
Сол жақ қарыншалық жеткіліксіздігіне
3. Төмендегілердің қайсысы асциттің негізгі үштік белгісі болып табылады: (3)
Ревматоидты артрит
Бауыр циррозы
Гломерулонефрит
Онкологиялық аурулар
Бронхопневмония
Жүрек жетіспеушілігі
Қантты диабет
Тиреотоксикоз
4. Бауыр циррозы кезінде асцит асқынуларының қайсысы жиі кездесетінін көрсетіңіз: (2)
Бауырлық энцефалопатия
Гепатореналды синдром
Инфекциялану
Іш қуысына қан құйылу
Сарғаю
Тыныс жетіспеушілігі
Түбіршектік (корешковый) синдром
Кома
5. Оқшауланған асциттің қызбамен, өткір емес шоғырланбаған іш ауырсынуымен, жүдеумен бірге жүруі қай ауруға тән:
Қауіпті ісіктердің ішпердеге метастаздануы
Бауыр циррозына
Туберкулезді перитонитке
Бүйрек ауруларына
Жүрек ауруларына
6. Аурудың қандай белгісі мен асциттің бірігуі, бауыр циррозын, цирроз-рак және
бауыр көктамырларының тромбозын біріктіреді:
Диспепсия
Сарғаю
Қызба
Лимфоаденопатия /ЛАП/
Анемия
7. 14 жастағы науқасты қарағанда бауырдың ұлғаюы, төменгі бөлімдердің ісінуі, цианозы асцит анықталды. Не туралы ойлауға болады:
Бивентрикулярлық жетіспеушілік
Созылмалы оң қарыншалық жетіспеушілік
Созылмалы сол қарыншалық жетіспеушілік
Кеуде-бұғана–емізікше бұлшық етінің аяқшаларының күретамырларды қысуы
Төменгі қуыс венасының синдромы
8. Ортопноэсыз мойын венасының ісінуі, дененің төменгі бөлімінің ісінуі, гепатомегалия, асцит кезінде не туралы ойлау керек:
Бивентрикулярлық жетіспеушілік
Созылмалы оң қарыншалық жетіспеушілік
Жоғары қуыс венасының синдромы
Төменгі қуыс венасының синдромы
Кеуде-бұғана–емізікше бұлшық етінің аяқшаларының күретамырларды қысуы
9. Бауыр циррозынан кейін асцит қай ауруда жиі кездеседі:
Жүрек жетіспеушілігінде
Ісіктерде
Тубперитонитте
Бүйрек ауруында
ЖҚТ жүйесінің ауруында
10. Спленомегалия, өңештің венасының варикозды кеңеюі, сарғаю, асцит, асқазан-ішек жолдарының қан кетуі қай ауруға тән?
Созылмалы гепатит
Порталды гипертензия
Асқазан жара ауруы
Гастрэзофагалды ауруы
Созылмалы оң қарыншалық жетіспеушілік
Тәжірибелік сабаққа арналған жағдайлық тапсырмалар.
№1 Тапсырма.
14 ж. Бала анамнезінде 8 жыл бойы созылмалы ВГС-мен ауырады. Ауруы толқын тәрізді өтеді. Субфебрильді дене қызуына, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеууіне, лоқсуға, тамақтан соң іш ауруына, ішінің кебуіне, терісінің қышуына шағымданады. Бұған дейін балада мұрын және ішектік қанкетулер болған. Объективті: орташа ауырлықта. Бала физикалық дамудан қалыс қалуда, тері асты шелмайы төмендеген, терісі мен склерасы субиктериялы. Бетінде, мойынында, қол ұштарында тамырлық жұлдызшалар бар. Тілі қызыл «лакталған». Ішінде тамырлық тор айқын. Терісінде қанталаулар меенн петехиялар түрлі уақытты. Өкпеде везикулярлы тыныс; ТЖ 28 рет мин.Жүрек тондары айқын, ырғақты. ЖСЖ 88 рет мин.Іші ұлғайған , жан.дарында сұйықтық бар. Бауыры 6 см шығыңқы, ауырсынусыз, тығыз консистенциялы, шеті үшкір. Талағы 5 см шығыңқы, тығыз.Аяғы ісіңкі. Зәр шығаруы ауырсынусыз, дизурия жоқ.
