Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджменттен емтихан сратары аржы (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать
  1. Сізге танымал стресстік жағдайларды баяндаңыз. Олардың себептері қандай?

Стресс-ағылшын тілден енген атау – шиеленісу, күштену, зорлану ұғымын білдіреді. Стресс жөніндегі халықаралық конгресс анықтамасы бұл сөзге төмендегідей анықтама береді: «сыртқы немесе ішкі ортаның қолайсыз факторларының әсеріне организмнің физиологиялық реакциясы».

Кез-келген жағдай , құбылыс немесе хабар стресс туғызуы мүмкін. Стресс себептері:

Ұйымдық факторлар:

1. Шектен тыс жұмыс бастылық немесе қолы бостылық;

2. Рольдердегі келіспеушілік. Ол қызметкерге қайшы талаптарды қойған кезде пайда болады.

3. Жұмыс алдына қойылған міндеттің нақты еместігі, көмескілігі;

4. Жұмыскерге қызмет болашағының белгізідігі, өзі туралы жоғары басшының пікірінің беймәлімділігі;

5. Қызықсыз, болашақсыз жұмыс;

6. Жұмысқа денсаулық жағдайының төмендігі;

Жеке тұлғалық факторлар:

Жеке сипаттағы құбылыстар (жақын адамдар өлімі, жұмыстан түсіруі, шығарылуы, зейнетке шығарылуы, өмірлік жағдайдағы аяқ асты өзгерістер, т.б.)

Стресс көзі:

Жұмыс алдына қойылған міндеттің нақты еместігі, көмескілігі.

Қанағаттанбау себебі:

Өз идеясын іс жүзіне асыруға дәрменсіздігі.

Басшының қарамағындағы адамдарды мұндай стресс жағдайынан құтқарудың амалы оның міндетін айқын тұжырымдау болып табылады.

Мысалы, Жоғары оқу орнында білім алу – көптеген студенттер үшін күйзеліс кезеңі болып табылады . Студенттік топта емтихан жағдайлары, әлеуметтік бейімделу кезеңдері, болашақ кәсіби ортада тұлғалық ӛзін-ӛзі анықтау жағдайларының барлығы студент үшін стресс болып табылды.

Студенттік күйзелістің себептерін бірі болып студенттік ортаға ойдағыдай сай болмауы, оны бӛтен деп, кейде тіпті жау ретінде қабылдауы табылады. Мұны әсіресе, мектеп талаптарынан ӛзгеше, жаңа ережелерге алғаш рет тап болған, бірінші курс студенттерінен байқауға болады. Бірінші курс студентіне тән жасқаншақтықты жаңа өмір салтына бейімделуі үрдісін басынан өткізіп жатқан, үйі мен жанұясынан алыстап кеткен, басқа жақтан келген студенттерден аңғарылады

  1. Сіздің университетіңізге жағдайлық талдауды жасаңыз (swot- талдауы). Қалай ойлайсыз, университеттің басшылығы өз стратегиясын жасарда сіздің ойыңыздағы факторларды қарастырды ма?

-Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-

Жағымды жақтары Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие. Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.

Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білімалушылардың академиялық білкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау

қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңін дәлел–Фарабиатындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.

- оқытудың ақпараттық жүйелерінің қолданылуы;

- оқытушылардың біліктілігі мен ғылыми әлеуетінің артуы;

- көптеген мамандық пәндерінің оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтылуы;

- бакалавриат мамандықтарының типтік бағдарламалармен, силлабустармен 100% қамтылуы;

- аудиториялар мен зертханалардың қажетті құралдармен жабдықталуы, кітапхана қорының жаңартылуы, компьютерлердің Интернет желісіне қосылуы;

- оқу және ғылыми қызметтің халықаралық ынтымақтастық пен әрекеттестігі тәжірибесінің болуы

Мүмкіндіктері : ҚазҰУ студентінің рухын көтеру;

- студенттерді қоғамдық қызметтерге деген белсенділігін көтеру және ынталандыру;

- студенттердің жемқорлыққа деген жағымсыз көзқарастарын қалыптасытыру;

- ҚазҰУстуденттерін қоғамдық әрекеттерге тарту;

- сапалы білім алу идеясын насихаттау, студенттердің діни және саяси бірлестіктерге қатысуына көңіл бөлу;

- Қазақстанның тағдырына жауапкершілікті тұлғаны, белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыру;

- ұтқырлықты, бәсекеге қабілетті, құндылыққа бағытталған көзқарасты, шығармашылық белсенділігін дамыту;

- өзін-өзі басқаруға бағытталған ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;

- салауатты өмір салты туралы ғылыми көзқарасты, физикалық және рухани біліктілік пен дағдыны өздігінен жетілдіру, қалыптастыру;

- ұлтаралық және әлеуметаралық тәжірибелік қатынастарды қалыптастыру, келеңсіз жағдайларды ескерту;

- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер қоғамдастығының қатарына жататындығы мақтаныш, қоғамдық бірлестік сезімін қалыптастыру.

