Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б БА КАЗ толы нсасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.94 Кб
Скачать

1 Тақырып: Жөтел синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі

1. Балаларда ауруханадан тыс пневмонияның бастапқы этиологиялық себебіне қайсысы жатады:

  1. Пневмококк

  2. Пиогенді стрептококк

  3. Стафилококк

  4. Клебсиелла

  5. Ішек таяқшасы

2. Ошақты пневмонияда перкуторлы көрініс:

  1. Өкпенің барлық алаңдарында анық өкпелік дыбыс

  2. Өкпенің барлық алаңдарында тимпаникалық дыбыс

  3. Өкпе дыбысының жергілікті тынықталуы

  4. Өкпенің барлық алаңдарында қораптық дыбыс

  5. Тұтас өкпеде өкпелік дыбыстың тынықталуы

3. Аурудың алғашқы сағаттарында гипертермия мен қалтырау синдромдары болуы пневмонияның қайсысына тән :

  1. Хламидиялық этиологиядағы

  2. Саңырауқұлақтық этиологиядағы

  3. Пневмоцисттік этиологиядағы

  4. Пневмококкты этиологиядағы

  5. Стафилококктық этиологиядағы

4. Бірінші дәрежелі стеноздаушы ларинготрахеитке тән: (2)

  1. Дауыстың афонияға шейін қарлығуы, қашықтан естілетін үрмелі жөтел, стридор+

  2. Артериялық қан қысымының төмендеуі, жүрек жұмысының немесе тыныс алудың тоқтауы

  3. Құрғақ ұстама тәрізді жөтел

  4. Мәжбүрлі қалып

  5. Қашықтан естілетін құрғақ ұстама тәрізді жөтел

  6. Жұтыну кезіндегі ауырсыну, дисфагия, айқын интоксикация, көмейдің қоңыр-қызыл инфильтрациясы

  7. Күш түскенде қосымша бұлшықеттердің қатысуымен жүретін инспираторлы ентігу

  8. Аритмиялы немесе парадоксальды тыныс, брадикардия

5. Пневмонияны қандай қоздырғыштар шақырғанында пиопневмоторакс дамиды:

  1. Хламидиямен

  2. Пневмоцистамен

  3. Легионелламен

  4. Стафилококкпен

  5. Вируспен

6. Мектеп жасындағы балалардағы пневмонияның жиі болатын қоздырғышы:

  1. Микоплазма;

  2. Пневмококк;

  3. Клибсиелла;

  4. Гемофильді таяқша;

  5. Көк іріңді таяқша;

7. 5 жастан асқан балаларда 1 секундта форсирленген дем шығару көлемі (FEV1), өкпенің форсирленген өмірлік сыйымдылығы (FCV) және дем шығарудың максимальды жылдамдығы (PEF) нені бағалауға мүмкіндік береді :

  1. Организмнің аллергизация болу дәрежесін;

  2. Инфекциялық процестің айқындылық дәрежесін;

  3. Иммунологиялық реактивтілік жағдайын;

  4. Бронх обструкцияның дәрежесін;

  5. Организмде вегетативті жүйесінің жағдайын;

8. Иммунотропты әсері бар және қайталамалы бронхитке көрсеткіш бола алатын дәрілік зат: (2)

  1. Ацикловир

  2. Рибомунил

  3. Амоксиклав

  4. Пиридоксин

  5. Бронхо-мунал

  6. Сингуляр

  7. Халиксол

  8. Беротек

9. Жедел стрептококкты тонзиллит кезінде мүмкін болатын асқынулар: (3)

  1. Менингит

  2. Ревматизм

  3. Бронхит

  4. Гломерулонерит

  5. Пневмония

  6. Паратонзиллярлы абсцесс

  7. Пиелонефрит

  8. Пиодермия, ревматизм

10. Плевриттің қандай түріне осындай экссудаттың клеткалық құрамы тән: лимфоциттер 80%, нейтрофилдер 15%, эритроциттер 5%:

  1. іріңді

  2. Серозды

  3. Геморрагиялық

  4. Серозды-геморрагиялық

  5. Посттравматикалық

Тәжірибелік сабаққа арналған жағдайлық тапсырмалар.