ЖҚА:гемм.-96 г/л, эр.-2,7х1012/л, тромб.-70х109/л, лейкоциты-4,5х109//л, СОЭ-25 мм сағ.
Қан б/химиясы: белок-52г/л, альбумин-44%, альфа1-4, альфа2-7,1, бета-9,4, гамма-26, тимоловая сыенамасы-12 (қалапта -5), сулемовая проба-0,8(1,2), фибриноген-12г/л(2-3г/л), протромбин-0,4(0,8-1,0)
Эхогепатограмма: көптеген тығыздану ошақтары табылды.
Тапсырма:
Болжам диагноз?
Қандай аурулар осы ауруды тудырады?
Дз-ды қою үшін қандай зерттеулер маңызды?
Осы аурудан жазылу мүмкің бе?
Медикаментозды емнен нәтиже болмағанда қандай ем көрсетіледі?
№2 Тапсырма.
Науқас жалпы әлсіздікке, жүдеуге, нашар тәбетке, ішінің ұлғаюына шағымданады. Бұрынырақ Боткин ауруын өткізген, науқасы ұзақ жүрген, толық жазылу болмаған. Зерттеуде ішінің ұлғаюы анықталды, әсіресе төменгі бөліктерінде, кіндігі шығыңқы, іштің терісінде радиалды тарайтын кеңейген веналар көрінеді. Құрсақ қуысында бос сұйықтық анықталды. Бауыры аздап ұлғайған, тығыз, төменгі қыры үшкір, ауырсынусыз, бет ұсақ бұдырлы. Тығыз, ұлғаймаған, ауырсынусыз талақ. Қандай азғантай анемия, лейкопения.
Қандай ауру туралы ойлауға болады? Құрсақ қуысындағы бос сұйықтықты қандай әдістермен анықтауға болады? Дз-ды негіздеу үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет?
Тақырып №9: Аритмия синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
Вольф-Паркинсон-Уайт ЭКГ-феномені сипатталады:
РQ интервалының 0,10 сек-тан қысқаруымен
РQ интервалының 0,18 сек-тан ұзаруымен
QRS комплексінің жіңішкеруімен
Дельта – толқындарының пайда болуымен
Қарыншалық комплекстің соңғы бөлігінің өзгерісімен
Қарыншалық комплекстің алдында «Р» тісшесінің болуымен
Жиі экстрасистолалардың пайда болуымен
QRS комплексі ұзақтығының қалыпты болуымен
2. Жүрекше жыпылықтауының ЭКГ көріністері: (2)
Изосызықтың болмауы
Жиілігі минутына 300 рет болатын ара тәрізді толқындар
Жиілігі минутына 600 рет болатын тұрақсыз толқындар
Эксрасистолия
Қарыншалық комплекстің алдында «Р» тісшесінің болуымен
QRS комплексі ұзақтығының қалыпты болуымен
QRS комплексінің кеңеюімен
Жиі экстрасистолалардың пайда болуымен
3.Алғашқы анықталған жиі экстрасистолиялы бала қажет етеді:
A. төсектік тәртіп пен ревматикалыққа қарсы ем тағайындап, үйде қалдыру
B. физикалық жүктемені шектеу
C. индерал тағайындап, үйде бақылауға қалдыру
D. зерттеуге госпитализациялау
E. актовегин, цитохром тағайындап үйде қалдыру
4. Пароксизмалды тахикардияға тән жиі симптом болып табылады:
A. ЖСЖ 120-140 рет минутына
B. ЖСЖ 160-180 рет минутына
C. ЖСЖ 140-150 рет минутына
D. ЖСЖ 150-160 рет минутына
E. жүрек соғуларының жоғалуы
5. 8 жасар балада АҚ 90/60 мм.с.б. болғандағы пароксизмалды тахикардия ұстамасынан шығаруды бастау тиімдірек:
A. адреналинді к/тамырға енгізуден
B. дигоксинді бұлшық етке
C. индералды к/тамырға
D. неотонды к/тамырға
