- •Жауаптары
- •Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз
- •Мотивацияға басқару функциясы ретінде анықтама беріңіз
- •Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •Басқарудағы адамдық қарым-қатынастар мектебінің мақсатын анықтап және оның басқару теориясына қосқан үлесін баяндаңыз
- •Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз
- •Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз
- •Мотивацияның процессуалдық теорияларын салыстырмалы сипаттаңыз
- •Ішкі орта және оның факторларына сипаттама беріңіз
- •Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз
- •Бақылаудың түрлерін анықтап, әрқайсысына сипаттама беріңіз
- •Болжаудың сапалық әдістерін анықтап сипаттама беріңіз
- •Лидерліктің мәнін анықтаңыз. Ықпал етудің және биліктің түрлеріне сипаттама беріңіз
- •Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •Бақылау процесінің сатыларын анықтап, мәнін ашыңыз
- •Ұйымдық коммуникация мәнін ашып және олардың жолындағы кедергілерді анықтаңыз
- •Ұйымның миссиясы: оның мәнін, миссия таңдау бағыттарын анықтаңыз. Ұйымның мақсаттарына қойылатын талаптарды айқындаңыз
- •«Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.
- •Лидерліктің жеке адамдық теориясының мәнін ашыңыз
- •Ұтымды шешім қабылдау кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •Ұйымдастыруға басқару функциясы ретінде сипаттама беріңіз. Делегирлеу, өкілеттілік және жауапкершілік түсініктерінің мәнін ашып, өзара байланысын анықтаңыз
- •Лидерліктің мінез-құлықтық тәсіліне сипаттама беріңіз
- •Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз
- •Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз
- •Жанама сыртқы ықпал ету ортасының мәнін ашып, оны құраушы факторлардың түрлерін белгілі бір ұйым мысалы негізінде тізбектеңіз
- •Стратегиялық жоспарлау процесінің мәнін ашыңыз. Стратегия типтерін анықтап түсініктеме беріңіз
- •Болжау түсінігінің мәнін ашыңыз және болжаудың сандық әдістеріне түсініктеме бере отырып тізбектеңіз
- •Басқарудағы жұмысшыларға сендіру және қатысу арқылы әсер етудің мәнін ашыңыз
- •Сіздің ойыңызша, көшбасшыға қажет бірнеше мінез сипаттарын атаңыз. Олар әр жағдайларда бірдей құнды ма?
- •Сізге танымал стресстік жағдайларды баяндаңыз. Олардың себептері қандай?
- •Сіздің университетіңізге жағдайлық талдауды жасаңыз (swot- талдауы). Қалай ойлайсыз, университеттің басшылығы өз стратегиясын жасарда сіздің ойыңыздағы факторларды қарастырды ма?
- •Компанияның менеджерлер командасы өсу стратегиясын немесе тұрақтану стратегиясын қалыптастыру қажет екенін қалай таңдайды? Қандай факторларды ескеру қажет? Қандай мәліметтерді жинау қажет?
- •Өз алдыңызға өте жоғары қойған мақсаттың мысалын келтіріңіз. Осы мақсатқа жету мәнін қалай анықтайсыз?
- •Сізге белгілі жергілікті фирма үшін қысқаша миссиясы туралы мәліметті жазыңыз. Шағын ұйымға анық құрастырылған миссия туралы мәлімет қандай пайда әкелуі мүмкін?
- •Білікті кадрларды дайындауға, білім сапасын көтеруге, сабақтан қалуды қысқартуға мүмкіндік беретін алдын-ала, ағымдық және қорытынды бақылау шараларын ұсыныңыз.
- •Жаһанданып жатқан іскерлік ортада сіз - кластағы және кластан тыс- студент ретінде тиімді менеджер болу үшін не істер едіңіз?
- •Бүгінгі уақытта хоторн зерттеулерін жүргізген ғалымдардың тұжырымдары қате боп есептелінеді, бірақ соған қарамастан менеджмент тарихында осы зерттеулер бұрылу пункті деп аталынады. Неге?
- •Ұйымдарда жаңа технологиялар белсенді еңгізіліп жатыр. Сіздің ойыңызша не приоритетті: ұйымдағы адами ресурстарын басқару ма немесе технологияларды басқару ма?
