Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оам.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

Әлеуметтанулық зерттеулердің ұғымы және түрлері.

Әлеуметтанудағы эмпирикалық зерттеулер – тәжірибе жүзінде қолдануға бағытталған зерттелетін құбылыс немесе үрдіс туралы сенімді мәліметтер алуды мақсат ететін логикалық ретке келтірілген методологиялық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың жүйесі. Зерттеулердің түрлері оның мақсаттары мен міндеттері арқылы айқындалады. Эмпирикалық зерттеулердің бірнеше түрлері бар:

  • әлеуметтік мәселені талдау тереңдігіне және оқиғаларды қамту ауқымына байланысты барлау, суреттеу және талдау зерттеулері;

  • мәліметтерді жинаудың қолданылатын әдістеріне қарай сұрау, бақылау, құжаттарды талдау, эксперимент;

  • құбылыстың статикасы немесе динамикасы зерттелуіне байланысты – нүктелік және қайталанбалы;

  • зерттеу объектісін қамту деңгейіне байланысты – жаппай және іріктемелі зерттеулер;

  • жүргізілетін орынына байланысты – далалық және лабораториялық болып бөлінеді.

Әлеуметтанулық зерттеулер кез-келген әлеуметтік зерттеулерден бірқатар белгілер арқылы ерекшеленеді.

Біріншіден, әлеуметтанулық зерттеулерді арнайы мамандар жүргізеді. Оларды ұйымдастырып, жүзеге асыру үшін арнайы білімділік қажет. Әлеуметтік саланың зерттеулері кез-келген сала мамандарымен және нақты әлеуметтанулық емес тақырыптарға жүргізіледі.

Екіншіден, әлеуметтанулық зерттеу мамандандырылған арнайы әдебиеттерге сүйенеді, ал әлеуметтік зерттеулер өмір тәжірибесіне, барлығына кең таралған әдебиеттерге сүйенеді.

үшіншіден, әлеуметтанулық зерттеулер қоғамға нақты, тар мағыналы, арнайы көзқарасты бейнелейді, ал әлеуметтік зерттеулер кең және өмірлік көзқараспен жүргізіледі.

Сонымен, әлеуметтанулық зерттеулер – бұл бір әлеуметтік құбылыстар екінші бір әлеуметтік құбылыстармен түсіндірілетін арнайы зерттеулер түрі болып табылады.

Әлеуметтанудағы таңдау әдісі және оның негізгі түрлері.

Девиация ұғымы мен түрлері. Ауытқу мінез-құлқының деңгейлері мен түрлері.

Девиантты мiнез-құлық (лат. deviatio – ауытқу) әлеуметтануының негiзiн қалаушы Эмиль Дюркгейм болып есептеледi, ал бұл теорияның жеке өз бетiнше ғылыми бағыт ретiнде қалыптасуы Р.Мертон және А.Коэн есiмдерiмен байланысты. Э.Дюркгеймнiң ең үлкен үлесi – ол әлеуметтануға “аномия” түсiнiгiн енгiзген. Э.Дюркгейм бұл аномия теориясын өзiн-өзi өлтiру мәнiн классикалық зерттеуде қолданды.

Әлеуметтануда девиантты мiнез-құлыққа өте көп анықтама берiледi. Көбiнесе әдебиеттерде “девиантты мiнез-құлық дегенiмiз қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сәйкес келмейтiн әрекеттер” деген анықтама берiледi.

Әлеуметтанулық сөздiкте девиантты мiнез-құлықтың екi мағынасы көрсетiлген. Бiрiншiсi – девиантты немесе ауытқу мiнез-құлқы дегенiмiз: адамның белгiлi бiр қоғамда ресми белгiленген немесе шын мәнiнде қалыптасқан нормаларға (стереотиптерге, үлгiлерге) сәйкес келмейтiн iс-әрекетi. Екiншiден, ресми белгiленген немесе шынында қалыптасқан нормаларға сәйкес келмейтiн, адам әрекеттерiнiң кең таралған формаларын бейнелейтiн тарихи қалыптасқан әлеуметтiк құбылыс.