E. дизопирамидті к/тамырға
6. Қарыншалардың тітіркену алды синдромымен 10 жасар баладағы суправентрикулярлы пароксизмалды тахикардия ұстамасының алдын алуда тиімдірек:
A. анаприлин ішке
B. строфантин к/тамырға
C. новокаинамид ішке
D. кордарон ішке
E. верапамил ішке
7. Толық атриовентрикулярлы блокадалар кезінде қандай ұстамалар болуы мүмкін:
A. оқыс цианоз
B. естен тану
C. жүрек соғу
D. ентікпелі-көгерулік
E. ыстықтап, беті қызаруы
8. Нейровегетативті генезді пароксизмалды тахикардиясы бар бала мектепте жалпы топта денешынықтырумен шұғылдануы мүмкін:
A. ұстамадан кейін 1 айдан кейін
B. ұстамадан кейін 6 айдан кейін
C. мүмкін емес
D. ұстамадан кейін 3 айдан кейін
E. ұстамадан кейін 1 жылдан соң
9 Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы сипатталады:
QRS комплексінің кеңейуімен
Дельта – толқындарының пайда болуымен
Пароксизмалды тахикардия ұстамаларының пайда болуымен
Жиі экстрасистолалардың пайда болуымен
Изосызықтың болмауымен
Жиілігі минутына 300 рет болатын ара тәрізді толқындар
Жиілігі минутына 600 рет болатын тұрақсыз толқындар
QRS комплексінің жіңішкеруімен
10. Клиникалық хаттама бойынша митральды қақпаның пролапсы кезінде қолданылатын антиаритмиялық препаратты көрсетіңіз:
A. амиодарон 5-9 мг/кг/тәу таблетка, 3 рет ішу үшін;
B. каптоприл 0,3-1,5 мг/кг/тәу в 3 рет ішу үшін;
C. эналаприл 2,5-20 мг/тәу 2 рет ішу үшін.
D. мидодрин 3-7 тамшыдан күніне 2 рет
E. дигоксин сүйемелдеуші дозада 0,008-0,01мг/кг/тәулігіне таблетка түрінде әр 12 сағат сайын 2 рет ішуге;
Тәжірибелік сабаққа арналған жағдайлық тапсырмалар.
№1 Тапсырма.
6 жасар балада кенеттен үрей, мазасыздық, оқыс әлсіздік, салқын тер сезімі пайда болды. Жағдайы ауыр, бозарған, мойын тамырларының пульсациясы көрінеді. Пульсы 180 рет минутына, аз толынған. Жүрек тондары айқын, жиіленген. Жүрек шекарасы, бауыры ұлғаймаған. Ісігі жоқ.
Диагноз қойыңыз:
кардит
синустық тахикардия
пароксизмалды тахикардия
симпатотоникалық коллапс, алғашқы фаза.
Емханаға дейінгі кезеңде бірінен басқасының бәрі жүргізілуі мүмкін:
таза ауаға шығару
вагалды рефлекстер
седативті дәрілер
строфантин
Егер көрсетілген шаралар тиімсіз болса, таңдау дәрісін атаңыз:
дигоксин
кокарбоксилаза
новокаинамид
панангин
жүрекшелер дефибрилляциясы
№2 Тапсырма.
Амбулаторияға 12 жасар бала жүрегінің дискомфортына, ретсіз соғуына шағымданып келді. ЭКГ-де синусты ырғақпен бірге қалыпты QRS кешенінің алдында жиі қайталан-балы кезексіз деформацияланған P тісшесі, PQ қысқаруы және толық емес компенсаторлық пауза. Науқаста қандай ырғақ бұзылысы?
Тақырып №10: Қысқа уақытқа естен тану синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
1. Ортостатикалық коллапс мына дәрінің әсерінен болуы мүмкін:
дибазол;
престариум;
папаверин;
анаприлин;
Преднизолон.
