- •1.Полимерлі композициялық материалдар (толтырылған, армирленген және қоспалар) анықтамасын бер және олардың қолдану маңызын сипатта.
- •4.Пкм үшін арналған дисперсті толтырғыштардың түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •5.Дисперсті толтырғыштардың пкм қасиеттеріне әсерін түсіндір.
- •6.Пкм қолданылатын байланыстырушылардың физика-химиялық қасиеттерін түсіндір.
- •8.Пкм қолданылатын термопласты байланыстырушылардың негізгі түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •9.Композитті материалдардың механикалық қасиеттеріне толтырғыштардың әсеріне мысал келтір.
- •10 Полимерлердің механикалық беріктігі мен ұзақтығын сипаттаңыз
- •11.Полимерлі композициялы материалдарға(толтырылған,армирленген,қоспалар)анықтама беріп,қолдану ерекшілігін сипаттаңыз
- •Жеке толтырғыштар, яғни шектелген көлемдегі бөлшектер тектес, оларды енгізгенде пкм қасиеті анықталады, кернеуге және жарылуға бейімділігі кемиді.
- •Олар пкМның берік қасиеттеріне шешуші роль атқаратын толтырғыштар – армирлеуші элементтер.
- •13.Пкм қолданылатын байланыстырушылардың реологиялық және технологиялық қасиеттерін сипаттап беріңдер.
- •14.Полимерлі композициялық материалдардың даму тарихындағы кезеңдердің адамзат өркениетіне әсеріне мысалдар келтір.
- •15.Пкм үшін арналған армирлеуші базальтталшықты және керамикаталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары және қолдануына мысал келтір.
- •16. Пкм үшін арналған армирлеуші шыныталшық және көмірталшық.
- •17.Армирлеуші органоталшықты және борталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары мен олардың негізіндегі пкм қасиеттерінің арасындағы байланыс
- •23. Полимердің құрылымдық модификациялау әдісі ретінде пластификацияны түсіндіріңіз
- •24.Пластификаторларды қолдану мен полимердің шынылану және ағу температуралары арасындағы байланысты көрсет
- •25. Пластификациялау.
- •28.Көбіктендіру әдісімен алынған пкм қасиеттері мен олардың қолдану салалары арасындағы байланысты көрсет. Көбіктендіруші толтырғыштар мен көбіктендірілген пкм
- •29. Пкм алу үшін араласу үрдісінің теориясын түсіндіріңіз
- •30.Пкм құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланысын көрсет.
- •31. Полимерлер және полимерлі материалдардың механикалық қасиеттері мен қолданылатын толтырғыштардың арасындағы байланысты көрсет
- •32.Қағаз негізіндегі қатпарлы пластикті лабораториялық жағдайда алу технологиясын келтіріңіз.
- •34.Эпоксидті шайырды қатайту үшін аминді қосылыстарды қолдан. Реакция теңдеуін жаз.
- •35.Эпоксидті шайыр мен n-метоксиметилденген найлон-6,6 үшін ең тиімді қатайтқышты тап.
- •37.Эпоксидті шайырды қатайту үшін фенолды олигомерді қолдан . Реакция теңдеуін жаз.
- •38.Фенол-формальдегид негізіндегі новолак шайырының түзілу реакциясын жазыңыз. Реагентердің қатынасы мен новалактың реакциялық қабілеті арасындағы байланысты көрсет:
- •39.Көбіктендіру әдісімен алынған пкм қасиеттері мен олардың қолданылу салалары арасындағы байланыс
- •40.Пластификаторларды қолдану мен полимердің шынылану және ағу температуралары арасындағы байланысты көрсет
- •44.Қысым қатысында құю үрдісін спаттаңыз:қалыптың болқымамаен толтырылуы
- •45.Экструзия. Экструдердің құрылғысы және экструзиялық үрдістерінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер.
- •46. Каландрлеу. Каландрлеу үрдісінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер:
- •50.Полипропиленді пероксидті қосылыстармен тігу реакциясын келтіріңіз. Асқын тотықты қосылыстардан басқа қатайтқыштарды қолдану мүмк
- •51.Реактопластар мен термопластар негізіндегі пкМның қатаю механизмін салыстыр
- •52.Поликонденсациялау мен полимерлеудегі қатаю барысын сын бағала.