Тапсырма №1.

Науқас Ю., 9 жаста, жедел ауырған. Бас ауруына, азғана селсоқтыққа, мұрыннан кілегейлі көп бөлініске, құрғақ жабысқан жөтелге шағымданады. Ауырған алғашқы 2 күнінде қызуы өте жоғарғы болып, парацетамол қабылдағанда түседі. Анамнезінде, бірінші қалыпты жүктіліктен, бірінші мерзімді туылудан. Ерте жаста дамуы ерекшеліксіз. Егулулері жасына сай. Басынан өткізген аурулар: желшешек, эпидемиялық паротит. Орташа дәрежелі миопиямен окулист бақылауында. Ауырғаннан 2 күннен кейін обьективті тексергенде: дене бітімі дұрыс, қоректілігі қалыпты. Тері жамылғысы таза, бозарған, аранында - айқын катаральды өзгерістер, ринорея. Құрғақ жөтел сақталған. Ауырсынусыз, ұсақ, жұмсақ жақ асты, артқы және алдынғы мойын лимфа түйіндері пальпацияланады. Аускультацияда: қатқыл тыныс, шашыранқы симметриялы тұрақты емес құрғақ және әртүрлі калиберлі (көбісі орташа көпіршікті) ылғалды сырылдар. Жөтелгеннен кейін сырылдар жоғалады. ТАЖ 22 минутына. Перкуторно: өкпелік анық дыбыс. Жүректің соғуы анық, ырғақты, азғана тахикардия. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Бауыр мен талағы пальпацияланбайды. Зәрі еркін, нәжісі қалыпты. ЖҚА: НЬ - 115 г/л, Эр - 3,2х1012/л, Лейк - 8,4х109/л, п/я - 2%, с - 21%, э - 7%, л - 63%, м - 6%, б - 1%, ЭТЖ - 14 мм/сағ.

1. Болжамды диагнозды негіздеу.

2.Тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Осы жағдайда рентгенологиялық зерттеу керек ете ме?

4. Аурудың алдын алуы?

Тапсырма №2.

Бала 7 жаста, суық тигеннен ауруы жедел басталған, температурасы 39,0°С құрғақ ауырсынумен жөтел, басының ауруына шағымданады.

Бірінші жүктілік және уақыттан бұрын босанудан, жүктілік мерзімінің барлық уақыттарда мерзімінен бұрын босану қаупімен өтті. Туылған кезінде тыныс бұзылысы синдромы (ТБС) болды. Туғаннан бастап жасанды тамақтанады. Бір жасында 3 рет ЖРВИ-мен ауырған. Келесі жылдары ЖРВИ-мен жиі ауырды (4-5 рет), одан кейін лакунарлы баспа, желшешек, қызылшамен ауырған. Егулері жасына сай, егуден реакция болған жоқ. Поливалентты (тамақтан, дәріден) аллергиямен ауырады. Үйінде қарағанда: жағдайы ауыр, басының ауруына, құрғақ жөтел шағымданады. Тері жамылғысы таза, бозарған «мрамор»түсті. Кілегей қабаттары таза, құрғақ. Араны қызарған. Тыныс алуы қырылдаған. ТАЖ - 32 рет 1 минутына. Кеуде клеткасы керілген, оң жағы тыныс алудан қалыс. Перкуторлы: оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыс тұйықталған. Аускультатцияда: қатқыл тыныс, тұйықталған аймақта әлсіреген тыныс,сырыл жоқ. Журек тондары қатты дыбысты, шуыл жоқ, ЖСЖ 120 рет мин. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы бойында, талағы пальпацияланбайды.

Қосымша тексеру әдістері:

ЖҚА: НЬ — 115 г/л, Лейк - 18,6х109/л, п/я - 10%, с -57%, э - 1%, л - 23%, м - 9%, ЭТЖ- 28 мм/сағ. Кеуде мүшелерінің рентгенограммасы: оң жақ өкпенің VIII және IX сегменттері аймағында интенсивті қараю байқалады.

1. Диагноз қойып және оны негіздеңіз.

