Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оам.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.76 Кб
Скачать

Әлеуметтанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуының алғышарттары: антикалық, ортағасырлық және Жаңа заманның әлеуметтік идеялары.

Қоғам мен ондағы адамның өмірі ғалымдар мен ойшылдарды ежелден-ақ қызықтырған. Қоғам туралы алғашқы теориялық болжамдар адамзат өркениетінің пайда болуы мен дамуының ең бастапқы кезеңінде көрініс тапты. Қоғам туралы теориялық білімдердің неғұрлым дамыған алғашқы жүйесі ежелгі Үндістан мен Қытай, Вавилон, антикалық Грекия, Рим империясының философиялық мектептерінде қалыптасқан.

ең алғашында қоғамның түрлерін философтар бейнеледі. Б.з.д. ІV ғасырда ежелгі грек философы Платон (б.з.д. 427-347) қоғамды абстрактылы және дедуктивті тәсілдер көмегімен қарастырды, ал оның оқушысы Аристотель (б.з.д. 384-322) қоғамдық құбылыстарды талдау үшін эмпирикалық бақылауларды пайдаланды.

Орта ғасырларда Батыс Еуропада Аврелий Августиннің, Фома Аквинскийдің идеялары кең таралды. Мұнан әрі қарай қоғамтанушылық тұжырымдама Қайта өрлеу және Жаңа дәуірде Данте Алигьери, Леонардо да Винчи, Т.Мор, Т.Кампанелла, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Ж.-Ж.Руссо, Ш.-Л.Монтескье, М.Вольтер, Д.Дидро, Г.Гегель және т.б. еңбектерінде даму алды. Франциялық Шарль Луи Монтескье (1689-1755), Анри де Сен-Симон (1760-1825) және шотландық Адам Фергюссон (1723-1816) қоғамды анықтауда саяси және экономикалық терминдерді пайдаланды. Тек ХІХғ. 30-жылдарында ғана негізін салушы О.Конттың ойынша, «адамзаттың жаңа діні» болуға, қоғамдағы үйлесімділік пен жердегі жұмақты орнатуға тиісті ғылым пайда болады.

Әлеуметтану ғылымының қалыптасу үрдісі уақыт бойынша ұзақ мерзімге созылды. Шын мәнінде О.Конт «социология» терминін 2,5 мың жыл бойы болған ғылыми зерттеудің объектісіне қолданды. Контқа дейін ойшылдар қоғамды талдап, бейнеледі, бірақ алынған білімдерді әлеуметтану деп атаған жоқ. Атап өту керек, О.Конт жекелеген әлеуметтік фактілерді, оларды салыстыруды оларды түсіндірудегі жалпы теорияның рөлін жоққа шығара отырып зерттеу қажет деп есептеді. Кейіннен К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер еңбектерінің арқасында әлеуметтану өз бетінше жеке ғылымға айналды. Дәл осы ғалымдар әлеуметтанулық ойды қалыптастырушылардың идеяларына сүйене отырып, әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің теориялық негіздерін қалады.

Әлеуметтанудың пайда болуы ғылымның даму тарихымен байланысты. Әлеуметтану ғалымдардың көптеген буындарының еңбектерінің негізінде пайда болды және оның дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:

  1. әлеуметтанудың алдын-ала тарихы, мұнда адам мен қоғам туралы көзқарастар әлеуметтік философия шеңберінде дамыды;

  2. әлеуметтанудың өз бетінше өзіндік пәні мен ғылыми әдісі бар ғылым ретінде пайда болуы кезеңі;

  3. классикалық кезең – әлеуметтануды жеке ғылым ретінде мойындалуы, бұл кезеңде әлеуметтік құбылыстардың табиғатын түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі ғылыми концепциялар жасалды.

Әлеуметтанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы: (о.Конт, г. Спенсер м. Вебер, э. Дюркгейм, к. Маркс).

2 Әлеуметтанудың негізін қалаушы болып Огюст Конт (1798-1857) табылады. Ол ғылымға «социология» терминін енгізіп қана қоймай, әлеуметтанудың пәні мен әдістерін анықтап, осы жаңа пәнді философияға қарама-қарсы қойды.

Конттың негізгі идеясы - әлеуметтік құбылыстар, адамдардың мінез-құлқы белгілі бір заңдар әрекетіне бағынады. О.Конт адамзат қоғамы прогрессінің үш кезеңі заңын қалыптастырды, оның негізінде «рух прогрессі», адам санасының прогрессі жатыр. Оның ойынша, қоғамның дамуы дамудың бір кезеңінен екінші кезеңіне өтуді білдіреді: теологиялықтан метафизикалыққа, одан позитивтіге.

Теологиялық кезең 1300 жылға дейін жалғасты. Бұл кезеңде барлық құбылыстар көптеген тылсым күштердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Теологиялық сана мұндай күштерді тайпа көсемдерінің билігіне теңеді. Бірақ қоғамның дамуы жалғаса берді, ескі жүйе біртіндеп жойыла бастады. Екінші метафизикалық кезең 1300 жылдан 1800 жылға дейін жалғасты.

