- •1. Коллоидтық жүйелердің ерекшеліктерін және жіктелуін түсіндіріңіз.Жіктелуі бойынша мысал келтіріңіз.
- •2. Колоидтық жүйелерді алу әдістерін қалай сипаттауға болады?
- •3. Дисперстік жүйелерді зерттеуге арналған қандай оптикалық әдістерді білесіздер? Ультрамикроскопия негіздіерін түсіндіріңіз.
- •4.Дисперстік жүйелердің қандай молекулалық-кинетикалық қасиеттері болады деп ойлайсыздар? Броундық қозғалыстың статистикалық теориясының маңызын қарастырыңыз.
- •5. Колоидтық жүйелердегі және шынайы ерітінділердегі диффузияны салыстырыңыздар.
- •6.Жоғары дисперстік жүйелердегі және идеалды ерітінділердегі Осмос құбылыстарын салыстырыңыздар.
- •7.Седиментациялық анализдің көмегімен қандай жүйелерді сараптауға болады? Стокс заңы.
- •8. Беттік құбылыстардың термодинамикасы. Гиббстің “артық шамалар” әдісін қарастырыңыз.
- •9. Беттік керілу анықтамасы, өлшем бірлігі, анықтау әдістері. Беттік керілудің күштік және энергиялық сипаттамаларын салыстырыңыз.
- •Деп алуға болады. Мұндағы r – капиллярдың ішкі радиусы.
- •10. Жұғу құбылысын қалай сипаттауға болады?
- •11.Капиллярдың бойымен сұйықтың көтерілуі капиллярдың радиусымен қалай байланысты? Оны қандай теңдеу арқылы көрсетуге болады?
- •12.Капиллярлық қысым. Лаплас теңдеуінің практикалық маңызын көрсетіңіз.
- •13. Гиббс теңдеуі арқылы газ-сұйықтық бөліну шекарасындағы адсорбциясы мен беттік керілудің байланысын қалай көрсетуге болады? Заттың беттік активтілігі дегенді қалай түсінесіздер?
- •15. Ленгмюрдің адсорбциялық изотермасы теңдеуінің маңызын қалай түсінесіздер?
- •16. Әрекеттесуші массалар заңы. Адсорбция жұмысы.
- •17. Шишковский теңдеуі мен Траубе ережесінің термодинамикалық негізделуі.
- •18. Қатты дене- газ шекарасындағы адсорбция. Ленгмюрдің мономолекулалық адсорбциясы теориясының артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •19. Адсорбцияның Поляни потенциалдық теориясының басқа қатты-газ шекарасын сипаттайтын теориялардан айырмашылығын көрсетіңіздер.
- •20. Бэт (Брунауэр,Эммет,Теллер) полимолекулалық адсорбциясы теориясының басқа қатты-газ шекарасын сипаттайтын теориялардан айырмашылығын көрсетіңіз.
- •21. Молекулалаық адсорбцияның қандай заңдылықтарын білесіңдер.
- •22. Электролиттер адсорбциясының ерекшеліктерін көрсетіңіздер.
- •23.Қос электрлік қабат теорияларының негіздерін бір-бірінен айырмашылығын критикалық бағалаңыздар.
- •24.Штерн теориясының басқа қэқ теорияларынан айырмашылығын көрсетіңіздер.
- •25. Электрокинетикалық құбылыстар. Электроосмос құбылысына сипаттама беріңіз.
- •26. Электркинетикалық потенциалға қандай факторлар әсер етуі мүмкін деп ойлайсыздар?
- •27. Қос электрлік қабаттың пайда болу механизмдері қандай болады деп ойлайсыз?
- •28.Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы. Тұрақтылық факторларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •29. Гидрофобты коллоидтардың коагуляциясы. Шульце-Гарди ережесін қалай түсінесіздер
- •30. Жылдам коагуляция кинетикасының теориясын крикитикалық бағалаңыз.
- •31. Лиофобты жүйелер коагуляциясының Дерягин –Ландау-Фервей-Овербек (длфо) теория негіздері.
- •32. Лиофобты жүйелер. Эмульсиялар, эмульсиялардың жіктелуін түсіндіріңіздер. Мысал келтіріңіздер.
- •33. Лиофобты жүйелер. Көбіктер, көбіктердің сипаттамалары.
- •34. Дисперсті жүйеледің реологиялық қасиеттері.
- •35. Дисперсті жүйелердің тұтқырлығы.
- •36. Ажыратушы қысымның құрамшыларына сипаттама беріңіз.
- •37. Бөлшектер арасындағы әрекеттесудің потенциалды энергиясын сипаттаңыз.
- •38. Электркинетикалық құбылыстар. Электрофорез құбылысына сипаттама беріңіз.
- •39. Қос электрлік қабаттың құрылымына сипаттама беріңіз.
- •40. Қос электрлік қабаттың пайда болуының механизмдерін атаңыз.
33. Лиофобты жүйелер. Көбіктер, көбіктердің сипаттамалары.
Лиофобты жүйелер - дисперсті фаза мен орта заттарының әлсіз молекулааралық әрекеттесуі тән жүйелер.