2. Қандай қосымша тексерулер жүргізу керек?

3. Осы ауру дамуына қандай бұрынғы аурулар себепші болды?

5. Дифференциальды диагноз жүргізіңі

2 Тақырып: Тұншығу синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі

1. Атопиялық бронхиалды астманың жедел ұстамасына тән: (2)

  1. Дене температурасының жоғарылауы

  2. Инфекциялық интоксикацияның нышандары

  3. Түйілген аз өнімді жөтел

  4. Ысқырықты сырылдар

  5. Артериялық қан қысымының төмендеуі

  6. Экспираторлы тұншығу

  7. Брадикардия

  8. Мәжбүрлі қалып

2. Өкпенің желдетілу функциясының обструктивты бұзылысына тән түрі қандай:

A. Идиопатиялық фиброзды альвеолит

B. Бронхиальды демікпе

C. созылмалы пневмония

D. жедел плеврит

E. жедел пневмония

3. Бала 10 жаста тыныс алуының қиындауы, анамнезінде: соңғы 1,5 жылда тыныс ұстамасы мен бронх демікпесі мазалайды. Жылына 3-4 рет тыныс ұстамасы болады,өздігінен дәріге басылып, түнгі ұстамалар мазаламайды. Анамнезінде атопиялық дерматит. Обьективті қарағанда және кеуде рентген тексеруде: кеуде органдары патологиясыз. Берілген спирография ӨЖЖ-85%. Диагноз қойыныз:

А. Интерметирленген бронх демікпесі жеңіл дәрежесі

В. Интерметирленген бронх демікпесі, орташа ауырлықта

С. Персистерленген бронх демікпесі жеңіл дәрежесі

D. Персистерленген бронх демікпесі орташа ауырлықта

Е. Персистерленген бронх демікпесі ауырлықта

4. Бала қабылдау бөліміне экспираторлы ентігу шағымымен түсті. Аускултацияда: өкпеде жайылмалы ысқырықты сырылдар, кеуде клеткасының эмфизематозды керілуі, рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі. Қандай патологияға тән?

A. ЖРВИ

B. жедел бронхит

C. жедел обструктивті бронхит

D. жедел пневмония

E. Эпиглоттит

5. Қабылдау бөлімінде 5 айлық бала. Тыныс жетіспеушілігіне байланысты жағдайы өте ауыр. ТАЖ – 84 рет.Тынысы шулы, алыстан естіледі. Физикальды тексеруде өкпеде тимпанит, аускультативті –тыныс шығарудың ұзаруы, бүкіл өкпе алаңында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

A. Обструктивті бронхит

B. жедел бронхиолит

C. жедел бронхит

D. Плеврит

E. жедел пневмония

6. Бала 5 жаста, 8 сағат бойы тыныс тұншығу ұстамасы мазалаған. Сіздің әрекетініз:

A. дренаж терапиясын күшейту

B. ингаляция арқылы b2-агонисттерін жалғастыру

C. муколитиктер тағайындау

D. эуфиллин көк/тамырға

E. стационарға жатқызу

7. Кернеулі пневмоторакс жағдайында көрсетілетін ең бірінші көмек:

A. жасанды тыныс беру мен интубация

B. зақымдалған жаққа жатқызу

C. оттегі терапиясы

D. жоғары жатқызу

E. плевра пункциясы және дренаж

8. Бронхиалды астманың негізгі терапиясында қолданылатын қабынуға қарсы гормональды емес дәрілік заттарға жатады: (2)

  1. Серетид

  2. Симбикорт

  3. Пульмикорт

  4. Интал

  5. Тайлед

  6. Фликсотид

  7. Сальбутамол

  8. Циклезонид

9. Тарылумен жүретін жедел ларинготрахеиттің ажырату диагностикасын келесідей аурулармен жүргізу керек: (3)

  1. Ларингоспазм

  2. Созылмалы бронхит

  3. Жедел эпиглотит

  4. Тыныс алу жолдарындағы бөгде зат

  5. Ринофарингит

  6. Жедел бронхит

  7. Пневмония

  8. Трахеит

10. 6 айға дейінгі балаларда ЖРВИ-дің клиникалық формасы қандай?