2. Вегетодистонияның ваготоникалық түріне тән:
гипербилирубинемия
тахикардия;
ақ дермографизм;
естен тануға бейімділік;
АҚҚ жоғарылауы
3. Балада диабетикалық гипогликемиялық кома. Жалпы тәжірибелік дәрігердің ауруханаға дейінгі сатыдағы іс-әрекеті, (халықаралық стандартқа сәйкес)
көк тамырға ағынмен 40% глюкоза ерітіндісі
көк тамырға ағынмен 40% глюкоза ерітіндісі, сонан соң 5% глюкоза к/т тамшылатып
көк тамырға тамшылатып 20% глюкоза ерітіндісі
40% глюкоза ерітіндісі ішке (per os)
глюкаген (глюкагонның синтикалық аналогі ) бұлшық етке
4. Комаға түскен балаға жедел жәрдем шақырылды. Дәрігер, баланың қант диабетімен ауыратынын анықтады, 40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға ағындап енгізді. Дәрігердің іс-әрекетін бағалаңыз.
Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс, өйткені 40% глюкоза ерітіндісін енгізу команың түрін анықтауға көмектеседі(гипогликемиялық немесе кетоацидоздық)
Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені кетоацидоздық кома жағдайындағы науқасқа 40% глюкоза ерітіндісін енгізу, гиперосмолярлық команың даму каупін туғызады.
Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені 40% глюкоза ерітіндісін енгізу, бас миының ісінуіне әкелуі мүмкін
Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені, бұл лактацидоздың дамуына әкелуі мүмкін
Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені 40% глюкоза ерітіндісін енгізу гиповолемиялық шокқа әкелуі мүмкін
5. Естен тану кезінде наукаста ең алдымен тексереді:
көз қарашығының жарыққа реакциясын
артериальды қан қысымын
шыбық артериясынан пульсті
сіңір рефлекстерін
ұйқы артериясындагы пульсті
6. Қан айналым децентрализациясы дәрежесіндегі балалар жарақаттық шогының клиникалық сиптомдарын көрсетіңіз (3)
Қалыпты систолалық қан қысымы
Тахикардия
Жіп тәрізді пульс, кенет жиіленген немесе брадикардия
Систолалық қан қысымы 60 мм.с.б төмен
Естен тану
Қозу
Анурия
Полиурия
7. Бала 10 жаста. Жаттығу басында аздаған қашықтыққа жүгіріп есінен танып қалды. Бұрын соңды ауырмаған. Спортпен үшінші жыл шұғылданады. Осы науқасқа жалпы ем жүргізу қай маманның құзырында? (2)
Травматолог
Гастроэнтеролог
Кардиолог
Хирург
Невропатолог
Гематолог
Уролог
Құлақ-мұрын дәрігері
8.Клиникалық хаттама бойынша митральды қақпақтардың пролапсы кезінде жедел госпитализациялауға көрсеткіш
A. ҚАБ (НК) 2-3 дәрежесі;
B. АҚҚ-ң тұрақты немесе жиі көтерлуі мен төмендеуі;
C. жүрек өткізгіштігінің және ритмінің бұзылысы;
D. коллаптоидты және синкопальды жағдайлар
Е.Систолалық артериалық қан қысымы қалыпты.
9. Физикалық жүктеме кезінде талып қалу болса, ең бірінші кезекте тексеру әдістерінің қайсысын жүргізу керек? (2)
Компьютерлік томография
ЭКГ
МРТ
Жүрек ультрадыбыстық зерттеуі
Жалпы қан анализі
Қандағы қантты анықтау
Электроэнцефалография
Бас ми тамырларының ультрадыбыстық зерттеуі
10. Гипогликемиялық кома, қанның құрамында, глюкозаның қай көрсеткішінде дамиды
А. 3,0 ммоль/л
B. 3,5 ммоль/л
C. 4,0 ммоль/л
D. 4,5 ммоль/л
E. 5 ммоль/л
№1есеп.
«Жедел жәрдем» реанимация бригадасы мектепке 14 жастағы кыз балаға шакырылды, математикадан бакылау жұмысы кезiнде кенеттен бозарып және есiнен танды. Клоникалык кұрысулар болган. 2-3 минуттан соң кыз бала есiн жинаған және өздiгiнен белгiсiз таблетка кабылдаган. Мұғалiмнiн айтуы бойынша кыз бала жүрек ауруымен ауырады екен,сөмкесiнде изадрин таблеткасын тапқан. Жедел жәрдем келген уакытта естен тану кайталанды.