Көбіктер- дисперстік фазасы газдың көпіршіктері, ал дисперстеуші ортасы өте жұқа қабыршық түріндегі сұйықтық болатын дөрекі жоғарыконцентрлі дисперстік жүйелер.Көбіктерді шартты түрде былай белгілейді: Г/С. Жоғарыда айтылған “дөрекі дисперстік” термині газдың көпіршіктері тіпті 10см-ге дейін болатын макроөлшемді екендігін көрсетеді. Ал “жоғарыконцентрлі” сөзі жүйедегі газ көпіршіктерінің концентрациясы 74 % (көлемдік)-дан көп болу мүмкіндігін көрсетеді. Бұл жағдайда көпіршіктер шар тәрізді емес, көпқырлылықты пішінде болады. Егер көбік монодисперс-тік, яғни газ көпіршіктері бірдей өлшемді болса, онда газдың әрбір көпіршігі дұрыс пентагоналды додекаэдр- он екіқырлылық пішінде болады, оның кез келген жағы дұрыс бесбұрышты пішінде болады. Көбік құрамын, демек әртүрлі мақсаттарға жарамдылығын бағалау үшін оның көптеген арнайы және жалпы сипаттамалары болады. Негізгі көрсеткіштері: көбік еселігін, көбіктің дисперстілігін, уақыт бойынша тұрақтылығын қарастыруға болады.
Көпіршіктің дисперстілігін бағалау үшін:
көпіршіктің орташа радиусы, яғни полиэдрлік көбік көпіршіктерінің көлеміне эквивалент шардың радиусы
қарама-қарсы жатқан көпіршіктер қабырғасының максимал арақашықтығы
сұйық-газ арасындағы меншікті бөлу беті пайдаланылады.
Көбіктің дисперстілігін анықтаудың келесідей әдістері бар:
1) Көбікті микрофотографиялау- көпіршіктердің өлшемін тікелей анықтау әдісі. Фотоғатүсіруді шағылған немесе өтетін жарықты 10-100 есе үлкейту арқылы жүргізеді. Көпіршіктердің өлшемі тез өзгеретін көбіктер алдын ала оттекпен немесе азотпен мұздатылады.
2) Көбік дисперстілігін электрөткізгіштігі арқылы анықтау. Екі кеуекті пластинка арасындағы біртекті көбіктің цилиндрлік бағанасының кедергісін өлшейді.
3) Көбіктің меншікті бетін өлшеу арқылы дисперстілігін анықтау. Меншікті бет- бұл 1см куб көпіршіктердің немесе 1г көбік массасының ауданы. Оны анықтау көбіктердің әртүрлі параметрлерін өлшеуге негізделген.
Көбіктің өмір сүру уақыты
Көбік түзілген уақыттан оның өздігінен бұзылуына дейінгі уақыт көбіктің сипаттамасы ретінде жиі қолданылады. Кейде көбіктің жартылай көлемінің бұзылу уақытын анықтайды.Көбікті сұйықтың бетіне түзілген жекелеген газ көпіршіктерінің өмір сүру уақытымен де сипаттауға болады.
34. Дисперсті жүйеледің реологиялық қасиеттері.
Физикалық денелердің негізгі қасиеттері- олардың механикалық қасиеттері: беріктілік, серпімділік, эластикалық, пластикалылық және тұтқырлық. Бұл қасиеттер дененің құрылымымен- олардың ішіндегі молекулалық байланысу күштерінің және молекулалардың жылулық қозғалыстырының ерекшеліктерімен байланысты, сондықтан оларды жалпы құрылымдық-механикалық қасиеттер деп атайды. Қатты дененің құрылымы дегеніміз- тек кристалдық тордың құрылысы ғана емес, сонымен қатар поликристалдық дененің дисперстік құрылымы, және де бір-бірімен молекулалық байланысқан атомдар, иондар,молекулалар немесе коллоидтық бөлшектерден түзілген құрылымдар. Мұнда қатты дененің құрылымы жеке бөлшектің – монокристалдың кристалдық торының құрылысымен ғана сипатталып қоймай, оның жеке бөлшегінің шамасымен де, сол бөлшектің өлшемі бойынша таралу сипатымен, қатты денеде ақаулардың болуымен және ақаулардың таралуымен де сипатталады.
Жүйелердің құрылымдық-механикалық қасиеттерін реология әдістерімен зерттейді. Реология грек сөзінен, сұйықтықтың ағуы дегенді түсіндіреді.
Дененің деформациясы деп жүйенің біртұтастығы бұзылмастан басқа нүктемен салыстырмалы ығысуын айтады. Деформация қайтымды және қайтымсыз болуы мүмкін. Қайтымды деформацияға серпімді деформациялар жатады. Қайтымсыз деформация тұтқыр ағуға және пластикалық ағуға тең.
Серпімді деформациялармен қатар көлемдік созылу, ығысу және айналу деформациясы деп бөлінеді.Олар сандық түрде өлшемсіз шамалармен сипатталады.
Ығысу деформациясы Р кернеуінің әсерінен болған салыстырмалы ығысумен анықталады:
γ = tgα
мұнда, y- жоғары қабаттың ығысуы, x- ығыстырылған қабаттың қалыңдығы. Деформацияның түрі әсер еткен кернеу түріне байланысты. Денені деформацияға ұшыратқан кернеу әсер еткен кернеудің ауданына қатысты күшімен анықталады. Әсер еткен күш бетке перпендикулярлы және тангенсиалды, яғни бетке жанамалай бағытталған болуы мүмкін. Бұларға екі негізгі деформациялар сәйкес: созылу және ығысу. Кернеудің өлшем бірлігі ӨЖ (СИ) жүйесі бойынша- Па( паскаль), ал СГС бойынша – дин/см2. Дисперсті жүйелерді зерттеу кезінде көбінде ығысу деформациясы қолданылады. Реологияда дененің механикалық қасиеттерін үлгілер арқылы сипаттайды. Серпімді, тұтқыр және пластикалық қасиеттер бір элементтен тұратын қарапайым реологиялық үлгілермен бейнеленеді: идеал серпімді Гук денесі, идеал тұтқыр Ньютон денесі және идеал пластикалық Сен-Венан-Кулон денесі.