A. ларингит

B. бронхит

C. фарингит

D. бронхиолит

E. трахеит

Тәжірибелік сабаққа арналған жағдайлық тапсырмалар.

1 Тапсырма.

Бала 4 жаста. ЖРВИ дан кейін ұзақ жөтелге шағымданып дәрігерге келді. Бірінші жүктіліктің 1–ші жартысы токсикозбен өтіп, уақытында туылған. Туылғанда салмағы 3300 г, ұзындығы 51 см. Туған кезде айқайы бірден, емшекті 1 күннен ауызданды. Перзентханадан 6 күні шығарылды. Нәрестелік кезең ерекшеліксіз. 3,5 айдан бастап жасанды тамақтануға ауыстырылды. 7 айында отырды, 10 айында тұрды, 1 жасында жүрді. Атопикалық дерматитке байланысты қорғаштау тәсілмен жеке күнтізбе бойынша егілген. 3,5 жасында балабақшаға барған. Осы уақыттан бастап 3аптаға созылған жөтелі болатын ЖРВИ-мен жиі ауырады. ЛОР дәрігері аденоидты өсінділер 2 дәрежесінде анықтаған. Жанұялық анамнезінде: анасы, баласында тағамға, дәріге аллергиясы бар, папасы жалпы дені сау, бірақ көп темекі шегеді. Дене температурасы жоғарлауы, басы айналуы, мұрыннан бөліністердің бөлінуі, құрғақ жөтелге бірнеше күннен ылғал жөтелге ауысуымен ауыруы басталды. Жөтел таңертең күшейді. Кейде жөтел құсумен бітетін. Симптоматикалық ем (жөтелге қарсы микстура) жеңілдік әкелді. Бөлімшелік дәрігер шақырылды. Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы боз, жас және мұрнынан ағу айқын көрінеді. Ылғалды жөтел. Температурасы 37,2°С. Өкпеде перкуторлы дыбыс кішкене қорапты дыбысымен. Аускультацияда: ұзарған тыныс шығару фонында – жайылған құрғақ сырылдар, дем алу кезінде орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. ТАЖ-28 рет мин. Жүрек шектері: оң – төстің оң шетімен, шуыл жоқ. ЖСЖ-110 рет мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры оң қабырғадан +1,5 см шығыңқы.

Қосымша зерттеу тәсілдері:

ЖҚА: НЬ - 120 г/л, Эр - 5,1х1012/л, Лейк - 4,9x109/л, п/я - 2%, с - 48%, э - 3%, л - 38%, м - 9%, ЭТЖ - 6 мм/час.

Кеуде клеткасының рентгенографиясы: тамыр және перибронхиальды компоненттерінің өзгерісімен байланысты, әсіресе өкпе түбірі аймағында өкпе суретінің күшеюі

1. Диагноз қойыңыз.

2. Осы аурудың ең жиі себептері қандай?

3. Дифференциальды диагноз жүргіз.

4. Қандай жағдайда диагностикалық бронхоскопия жүргіземіз?

2 Тапсырма.

Қыз бала 6 жаста. Жедел жәрдем дәрігері нұсқаумен бөлімшелік дәрігер актив бойынша бала үйіне барды. Ұстамалы жөтелге, ысқырықты тыныс алуына шағымданады.

Бірінші жүктіліктен, мерзімінде босанған.Туғылғанда салмағы 3400 г, ұзындығы 52 см. Нәрестелік кезең ерекшеліксіз. 2 айлығынан жасанды тамақтандырады. 1 жасқа дейін экземамен ауырған. Шоколад, құлпынай, жұмыртқаға бөртпелер пайда болады.

Жанұялық анамнезінде: анасы рецидивті есекжеммен, әкесі асқазан жарасымен ауырады.

Мамыр айында 3 және 4 жасында қаладан тыс жерде тұншығу ұстамасы болған, онысы өз бетті қалаға келгенде басылған. Нағыз ұстама шоколад жегеннен кейін пайда болды. Жедел жәрдем дәрігері шұғыл жәрдем көрсеткен. Ұстамасы басылған. Бөлімшелік дәрігерге активке берілген.

Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозарған, көздерінің асты көкшіл. Беті, құлақ арты, қол-аяқ қыртыстары құрғақ, қабыршақтану, қасынулары бар. «Географиялық» тіл, ауыз бұрышында ауыздық. Тынысы ысқырықты, алыстан естіледі. Дем тартуы ұзақ. ТАЖ - 28 рет 1 мин. Өкпеде перкуторлы дыбыс қорапты реңімен, аускультативты: бүкіл өкпеде көптеген құрғақ сырылдар. Жүрек шектері: оң - 1 см-ге төстің оң шетінен ішке, сол - 1 см-ге сол орта бұғана сызығымен ішке. Жүрек тондары тынықталған. ЖСЖ - 72 рет мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры +2 см қабырға доғасынан шығыңқы. Талагы пальпацияланбайды. Зәрі күнде, нәжісі қалыпты.

Қосымша зерттеулер:

ЖҚА: НЬ - 118 г/л, Эр -4,Зх1012/л, Лейк - 5,8х109/л, п/я - 1%, с - 48%, э - 14%, л - 29%, м - 8%, ЭТЖ- 3 мм/час.

ЖЗА: количество - 100,0 мл, салс тығыздығы- 1,016, шырыш жоқ, лейкоциттер - 3-4 в п/з, эритроциттер жоқ.

Кеуде клеткасының рентгенограммасы: өкпе алаңы жоғары мөлдірлікте, бронх өкпе суреті түбір аймағында күшейген, ошақты қараюлар жоқ.

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Аурудың этиологиясы?

3. Балалардағы обструкция патогенезінің 3тізбегін көрсетініз?

4. Берілген жағдайдағы шұғыл көмек?

3 Тақырып: Артериялық гипертензия синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.

1. Артериальная гипертензия жиі кездеседі:

A. Жүйелі қызыл жиегі

B. Түйінді периартериит

C. Геморрагиялық васкулит

D. Ашық артериальды өзек

E. Аортаның жетіспеушілігі

2. Бала дұрыс жүрмейді: 3 жастағы баланың ата-анасы физикалы дамуына қалыс болуына шағымданып келді. Объективті: психикалық дамуы жасына сай, иық – жауырыны шамадан тыс дамыған. Бұлшықет гипотониясы, аяқ және денесінің төмен жағы әлсіз. Жүрек шегі солға 2 см ығысқан. Жүрек тебісі, 1 тоны күшейген. Оң жақ 2 ші қабырға аралықта систоликалық шум естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Аорта коарктациясының қандай клиникалық себептері нақты дәлелдейді?

A. Қолда АҚҚ жоғары, аяққа қарағанда

B. оң жақ қарыншасының миокард гипертрофиясы

C. Аяқтың АҚҚ жоғары, қолға қарағанда

D. АҚҚ қолда да, аяқта да бірдей

E. рентгенограммада өкпенің суреті күшейген

3. Төменде келтірілген жағдайлардың ішінде клиникалық хаттама бойынша балалардағы артериалды гипертензия кезінде жоспарлы госпитализацияға көрсеткіш болып табылатыны (3)

  1. Артериялық гипертензия себебін анықтау үшін

  2. Гипертониялық криз

  3. Бас-ми ішілік қан айналымының бұзылысы

  4. Артериялық гипертензияның ауыр түрін анықтағанда

  5. Артериялық гипертензиясы бар бір жасқа дейінгі балалар

  6. Амбулаторлы емнің әсері болмаған жағдайда

  7. Жедел жүрек қан-тамырлық жетіспеушілік

  8. Бас-миының жарақаты

4. Бала дұрыс жүрмейді: 5 жастағы баланың ата-анасы физикалы дамуына қалыс болуына шағымданып келді. Объективті: психикалық дамуы жасына сай, иық – жауырыны шамадан тыс дамыған. Бұлшықет гипотониясы, аяқ және денесінің төмен жағы әлсіз. Жүрек шегі солға 2 см ығысқан. Жүрек тебісі, 1 тоны күшейген. Оң жақ 2 ші қабырға аралықта систоликалық шум естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Аяқтағы пульсі анықталмайды. АҚҚ 150/90 мм сн.бғ. Болжамды диагноз қандай?