- •Өзіңіздің оқудағы тәжірибеге сүйеніп, кейбір ғылыми менеджменттің және бюрократияның қағидаларының қолдануын сипаттаңыз. Қалай ойлайсыз, осы сипаттамалар ұйымдарда мәңгі болады ма?
Жанама сыртқы ықпал ету ортасының мәнін ашып, оны құраушы факторлардың түрлерін белгілі бір ұйым мысалы негізінде тізбектеңіз
Жанама әсер ететін факторлар:
1. экономика жағдайы.
2. әлеуметтік және мәдени факторлар
3. саяси факторлар
Жанама әсер ету факторлары құрылымы күрделірек және жан жақты сипатқа ие. Олар тура әсер ету факторларына қарағанда ұйым әсерін азырақ сезінеді. Жанама әсер ету ортасы туралы ақпарат жиі толық емес болып келеді. Бұл ортаның ұйымның бәсекелестік қабілетіне әсерінің күшеюі кезінде аналитикалық көрсеткіштерге емес, субъективтік бағалауға жүгінуге тура келеді.
Жанама әсер ету ортасының факторы ретіндегі технологиялар өндіріс күшінің жалпы деңгейін сипаттайды. Бұл аталған ортаның ең қарқынды факторы. Өндірістің ғылыми сыйымды салалары – компъютерлік технологиялар, телекоммуникация жүйелері, синтетикалық материалдар өндірісі басқа ұйымдарға, олардың қызметіне қатты әсер етуде. Еңбексыйымды және қорсыйымды өндіріс сатыларының орнына ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік туғызатын ғылымисыйымды технологиялар келді.
Инфляция, жұмыссыздық, салық қойылымдары мен банк кредиттерінің қарқыны, бизнесті мемлекеттік қолдау нысаны мен масштабы ұйымның жабдықтаушылар және тұтынушылармен өзара қарым қатынасына, бәсекелестер мінез-құлқына тура әсер етеді. Инфляция деңгейін алдын ала болжау материалдық қор жинауға және несиелер алуға түрткі болады. Материалдық және қаржылық ресурстарға сұраныстың артуы оларды алуда қиындықтар тудырады .
Жанама әсер ету ортасының факторы ретіндегі экономика жағдайы бірнеше сипаттамаға ие.
Бұл ең алдымен, экономикалық жүйенің ең қарапайым сипаттамалары: халық саны, ресурстардың болуы мен қолданылуы, мемлекет құрылысының түрі, ақжа жүйесі, валюталық жағдай, экономиканың салалық құрылымы, ішкі нарық параметрлері, экспорт пен импорттың көлемі, құрылымы және географиясы және т.б.
Екіншіден, кәсіпкерліктің дамуының жалпы жағдайын талдау: экономикалық тұрақтылық сипаттамасы, нарықтық және техникалық инфраструктураның болуы, заңнамалық база, инвестициялық климат, жаңа нарықтық субъектілердің құрылу шарттары, экономиканы мемлекеттік реттеу нысандары мен масштабы.
Үшіншіден, экономиканың нақты жағдайы, даму деңгейі, экономикалық коньюктураны, инфляция деңгейі мен қарқыны, экономикалық фаза циклдарын қоса.
Әлеуметтімәдени фактор ұйымның қызметіне әсер ететін құндылықтары мен бекітулері, приоритеттері мен ұлттық дәстүрлерінде көрініс табады. Әр елде бизнесті жүргізу этикасы , қызмет көрсетудің қажетті сапа стандарттары, қоршаған ортаға әсер етудің рұқсат етілген деңгейі бар.
Саяси фактор елдегі жалпы саяси жағдайды, оның тұрақтылығы деңгейі мен болжамдылығын анықтайды. Саяси тәуекелдердің жоғары деңгейі өндірісті ғылыми-техникалық жаңартуды бәсеңдетуге, құрылымның ескіруіне, бәсекелестік күресте ұлттық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соғады.
Жергілікті билік саясаты аймақтағы жұмысбастылыққа, кәсіпорындарды орналастыруға, олардың қоршаған ортаға әсер етуі, өндірісті-техникалық және әлеуметтік ортаға айтарлықтай әсер етеді.
Жанама әсер ету факторлары әр елде әр түрлі, сондықтан халықаралық бизнестке қатысатын ұйымдарға осыны ескеру маңызды.