Қарағанда: терi қабаты бозғылт ,көгерген терi iздерi бар. ТАЖ 30 рет минутына. Тынысы везикулярлы, жүрек шектерi өзгермеген,жүрек тондары ритмдi, тынықталған. АҚҚ 70/40 мм.с.бB. Пульс 40 рет мин. «Жедел жәрдем» дәрiгерi ЭКГ жасады: Р тiсшесi анықталады, Р-Р интервалы тұрақты, Р-R интервалы тұрақты өзгередi, QRS комплексi аздап деформацияланған, ЖСЖ 40 рет мин.
1.Сiздiң диагнозыныз?
2. Жедел жәрдем бригадасының шұғыл көмегi.
3. Алдағы iс- әрекеттер
4. Тасымалдау жағдайы
№2 есеп.
Бала 8 жаста, шағымы: бас ауруы, бас айналу, бiр реттi кұсу, жүрек айну, жалпы әлсiздiк. Анамнезiнде : бала дене шынықтыру сабағында құлап, басын жерге соғып алған, қысқа уақытқа естен тану, ретроградты амнезия болған, неврологиялык статуста: екi жақта да конвергенция бұзылысы, он жақта ауыз-мұрын үшбұрышы тегiс, гипотония, D>S, анизорефлексия, Бабинский симптомы оң жағында анықталады, менингеальды симптомдар жок. 4 - 6 тәулiкке қарай, неврологиялык симптоматика азайды.
Сұрактар:
Сiздiң болжам диагнозыңыз?
Осы аурудың этиологиясы?
Науқасқа ем тағайындыңыз және диспансерлiк бақылау жоспарын анықтаңыз.
Осы науқаста қандай болжам күтуге болады (өмірінің, денсаулығының, әлеуметтік болжамы), болжамы неге байланысты болады?
Тақырып № 11 Жүректегі шу синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
Толочинов-Роже ауруы немен сипатталады:
A. қарыншааралық перденің ақауымен
B. жүрекшеаралық перденің ақауымен
C. артериалды өзекшенің ақауымен
D. аорта ақауымен
E. өкпе ақауымен
2. Поствирусты миокардитте жиі байқалады:
A. систолалы-диастолалы шу
B. ұзақ үрмелі систолалы шу
C. мезодиастолалы шу
D. тұнық тон, жұмсақ, қысқа систолалы шу
E. кеш систолалы шу
3. Жүректің органикалық шуына тән: (3)
Физикалық жүктеме кезіндегі өзгерістер
Стенокардия ұстамалары
Тұрақсыздық
Артериялық қан қысымының үнемі жоғары болуы
Үнемі бастың айналуы
Айқын қуқылдық
Жүректің шеткі жиектерінде орналасу
Жүректің диастола кезеңінде дамуы
4. 3 айлық балада қарынша аралық перденің көлемді ақауында байқалады:
Физикалық жүктемені көтере алмау және ентігу
Артериялық қан қысымының үнемі жоғары болуы
Эмбриокардия (маятник тәрізді ритм)
Компенсаторлы кідіріс қысқарған немесе жоқ
Өкпе артериясындағы екінші тонның акценті
Ұстамалар
Тахикардия
Мойын веналарының ісінуі
5. Митралды қақпақша жетіспеушілігіне аускультацияда тән симптомдар:
жүрек негізіндегі систолалық шу
шапалақты 1 тон
әлсіреген 1 тон
мезодиастолалық шу
жүрек ұшындағы диастолалық шу
6. Анемия, тиреотоксикоз, митралды қақпақша пролапсы, папиллярлы бұлшық еттердің үзілуі сияқты ауруларды қандай симптом біріктіреді:
жүрек ұшындағы диастолалық шу
систолалы-диастолалы шу
Флинт шуы
жүрек ұшындағы систолалық шу
Грэхэм-Стил шуы
7. Төменде берілгендердің қайсысы органикалық систолалық шудың көрсеткіштеріне сәйкес келеді (2)
Ұзақтығы қысқа, систоланың аздаған бөлігін алады
Ұзақтығы ұзақ, систоланың көлемді бөлігін алады
Үндемі (тембр) жұмсақ, анықталмаған, әуенді
Үндемі (тембр) қатаң, дөрекі, үрлемелі
Тондармен байланысы жоқ
Ұзақтығы ұзақ, систоланың аздаған бөлігін алады
Ұзақтығы қысқа, систоланың көлемді бөлігін алады
Үндемі (тембр) жұмсақ, үрлемелі
8. Митралды стенозы бар науқаста жыбыр аритмиясы дамыған кезде пресистолалық шу қалай өзгереді:
Күшейеді
Азаяды
өзгермейді
жоғалады
анағұрлым күшейеді
9. Қарыншааралық перденің ақауы кезінде систолалық шу жасы ұлғайған сайын қалай өзгереді:
бәлендей өзгермейді
күшейеді
әлсірейді
анағұрлым күшейеді
жоғалады
10. Қарыншааралық перденің ақауы бар омыраудағы балаға отаның көрсетпесі:
дөрекі систолалық шу
гипотрофия
нерв-психикалық дамудан қалыс қалуы
оң жақ қарыншаның гипертрофиясы
оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы
Есеп №1.