A. аорта коарктациясы

B. вегето-тамырлы дистония

C. феохромоцитома D. ашық артериальды өзек

E. аорта өзегінің стенозы

5. Вазоренальды гипертензия диагнозын қоюдағы ең акпаратты әдіс:

A. Цистография

B. Аяқтағы қан қысымын өлшеу

C. венаішкілік урография

D. бүйректік ангиография

E. бүйрек тамырларның УДЗ

6. Төменде аталған жүрек ақаулардың қайсысы артериальды гипертензиямен жүреді:

A. өкпе артериясының стенозы

B. аорта стенозы

C. аорта коарктациясы

D. жүрекше аралық перденің ақауы

E. қарынша аралық перденің ақауы

7. Аорта коартикациясының гипертензиясын екшеу диагностикасында анықтаудың ең ақпаратты әдісі:

A. Зәрде альдостеронның жоғарлауы

B. Зәрде 17-кетостероидтың қалыпты болуы

C. АҚҚ аяқта төмен, қолға қарағанда,

D. Зәрде катехоламиндер төмен

E. АҚҚ аяқта жоғары, қолға қарағанда

8. Артериялық гипертензия кезіндегі алғашқы профилактикалық шаралар: (2)

  1. Семіздікті алдын алу

  2. Қалыпты дене салмағын ұстап тұру және артық дене салмағын төмендету

  3. Физикалық белсенділікті оңтайландыру

  4. Тамақтанудың рационализациясы

  5. Дене шынықтырумен айналысу

  6. Криздердің алдын алу

  7. Кризді басу (купировать)

  8. АҚҚ-ын қалпына келтіру немесе төмендету

9. Бүйрек ауруы басталуында АҚҚ жоғарлауы тән:

A тұқым қуалайтын нефрит

B. Гломерулонефрит

C. Пиелонефрит

D. Дизметаболикалық нефропатия

E. Тубулопатиялар

10. Гипертензиясы бар әр-бір балаға жүргізілу керек талдау түрлері (2)

  1. Бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі

  2. Доплер бойынша түрлі-түсті (цветное) ультрадыбыстық зерттеу

  3. Бүйрек веналарындағы ренинді өлшеу

  4. Компьютерлі томография/Магнитті-резонансты томография

  5. Радиоизотопты зерттеу

  6. Күрделі эндокринді зерттеулер мен зәрдегі стероидтарды талдау

  7. Зәрдің жалпы анализі және микроальбуминурия мен протеинурияның сандық өлшемі

  8. Молекулярлы-генетикалық зерттеулер

Тәжірибелік сабаққа арналған жағдайлық тапсырмалар.

1 Тапсырма.

Науқас Д., 14 жаста, шағымы жиі басының ауруына, жүрек қағуына, ұйқысының бұзылуына, тітіркендігішке шағымданады.

Анамнезінде: ата-анасының ажырасуынан шамамен 1 жылдан кейін осы шағымы пайда болды. Осы кезде үлгерімі нашарлап, мектептегі жолдастарымен шиеленісуы басталды. Бас ауру ұстамасы соңғы кезде айына бірнеше рет болып, анальгетиктен немесе демалыстан кейін өзінше басылатын. Өмір анамнезі: қыз бала жасына сай қалыпты дамыды. Емханада созылмалы тонзилитпен бақылауда тұрды. Мамасы нейроциркуляторлы дистониямен, анасы жағынан әжесі гипертониялық аурумен ауырады. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық, температурасы қалыпты. Дене бітімі астеникалық. Тері жамылғысының түсі қалыпты, бетінде безеу бөртпелер бар. Қол саусақтары мен аяқ бармақтарында, қолтық астында гипергидроз бар. Аяқ қолдары мұздай. Ұлғайған тонзиллярлы лимфа бездері пальпацияланады. Араны қызармаған. Өкпеде везикулярлы тыныс, перкуторлы өкпелік дыбыс. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының шектері: оң – төстің оң шетімен, жоғарғы – III қабырғамен, сол – сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай. Жүректің соғуы анық, ырғақты, жүрек ұшында, тұрғанда жоғалатын жатқан кезде тыңдалатын дөрекі емес систоликалық шум. Пульс 96 рет мин, қанағаттанарлық, екі қолында бірдей. Аяқтарында перифериялық пульсация сақталған. АД 150/80 мм сын.бағ. екі жағында. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр, талақ ұлғаймаған. Физиологиялық бөліністері қалыпты.