- •53.Қатайтқыш жүйелер: қатайтқыштар, қатаюдың катализаторлары, инициаторларды қолдануды сын бағала.
- •54. Қысым қатысында құю әдісімен полимерлер өңдеудің негізгі ерекшеліктерін тұжырымдау
- •55.Сызықты және торлы құрылымды (тігілген) аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтарының негізгі айырмашылықтарын тұжырымдап бер.
- •57.Көбікті полиуретанның негізіндегі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр.
- •58.Реактопластардың негізінде престі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр.
- •59.Пластифицирленген және пластифицирленбеген аморфты полимердің термомеханикалық қисығындағы
37.Эпоксидті шайырды қатайту үшін фенолды олигомерді қолдан . Реакция теңдеуін жаз.
Эпоксид
шайырлары молекула құрамында бір немесе
бірнеше эпоксидті топтары
бар
олигомерлер. Эпоксидті қосылыстарды
әдетте протондонорлы қосылыстардың
(фенолдар, спирттер, аминдер, карбон
қышқылдары) эпихлоргидринмен әрекеттесуінен
алады. Өндірісте эпоксид шайырларын
қатайту үшін қолданылатын фенолды
олигомерлер ретінде фенолформальдегидті
новолоктар алынады. Мұнда реакция
фенолформальдегидті новолок пен
эпихлоргидриннің әрекеттесуімен жүреді:
Бұл полиэпоксидті формула.
Басқа олигомерлерге қарағанда полиэпоксидтер құрамында эпоксидті топтар көп болады. Бұл оларға жоғары дәрежеде тігілген торлы полимерлер құруға мүмкіндік береді. Соның арқасында бұл полимерлер жылуға тұрақты болады.
Эпоксидті олигомерлердің қатайтқыштары жүру механизміне байланысты екі үлкен топқа бөлінеді:
Тігуші қатайтқыштар құрамында эпоксидті олигомердің функционалды топтарымен химиялық әрекеттесетін функционалды топтары бар;
Каталитикалық әрекетті қатайтқыштар эпоксидті топтардың полимеризациясы арқылы кеңістіктік-торлы құрылымның пайда болуы.
Біздің жағдайда қатайтқыш түрі ТІГУШІ.
38.Фенол-формальдегид негізіндегі новолак шайырының түзілу реакциясын жазыңыз. Реагентердің қатынасы мен новалактың реакциялық қабілеті арасындағы байланысты көрсет:
Фенолформальдегид шайырлары- реактопластты және термопластты қасиеттері бар синтетикалық шайыр. Фенол мен формальдегидтің қышқылдық немесе сілтілік ортада поликонденсациясы нәтижесінде алынатын, сұық немесе қатты олигомер болып келеді.
Новолак шайырлар түзілуі дигидроксифенолметан арқылы жүреді, реакцияға ары қарай фенол мен формальдегид қосады, сонда Новолак шайырлар пайда болады.
Фенол ядросында гидроксил тобының орта немесе пара жағдайда орналасуына байланысты молекулаларының ұзындығы әртүрлі шайырлар алынады. Новолакты шайырлар фенол ядролары метилен көршілері арқылы байланысқан. Шайырдың үзілу процесіне гидроксильді топтар қатыспайды, ал эфирлі байланыстар тіпті жоқ. Фенол мен формальдегид конденсациясы кезінде (мысалы, 1:0,5 қатынаста) екі валентті металдардың тұздарының қатысында, рН- 4,7 болғандасызықты құрылымды новолак түзіледі. Түзілген қосылыстарға 80% дейін фенол ядролары орто орто жағдайда метилен көршілерімен жалғасады.
Новолак шайырын фенол мен фенолформальдегидті қышқылды ортада, 98-100С-та поликонденсациялау арқылы алады. Новолак шайырлары шыны тәріздес, ашық сары тустен кою қоңыр туске дейінгі заттар. Спиртта, кетонда, күрделі эфирлерде, фенолда, сілтінің суы ерітіндісінде ериді.