Жанұялық дәрігер диспансерлік қарауда 11 ж. Қызбалада экстрасистолалар анықтады. Науқас шағым айтпайды, аритмия ұзақтығы белгісіз. Анамнезінен; қызбала мерзімді токсикозбен өткен жүктіліктен, жылдам босанудан, массасы 3300 гр., ұзындығы 52 см. Жасына сай өсіп, дамыған. 3 жасына дейін жиі ОРВИ-мен ауырады. Кардиологпен бақыланбайды. Екі мектепте: жалпы және музыкалдық, оқиды.
Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Дене бітімі қалыпты. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Тері асты шел майы артығырақ дамыған. Лимфотүйіндері ұлғаймаған. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Визуалды жүрек тұсы өзгермеген. Жүректің салыстырмалы шекарасы: оң-төстің оң қыры, жоғары-III қабырға, сол – 0,5 см орта бұғана сызығынан ішкері. Аускультацияда: жүрек тондары аздап тұнықталған, жатқан күйде 6-7 экстрасистола естіледі. Тұрған кезде жүрек тондары ырғақты, экстрасистолалар естілмейді, физикекалық жүктемеден соң экстрасистолалар саны минутына 1-ге дейін азайған. Іші жұмсақ, аздап ауырсынулы, оң қабырға астында. Бауыр, талақ ұлғаймаған. Кер, Ортнер симптомдары әлсіз оң. Нәжісі мен зәр шығаруы өзгеріссіз. Қосымша зерттеулер мәліметтері: ЖҚА: НЬ - 120 г/л, Лейк - 7,0x109/л, т/я - 5%, с/я -60%, л - 31%, м - 4%, СОЭ - 7 мм/сағ.
Биохимиялық қан анализі: АЛТ - 40 бір/л (қалыпта-40), ACT - 35 бір/л (қалыпта-40), СРБ - теріс.
ЭКГ: синустық ырғақ, ЖСЖ 64 рет мин-на, ЖЭО (ЭОС) горизонталды. Суправентрикулярлы экстрасистолалар. Кеуде тармақтарында жоғары Т тісшесі. Тұрған кезде э/с тіркелмеген.
ЭхоКГ: жүрек қуыстары, қабырғалар қалыңдығы мен экскурсиясы өзгермеген. Регургитациясыз митралды қақпақ пролапсы. Лақтыру фракциясы 64%.
Тапсырма:
1. Диагнозды қойыңыз.
2. Науқастағы аритмияның даму механизмы қандай?
3. Науқаста тағы қандай зерттеулер жүргізу қажет?
4. Қандай аурулармен жіктеу диагнозын жүргізу қажет?
5. Емдеу тактикасы қандай?
6. Қандай мамандармен кеңескен жөн?
7. Экстрасистолиямен науқасқа қандай функционалды сынамалар жүргізген жөн?
8. Қосымша қандай зерттеулер жүргізу қажет?
9. Осындай жағдайда аритмияға қарсы дәрілерді тағайындауға қалай қарайсыз?
10. Аурудың болжамы қандай?
11. Митрал қақпағының пролапсы деген не?
