- •Жауаптары
- •Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз
- •Мотивацияға басқару функциясы ретінде анықтама беріңіз
- •Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •Басқарудағы адамдық қарым-қатынастар мектебінің мақсатын анықтап және оның басқару теориясына қосқан үлесін баяндаңыз
- •Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз
- •Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз
- •Мотивацияның процессуалдық теорияларын салыстырмалы сипаттаңыз
- •Ішкі орта және оның факторларына сипаттама беріңіз
- •Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз
- •Бақылаудың түрлерін анықтап, әрқайсысына сипаттама беріңіз
- •Болжаудың сапалық әдістерін анықтап сипаттама беріңіз
- •Лидерліктің мәнін анықтаңыз. Ықпал етудің және биліктің түрлеріне сипаттама беріңіз
- •Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •Бақылау процесінің сатыларын анықтап, мәнін ашыңыз
- •Ұйымдық коммуникация мәнін ашып және олардың жолындағы кедергілерді анықтаңыз
- •Ұйымның миссиясы: оның мәнін, миссия таңдау бағыттарын анықтаңыз. Ұйымның мақсаттарына қойылатын талаптарды айқындаңыз
- •«Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.
- •Лидерліктің жеке адамдық теориясының мәнін ашыңыз
- •Ұтымды шешім қабылдау кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •Ұйымдастыруға басқару функциясы ретінде сипаттама беріңіз. Делегирлеу, өкілеттілік және жауапкершілік түсініктерінің мәнін ашып, өзара байланысын анықтаңыз
- •Лидерліктің мінез-құлықтық тәсіліне сипаттама беріңіз
- •Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз
- •Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз
- •Жанама сыртқы ықпал ету ортасының мәнін ашып, оны құраушы факторлардың түрлерін белгілі бір ұйым мысалы негізінде тізбектеңіз
- •Стратегиялық жоспарлау процесінің мәнін ашыңыз. Стратегия типтерін анықтап түсініктеме беріңіз
- •Болжау түсінігінің мәнін ашыңыз және болжаудың сандық әдістеріне түсініктеме бере отырып тізбектеңіз
- •Басқарудағы жұмысшыларға сендіру және қатысу арқылы әсер етудің мәнін ашыңыз
- •Сіздің ойыңызша, көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әр жағдайларда бірдей құнды ма?
- •Сізге танымал стресстік жағдайларды баяндаңыз. Олардың себептері қандай?
- •Сіздің университетіңізге жағдайлық талдауды жасаңыз (swot- талдауы). Қалай ойлайсыз, университеттің басшылығы өз стратегиясын жасарда сіздің ойыңыздағы факторларды қарастырды ма?
- •Компанияның менеджерлер командасы өсу стратегиясын немесе тұрақтану стратегиясын қалыптастыру қажет екенін қалай таңдайды? Қандай факторларды ескеру қажет? Қандай мәліметтерді жинау қажет?
- •Өз алдыңызға өте жоғары қойған мақсаттың мысалын келтіріңіз. Осы мақсатқа жету мәнін қалай анықтайсыз?
- •Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз. Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін?
- •Білікті кадрларды дайындауға, білім сапасын көтеруге, сабақтан қалуды қысқартуға мүмкіндік беретін алдын-ала, ағымдық және қорытынды бақылау шараларын ұсыныңыз.
- •Жаһанданып жатқан іскерлік ортада сіз - кластағы және кластан тыс- студент ретінде тиімді менеджер болу үшін не істер едіңіз?
- •Бүгінгі уақытта хоторн зерттеулерін жүргізген ғалымдардың тұжырымдары қате боп есептелінеді, бірақ соған қарамастан менеджмент тарихында осы зерттеулер бұрылу пункті деп аталынады. Неге?
- •Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді еңгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті: ұйымдағы адами ресурстарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?
- •Өзіңіздің оқудағы тәжірибеге сүйеніп, кейбір ғылыми менеджменттің және бюрократияның қағидаларының қолдануын сипаттаңыз. Қалай ойлайсыз, осы сипаттамалар ұйымдарда мәңгі болады ма?
Сіздің ойыңызша, көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әр жағдайларда бірдей құнды ма?
Адамдарды өзіне тартатын және сол арқылы маңызды істер шешетін адамдар санатынан болу үшін шынайы көшбасшыға керек қасиеттерді өз бойыңыздан іздедіңіз бе? Менің айтқалы отырғаным келесі: егер сіз уақыт бөліп, ішкі дүниеңізде өзіңіз қалағандай, тіпті ешкімге айтпаған ең батыл армандарыңызды орындайтын, қаншалықты дәрежеде керекті қасиеттеріңізді өз бойыңыздан табалар едіңіз? Бұл әркім өзіне қоюға тиіс шынайы сұрақ және әркім оған шынайы жауап беру керек! Егер толық деңгейде өзінің шынайы әлеуетін жүзеге асырғысы келсе.