Бірақ қоғамдық дамудағы ары қарайғы прогресс үшінші кезеңнің басталуына жол ашты – ғылыми немесе позитивті, бұл кезең ғылымдардың таралуымен, олардың қоғамдық маңызының өсуімен, өндіріс пен қолөнердің дамуымен сипатталады.

Үш саты заңын ғылымдар жіктемесіне үйлестірудің мақсаты математкада, астрономияда, физикада, химия мен биологияда үстемдікке жеткен ойлау тәсілі түбінде саясат саласында да жеңіске жете алатын және қоғам туралы позитивтік ілімді социологияны құрастыруға әкелетінін дәлелдеу болып табылады.

Конт философиясында үш үлкен мәселе қойылады. Біріншісі – Батыс Еуропа елдеріне тән индустриалды қоғам − оған бүкіл азамат ілесіп жүретіні мысал бола алады. Еуропалық индустриалды қоғамның белгілі бір жақтары жалпылама мағынаға ие болады деп Конт есептегенініңдұрыс еместігі дәлелденбеген. Еуропалық қоғамды ерекшелейтін, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастырудың кез−келген басқа түрінен анағұрлым тиімді, сондықтан оның құпиялары ашылғаннан кейін басқа халықтар оны меңгеруі қажет, өйткені ол қоғамның гүденуі мен құдіреттілігінің шарты болып табылады.

Екінші мәселе − ғылыми ойдың екі жақты әмбебаптылығы. Математкада, физикадағы немесе биологиядағы позитивтік ойлау әмбебапты мағынаға ие, өйткені оның көмегімен жеткен табыстар көз алдымызда болғандықтан, оны бүкіл адамзат қабылдайды. Конттың ойы дұрыс болып шықты: батыс ғылымы бүгін әңгімелегендей математика, астрономия, физика, химия және тіпті орасан зор мөлшерде биология туралы болсын, бүкіл адамзат ғылымына айналды. Алайда ғылым әмбебаптылығы басқа мағынаға да ие. Қашан астрономияда немесе физикада позитивті түрде ойлай бастасақ, онда саясат немесе дін салаларында дәстүрлі ойлауға болмайды. Органикалық емес табиғат туралы ғылымдарда табыстарға жеткізетін, позитивтік метод ойлаудың барлық жақтарын қамтуға міндетті. Алайда позитивтік методтың таралуы онша анық емес. Математика немесе физикада қолданылатын методтарды, біз социологияда, морль немесе саясат салаларында қайта құрастыуға міндеттенеміз бе? Тым болмаса пікірталас әлі біткен жоқ.

Үшінші негізгі мәселені Конт «Позитивтік саясат жүйесінде» көтереді. Егер тап осындай адам табиғаты жалғыз сол болса, онда, түбінде, әр түрлілікті қалай сақтауға болады?

Спенсер Герберт (1820 - 1903), ағылшын философы және әлеуметтанушы, позитивизмнің негізін салушылардың бірі. Спенсер философиясы О. Конттың позитивизмін жалғастырды, дегенмен ол өз көзқарастарын оған байланыссыз деді. Оның көзқарастарына Д. Юмның агностицизмі және Дж. С. Миллдің кантшылдығы, Ф. Шеллингтің және шотланд мектебінің натурфилософиялық идеялары әсер етті.

Спенсердің басты еңбегі – «Синтетикалық философия» жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: «Негізгі бастамалар» (1862), «Биологияның негіздемелері» (1876-1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері «Әлеуметтік статистика» (1850) және «Социология зерттеу пәні ретінде» (1873).

Спенсерді позивитизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.

Спенсердің барлық социологиялық ой-тұжырымдары өзі бұрын жасаған, Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық теориясы – табиғат философиясының қосалқы бөлшегі, өйткені әлеуметтік эволюция – әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволюция заңы басқарады. Ғылым да, философия да дүниені бір ғана бағалау және индукция тәсілімен зерттеп біледі, тек философия өзінің зерттеу саласын шектемейді. Бірақ дүниенің шынайы мәні екеуіне де жұмбақ. Біздің танымымыз әрқашан салыстырмалы және тәжірибе мен эмпирия саласымен шектелген.

Дюркгейм Эмиль (1858–1917) – француз ойшылы, кәсіби әлеуметтанудың негізін салушы. Эмиль Дюргеймнің (1858-1917) - француз социологы, социологияны ғылым, мамандық және оқу пәні ретінде қалыптастырушылардың бірі.