12. Осы науқасты емханада жүргізудің тактикасы?
Есеп №2.
11 жасар бала анамнезінде 2,5 ай бұрын жаншау өткізген (типтәк түрі, орташа ауырлық дәрежәсінде). Антибактериалды ем алғаннан кейін айдан соң мектепке жіберілген. Сонда бала жазуының өзгерістерін байқаған, бала орнықсыз болып мектепте үлгерімі нашарлаған, жылағыш болады. Жуық арада анасы балада бет мускулатуррасының қимылдауларын, киіну және тамақтану кезінде қимылдарының дәл еместігін байқаған. Кезеңді дене қызуы катаралды белгілерсіз субфебрильді цифрларға дейін көтеріледі. Дәрігерге қаралып, ЖҚА –де өзгерістер табылмады. Дз қойылды: тұмау , астеникалық синдром. Нәтижесіз 7 күн оксациллин алады: неврологиялық бұзылыстар өршіді: гримастенуі күшейді, бала өздігінен киіне алмай, кейде тамақтануға да көмек қажет болды, жылауықтығы мен тітіркендігіштігі сақталып, соған байланысты госпитализацияланады.
Түскенде жағдайы ауыр. Бала жылауық, тітіркенгіш, тез шаршайды, сөйлеу мәнерінің скандирленгендігі, координациялық сынамаларды қатемен орындауы, бұлшықеттік гипотония, гримастену байқалады. Өкпеде везикулярлы тыныс; Жүрек аймағы өзгеріссіз. Жүрек шекаралары: оң-төстің оң қыры бойында, жоғары-III қабырға бойында, сол-бұғана орта сызығы бойынан 1 см ішкері; Жүрек тондары аздап тұнықталған, жүрек ұшында дөрекі емес систолалы шу, систоланың 1/6 алады, өткізілмейді, ортостазда оның интенсивтілігі төмендейді. Іші жұмсақ, терең пальпацияға қолжетімді, бауыры мен талағы ұлғаймаған.
ЖҚА: Нb - 120 г/л, Эр -4,5х1012/л, Лейк -4,5x109/л, п/я - 2%, с - 46%, э - 2%, л - 48%, м - 2%, СОЭ - 10 мм/час.
ЖЗА: меншікті тығыздығы-1018; белок-abs, лейкоцит -2-3 к/а, эритроцит - жоқ.
Тапсырма:
1. Алғашқы диагнозды жіктеме бойынша негіздеп қойыңыз.
2. Процесстің белсенділігін бұл жағдайда қандай клиникалық белгілер айқындайды?
3. Дз-ды анықтау үшін және жүрек өзгерістерінің сипатын анықтау үшін науқасқа қандай тағы зерттеулер жүргізген жөн?
4. Жіктеу диагнозын жүргізіңіз.
5. Науқастың емдеу жоспарын құрыңыз
6. Қандай маманның кеңесін қажет етеді?
7. Қақпақшалық өзгерістердің тегін қандай патоморфологиялық өзгерістер анықтайды?
8. Аурудың абсолютті маркері болып қандай патоморфологиялық өзгерістер табылады?
9. Алғашқы болып қандай жас кезеңінде басымырақ кездеседі?
10. Егер КС ем көрсетілсе, қандай мақсатпен?
11. Бұл жағдайда КС әсерінің механизмы қандай?
12. Отандық (ресейлік) әдебиетте қабынудың ранамалы емес экссудативті компоненттік сипаттаған кім?
