- •1. Коллоидтық жүйелердің ерекшеліктерін және жіктелуін түсіндіріңіз.Жіктелуі бойынша мысал келтіріңіз.
- •2. Колоидтық жүйелерді алу әдістерін қалай сипаттауға болады?
- •3. Дисперстік жүйелерді зерттеуге арналған қандай оптикалық әдістерді білесіздер? Ультрамикроскопия негіздіерін түсіндіріңіз.
- •4.Дисперстік жүйелердің қандай молекулалық-кинетикалық қасиеттері болады деп ойлайсыздар? Броундық қозғалыстың статистикалық теориясының маңызын қарастырыңыз.
- •5. Колоидтық жүйелердегі және шынайы ерітінділердегі диффузияны салыстырыңыздар.
- •6.Жоғары дисперстік жүйелердегі және идеалды ерітінділердегі Осмос құбылыстарын салыстырыңыздар.
- •7.Седиментациялық анализдің көмегімен қандай жүйелерді сараптауға болады? Стокс заңы.
- •8. Беттік құбылыстардың термодинамикасы. Гиббстің “артық шамалар” әдісін қарастырыңыз.
- •9. Беттік керілу анықтамасы, өлшем бірлігі, анықтау әдістері. Беттік керілудің күштік және энергиялық сипаттамаларын салыстырыңыз.
- •Деп алуға болады. Мұндағы r – капиллярдың ішкі радиусы.
- •10. Жұғу құбылысын қалай сипаттауға болады?
- •11.Капиллярдың бойымен сұйықтың көтерілуі капиллярдың радиусымен қалай байланысты? Оны қандай теңдеу арқылы көрсетуге болады?
- •12.Капиллярлық қысым. Лаплас теңдеуінің практикалық маңызын көрсетіңіз.
- •13. Гиббс теңдеуі арқылы газ-сұйықтық бөліну шекарасындағы адсорбциясы мен беттік керілудің байланысын қалай көрсетуге болады? Заттың беттік активтілігі дегенді қалай түсінесіздер?
- •15. Ленгмюрдің адсорбциялық изотермасы теңдеуінің маңызын қалай түсінесіздер?
- •16. Әрекеттесуші массалар заңы. Адсорбция жұмысы.
- •17. Шишковский теңдеуі мен Траубе ережесінің термодинамикалық негізделуі.
- •18. Қатты дене- газ шекарасындағы адсорбция. Ленгмюрдің мономолекулалық адсорбциясы теориясының артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •19. Адсорбцияның Поляни потенциалдық теориясының басқа қатты-газ шекарасын сипаттайтын теориялардан айырмашылығын көрсетіңіздер.
- •20. Бэт (Брунауэр,Эммет,Теллер) полимолекулалық адсорбциясы теориясының басқа қатты-газ шекарасын сипаттайтын теориялардан айырмашылығын көрсетіңіз.
- •21. Молекулалаық адсорбцияның қандай заңдылықтарын білесіңдер.
- •22. Электролиттер адсорбциясының ерекшеліктерін көрсетіңіздер.
- •23.Қос электрлік қабат теорияларының негіздерін бір-бірінен айырмашылығын критикалық бағалаңыздар.
- •24.Штерн теориясының басқа қэқ теорияларынан айырмашылығын көрсетіңіздер.
- •25. Электрокинетикалық құбылыстар. Электроосмос құбылысына сипаттама беріңіз.
- •26. Электркинетикалық потенциалға қандай факторлар әсер етуі мүмкін деп ойлайсыздар?
- •27. Қос электрлік қабаттың пайда болу механизмдері қандай болады деп ойлайсыз?
- •28.Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы. Тұрақтылық факторларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •29. Гидрофобты коллоидтардың коагуляциясы. Шульце-Гарди ережесін қалай түсінесіздер
- •30. Жылдам коагуляция кинетикасының теориясын крикитикалық бағалаңыз.
- •31. Лиофобты жүйелер коагуляциясының Дерягин –Ландау-Фервей-Овербек (длфо) теория негіздері.
- •32. Лиофобты жүйелер. Эмульсиялар, эмульсиялардың жіктелуін түсіндіріңіздер. Мысал келтіріңіздер.
- •33. Лиофобты жүйелер. Көбіктер, көбіктердің сипаттамалары.
- •34. Дисперсті жүйеледің реологиялық қасиеттері.
- •35. Дисперсті жүйелердің тұтқырлығы.
- •36. Ажыратушы қысымның құрамшыларына сипаттама беріңіз.
- •37. Бөлшектер арасындағы әрекеттесудің потенциалды энергиясын сипаттаңыз.