Мұнан басқа да анықтамалар көп кездеседi. Тар мағынада девиация деп индивидтiң немесе адамдар тобының нормалардан негативтi ауытқуы түсiнiледi (мысалы, заңнан ауытқу). Смелзер девиантттылықты iс-әрекеттердiң әлеуметтiк күтулерге сай келуi / келмеуiне байланысты анықтайды, сонымен бiрге девиацияны ”топтың нормаларынан ауытқуы болып табылатын және изоляцияға, емдеуге, түзетуге немесе басқа жазаға әкеп соғатын мiнез-құлық” - деп сипаттайды. Девиантты мiнез-құлықты мұндай тар мағынада түсiну ауытқу мiнез-құлқын тек керi жағынан қарастырудың салдарынан болады. Ал керi девиация әлеуметтiк тұрақтылыққа қауiп төндiредi. Бұл мағынада девиация дегенiмiз - конформизмнiң антиподы болып есептеледi. Девиантты мiнез-құлықты объективтi әлеуметтiк нормаларды бұзу ретiнде қарастыру шетелдiк “психологияландырылған” анықтамаларға қарсы тұрады. Мысалы, американ социологы Коэн девиантты мiнез-құлықты “институционалған күтулерге қайшы келетiн мiнез-құлық” деп есептейдi. Ал ағылшын социологы Д.Уолш “девиантты мiнез-құлық - бұл белгiлi дәрежедегi берiлетiн статус деген ой айтады, яғни тек субъективтi мағынада тағылған белгi дейдi.

Ауытқу адамдар санасы мен мiнез-құлқында бiртiндеп қалыптасады. Бұған дәлел ретiнде әлеуметтануда “алғашқы девиация” түсiнiгiнiң болуы саналады. Бұл девиацияның түрi – кейбiр ауытқуларға қоршаған адамдар көз жұмады, ал кейбiр ережелердi мойындамайтын адам өзiн оларды бұзушы деп қарамайды. Мұндай ауытқулар онша маңызды емес немесе адамгершiлiкке жатпайтын әрекеттер жасаумен щектеледi. Бiр уақытқа дейiн мұндай әрекеттерге мән берiлмейдi, мысалы, спирттiк iшiмдiктердi кездейсоқ адамдармен iшу.

Бiрақ ауытқу мiнез-құлқының екiншi деңгейi бар (екiншi реттi девиация), мұнда адамды қоршаған әлғуметтiк орта немесе ресми ұйымдар ашық түрде мораль мен құқық нормаларын бұзушы деп мойындайды. Мұның нәтижесiнде оның әрекеттерiне белгiлi бiр реакция болады.

Ауытқу мiнез-құлқын қарастырғанда жеке және ұжымдық девиация формаларына жату маңызды. Жеке девиация формасы деп мораль мен құқық нормаларын бiр адамның бұзуын айтады, ал ұжымдық формадағы девиация кей әлеуметтiк топтың әрекетiнiң бейнесi болып табылады, яғни қылмыстық топтың немесе жағымсыз секталардың өзiне тән субмәдениет құрып алуы және қабылданған нормаларға ашық қарсы келуi.

Я.И.Гилинскийдiң айтуынша, әлеуметтiк ауытқу қоғамға пайдалы да болуы мүмкiн. Оның мысалы – жаңалық енгiзу, әлеуметтiк шығармашылық. Бұл жерде айта кететiн жайт, позитивтi және негативтi ауытқулар бiр жүйеннiң iшiнде дұрыс бағаланбайды. Белгiлi бiр жүйеде қандай ауытқуды болмасын осы жүйенi құрған қауымдастық оны негативтi немесе керiсiнше позитивтi деп қарастыруы мүмкiн. Мұндай норманың өзi негативтi құбылыс ретiнде қарастырылады. Жаппай үлгiлер ретiнде жинақтала келiп бұл позитивтi ауытқулар жаңа әлеуметтiк нормаларды құруға алып келедi. Мұндай нормалар кең тарала келiп қоғам мойындайтын норма болып қалыптасады.

Девиантты мiнез-құлықтың формалары мен түрлерi өте көп. Көбiнесе девиантты мiнез-құлықты бұзылған норманың түрiне байланысты (құқық, мораль, дiни, саяси, т.б. нормалар) бөледi. Сонымен бiрге сыртқы ортаға бағытталған экстравертивтi (ол мiнез-құлық мақсатты немесе аффективтi болуы мүмкiн, мысалы, қинау себебiнен қылмыс жасау) және өз-өзiне бағытталған интравертивтi мiнез-құлықтарды бөледi (мысалы, нашақорлық, өзiн-өзi өлтiру).

Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөл. Туа біткен және қол жеткізілген статустар.