Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оам.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.76 Кб
Скачать

«Қоғам» ұғымының анықтамасы. Қоғамның типологиясы.

Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Қоғам адамзаттың қауымдастығы, оны адамдар құрайды және соның құрамында өздері өмір сүреді. Қоғам адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес, керісінше, ол адамдардың тұрақты, орнықты жәнемейлінше тығыз өзара ықпалымен өзара әрекеттерінің негізінде құрылатын бірлестік.

Ғылымда қоғам түсінігіне берілген ортақ анықтама жоқ. Қоғам ұғымына ортақ анықтама берудің күрделілігі бірнеше жағдайға байланысты, атап айтқанда, көлемі жағынан кең және сипаты жағынан тым абстрактілі болуымен,қоғам әртүрлі бағытта ғылымдардың қолданатын категориясы болғандықтан, олардың әрқайсысы өз пәні мен зерттеу әдістеріне сәйкес қоғамды анықтауымен, өмірде қоғам ұғымын кең және тар мағынаада қолданған сайын оған түсініктеме беру қажеттігімен байланысты.

Жалпы әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықтама беретін болсақ,онда қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және тұрақтылығы мен тұтастығы, өзін – өзі өндіру мен ,өзін – өзі толықтыру мен және өзін – өзі дамыту мен сипатталатын,адамдардың өзара байланысымен өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар пайда болып,мәдениет деңгейі жоғары болатын бірлестік.

Қоғам адамдардың өзара әрекетінің жемісі екенін өткен және бүгінгі әлеуметтанушылар толығымен мойындағанымен адамдардың қоғамға бірігуінің басты негізі не деген сауалға түрліше жауапбереді. Мысалы: француз ғалымы Э. Дюргейм рухани ақиқат неміс ғалымы М. Вебер адамдардың өзара әрекеті, К. Маркс адамдар қатынастарының жиынтығы.

Қоғамның жүйелігін көрсететін ұғымдар мен негізгі принциптері бар. Оларды жете түсіну үшін ең алдымен жүйе, құрылым т.б ұғымдарын сараптап, білу қажет. Жүйе деп өзара бір – бірімен байланыста болатын және тұрақтылықты құрайтын тәртіптелген элементтердің жиынтығын айтады. Қоғамдық өмірдің қай саласына немесе қайсы бір жүйешелерге назар аудармасақта, онда оның әмбебап элементі, бастапқы субьектісі адам, тұлға екеніне көз жеткіземіз. Қоғам адамды қалай қалыптастырса, адамда қоғамды қалыптастырады. Адамдардың өзара әрекеті, түптеп келгенде, әлеуметтік құрылымды құрайды. Демек, адам әлеуметтік жүйенің бастапқы, әмбебап элементі болып саналады. Қоғам әлеуметтік байланыстардың реттелуімен, нығаюымен, бұл байланыстарды қолдап және дамытып отыратын ерекше институттардың, нормалардың қалыптасуымен пайда болады. Зерттеушілер қоғамның жүйелік принциптерімен қатар, оның типтерін, белгілерін және даму заңдарын да анықтайды.

Алғашқы әлеуметтік ақпарат жинаудың негізгі әдістері.

Әлеуметтанулық сұрақ-жауап — алғашқы ақпаратты жинаудың кең тараған әдістерінің бірі. Мәліметтерді жинаудың бұл әдісі арқылы зерттеуші респонденттен (жауап беретін адам) тікелей ақпарат алады, сондай-ақ, оның жауаптары жалпы халық немесе оның бөлігі бойынша сәйкестендіріледі және қорытындылар шығарылады.

Сұрақ-жауаптың түрлері. Анкеталық сұрақ-жауап әдісінде реттілік, сұрақтардың мазмұны және түрі, жауаптарды беру жолдары және оларды тіркеу тәсілдері бекітілген. Сұхбат – интервьюердің немесе аудиотехника арқылы жазылған зерттеушінің респондентпен әңгімесі. Ең кең тараған сұхбаттың түрі ол формальданған (стандартталған) сұхбат, онда қойылатын сұрақтар бір реттілікте сұрақ парағында көрсетілген.

Фокус-топ топтық динамика эффектісін қолдануына негізделген. Бұл әдістің ерекшелігі – топтық дискуссия маманның (модератордың) жетекшілігімен өткізіледі. Бұл әдістің негізгі қасиеті ол аз уақыт ішінде респондент тобынан толық ақпаратты алу.

Құжаттарды талдау зерттеушіге әлеуметтік өмірдің маңызды жақтарын көруге мүмкіндік береді, адамдардың, топтардың қарым – қатынас динамикасын бақылауға және әлеуметтік құрлымның ерекшелігін бейнелеуге және бір тарихи кезеңдегі қоғамға сәйкес келетін нормалармен құндылықтарды қондыруға көмектеседі.

Контент-талдау (ағыл. contents - мазмұн) ментальды, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерді берілген мәтіндердің мазмұндарын формальды зерттеуін қажет ететін ғылыми әдіс. Контент-талдау сыртқы белгісі бойынша құрлымы және мазмұны бойынша инвариантты, бірақ жалпы ұйымдастырылмаған және жүйеленбеген мәтіндік массивті зерттеу үшін қолданылады.

Зерттеушіні қызықтыратын белгіге бір немесе бірнеше факторлардың әсерін тікелей бақылайтын жағдай эксперимент – деп аталады. Зертханалық эксперимент теориялық гипотезаны тексеруге бағытталған. Далалық эксперимент – бағалы зерттеулерді тәжірибеге енуге бағыттайды.