39.Көбіктендіру әдісімен алынған пкм қасиеттері мен олардың қолданылу салалары арасындағы байланыс
Құрамында газды фазасы бар полимерлер негізіндегі композиттік материалдарды, газқұрамды н/е газбентолтырылған полимерлік материалдар деп атайды.
Ерекшеліктері: Конструкцияларды жеңілдету,
жақсы жылу- және дыбысизоляциялық қасиеттері.
Қолдану аялары:
- құрылымның массасын төмендету үшін;
жылу-, суық- және дыбысизоляциялау үшін;
амортизация мен вибродемпфирлеу үшін;
- суйықтықтарды мен газдарды сүзу, бөлу және сіңіру үшін;
- сусымалы материалдарды, сәнді әрлеуші материалдар мен қаптамаларды біріктіру т.б.
ГҚЭ құрамы – материал көлемінде периодты қайталанатын газды уяшық, полимерлік фазаның қабырғалары мен қырлары.
Полимер: термопластар мен реактопластар
ГҚЭ құрылысына байланысты материалдың құрылымы: ашық кеуекті; жабық кеуекті Құрамында газы бар полимерлер құрылымының түрлері: жабық кеуекті; ашық кеуекті; интегралды; синтакты (қуысты толтырғыштармен)
Көбік және кеуекпласттарда газды фазаның құрамы оны енгізу әдісіне, полимерлі матрицаның қасиеттеріне және өңдеу әдісіне тәуелді 98%-ға дейін жете алады. Осыған байланысты олардың тығыздығының кең аумақта реттеп отыруға болады: полимердің тығыздығынан газды фазаның тығыздығына дейін (ауаның тығыздығы-1,3кг/м3).
Көбікматериалдар тығыздығына байланысты бөлінеді: аса 10-50кг/м3; жеңіл 50-150кг/м3; орта 150-400 кг/м3 және аса тығыз 700-ден көп.
Серпімділік модулінің көрсеткішіне байланысты газды материалдар эластикалық және қатты болып бөлінеді.
Құрамында газды фазасы бар полимерлер негізіндегі композиттік материалдарды, газқұрамды н/е газбентолтырылған полимерлік материалдар деп атайды. Көбіктендірілген ПКМ-дар массасы жағынан жеңіл, жақсы жылу- және дыбысизоляциялық қасиеттерге ие. Құрамында газы бар полимерлер құрылымының түрлері:
а – жабық кеуекті; б – ашық кеуекті; в – интегралды; г – синтакты (қуысты толтырғыштармен) . Көбіктендіретін заттарға газтүзгіштер, кеуекфорлар, көбіктенетін агенттер, жуылатын толтырғыштар, қуыс және кеуекті толтырғыштар және т.б. жатады. Қосымша заттар ретінде катализаторлар, ингибиторлар және полимерлеу, тігу үрдістерінің инициаторлары, эмульгаторлар, БАЗ, тұрақтандырғыштар, пластификаторлар, антипирендер, модифицирлеуші қоспалар, бояғыштар және т.б. қолданылады.
Химиялық газтүзгіштер (ХГ) – бұл термиялық үрдістерде немесе композиттің компоненттерінің әрекеттесуінің химиялық реакциясы нәтижесінде газ бөлетін заттар немесе олардың қоспалары.
1 типті ХГ өкілдері: минералды және органикалық қышқылдардың аммонийлі тұздары; сілтілік және сілтілік жер металдарының гидрокарбонаттары және карбонаттары, сонымен қатар әртүрлі ароматты, май-ароматты және алифатикалық азо- және диазоқосылыстары, диазоамидтер.
2 типті ХГ өкілдері: металл ұнтақтарының қоспалары, карбонаттар және органикалық пен минералды қышқылдар.
Полимерлі комозиция негізіндегі отқа қарсы көбіктенуші жабындылар құрылыс саласында, бетонды плиталар салуда кеңінен қолданылады. Көбіктендіргіш толтырғыштар ПКМ-ға отқа төзімділік қасиетін береді. Бұл толтырғыштардың арнайы түрі – антипрендер – жану пен тұтанудың одан әрі өрши түсуін болдырмайды.