Қосымша тексеру әдістері:

ЖҚА: НЬ - 125 г/л, Эр - 4,6х1012/л, Лейк - 5,1 х109/л, п/я - 2%, с - 63%, э - 2%, л - 30%, м - 3%, ЭТЖ - 8 мм/сағ.

ЖЗА: меншікті салмағы - 1024, белок - abs, лейкоциттер -2-3 в к/а, эритроциттер - жоқ.

БҚА: жалпы белок - 73 г/л, альбумин -60%, глобулин: а1 - 4%, а2 - 9%, в - 12%, у - 15%, серомукоид - 0,18 (норма - до 0,2), АЛТ - 32 Ед/л, ACT - 25 Ед/л, мочевина - 4,5 ммоль/л.

ЭКГ: синустық ритм, ЖСЖ 96 рет мин, жүректің электрикалық өсі вертикальды орналасуы.

1. Болжамды диагнозын қойыңыз.

2. Тағы қандай тексерулер жасау керек?

3. Науқасты қай маманға көрсету қажет?

4. Осы ауру пайда болуына қандай фактор әсер етті?

2 Тапсырма

7 жасар бала бас ауруына, бетінде, балтырында ісікке, ет жуындысындай зәрінің түсіне 3-ші ауырған күнде қабылдауға келді. Бала 1-ші жартысы токсикозбен өткен бірінші жүктілік, уақытында босанудан. Туылғандағы салмағы 3150 г, ұзындығы 50 см. Апгар шкаласы бойынша 8/8 ұпай. Ерте жасында дамуы ерекшеліксіз. Емшек сүтімен 7 айға дейін болып, егулері уақытында алынған. 5 жасынан бастап созылмалы тонзиллитпен жиі ЖРВИ диспансерлік есепте тұрады. Генеалогиялық анамнезі ауырпалықсыз.

Ангинамен ауырғаннан 2 аптадан кейін осы ауру басталған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы таза, бетінде, балтыры және табанында ісігі бар. Араны аздап қызарған, бадамша безі I-II дәрежеде, жабындысыз, борпылдық. Өкпе, жүрек қызметі қалыпты. АҚҚ 130/85 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр қабырға доғасымен. Бүйрек пальпацияланбайды, Пастернацкий симптомы екі жақтада теріс мәнді. Тәуліктік диурез 300-400 мл, зәрі қызыл түсті.

Қосымша тексеру тәсілі:

ЖҚА:НЬ - 125 г/л, Эр - 4,Зх1012/л, Лейк -12,Зх109/л, п/я - 5%, с - 60%, э - 5%, л - 24%, м - 6%, ЭТЖ - 20 мм/сағ.

ЖЗА: көлемі- 70,0 мл, түсі-қызыл, мөлдірлігі-толық емес, реакция - сілтілі, салыстырмалы тығыздығы- 1,023, эпителий - 1-2 в к/а, эритроциттер – өзгерген бүкіл көру аймағында, лейкоциттер - 2-3 в к/а, цилиндр - зернистые 3-4 в к/а, белок - 0,99%о.

БХА: жалпы белок - 65 г/л, альбумины -53%, a1-глобулиндер - 3%, а2-глобулиндер - 17%, в-глобулины - 12%, у-глобулины - 15%, мочевина - 17,2 ммоль/л, креатинин - 1,87 ммоль/л, калий - 5,21 ммоль/л, натрий - 141,1 ммоль/л, холестерин - 6,0 ммоль/л, в-липопротеидтер - 2,0 г/л.

