- •1.Полимерлі композициялық материалдар (толтырылған, армирленген және қоспалар) анықтамасын бер және олардың қолдану маңызын сипатта.
- •4.Пкм үшін арналған дисперсті толтырғыштардың түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •5.Дисперсті толтырғыштардың пкм қасиеттеріне әсерін түсіндір.
- •6.Пкм қолданылатын байланыстырушылардың физика-химиялық қасиеттерін түсіндір.
- •8.Пкм қолданылатын термопласты байланыстырушылардың негізгі түрлерін ата және сипаттамаларын бер.
- •9.Композитті материалдардың механикалық қасиеттеріне толтырғыштардың әсеріне мысал келтір.
- •10 Полимерлердің механикалық беріктігі мен ұзақтығын сипаттаңыз
- •11.Полимерлі композициялы материалдарға(толтырылған,армирленген,қоспалар)анықтама беріп,қолдану ерекшілігін сипаттаңыз
- •Жеке толтырғыштар, яғни шектелген көлемдегі бөлшектер тектес, оларды енгізгенде пкм қасиеті анықталады, кернеуге және жарылуға бейімділігі кемиді.
- •Олар пкМның берік қасиеттеріне шешуші роль атқаратын толтырғыштар – армирлеуші элементтер.
- •13.Пкм қолданылатын байланыстырушылардың реологиялық және технологиялық қасиеттерін сипаттап беріңдер.
- •14.Полимерлі композициялық материалдардың даму тарихындағы кезеңдердің адамзат өркениетіне әсеріне мысалдар келтір.
- •15.Пкм үшін арналған армирлеуші базальтталшықты және керамикаталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары және қолдануына мысал келтір.
- •16. Пкм үшін арналған армирлеуші шыныталшық және көмірталшық.
- •17.Армирлеуші органоталшықты және борталшықты элементтердің негізгі сипаттамалары мен олардың негізіндегі пкм қасиеттерінің арасындағы байланыс
- •23. Полимердің құрылымдық модификациялау әдісі ретінде пластификацияны түсіндіріңіз
- •24.Пластификаторларды қолдану мен полимердің шынылану және ағу температуралары арасындағы байланысты көрсет
- •25. Пластификациялау.
- •28.Көбіктендіру әдісімен алынған пкм қасиеттері мен олардың қолдану салалары арасындағы байланысты көрсет. Көбіктендіруші толтырғыштар мен көбіктендірілген пкм
- •29. Пкм алу үшін араласу үрдісінің теориясын түсіндіріңіз
- •30.Пкм құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланысын көрсет.
- •31. Полимерлер және полимерлі материалдардың механикалық қасиеттері мен қолданылатын толтырғыштардың арасындағы байланысты көрсет
- •32.Қағаз негізіндегі қатпарлы пластикті лабораториялық жағдайда алу технологиясын келтіріңіз.
- •34.Эпоксидті шайырды қатайту үшін аминді қосылыстарды қолдан. Реакция теңдеуін жаз.
- •35.Эпоксидті шайыр мен n-метоксиметилденген найлон-6,6 үшін ең тиімді қатайтқышты тап.
- •37.Эпоксидті шайырды қатайту үшін фенолды олигомерді қолдан . Реакция теңдеуін жаз.
- •38.Фенол-формальдегид негізіндегі новолак шайырының түзілу реакциясын жазыңыз. Реагентердің қатынасы мен новалактың реакциялық қабілеті арасындағы байланысты көрсет:
- •39.Көбіктендіру әдісімен алынған пкм қасиеттері мен олардың қолданылу салалары арасындағы байланыс
- •40.Пластификаторларды қолдану мен полимердің шынылану және ағу температуралары арасындағы байланысты көрсет
- •44.Қысым қатысында құю үрдісін спаттаңыз:қалыптың болқымамаен толтырылуы
- •45.Экструзия. Экструдердің құрылғысы және экструзиялық үрдістерінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер.
- •46. Каландрлеу. Каландрлеу үрдісінің негізгі сатыларын тұжырымдап бер:
- •50.Полипропиленді пероксидті қосылыстармен тігу реакциясын келтіріңіз. Асқын тотықты қосылыстардан басқа қатайтқыштарды қолдану мүмк
- •51.Реактопластар мен термопластар негізіндегі пкМның қатаю механизмін салыстыр
- •52.Поликонденсациялау мен полимерлеудегі қатаю барысын сын бағала.
- •53.Қатайтқыш жүйелер: қатайтқыштар, қатаюдың катализаторлары, инициаторларды қолдануды сын бағала.
- •54. Қысым қатысында құю әдісімен полимерлер өңдеудің негізгі ерекшеліктерін тұжырымдау
- •55.Сызықты және торлы құрылымды (тігілген) аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтарының негізгі айырмашылықтарын тұжырымдап бер.
