- •«Қоғам» ұғымының анықтамасы. Қоғамның типологиясы.
- •Алғашқы әлеуметтік ақпарат жинаудың негізгі әдістері.
- •Әлеуметтану ғылымының қазіргі қоғамтану ғылымдары жүйесіндегі орны.
- •Әлеуметтанудың объектісі мен пәні, функциялары. Әлеуметтанулық білімнің үшдеңгейлік құрылымы.
- •Әлеуметтанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуының алғышарттары: антикалық, ортағасырлық және Жаңа заманның әлеуметтік идеялары.
- •Әлеуметтанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы: (о.Конт, г. Спенсер м. Вебер, э. Дюркгейм, к. Маркс).
- •Әлеуметтанулық білімнің негізгі парадигмалары: құрылымдық функционализм, символдық интеракционизм.
- •Әлеуметтанудағы парадигмалардың бірі ретіндегі қақтығыстық тәсіл.
- •Әлеуметтанулық зерттеулердің ұғымы және түрлері.
Әлеуметтанулық білімнің негізгі парадигмалары: құрылымдық функционализм, символдық интеракционизм.
Американ зерттеушісі Джордж Ритцер қазіргі батыс әлеуметтанудың үш негізгі парадигмасын белгілейді:
Құрамына құрылымдық функционализм мен әлеуметтік шиеленістердің концепциялары кіретін фактуалистік парадигма.
Дефиционистік парадигманы, оған символикалық интеракционизм, феноменологиялық социология, этнометодология.
Бихевиоризмнің әлеуметтік парадигмасын (әлеуметтік айырбас концепциясы және бихевиористік социология).
Бірінші парадигма («әлеуметтік фактілердің» парадигмасы) әлеуметтік шындықты әлеуметтік фактілердің екі тобына - әлеуметтік құрылымдарына және әлеуметтік институттарға түйістіреді.
Екінші парадигма – «әлеуметтік дифференциялардың» парадигмасы - әлеуметтік фактілерді оқуға емес, оларды анықтайтын тәсілдерді оқуға негізделген. Зерттеу объектісі болып ішкі және субъектаралық және әрекет нәтижесі ретінде болып табылады. .
Үшінші парадигма – «әлеуметтік тәртіп» парадигмасы. Әлеуметтік бихевиористер ойынша, алғашқы екі парадигмалар метафизикалық болып келеді. Өйткені олар жалғыз әлеуметтік шындықты көрсететін адам тәртібін байқамайды.
Екі кезеңнің келесі парадигмастикалық ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады. Марксті, Дюркгеймді, Веберді және т.б. біріктірген классикалық социологиялық көзқарас, ол «экономикалық адам» түсінігіне, яғни еңбек адамына және тұтынушы адамға негізделген. Қазіргі батыстық социологиялық ойлау «ақпаратты адамды», «постиндустриялық қоғамды», яғни еңбек пен тұтыну құныдылықтары орнына, басты мәдениет құндылықтары болған адамдарды оқуға негізделген.
Қазіргі теоретикалық жағдайдың ішіндегі бағыттарына келесі социологиялық бағыттарды жатқызуға болады: неомарксизм (Т. Адорно, Г.Маркузс, Ю.Хабермас), әлеуметтік қайшылықтардың теориялары (Т.Дарендорф, Я.Озер және т.б.), символикалық интеракционизм (Джордж Мид), этнометодологияны (Г.Гарфинкель), постмодернизм (Э.Гидденс және т.б.
Әлеуметтанудағы парадигмалардың бірі ретіндегі қақтығыстық тәсіл.
қақтығыстық парадигма (конфликт), XIX ғ. пайда болған. Негізін Маркс, Бентли, Зиммель, Козер және т.б. қалады. Олар саяси өмірде дау жанжал, шиеленістер шешуші роль атқарады дейді.
конфликтік (конфликтологиялык) парадигмалар.
Конфликтологиялық парадигманын өзі үш тармаққа бөлінеді:
а) марксистік, б) неомарксистік, в) беймарксистік конфликтологиялық социология.
Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі - конфликтік (конфликтологиялық) парадигма. Мұның өкілдері де коғамды кұрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, ныңтұтас жүйеекендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз теорияларын коғамның әр түрлі топтық кұрылымына, олардын мүдделерініц әр түрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді.
Міне, сол топтардың мүдделерінің әр түрлі болуына байланысты конфликтердің болатындығын көрсетіп, ал ол өз тарапынан қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақсыздық тудырып отыратындығын анықтау мақсаты қойылады. Яғни, олардың пікірінше, әлеуметтік әртүрлі топтардың болуына және олардың мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты қоғамда әр кезде конфликтік потенциалдың болуы табиғи құбылыс болып есептеледі.
Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік неомарксистік және беймаркситік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.
Қорыта келгенде, неомарксистер өздерінің парадигмаларында конфликт көзін экономика жүйесінен емес, керісінше, қоғамның мәдени және идеологиялык салаларынан өрбиді. Бірақ олар да қашан және қандай жағдайда мәдени фактор тағдыры үшін маңызды және шешуші роль атқаратындығына толық анализ бере алмады.
Беймарксистік конфликт парадигмасына келетін болсақ, бұл теорияның өкілдері де өз пікірлерін Маркске қарсы қояды. Олар қоғамда конфликтке түсетін, Маркстің айтқанындай, екі топ емес, одан басқа көптеген топтар бар деген пікірге келеді. Сондай-ақ, оларда экономикалық мүддеден басқа да мүдделер бар деп есептейді. Демек, ол топтар экономикалық билік үшін емес, алдымен әлеуметтік статус үшін күресуі мүмкін деген тұжырым жасайды.
