Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджменттен емтихан сратары аржы (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать
  1. Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз

Басқарудың әкімшілік мектебі пайда болуынан бастап мамандар ұйымды басқару тәсілдерін жетілдіруді үнемі іздестіруде болады. Бұл мектептің авторлары үлкен бизнес саласында басқарудың жоғарғы деңгейінде басшы болып көп еңбек тәжірибесін өздері жинаған жандар. Мәселен, Анри Файоль – осы мектептің негізің қалаған, оны менеджменттің атасы деп те атаған. Ол кезінде Франциядағы көмір өндіретің ірі бірлестікті басқарған. Линдалл Урвик Англияда басқару мәселесі жөніңдегі консультант болса, Джеймс Д “Дженерал Моторс” бірлестігі жұмыс істеген. Олар ұйымды жетілдіруге аса көп көңіл бөліп, тиімділікті арттырудың жолдарын табуға ұмтылып, ұйымның жалпы сипатын, оның зандылықтарын анықтады. Классикалық мектептің мақсаты басқарудың универсальді принциптерін жасау болды. Өйткені, олар ұйымды нәтижеліжұмыс істеуге жеткізетініне сенімді болған еді. А.Файольдың басқару теориясына қосқан үлесі мыналар. Ол басқаруды өзара тығыз байлыныста болатын бірнеше элементтерден тұратың универсальды процесс деп түсінді. Ол элементтер: жоспарлау ұйымдастыру, мотивациялау, координациялау және бақылау жүргізу.

Анри Файоль 1916 жылғы “жалпы және өнеркәсіпті басқару” атты өз еңбегінде басқарудың 14 принципін жан- жақты дәлелдеп берді: (еңбек бөлінісі, өкілеттілік пен жауапкершілік, дисциплина, дара басшылық, бағынышты мақсаттар, марапаттау, орталықтану, иерархия, тәртіп, әділеттілік, персоналдың тұрақтылығы, инициатива, корпаротивтік рух).

Классикалық мектептің жақтаушылары ғылыми басқаруды жазғандар сияқты басқарудың әлеуметтік аспектілері туралы аса бас қатырған жоқ. Көбінесе олардың жұмыстары ғылыми әдістемеге емес, өздерінің қадағалауларына сүйенеді. Классиктер ұйымның жалпы сипаттамасы мен заңдылықтарын анықтауға ұмтылып, ұйымға кең перспектива тұрғысынан қарауға тырысты, классикалық мектептің мақсаты басқарудың әмбебап қағидаларын қалыптастыру болды. Ол бұл қағидаға сүйену ұйымды сенімді түрде жетістікке жеткізеді деген идеядан туындады.

Файоль басты назарын қызметкерлерді басқаруға, оның ішінде әкімшілік кадрларға аударды. Оның пікірі бойынша, басқарушылар кеңесі мынадай қасиеттерді бойына сіңіру қажет: физикалық (денсаулық, қуаттылық, сыртқыпішіні), ақылды (түсіну, сергекой, қуаттыойланужәнебейімделу) моральды (қуаттылық, бекімді, өзінежауапкершілікалуғадайын болу, ынталылық, сыпайылық), білімді (атқаратынқызметкеқатысыжоқмәселелергежалпылайқанықболу) және тәжірибе.

  1. Басқарудағы адамдық қарым-қатынастар мектебінің мақсатын анықтап және оның басқару теориясына қосқан үлесін баяндаңыз

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жүйелі басқару тұжырымдамасы дами бастады. XX ғасырдың басында бұл тұжырымдама жаңа сапалы мәнге ие болып, басқару ұйымға жетістік әкелуі мүмкін дербес қызмет өрісі ретінде қарастырыла бастады. Әдетте басқаруды зерттеудің дербес саласы мен ғылым ретінде танудың басы деп есептелетін Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты кітабы (1911) жарық көрген соң менеджменттегі жаңа революция кезеңі басталды. Бұл кезең кәсіби менеджерлер тобы бөлініп шығып, олардың капиталистер тобын «ығыстыруымен» сипатталады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында басқару ойының 4 айқын ерекшеленетін мектебідами бастады:

1) ғылыми басқару мектебі; (1885-1920)

2) әкімшілік немесе классикалық басқару мектебі (1920-1950);

3) адамдық қарым-қатынастар мен мінез-құлық ғылымының мектебі(1930-1950);

4) басқару ғылымының мектебі (сандық тәсілдеме). (1950 жылдан қазіргі кезге дейін)

Адамдық қарым-қатынастар(1930-1950) мен мінез-құлық ғылымының мектебін(1950 жылдан қазіргі кезге дейін) дамытуға негізгі үлес қосқан ғалымдар Мэри Паркер Фоллет (1868-1933) пен Элтон Мэйо (1880-1949) болып табылады. Олар дәл жасалған жұмыс операциялары мен жақсы жалақы әрқашан еңбек өнімділігінің артуына әкелмейді, адамдар қылықтарының себептері экономикалық күштер емес, түрлі қажеттіліктер болып табылады деп шешті. Олардың пікірі бойынша еңбек өнімділігі еңбек жағдайы мен әкімшіліктің әрекетіне ғана емес, сондай-ақ жұмысшы ортасының психологиялық және әлеуметтік ахуалына да тәуелді болады, демек өз қызметкерлерінің жағдайын ойлаған ұйымның өнімділікті арттыруға мүмкіндігі мол.

Крис Арджирис, Ренсис Лайкерт, Дуглас МакГрегор, Фредерик Герцберг сияқты бихевиоризм өкілдері(1950ж. күні бүгінге дейін) әлеуметтік әрекеттестік, уәждеме, билік пен беделдің сипаты, ұйымдық құрылым, лидерлік, жұмыс мазмұнының өзгеруі мен еңбек сапасын зерттеді. Бұл мектептің айрықша ерекшелігі оның психологияға, соның ішінде XX ғасырда кеңінен таралған әрі жете зерттелген психологиялық теориялардың бірі - бихевиоризмге (мінез-құлық туралы ғылым) бағытталуы болды. Мінез-құлық ғылымының мектебі ең алдымен жекелік қатынастарды жөнге салу әдістеріне жұмылдырылған адамдық қарым-қатынастар мектебінен едәуір алшақтады. Жаңа тәсілдеме қызметкерге өз мүмкіндіктерін сезінуіне көмектесуге тырысты. Мектептің негізгі мақсаты адам ресурстарының тиімділігін арттыру есебінен ұйымның тиімділігін арттыру, ұйым қызметін адамдық қатынастар мен мінез-құлық әрекетіне бейімдеп қалыптастыру болып табылады.