Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-60_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.46 Mб
Скачать

55.Сызықты және торлы құрылымды (тігілген) аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтарының негізгі айырмашылықтарын тұжырымдап бер.

Аморфты полимерлер температураға байланысты үш физикалық күйде – шыны тәріздес, жоғары эластикалық және тұтқыраққыш болады.

Фазалық ауысуды бақылауға қолайлы әдістердің бірі – термомеханикалық әдіс. Термомеханикалық әдіс полимердің белгілі бір уақыт ішінде тұрақты күштің әсерінен берілген температураға байланысты деформациялануын зерттейді. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисығы үш физикалық күйіне сәйкес үш бөліктен тұрады (1 сурет).

1 сурет. Аморфты полимердің термомеханикалық қисығы: І – шыны тәріздес күй аймағы; ІІ – жоғары эластикалық күй аймағы; ІІІ – тұтқыраққыш күй аймағы

Шыны тәріздес күйде (I бөлік) макромолекуланың атомдары мен атомдар топтары тербелмелі қозғалыста болады. Полимер қатты аморфты күйде қалады. Бұл кезде аздаған қайтымды деформация байқалады.

Жоғары эластикалық күй (ІІ бөлік) иілгіш тізбекті макромолекулалардан тұратын полимерлерге ғана тән ерекше қасиет. Жоғары эластикалық күй едәуір қайтымды деформациямен сипатталады. Бұл кезде макромолекулалық шумақтардың пішіні өзгеретін болатындықтан мұндай деформацияны жоғары эластикалық деформация деп атайды.

Тұтқыраққыш күйде (III бөлім) жеке бөліктер, сегменттер және макромолекула түгелімен интенсивті жылулық қозғалыста болады. Соның салдарынан макромолекулалар бір біріне қатысты жылжып, қайтымсыз деформацияланады, яғни ағады.

Белгілі бір молекулалық массаға дейін полимерде жоғары эластикалық күй байқалмайды (2 сурет). Төмен молекулалық гомологтар тек қана шыны тәріздес және тұтқыр аққыш күйде болады (яғни Тш мен Та бірдей болады).

2 сурет. Сызықты полимергомологтар қатарының термомеханикалық қисықтары (M1<M2<M3<M4<M5)


Берілген полимер үшін оның ММ неғұрлым көп болса, жоғары эластикалықтың температуралық аймағын көрсететін Та – Тш аралығы соғұрлым үлкен болады.

56.N-метоксиметилденген найлон-6,6 негізіндегі ПКМ алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр

Найлон-6,6 дегеніміз полиамидтердің бір түрі. Полиамидтер гетеротізбекті негізгі тізбегінде қайталанатын амидті топтары –CO–NH– бар полимерлер. Олар конструкционды термопласттар тобына жатады, яғни ұзақ уақытқа дейін айтарлықтай күш түсіргенде жұмыс жасайды. Полиамидтерді екі әдіспен алады – циклді лактамдарды (капролактамның, энантолактамның, лауриллактамның және т.б.) полимеризациялау және диаминдерді дикарбон қышқылдарымен (немесе олардың тұздарымен) поликонденсациялау арқылы.

Өндірісте полиамидтерді келесі әдістермен алады:

  • Аминқышқылдарының лактамдарының полимеризациясы, мысалы, капролактамның :

  • Диаминдердің дикарбон қышқылдарымен немесе олардың дихлорангидридтерімен поликонденсациясы:

  • ω-аминқышқылдарының гомополиконденсациясы:

N-метоксиметиленденген найлон-66 алу сатылары:

  1. Найлон-66ға араластырғышта 60ОСта құмырсқа қышқылын, параформальдегид, метанол, күйдіргіш натриді қосады,

  2. Алынған қоспаны ацетон мен су араласқан ерітіндіге құяды, жәймендеп аммиактың судағы ерітіндісін қосады,

  3. Ұсақ ұнтақ күйінде тұндырады

  4. Оны фильтрлейді

  5. Сумен жуады

  6. Вакуум-эксикаторда P2O5 –тің үстінде кептіреді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]