- •1. Коллоидтық жүйелердің ерекшеліктерін және жіктелуін түсіндіріңіз.Жіктелуі бойынша мысал келтіріңіз.
- •2. Колоидтық жүйелерді алу әдістерін қалай сипаттауға болады?
- •3. Дисперстік жүйелерді зерттеуге арналған қандай оптикалық әдістерді білесіздер? Ультрамикроскопия негіздіерін түсіндіріңіз.
- •4.Дисперстік жүйелердің қандай молекулалық-кинетикалық қасиеттері болады деп ойлайсыздар? Броундық қозғалыстың статистикалық теориясының маңызын қарастырыңыз.
- •5. Колоидтық жүйелердегі және шынайы ерітінділердегі диффузияны салыстырыңыздар.
- •6.Жоғары дисперстік жүйелердегі және идеалды ерітінділердегі Осмос құбылыстарын салыстырыңыздар.
- •7.Седиментациялық анализдің көмегімен қандай жүйелерді сараптауға болады? Стокс заңы.
- •8. Беттік құбылыстардың термодинамикасы. Гиббстің “артық шамалар” әдісін қарастырыңыз.
- •9. Беттік керілу анықтамасы, өлшем бірлігі, анықтау әдістері. Беттік керілудің күштік және энергиялық сипаттамаларын салыстырыңыз.
- •Деп алуға болады. Мұндағы r – капиллярдың ішкі радиусы.
- •10. Жұғу құбылысын қалай сипаттауға болады?
- •11.Капиллярдың бойымен сұйықтың көтерілуі капиллярдың радиусымен қалай байланысты? Оны қандай теңдеу арқылы көрсетуге болады?
- •12.Капиллярлық қысым. Лаплас теңдеуінің практикалық маңызын көрсетіңіз.
- •13. Гиббс теңдеуі арқылы газ-сұйықтық бөліну шекарасындағы адсорбциясы мен беттік керілудің байланысын қалай көрсетуге болады? Заттың беттік активтілігі дегенді қалай түсінесіздер?
- •15. Ленгмюрдің адсорбциялық изотермасы теңдеуінің маңызын қалай түсінесіздер?
- •16. Әрекеттесуші массалар заңы. Адсорбция жұмысы.
- •17. Шишковский теңдеуі мен Траубе ережесінің термодинамикалық негізделуі.
- •18. Қатты дене- газ шекарасындағы адсорбция. Ленгмюрдің мономолекулалық адсорбциясы теориясының артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •19. Адсорбцияның Поляни потенциалдық теориясының басқа қатты-газ шекарасын сипаттайтын теориялардан айырмашылығын көрсетіңіздер.
- •20. Бэт (Брунауэр,Эммет,Теллер) полимолекулалық адсорбциясы теориясының басқа қатты-газ шекарасын сипаттайтын теориялардан айырмашылығын көрсетіңіз.
- •21. Молекулалаық адсорбцияның қандай заңдылықтарын білесіңдер.
- •22. Электролиттер адсорбциясының ерекшеліктерін көрсетіңіздер.
- •23.Қос электрлік қабат теорияларының негіздерін бір-бірінен айырмашылығын критикалық бағалаңыздар.
- •24.Штерн теориясының басқа қэқ теорияларынан айырмашылығын көрсетіңіздер.
- •25. Электрокинетикалық құбылыстар. Электроосмос құбылысына сипаттама беріңіз.
- •26. Электркинетикалық потенциалға қандай факторлар әсер етуі мүмкін деп ойлайсыздар?
- •27. Қос электрлік қабаттың пайда болу механизмдері қандай болады деп ойлайсыз?
- •28.Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы. Тұрақтылық факторларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •29. Гидрофобты коллоидтардың коагуляциясы. Шульце-Гарди ережесін қалай түсінесіздер
- •30. Жылдам коагуляция кинетикасының теориясын крикитикалық бағалаңыз.
- •31. Лиофобты жүйелер коагуляциясының Дерягин –Ландау-Фервей-Овербек (длфо) теория негіздері.
- •32. Лиофобты жүйелер. Эмульсиялар, эмульсиялардың жіктелуін түсіндіріңіздер. Мысал келтіріңіздер.
- •33. Лиофобты жүйелер. Көбіктер, көбіктердің сипаттамалары.
- •34. Дисперсті жүйеледің реологиялық қасиеттері.
- •35. Дисперсті жүйелердің тұтқырлығы.
- •36. Ажыратушы қысымның құрамшыларына сипаттама беріңіз.
- •37. Бөлшектер арасындағы әрекеттесудің потенциалды энергиясын сипаттаңыз.
- •38. Электркинетикалық құбылыстар. Электрофорез құбылысына сипаттама беріңіз.
- •39. Қос электрлік қабаттың құрылымына сипаттама беріңіз.
- •40. Қос электрлік қабаттың пайда болуының механизмдерін атаңыз.
8. Беттік құбылыстардың термодинамикасы. Гиббстің “артық шамалар” әдісін қарастырыңыз.