- •57.Көбікті полиуретанның негізіндегі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр.
- •58.Реактопластардың негізінде престі пкм алу технологиясының принципиалды сызба нұсқасын құрастыр.
- •59.Пластифицирленген және пластифицирленбеген аморфты полимердің термомеханикалық қисығындағы
23. Полимердің құрылымдық модификациялау әдісі ретінде пластификацияны түсіндіріңіз
Пластификациялауды материалдың иілгіштігін, пластикалық деформациясын, суыққа төзімділігін, беріктілігін жоғарылату үшін, тұтқырлығын төмендету мақсатында полимерлерді модификациялау әдісі.
Пластификацияда молекулааралық әрекеттесулер азаяды және полимер-пластификатор жаңа байланысының түзілу нәтижесінде молекуланың қозғалғыштығы артады. Пластификация нітижесінде серпімділік модулі азаяды, полимерлердің ағу температурасы және тұтқырлығы төмендейді. Бұл қатаң тізбекті полимерлерді жай әдістермен бұйымдарға өңдеуге мүмкіндік береді. Полимер мен пластификатордың химиялық құрылысы, құылымы және физикалық күйі, олардың үйлесімділігіне, пластификация үрдісіне тиімділігіне әсерін тигізеді. Аморфты полимерлерді пластификациялағанда ең жоғарғы тиімділікке жетеді. Кристалданатын полимерлерде тек аморфты бөлігі пластификацияланады және пластификация тиімділігі кристалдану дәрежесіне тәуелді болады.
Пластификатор полимермен шексіз және шекті араласа алады. Жақсы үйлесімді пластификатор полимерде молекулалқ деңгейде таралып, шын ерітінді түзеді. Полимердегі пластификатордың шын ерітіндісінің қаныққан концентрациясы компоненттердің термодинамикалық ынтықтылығына, пластификация режиміне, өңдеу әдісіне және тасымалдау жағдайларына тәуелді. Полимердегі пластификатордың артық мөлшері жақпа май рөлін атқарады. Пластификтордың полимерде үйлесімділігіне және таралуына байланысты пластификацияны молекулалық және пластификатордың шекті үйлесімді пластификациясы деп бөледі.
Молекулалық пластификацияда полимерге енгізілген пластификатор полимерде молекулааралық әрекеттесуді төмендетеді, макромолекуланың иілгіштігін және қозғалғыштығын арттырады. Бұл шынылану,ағу,морттылық темп-ның сон.қатар,тұтқырлықтың, беріктілігінің, қаттылығының төмендеуіне әкеледі. Дайын бұйымдардың физика-механикалық сипаттамаларын төмедетпей, полимердің өңделуін жақсарту мақсатында уақытша пластификацияны қолданады. Уақытша пластификацияда полимерге енгізілген модификаторлар тек өңдеу сатысында ғана пластификатор рөлін атқарады. Химиялық айналулар нәтижесінде торлы немесе гетерогенді құрылымды физика-механикалық сипаттамалары жоғары модифицирленген полимер түзіледі.
24.Пластификаторларды қолдану мен полимердің шынылану және ағу температуралары арасындағы байланысты көрсет
Полимердің шынылану Тш ж/е ағу Та температурасы пластификатордың концентрациясын арттырған сайын төмендейді. Пластификатодың аз мөшеріне шынылану температурасы Тш аққыш температурасына Та қарағанда бірден төмендейді. Сонда Та-Тш айырымы өседі, әрі қарай пластификатордың концетрациясын арттырғанда аққыш температурасы Та төмендейді, ал Та – Тш айырымы кемиді. Кейбір пластификатолардың қатысында Та- Тш айырымы белгілі бір пластификатордың клнцентрациясына дейін өзгермейді, сосын төмендей бастайды. Кейде пластификаторың белгілі мөлшерінде Та-Тш айырымы нөлге тең болады. Бұл ағу температурасы мен шынылану температурасының тең екенін көрсетеді. Тш= Та, яғни пластифицирленген үлгі ешқандай температурада жоғары эластикалық күйде болатынын дәлелдейді.
Температураныңпластификатордың концетрациясына тәуелділік графигі
Осы бойынша полимерге қажет мөлшерлі пластификатор енгізу керек, яғни Та-Тш айырымы азаймауы қажет. Әдетте, бұл пластификатордың концентрациясы полимер салмағының 20-30%-ын құрайды.
Кристалды полимерге пластификаторды енгізу, оның шынылану температурасын Тш төмендетіп, ал аққыш температурасына Тш онша әсер етпейтінін көрсетеді. Аморфты полимер пластификаторға өте сезімтал. Олардың аққыш Та ж/е шынылану Тш температуралары бірден біршама төмендейді.