1896 жылы Дюркгейм социялогия тарихында елеулі оқиға болған жаңа мерзімді басылымға басшылық ете бастады.Ол 1896 жылы – 1913 жылдар аралығында редакциялаған L`Annee BaGi Sociologique журналы, ең алғашқы рет дюркгеймдік мектеп зерттеулерінің нәтижелерін жариялай бастады. Бұл жылнама Франциядағы түрлі бәсекелесуші топтар арасындағы дюркгеймдік социалогия үстемдігінің негізгі институционалдық факторы болды. Бас редактордың идеяларына негізделген күшті ғылыми ағым қалыптасты. Бұл кейін “Француз социялогиясының мектебі”- деген атқа ие болып, осы елдегі социялогияның дамуын бірнеше он жылдыққа айқындап берді.

Көзі тірісінде Дюркгейм Төрт кітап шығарды:”Қоғамдық еңбек белісі туралы” (1893), “Социялогия әдісі” (1895), “Өзін-өзі әлтіру” (1897) және “Діни әмірдің қарапайым формалары” (1912).

Дюркгейм өзінің әлеуметтік көзқарастар жүйесін құрған теориялық-методологиялық база “социологизм” деп аталды. Ол социологиялық реализмнің бір түрі деп есептеледі. Бұл бағыттың басты ерекшелігі номинализмге қарама-қарсы қойылуына болды. Социологиялық реализм өзінің парадигмасы ретінде адамзат қоғамын ерекше шындық ретінде мойындау қажеттілігі мен міндеттілігін көрсетті. Социология пайда болғанға дейін арнайы оқу пән ретінде мұндай әлеуметтік шындықты зерттеумен бірде-бір ғылым саласы айналысқан емес.

Социологиялық әдіс ережелерінде Дюркгейм қоғамның психологиялық фактілерге сәйкес келмейтін өзінің жеке шындығы . Әлеуметтік шындықтың мұндай ерекше сипатын мына фактіден көруге болады, біз бұл шындықты қалауымыз бойынша жойып жібере алмаймыз. Қоғам біздің ойларымыз бен тілектерімізге қарама-қарсы тұрады, себебі ол табиғат объективттілігімен салыстыруға болатындай объевтивтілігімен ие, алайда ол екеуі бірдей емес.

Осыдан келіп “әлеуметтік факт теориясы” шығады. Әлеуметтік шындықтың мазмұнын, Дюркгейм бойынша болмыстың не экономикалық,не құқықтықтық және басқа да фактілерін жатқызуға болмайтын әлеуметтік фактілер құрайды. Бұл әлеуметтік фактілердің мынадай өз алдына дербес сипаттамалары бар: Ғылым мен дін арасындағы қарым-қатынас осы ғылым саласы дамуының “классикалык” кезеңдегі барлық социологтардын дерлік зерттеу тақырыптар ішінен негізгілерінің бірі болады (бұған билік етуші таптың үстемдігі мен ол құрған меншік формасын нығайта отырып,діни идеология әлеуметтік кұрылымнан келіп шығады деген тұжырыммен шектелген Марксті қосуға болмайды).

Әлеуметтанудың дамуына маңызды үлес коскан неміс ойшылы Макс Вебер (1864—1920) болды. Вебер көптеген ғылыми еңбектердің авторы: «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Шаруашылык және қоғам», «Әлеуметтік-ғылыми және әлеуметтік-саяси танымның объективтілігі», «Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы», «Негізгі әлеуметтанулык ұғымдар».

М. Вебер бойынша әлеуметтану адамның немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Әлеуметтанудың зерттеу пәні адамның және адам топтарының мақсаты және оған жетудің құралдары, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекеттерінің оларға тигізетін ыкпалын және олардың бұған жауап реакциясын есепке алуын қарастырады.

Әлеуметтік әрекетті М. Вебер бірнеше түрлерге бөледі: 1) мақсатты-рационалды әрекет. Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылуымен сипатталады; 2) құндылықты-рационалды әрекет – белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалык, діни, т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет; 3) аффективті әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; 4) дәстүрлі әрекет, бұл калыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекет түрі. М. Вебер осы түрлердің шартты екенін мойындаған, әлеуметтік әрекеттерді зерттегенде көп жағдайда аралас мотивтерді басшылыққа алған, себебі кез келген адамның әрекеті мотивтен туындайды. Нәтижесінде әрекет субъективті мағынаға ие болады.

М. Вебер түсінуші әлеуметтану тұжырымдамасын жасап дамытты, оның міндеттеріне: біріншіден, адамдардын өз талаптарына ұмтылуы кандай әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, кандай себептермен бұларды жүзеге асыруға болатынын немесе болмайтынын ұғынып, түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың талаптарының салдары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды.

Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта көптеген теориялары, ілімдері мен тұжырымдамалары қалыптасып, мектептері мен бағыттары негізделді. Олар әлеуметтанудың ірге тасын қалап, оның ғылым ретінде дамуына серпіліс берді. Осы тұрғыдан алғанда дүниежүзілік әлеуметтану дамуында классикалық кезеңнін аткарған рөлі мен маңыздылығы ерекше.