Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оам.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45 Кб
Скачать

Әлеуметтану ғылымының қазіргі қоғамтану ғылымдары жүйесіндегі орны.

Әлеуметтанудың қоғамтану және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық басқа гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға - барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді.

Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін.

Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын - саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет.

Әлеуметтанудың объектісі мен пәні, функциялары. Әлеуметтанулық білімнің үшдеңгейлік құрылымы.

Әлеуметтану – қоғам жөніндегі ғылым.Оны өз алдына ғылым етіп,негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857). Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады,соның ішінде мемлекет,саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқада жақтарына қатысты проблемаларды шешумен айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.

Бірте-бірте, уақыт озған сайын қоғам дамуын тұтас әлеуметтік организм ретінде қарастыру, оның обьективті және субьективті жақтарының өзара әрекеті, әлеуметтік прогрестің алғышарттары,азаматтық қоғам, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік проблемалары, сайып келгенде,осының бәрі әлеуметтанудың назар аударатын және зерттеу пәнінің іргесін қалайтын бірден-бір жол болды. Соның нәтижесінде ХІХ ғасырда аталмыш мәселелерді шешу жолдарын ұсынған бірнеше жалпы әлеуметтану көзқарасы қалыптасты. Сол көзқарастардан көпшіліктің мойындағаны Георг Вильгельм, Фридрих Гегель, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс кейіннен Эмиль Дюргейм, Макс Вебер т.б әлеуметтанушылардың әлеуметтік теориялары болатын. Жалпы ғылым обьектісін сөз қылғанда, таным процесі белгілі бір ғылым шеңберінде не нәрсеге бағытталған деген сұрауға тіреледі. Ал ғылымның пәні жайлы сөз болғанда, ол ғылым нәрсенің, обьектінің қай жағын,қандай заңдылықтарын зерттейді немесе зерттеуге тиісті – деген сұраққа жауап беруі керек. Осы тұрғыдан қарағанда, социология пәніне мынадай анықтама беруге болады:социология – қоғамның құрылысы, өмір сүруі мендамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен олардың бірлестіктерініңжәне тұтасқоғамның өмірі мен өзара қарым – қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары мен әдістері жайлы ғылым.

Демек, әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз-қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдапдың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері. Әлеуметтанудың обьектісі мен пәні оның білімдік құрылымы мен деңгейлерін анықтайды.