Беттік құбылыстар — шекаралық қабатта артық еркін энергияның (беттік энергияның) болуынан, беттік қабат молекулаларының белсенділігінің жоғарылығынан олардың құрылымы мен құрам ерекшеліктерінен туындайтын құбылыстар. Денелердің физикалық және химиялық әсерлері ең алдымен осы беттік қабатта өтеді. Негізгі беттік құбылыстар бет ауданына пропорционал беттік энергияның кемуіне байланысты болып келеді. Сұйықтық тамшыларының немесе газ көпіршіктерінің, т.б. тепе-тең пішіндерінің түзілуі тұрақты көлемдегі еркін энергияның минимум шамасымен анықталады. Молекулалық күштер (беттік керілу және жұғу) мен сыртқы күштердің (ауырлық күшінің) біріге әсер етуінен пайда болатын және сұйықтықтың бөліну бетін қисайтатын беттік құбылыстарды капиллярлық құбылыстар дейді. Қатты денелерде беттік құбылыстар ең алдымен олардың сыртқы бетінде байқалады. Мұндай құбылыстарға тістесу (когезия), жабысу (адгезия), жұғу және үйкеліс жатады. Беттік құбылыстар дененің ішкі беттерінде де болады. Олар кристалдық тор ақауынан туындайды. Қатты денені кез келген пішінде бұзу да беттік құбылыстарға жатады. Өйткені бұл кезде денеде жаңа бөліну беттері түзіледі. Беттік құбылыстардың едәуір тобын беттік қабаттың химиялық құрамын өзгертетін адсорбтау құбылыстары құрайды. Беттік қабаттардағы жылулық қозғалыстың ерекшелігі салдарынан беттерден жарықтың молекулалық шашырау құбылысы болады.
Беттік құбылыстардың басқа бір тобына термоэлектрондық эмиссия құбылысы, фазалардың бөліну бетінде потенциал секірмесінің пайда болуы және қос электр қабатының түзілуі жатады. Бұл құбылыстар иондар мен дипольді молекулалардың адсорбтануына байланысты. Жылу алмасу және масса алмасу процестерінің (еру, булану, қоюлану, кристалдану, коррозия, т.б.) жылдамдығы бөліну бетінің шамасы мен қасиетіне байланысты анықталады. Сондықтан ол осы беттегі молекулалардың табиғатына және сол беттің құрылысына ерекше тәуелді болады. Беттік құбылыстар тау-кен жыныстарын желдету және топырақ түзілу, ылғалдың булану және қоюлану процестерін, сондай-ақ, тірі организмдерде өтетін көптеген процестерді түсіндіруге көмектеседі. Бірсыпыра технологиялық процестер (майлау, жұғу, т.б.) беттік құбылыстарын пайдалануға негізделген.
Беттік энергия мен басқа да термодинамикалық функцияларды сипаттау үшін әдетте екі әдісті қолданады: 1) Гиббстің “артық шамалар” және 2) “қалыңдығы шектелген қабат” әдістері.
Бірінші әдісте беттің қасиетін сипаттау үшін беттік қабаттағы термодинамикалық функциялар мен параметрлерің көлемдегі мәндерін салыстырғандағы артық шамалары алынады.Басқаша айтқанда, Гиббстің артық шамалар әдісі бойынша бөлу беті термодинамикалық параметрлердің артық шамалары арқылы сипатталады да,жанасшы фазалардың көлемдік қасиеттері бөлу бетіне дейін өзгеріссіз қалады деп есептелінеді.Сонда жүйенің жалпы еркін энергиясы (G) жанасушы фазалардың еркін энергиялары (G1 және G2) мен бөлу бетінің еркін энергиясының (ϬS) қосындысына тең болады.
G=G1+G2+ϬS
Ϭ-бөлу бетінің фазааралық керілуі, S-бөлу бетінің ауданы.
Қалыңдығы шектелген қабат әдісінде фазааралық бөлу қабатының өлшемі бар деп есептелінеді.Беттік қабаттың еркін энергиясы бөлу бетінің еркін энергиясы мен қабаттың көлемдік еркін энегиясының қосындысына тең болады:
Gқабат=ϬS+Gvқабат
Ал жүйенің жалпы энергиясы жанасушы фазалардың көлемдік еркін энергиялары мен беттік қабаттың еркін энергиясының қосындысына тең болады: G=G1+G2+Gvқабат+ϬS
Демек,қалыңдығы шектелген әдіс арқылы жүйенің еркін энергиясын есептеу үшін беттік қабаттың қалыңдығын білу керек.Беттік қабаттың қалыңдығы жуық шамамен гидратталған молекула диаметрінің екі еселенген мәніне жуық екенін еске алсақ,оның қалыңдығын анықтау өте қиын және оны анықтау барысында да көп қате кететіні анық.Ал Гиббстің артық шамалар әдісінде беттік қабаттың қалыңдығын анықтау қажет емес.Сол себептен беттік термодинамикалық қасиеттерін сипаттау үшін көбінесе Гиббстің әдісін қолданады.