БЗА: белок - 600 мг/тәул (норма – 200 дейін), фосфор - 21 ммоль/тәул (норма - 19-32 дейін), кальций - 3,6 ммоль/ тәул (норма - 1,5-4), креатинин - 2,5 ммоль/ тәул (норма - 2,5-15), аммиак - 28 ммоль/тәул (норма - 30-65), титрлік қышқылдығы- 40 ммоль/ тәул (норма - 48-62), оксалаттар - 44 мг/сут (норма – 17дейін).

Іш қуысының УДЗ: бауыр, өт қалтасы, ұйқы без, талақ патологиясыз. бүйрек қалыпты орналасқан, ұлғаймаған, паренхимасы өзгермеген. Тостағанша түтікше жүйесінің құрылымы кәдімгідей.

1. Толық клиникалық диагнозын қойыңыз.

2. Лабораториялық -инструментальды тексеру жоспарын құрыңыз.

3. Қандай тексеру ауру этиологиясын дәлелдейді?

4 Тақырып: Кеуденің ауырсыну синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.

1. Ревматизмді анықтауында (жедел ревматикалық қызба ) Кисель-Джонс-Нестеров бойынша негізгі критерийлер болатыны:

A. «О» (АСЛО) стрептолизинның жоғарлауы

B. Абдоминальды синдром

C. Полиартрит

D. ЭКГ-де Т тісшенің төмендеуі

E. ЭКГ-де QT ұлғаюы

2. Қандай ауруда кеуде тұсындағы ауырғандық кездеспейді: (3)

  1. Эзофагоспазм

  2. Белдемелі теміреткі

  3. Қолқаның қатпарлы (расслайвающая) аневризмасы

  4. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

  5. Пневмоторакс

  6. Бұғананың сынуы

  7. Миокардтың инфарктісі

  8. Өкпе рагі

3. Балалардағы жүре болған жүрек ақауының пайда болуының негізгі себептері:

A. Фиброэластоз

B. Жүйелі қызыл жиегі

C. Ревматизм

D. Бактериальды эндокардит

E. Ревматоидты артрит

4. Вирустан кейін миокардитте жиі кездеседі:

A. Систолодиастоликалық шуыл

B. Жүрек ұшында ұзақ ысқырықты систоликалық шум

C. Мезодиастоликалық шуыл

D. қысқа жұмсақ систоликалық шуыл

E. Кеш систоликалық шуыл

5. Перикардит кезіндегі ауырғандық сипаттамасы: (2)

  1. Жөтелде, терең дем алғанда, сирек жұтынғанда күшейетін ауырғандық+

  2. Стенокардияға ұқсас кеуде тұсындағы тұрақты қысып ауырғандық+

  3. Ауырғандық пен ентігудің кенет пайда болуы

  4. Төс арты мен эпигастридегі төменгі жаққа таралатын күйдіріп ауырғандық

  5. Жатқан күйде және алға еңкейгенде күшейетін ауырғандық

  6. Жүрек аймағында орналасқан таралусыз жүретін ауырғандық

  7. Бір жақты тесіп ауырғандық

  8. Төс-қабырға буындары аймағындағы ауырғандық

6. Вирустан кейінгі миокардитті анықтауға маңызы зор:

A. Фонокардиография

B. жүрек рентгенограммасы

C. Реограмма

D. Холтеров ЭКГ-сы

E. Эхокардиография

7. Пневмония кезіндегі инфекционды-токсикалық кардиопатияны (миокард дистрофиясы) сипаттайтын:

A. Өткізгіштің бұзылуы (ұзаруы PQ)

B. сол жақ қарыншаның шамадан тыс жүктемесі

C. Гис будасы сол тармағының блокадасы

D. Т тісшесінің төмендеуі

E. жүрек аумағының үлкеюі

8. Жүрек аумағының ауруы шағымымен 10 жастағы бала жалпы тәжірибе дәрігеріне келді. Клиникалық патология анықталмайды. Қандай тексеру қажет?

A. ЭКГ

B. Апекскардиограмма

C. Реокардиограмма

D. физикалық жүктеме сынамасы

E. Велоэргометрия

9. Кеуде клеткасы зақымдануындағы ауырғандықтың негізгі себептері: (2)