Көшбасшылық жөнінде Америкада ғана емес, басқа да елдердегі атақты сарапшы, INJOY GROUP – жеке және көшбасшылық қасиеттерді барынша жоғарлатуға көмектесетін ұйымның өкілінің бірі Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітабында жоғарыдағы сұрақтарға толық жауап аласыздар. Барлық шарықтау мен құлдыраулар көшбасшылықпен анықталады. Ал ол қасиеттер шынымен іште қалыптасады. Егер ішіңізде сіз қалағандай көшбасшы болсаңыз, өмірде де дәл сондай көшбасшыға айнала аласыз. Адамдар сіздің артыңыздан еруді қалайтын болады. Ал бұл жағдай орнаған кезде, сіз әлемдегі адам жасай алатын бар мәселені шеше алатын адамға айналасыз!!!
Бірінші қасиет. Мінез-құлық: жартастай берік бол! Көшбасшылық – еркектер мен әйелдерді бір мақсатқа жетелейтін қасиет, сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық.
Қиын өмірлік қиын жағдайларда көшбасшының қалай әрекет ететіндігі оның мінезі туралы көп нәрсе айтады. Күйзеліс мінез-құлықты қалыптастырмайды, алайда оны айқындап ашады. Үлкен қиыншылық – жолайрыққа апаратын, адамды таңдау үстіне қоятын, өзгерісті сәт: не мінез-құлық көрсету не мәмілеге келу. Әр кез адам, жағымсыз салдарға апарса да, мінез-құлықты таңдаса, өзін шыңдай түседі. Мінез-құлықты жан-жақты дамыту мен нығайту – бұл көшбасшылық қана емес, жеке қасиеттерді дамытатын біздің негізгі шартымыз. Адам мінез-құлық жайлы не білу керек?
Мінез-құлық жай сөзге қарағанда көбірек нәрсе. Кез-келген адам бүтін мінез-құлықпен және тереңдей инабаттылықтың иесімін деп айта алады, бірақ оның дұрыс немесе бұрыстығын ісі арқылы білуге болады.
Дарын – сый болса, мінез-құлық сіздің өз таңдауыңыз. Біз таңдау жасаған кезде, мінез-құлықты да қалыптастырамыз – қиыншылықпен күресу не қуысқа тығылу, оңай ақша табу не оның толық құнын төлеу.
Мінез-құлық адамдармен қарым-қатынаста жетістікке әкеледі. Әр кез көшбасшылық басқа адамдарды тартуды білдіреді. Егер сіз босаң мінезді екеніңізді адамдар білетін болса, ешқашан сіздің артыңыздан ермейді.
Көшбасшылар мінез-құлықтың шегінен ары аса алмайды. Сіз жетістікке жете салып, басын жоғалтқан дарынды адамдарды көріп едіңіздер ме? Оның кілті әрине мінез-құлықта жатыр.
Өзіңіздің айтқан сөздеріңіз бен істеріңіз қаншалықты сай келеді? Қандай да бір істі соңына дейін апарамын деген сөзіңізде қаншалықты тұрасыз? Егер балаларыңызға концерттік орындау кезіне дейін немесе футбол басталғанға дейін бір затты істеуге уәде берсеңіз, не істейсіз? Сіздің қол алысуыңызға заң жүзінде рәсімделген келісім шарт ретінде сене алады ма?
Нағыз мінез-құлық дегеніміз - ішкі жан-дүниеңіздің үлкен болуы.
Екінші қасиет. Харизма : бірінші қалыптасқан әсер, бәрін шеше алады!
Мен ешқашан қандай қызметте болмасын, сын-пікірге қарағанда, мақтаулардың әсерінен жақсы жұмыс істейтін, көбірек үлес қосатын адамды көрмеппін.
Дэн Рэйланд, көшбасшыларды дамыту жөніндегі вице-президент, INJOY корпорациясы
Харизма дегеніміз – адамдарды өзіңізге тарту қабілеті. Барлық мінез-құлықтар сияқты адам оны өзі дамыта алады. Өзіңізді басқаларға тартымды болу үшін не істеу керек?