- •38. Электркинетикалық құбылыстар. Электрофорез құбылысына сипаттама беріңіз.
- •39. Қос электрлік қабаттың құрылымына сипаттама беріңіз.
- •40. Қос электрлік қабаттың пайда болуының механизмдерін атаңыз.
30. Жылдам коагуляция кинетикасының теориясын крикитикалық бағалаңыз.
Жылдам коагуляция кинетикасының теориясын Польша ғалымы Смолуховский жасады. Ол кірнелердің бөлшектерінің арасында тартылу және тебілу күштері әсер ететін ,тебілу күштерінің электролит енгізгенде әлсіреп, электролиттің концентрация жылдам коагуляцияны болдыруға жеткенде тебілу күшінің жоғалатынын айтты. Осындай астабилизицияланған кірненің бөлшектері броундық қозғалыстың нәтижесінде бір-біріне жақындағанда молекулалық тартылу күшінің әсерінен бірігіп, агрегат түзеді, әрі қарай олар осы біріккен күйінде броундық қозғалыс жасайды. Бөлшектердің арасындағы әсер ететін күштің табиғатын Смолуховский қарасытырған жоқ.
Өзінің теориясын жасағанда Смолуховский жылдам коагуляцияның жылдамдығы кірненің сандық концентрациясына v, броундық қозғалыстың қарқындылығына екі бөлшек бірігу үшін олардың дағдарыстық арақашықтығына p байланысты деп қарастырады. p қашықтығы коллоидтық бөлшектің диаметрінен көбірек те болуы мүмкін.
Смолуховский бойынша жылдам коагуляция кезінде жеке бөлшектер өзара сщқтығысып қосарланған бөлшектер, содан соң қосарланған бөлшектер жеке бөлшектермен сщқтығысып үштік бөлшектер және сол сияқты болып кете береді. Күрделі бөлшектердің де өзара соқтығысуы мүмкін. Бірақ үш немесе одан да көп немесе күрделі бөлшектердің соқтығысуы ықтималдығы аз болғандықтан, оларды есепке алған жөн.
Коагуляция процесін Смолуховский екінші реттілік реакция сияқты етіп қарастырды. Содан коагуляция жылдамдығы бөлшектердің қашықтыққа жақындау ықтималдығын анықтайтын сондай концентрацияның квадратына тура пропорционалды болады:
-dv / dt = k∙v2
Мұндағы, k- жақындау ықтималдығын сипаттайтын константа. Теңдеудің алдындағы (-) таңбасы τ уақыт өткен сайын сандық концентрацияның v азаятынын көрсетеді.
Смолуховский бойынша: k= 4π∙ρ∙D
Теңдеуді былайша көрсетуге болады:
-dv / v2 = k∙d∙τ
Бұдан τ уақытында кірненің сандық концентрациясы мынаған тең:
v = v0/ (1+k∙v0∙τ)
Жартылай коагуляциялану уақытын (Ө) енгізе отырып, мынаны жазуға болады:
K∙v0=1/Ө
Содан, v = v0/ (1+t/θ)
Теңдеуінен t-дың әртүрлі мәндері үшін Ө және к-ны есептуге болады.
v/v0
τ/Ө
Бірлік көлемдегі кірнеде, τ/Ө шамасына байланысты бөлшек-дің жалпы санының салыстырмалы өзгеруі және әртүрлі бөлшектердің сан-ының өзгеруі суретте көрсетілген.
Жылдам коагуляцияның кинетикалық теориясын М.Смолуховский 1916ж. Келесі тұжырымдамаға сүйене отырып жасады:
Қарастыратын жүйені монодисперрстік етіп алды, яғни бөлшектердің радиустары r бірдей болады.
Бөлшектердің соқтығысуының барлығын тиімді деп қарастырады, яғни Zm/Z =1 .
Тек біріншілікті бөлшек-дің соқтығысулары ғана қарастырылады.
Коагуляция кинетикасын бимолекулалық реакцияның кинетикасына ұқсас деп қарастырады:
-dv / dt = k∙v2
Мұндағы К- коагуляция жылдамдығының константасы.
Жылдам коагуляция теориясына сәйкес коагуляция константасы диффузия коэффициентіне тәуелді болады және оны мына теңдеумен есептеуге болады :
K= 16*r**D
Бұл теңдеуге диффузия коэффициентінің мәнін қоятын болсақ, мынандай теңдеу аламыз:
K= 8RT/3Nη
Сонымен, ортаның тұтқырлығы және температурасын біле отырып, жылдам коагуляция жылдамдығының константасын есептеуге болады екен. Смолуховский теориясы эксперимент арқылы бірнеше рет тексеріп, оның дұрыстығы дәлелденді.