Тақырып № 12 Геморрагиялық синдром кезіндегі ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
1 Геморрагиялық васкулиті бар баланың жалпы қан анализінде келесідей өзгерістер анықталады: (3)
Анемия
Тромбоцитопения
Нейтрофильді лейкоцитоз
ЭТЖ жылдамдауы
Эритроцитоз
Ұю факторларының дефициті
Гипертромбоцитоз
Тіке билирубиннің жоғарылауы
2 Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураның геморрагиялық синдромына тән: (2)
Бөрітулердің симметриялылығы
Полиморфты бөрітулер
Терінің құрғақтығы
Симметриялы емес бөрітулер
Ұнамды(излюбленной) орналасатын жердің болуы
Тұқым қуалауға бейімділік
Элементтердің қосылып кетуіне бейімділігі
Қышудың болуы
Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураның терілік синдромы сипатталады (2)
Геморрагиялық элементтердің қосылып кетуіне бейімділігі, мономорфизм
Гематомалар, экхимозадар
Полихромдылық
Кенеттен пайда болу
Орналасудың асимметриялылығы
Петехиальды элементтер
Гематомалар
Қайталамалы гемартроздар
4. Гемофилия кезінде қанауға бейімділіктің себебі болып табылады:
Тромбоцитопения
Тромбоцитопатия
Қанның жоғары фибринолитикалық активтілігі
Қан тамырлар қабырғасы өткізгіштігінің бұзылысы
Қан жүйесі ұю факторларының тапшылыңы
5.Гемостатикалық мақсатта төменде көрсетілгендердің қайсысын қолданған жөн?
Плазмны
Преднизолонды
Эпсилон-аминокапрон қышқылын
Криопреципитаттарды
Тромбоцитарлық массаны
6. 9 жасар балада тісін жұлғаннан кейін көп мөлшерде қан кету басталды. Қарау кезінде теріде геморрагиялық элементтер мен склераға қан құйылу анықталды. Тромбоцитопениялық пурпура жайында болжам айтылды. Төменде көрсетілгендердің қайсысын диагностикалық мақсатта бірінші орында тексерген дұрыс?
Коагулограмманы
Қан ұю уақытын
Қан ұйындысының ретракциясын
Тромбоциттер санын
Протромбинді
7.Геморрагиялық синдромы бар 7,5 жастағы балада тромбоцитопениялық пурпура, геморрагиялық криз анықталды. НВ – 90г/л, эритроциттер – 3,0х1012/л, тромбоциттер -24,7х109/л. Бұл науқасқа не көрсеткіш бола алады?
Тромбоцитарлы масса
Викасол
Криопреципитаттар
Кортикостероидтар
Седативті препараттар
8. Тромбоцтопениялық пурпура кезінде геморрагиялық синдромның себебі болып табылады:
Тромбоцитопения
VІІІ факторының төмендеуі
ІХ фактордың төмендеуі
Қанның фибринолитикалық активтілігінің жоғарылауы
Протромбиннің төмендеуі
9.2,5 жасар балада геморрагиялық синдром түрінде тері мен кілегей қабаттарында әр түрлі көлемді көптеген қан құйылулар анықталды. Берілген қан сараптамасының қайсысы бірінші кезекте дәрігердің назарын аудару керек?
НВ – 109 г/л
Эритроциттер – 3,6х1012/л
Ретикулоциттер - 11‰
Тробмоциттер - 28,4х109/л
Лимфоциттер – 58 %
10.Балаларда жиі лейкоздың қай түрі анықталады?
Жедел миелобластный лейкоз
Жедел эритролейкоз
Жедел мегакриоцитарлы лейкоз
Жедел лимфобластты лейкоз
Созылмалы миелолейкоз
№ 1 жағдайлық есеп
11 жасар балада соңғы 10 күн ішінде фолликулярлы баспадан соң буындарында ауырсыну, қолының сыртқы бөлігінде квинке ісігі, дене температурасы 37,6ºС жоғарылауы байқалған. Бір тәуліктен соң аталған шағымдарға ішінің ауырсынуы, бүгілетін буындар аймағында нүктелі-папулезді геморрагиялық бөртпелер қосылған. Тексеріліп, емделу мақсатында науқас стационарға жөнелтілді. Науқаста болжамды диагноз қандай?
№ 2 жағдайлық есеп
3 жасар балада геморрагиялық бөртпелер өмірінің алғашқы жылында экхимоз және гематома түрінде көрініс берген. 2 апта бұрын баспамен ауырған. Аздаған жарақаттан соң ернінің кілегей қабатынан қанның бөлінуі бірнеше сағатқа созылған. Бір уақытта мазасыздық, сол жақ шыньақ буынының ауырсынуы, ісінуі байқалған. Дене температурасы 37,1ºС. Болжам диагнозыңыз.
Тақырып № 13 Өкпелік гипертензия синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