Өмірді сүю. Адамдар өмірді сүйетін көшбасшыларды жақсы көреді. Егер адамдарды тартқыңыз келсе, онда кіммен араласқанды жақсы көрсеңіз, соған ұқсас болу керексіз. Сіз араласқысы келетін адам қандай? Ұрысқақ па? Қасарысып қалған ба? Торығудан шығалмайтындар ма? Әрине, жоқ. Сіздің сүйіктілеріңіз қуанады, наразылық етпейді. Бастысы өмірді сүйеді!!!
Әр адамға бестік бағаны қою. Бұл адамдарға бере алатын ең жақсы нәрсе, сонымен бірге оларды өздеріңізге тартудың тағы бір жолы. Бұл жақсы нәтижеге әкеледі. Бұны автор адамдарға бестік бағаны қою дейді. Джак Визельдің айтуы бойынша «Өздерінің күшіне байланысты миллионер болған жүз адамды зерттеу барысында, олардың жалғыз ортақ қасиетін анықтады. Осы іскер әйелдер мен еркектердің барлығы басқа адамдардың тек жақсы қасиетін көре білетіндігі.»
Адамдарға үміт отын сыйлау. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай сипаттаған «үмітпен жүретіндер» деп. Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар.
Өзіңізбен және өзіңіздің қадыр-қасиетіңізбен бөлісу. Адамдарды артыңыздан ілестіре жүріп, оларға өзіңізде бар нәрсені сыйлаңыз. Сіздің қорларыңыз, даналығыңыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттар олардың да игілігіне айналсын.
Харизма жайында сөз болғанда, әр адам өзін басқа біреудің орнына қоя білу керек. Шынайы харизма, өзін ойлаудан бұрын, өзгелерлің қамын ойлайтын көшбасшыларға тән қасиет!!!
Назарды өзіңізге емес, басқа адамдарға салу. Бұл харизма!!!
Үшінші қасиет. Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу: ол істі адамдарды бос арманшылдардан ажыратады.
Кімде-кім өзінің уақыты үшін бар мүмкін нәрсені жасаса, барлық уақыттарда өмір сүреді.
Кейбіреулердің айтуынша, матрицалық құрылым тек амалсыз жағдайда (в крайнем случае) қолдану керек, өйткені екі еселенген басқару тізбектері шешуден гөрі көп мәселелерді тудырады. Осы оймен келісесіз бе? Неге?
Матрицалық құрылым – сызықтық-қызметтік және бағдарламалық-мақсаттық құрылымдарды үйлестіру жолымен ұйымдастырылады. Бірінші құрылымға сәйкес ұғымдағы жекелегенқызмет салалары,ғылыми-зерттеу, конструкторлық-іздестіру, тәжірбиелік өндіріс,сынау, т.б. бойынша басқару ісі құрылады. Сызықтық құрылымдағы басқару қарым-қатынасы тікелей байланыс түрінде қалыптасады.
Кінші құрылымға сәйкес бағдарламаларды басқару ұйымдастырылады. Бағдарламаларды басқаруды қамтамасыз ету үшін бағдарлама басшысы тағайындалады.Бағдарлама басшысы- бұл типтегі басшы. Ол бір проблема бойынша жұмыс істейтін ұйым басшысы секілді басқаруды қамтамасыз етеді. Оның мақсаты- ұйым ішіндегі кедергілерді жеңу,линиялық құрылым элементтеріндегі туындайтын қайшылықтарын жою
Матрицалыққұрылымды ұйымдастыру бағдарлама басшыларының еркін әрекет етуін, іздестіру жұмыстарын тікелей, мақсатқасай орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді,бағдарлама басшысының бағдарлама бойынша жұмысты ұйымдастыруын, оның орындалу мерзімін, құнын,ақырғы нәтиженің сапслық параметрлерін айқындайды.Мамандандырылған бөлімше басшыларының да рөлі артып, барлық бағдарлама бойынша жұмысты мұқият ұйымдастыруына ықпал етеді.
Матрицалық құрылым ауқымында:ғалымдар,мамандар,жұмысшылар мамандандырылған бөлімше басшыларын тікелей бағынады.Көлбеу басшылықтың қамтылуы нәтижесінде мамандарды ыңғайына қарай бір бағдарламадан екінші бағдарламаға ауыстырып отыруға, демек, оларды тиімдіпайдалануға мүмкіндік туады. Мамандарды қажет кезінде осылайша ауыстырып отыру, оларды тиімді пайдалануға, тиісті жұмыстармен толық қамтамасыз етуге болады. Мұның өзі де аса қажетті, күрделі міндеттердің біріне жатады.