T (treat) – қауіп-қатерлер (потенциалды жағымсыз сыртқы факторлар)

- әлемдік экономикалық дағдарыс және оның білім беру саласының инфрақұрылымына тікелей және жанама әсері;

- білікті мамандарға тапсырыс берушілер болып табылатын халық, өндірістік кәсіпорындар, шағын және орта бизнис субъектілері табыстарының тұрақсыздығы;

- ҚР-сындағы демографиялық жағдайдың студенттер жөніндегі сандық және сапалық көрсеткіштерге жағымсыз әсері;

- өндірістік кәсіпорындардың жұмысшы мамандықтарына деген жоғары қажеттілік деңгейі

Әлсіз тұстары:

- қазақ тіліндегі оқу құралдарының, әсіресе техникалық мамандықтар бойынша, жеткіліксіздігі;

- басқа жоғары оқу орындарымен бірлескен халықаралық білім беру бағдарламаларының жоқтығы

  1. Мысалы, сіз шығындарды азайтуға бағытталған жаңа стратегияны жүзеге асыруға тағайындалған орта деңгейдегі менеджерсіз. Бірақ сізге бағыныштылар сенімсіздікпен, қарсылықпен, ал кейде ашық түрде жаугершілікпен қарайды. Осы жағдайды сіз немесе сіздің компанияңыз қандай жолмен түзетер едіңіз? Сіз қандай бағытта жұмысты бастар едіңіз?

Мұндайда тікелей кеңес беру өте қиын, оның өзі нақты жағдайға байланысты. Алайда, көпшілік басшыларда әрекет етудің белгілі бір стилі қалыптасады. Мұның өзі басшының мінезіне, тәрбиесіне, тәжірибесіне, дау-дамайды шеше алатын тәжірибесі мен іскерлігіне байланысты. Психологтар дау жанжалды жағдайды шешудің бірнеше тәсілін ажыратып, оны екі категорияға бөледі: құрылымдық және жеке адамдар арасындағы.

Қақтығыстарды басқару – ұйымдағы әлеуметтік - өндірістік процесстерді реттеудегі құрама бөлігі. Бұл антикризистік басқарудың бір шарты, оларды өндіру үшін қажетті болып саналады:

• Менеджерлердің қақтығыс жағдайының туындау себебі;

• Қақтығыс процесінің даму механизмін түсінуі;

• Қақтиығыстарды шешу әдістерін практикада қолдана және басқара білу.

Қақтығыстарды басқаруда келесілер жатады:

1.«Қақтығыстардан қашу», бұл адамның дау-жанжалдан алыс болуы, яғни стресске ұшырамау үшін.

2.Қарсы күрес, конкуренция – бұл өз көз-қарасынды қандай да болсын бағамен қабылдау басқа қатысушылардың пікірін сынға алмау

3.Дау-жанжалды азайту, бұл жағдайда басшы қақтығысты ескермейді, ұжымдағы жақсы қарым-қатынасты қолдауға тырысады. Ол қақтығыстарға қарсы тұруға келесі ескертпелермен шақырады: «біз барлығымыз бір топпыз», «бұл үлкен мәселе емес» және тағы басқа.

4.Қақтығысты келісім арқылы шешу, бұл шешім қабылдаушы әр жаққа ұтымды болады. Келісімге (компромисске) қабілеттілік - бұл өте құнды қасиет, қақтығыстың тез шешілуіне мүмкіндік береді. Бірақ, келісімдік өте тез және жай шықса, бұл қабылданып отырған шешім сапасына әсер етеді және арифметикалық міндет немесе есеп болып шешіледі: бір затты бірдей бөлу, «әділеттілікпен».

5.Дау – жанжал себептерін түсіну үшін қақтығысты еңбектестікпен шешу, яғни көз – қарастағы ерекшеліктер мен өзгешеліктерді мойындау және өзге де көз – қарастармен танысуға дайындылық, барлық жақтарға тиімді шешім қабылдау.

Қақтығыстарды шешу үшін – кез келген әдістерді қолдануға болады. Басшы мен өзге жұмысшылар тобының нақты жағдайға тәуелді болу керек, ашып айтқанда себептері, қақтығыс нәрсесі, қатысушылардың жеке бас өзгешеліктері. Қақтығыстарды шешу әр жағдайда іске жеке қаралады.